Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеңес беру.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95 Кб
Скачать
☆

50.Баланың мектепке дайындығының мәселелері.

Мектепке алғаш бару — бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды. Баланың  мектепке  дайындығының  теориялық  негіздері. Бүгінгі  күнгі  баланың  мектепке  дайындығын  анықтауда  оның  психологиялық  және  физиологиялық  дамуы  басты  назарда  болып  отыр.Психологиялық  дайындықтың  құрылымы  мынадай  бөліктерге  бөлінеді:

А.Жеке  дайындық.Баланың  жаңа  қоғамдық  ортаға  дайындығының  қалыптасуы  бірнеше  құқықтар  мен  міндеттерді  қамтитын  мектеп  ережесінен  тұрады.

Ә.Зияткерлік  дайындық.Дайындықтың  Бұл  түрі  баланың  нақты  білімі  мен  ой – өрісінің  ауқымын  көрсетеді.

.Б.Әлеуметтікпсихологиялық  дайындық. Дайындықтың  бұл  компаненті  балада  басқа  балалармен,мұғаліммен  қарымқатынас  жасай  алатын  сапаларды  қалыптастыруды  көздейді.

В.Физиологиялық  дайындық. Бұл  дайындық  бала  ағзасының  қызметі  мен  денсаулық  жағдайының  даму  деңгейімен  анықталады.

51.Бірінші сынып оқушысына: сен шетелдік азаматпен жолықтың, сен оған «велосипед» деген сөздің мағынасын түсіндіру үшін не істейсің? Баланың жауабынан нені анықтауға болады.

52.Жеткіншектермен жұмыс істеудің ерекшеліктері.

Қазақстанда ұрпақ тәрбиесiн оның жас ерекшелiктерiне сай дамытуға көңiл бөлiп, осы мәселе төңiрегiнде еңбектенiп жүрген психолог ғалымдар Жарықбаев Қ.Б., Намазбаева Ж., Алдамұратов Ә., Рахымбеков Қ., Елеусизова С., Елiкбаев Н. және т.б.Қоғамның талабы бүгiнгi жастардың тәрбиесiнiң үйлесiмдiлiгiн барған сайын қатаң талап етiп келедi. Әсiресе, бұл тұста жеткiншек жастағы балалардың тәрбиесi аса үлкен мұқияттылықты талап етедi. Бұл кезеңде бала азамат болып қалыптасудың өтпелi шағында болғандықтан оның кейбiр қиыншылықтары мен қалыптасу ерекшелiктерiн педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ашып, талдау жасауды қажет деп таптық. Сондықтан бiз диплом жұмысының тақырыбын "Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң кейбiр мәселелерi" деп алдық. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің 5-8 сыныптарында оқитын кезеңмен сәйкес келеді, ол 11-12 жастан 14-15 жақа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс-жүзінде басталуы 5ші сыныпқа көшуімен тура келмей, бір жыл ерте, не кеш болуы мүмкін.Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дауірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму проццесстерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылды. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік-әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшілігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-сезімнің үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің танымдық және оқу- әрекетінің мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым қатынасқа арқау болатын моральдық- этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.Жеткіншектіктің жеке басы дамуының аса-маңызды факторы оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі: ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен өзіне қарым-қатынас орнатуға бағытталды. Жеткіншек дамуының алуан түрлі көріністерімен елеулі айырмашылықтары: 7 сыныпта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмрінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар; бірақ сонымен қатар оқу материалдарының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар, болашаққа деген жоспары айқые емес мектеп оқушылары да бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар, кейбір қыз балалалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді, кейбір балалар үйінде нағыз қолқанат жәрдемгшілер болса, енді бірулер әбден ерке болып кеткен, тпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшіліктерін, қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады.