- •2.Психологиялық кеңес берудің негіздері
- •4.Психологиялық кеңес және түзетудегі психаналитикалық тұрғы.
- •З.Фрейд өзінің бір әйел пациенті неғұрлым адамдар аз жүретін жерде қыдырғанды қалайтынын байқаған. Фрейд осының мәні неде екенін қалайша түсіндіреді?
- •Психологиялық кеңес берудегі бихевноральді бағыт.
- •14 .Өзін-өзі өзектілендіру проблемасы.
- •15.Кеңес берушінің клиенттің мәліметтін анықтаудағы тәсілдері.
- •16. В.Франклдің «өмір мағынасы» тұжырымдамасы.
- •20.М.Р.Битянованың «сүйемелдеу парадигмасы».
- •17. Тұлғаға бағдарланған терапия.
- •18.Кеңес беруде қолданылатын әдіс – сұхбат. Түсіндірмеңізді беріңіз.
- •21.«Сенім телефонының» атқаратын қызметі.
- •22.Психологиялық қолдау тұжырымдамасы.
- •23.Кеңес берудегі «эмпатия» ұғымы.
- •24.«Өзін-өзі тану» сабақтарының адам тұлғасына өзіндік әсері.
- •25.К.Ж.Кожахметованың этномәдени даму тұжырымдамасы.
- •26.Қазақ отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары.
- •27.Қазақ мәдениетіндегі тиым сөздерді келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •31.Психологиялық терапия мен медициналық терапияның арақатынасы
- •46.Топтық психологиялық кеңес беру.
- •50.Баланың мектепке дайындығының мәселелері.
- •51.Бірінші сынып оқушысына: сен шетелдік азаматпен жолықтың, сен оған «велосипед» деген сөздің мағынасын түсіндіру үшін не істейсің? Баланың жауабынан нені анықтауға болады.
- •52.Жеткіншектермен жұмыс істеудің ерекшеліктері.
- •54.Мамандық таңдаудың мотивтері.
- •57.Кеңес алуға келген клиент үнсіз келіп отырды. Сіз консультант ретінде осы жағдайда не істейсіз?
- •58.Психикалық және психологиялық денсаулықты сақтаудың объективті шарттары.
- •59.Педагогтардың «эмоциялық жанып кету» синдромы.
- •65.Психологтың диагностикалық-коррекциялық жұмысының бірізділігі.
- •66. Баланың мектепке дайындығын анықтауда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
- •68. Психологиядағы «мен - тұжырымдамасы».
- •70. Адамның өзіндік бейнесі
- •72. Консультант тәжірибесінде вербалды, вербалды емес тыңдаудың ерекшеліктері.
- •83.Манипулятордың сегіз типі (д.Карнеш).
- •85. Психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру. Кеңес беру психологиясының ұйымдастыруда әр психолог мынадай міндеттері орындаулары қажет:
- •87. Тәжірибелі кеңес берушінің кәсіби мәнді қасиеттерін сипаттап бер
- •90. Кеңес берудегі сұхбаттың қорытынды сатысына сипаттама бер
68. Психологиядағы «мен - тұжырымдамасы».
"Мен" Тұжырымдамасы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі. "Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.
Оны құрайтындар:
шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),
идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),
серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),
фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.
"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді.
69. Топтық тренингтердің түрлері. Тәсілдердің әрбіреуі салдары, ерекше мақсаттары, құрылымы және композициясы ретінде өзінің өлшемдерін ұйғарады. Топтық кеңес беру мәселелерін талдай келе, Дж. Коттлер және Р. Браун, тек аталуы әр түрлі ғана емес, сондай-ақ, жұмыс тактикасы мен стратегиясы бір-бірінен озық көптеген топтарды мысалға келтіреді. Олар өздерінің еңбектерінде негізгі түрлерді ұсынумен қатар, олардың әрқайсының мазмұндық жағының ерекшелігін көрсетеді. Бұл топтардың әрқайсына берілген қысқаша сипаттамаға тоқталайық:
1. «Кездесулер тобы» ең екі ұшты категорияға жатады. Мұнда әр алуан түрлермен қоса, «адамдық қарым-қатынастар тобы», «потенциалды ашу бойынша топтар», «Т-топтар», «Жеке адамдық өсу топтары» және т.с.с. аталып өтуі мүмкін. Мұндай топтардың ерекше тартымдылығы сенім мен шынайылыққа негізделген қандай да бір оқыту құрылымын құруға ерекше мән бергендігімен байланысты болуына орай назар аудартады. Сонымен қатар, мұндай топтар жеткілікті деңгейде еркін құрылымда болады. Ал жүргізуші бұл жерде, ең алдымен, қатысушы, бірақ сарапшы емес екендігіне де назар аударылады. (20, 229-231 беттер).
2. «Тақырыптық топ». Жоғарыда сипатталған категориядан ерекшелігі мұнда нақты формат, құрылым, жұмыс жоспары бар. Мұндай топтарға қатысушылардың сезімдері мен уайымдарына нысандалмаған дидактикалық, педагогикалық сипаттама тән. Олардың мақсаты, жалпы алғанда, болуы мүмкін мәселелерді алдын алудан тұрады. Мұнда қатысушылардың бойында нақты мәселелерді шешуге қажетті әр түрлі бейімделу дағдылары қалыптастырылады (жұмысқа орналасу, секс, колледжде, жоғары оқу орнында дәріс алу және т.с.с.) (20, 233-234 беттер).
3. «Кеңес беру тобы» бұл - ең алдымен, қатысушылардың жеке тұлға аралық мәселелерін шешуге бағытталған топтық жұмыстардың алуан түрлігі. Онда барлық әрекеттер осы шаққа, жекелік мақсаттарға шоғырланған. Сонымен бірге, топ мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуге ұмтылады (20, 234 бет).
4. «Психотерапевтік топ» ең алдымен мақсаттарымен ерекшеленеді. Өйткені дәрістер психонервоз, нерв жүйесі зақымдану немесе психоз дертіне шалдыққан адамдармен жүргізіледі. Жұмыс сәйкес біліктілікті талап етеді және ұзақ мерзімді және интенсивті ем жүргізуді ұйғарады (18).
5.«Өзіндік көмек және қолдау тобы» өзінің аталуында (өзіндік көмек, қолдау) анық бейнеленген мақсатымен ерекшеленеді. Осыған байланысты оның жүргізушісі маман емес, осындай топтың тәжірибелі мол мүшесі бола алады. Мұндай топтар қандай да бір мәселені, саяси және т.б. қоса отыра, шешуге нысандалған (20 236-238 беттер).
