- •2.Психологиялық кеңес берудің негіздері
- •4.Психологиялық кеңес және түзетудегі психаналитикалық тұрғы.
- •З.Фрейд өзінің бір әйел пациенті неғұрлым адамдар аз жүретін жерде қыдырғанды қалайтынын байқаған. Фрейд осының мәні неде екенін қалайша түсіндіреді?
- •Психологиялық кеңес берудегі бихевноральді бағыт.
- •14 .Өзін-өзі өзектілендіру проблемасы.
- •15.Кеңес берушінің клиенттің мәліметтін анықтаудағы тәсілдері.
- •16. В.Франклдің «өмір мағынасы» тұжырымдамасы.
- •20.М.Р.Битянованың «сүйемелдеу парадигмасы».
- •17. Тұлғаға бағдарланған терапия.
- •18.Кеңес беруде қолданылатын әдіс – сұхбат. Түсіндірмеңізді беріңіз.
- •21.«Сенім телефонының» атқаратын қызметі.
- •22.Психологиялық қолдау тұжырымдамасы.
- •23.Кеңес берудегі «эмпатия» ұғымы.
- •24.«Өзін-өзі тану» сабақтарының адам тұлғасына өзіндік әсері.
- •25.К.Ж.Кожахметованың этномәдени даму тұжырымдамасы.
- •26.Қазақ отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары.
- •27.Қазақ мәдениетіндегі тиым сөздерді келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •31.Психологиялық терапия мен медициналық терапияның арақатынасы
- •46.Топтық психологиялық кеңес беру.
- •50.Баланың мектепке дайындығының мәселелері.
- •51.Бірінші сынып оқушысына: сен шетелдік азаматпен жолықтың, сен оған «велосипед» деген сөздің мағынасын түсіндіру үшін не істейсің? Баланың жауабынан нені анықтауға болады.
- •52.Жеткіншектермен жұмыс істеудің ерекшеліктері.
- •54.Мамандық таңдаудың мотивтері.
- •57.Кеңес алуға келген клиент үнсіз келіп отырды. Сіз консультант ретінде осы жағдайда не істейсіз?
- •58.Психикалық және психологиялық денсаулықты сақтаудың объективті шарттары.
- •59.Педагогтардың «эмоциялық жанып кету» синдромы.
- •65.Психологтың диагностикалық-коррекциялық жұмысының бірізділігі.
- •66. Баланың мектепке дайындығын анықтауда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
- •68. Психологиядағы «мен - тұжырымдамасы».
- •70. Адамның өзіндік бейнесі
- •72. Консультант тәжірибесінде вербалды, вербалды емес тыңдаудың ерекшеліктері.
- •83.Манипулятордың сегіз типі (д.Карнеш).
- •85. Психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру. Кеңес беру психологиясының ұйымдастыруда әр психолог мынадай міндеттері орындаулары қажет:
- •87. Тәжірибелі кеңес берушінің кәсіби мәнді қасиеттерін сипаттап бер
- •90. Кеңес берудегі сұхбаттың қорытынды сатысына сипаттама бер
21.«Сенім телефонының» атқаратын қызметі.
«Сенім телефонының» жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар 1.1. Осы ұсынымдар «Сенім телефонының» (бұдан әрі – Сенім телефоны) бала құқықтарының бұзылу фактілері бойынша жұмыс тәртібін ұйымдастыру үшін әзірленді.
1.2. Сенім телефоны балалардың құқықтарын қорғау органдарында орналастырылады, жеке және заңды тұлғалардың Сенім телефонға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы фактілері бойынша хабарласуға мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар кешені болып табылады.
1.3. Сенім телефоны қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Неке және отбасы туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеуді қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздықтың және панасыз қалудың алдын алу туралы» Заңдары, Халықаралық Еңбек Ұйымының «Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы», «Жұмысқа қабылдау бойынша ең төменгі жас туралы» Конвениялары және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, сонымен қатар осы ұсынымдар құрайды. 2. Сенім телефоны жұмысының мақсаттары
2.1. Сенім телефоны:
а) қоғамды балалардың жағдайы туралы ақпараттандыру;
б) балалар мен ересектерге психологиялық, педагогикалық және құқықтық көмек көрсету және олардың проблемаларын шешу мақсатында құрылған.
3. Негізгі міндеттері
3.1. Сенім телефоны жұмысының негізгі міндеттері:
а) Сенім телефонға келіп түскен азаматтардың өтініштерін уақытылы қарастыру, сонымен қатар оларды мүдделі мемлекеттік органдарына қарастыру үшін жолдау;
б) азаматтардың Сенім телефонына келіп түскен өтініштерін уақытылы және сапалы қарастырылуына бақылауды жүзеге асыру;
в) Сенім телефонға келіп түскен азаматтардың өтініштерін талдау, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шараларды әзірлеуде және іске асыруда оларды есепке алу.
22.Психологиялық қолдау тұжырымдамасы.
Балаларды психологиялық қолдау- қоғам міндеті.
"Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен
сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін"
Әл-Фараби
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Қазіргі кезде біздің қоғамда өркениеттілікке бағытталған"Білім беру"заңы бар. Онда азаматтық қоғам орнатуда өскелең ұрпақтың оқу және тәрбие мәселелерінің сұрыпталған, қатаң ғылыми негіздерінің тың жүйесі қалыптасқан.
Тәрбие- қоғамдық құбылыс. Әрине, адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді.
Ал,қоғам дегеніміз- егемен елдің жастарының ойы еркін, рухани парасаттылығы толысып жетілген, адамгершілік, ізгілік қасиеттері мол азамат етіп тәрбиелеу.
Әрбір бала-өзінше бір әлем,әрқайсысы әртүрлі мінез қасиеттерінің,қабілеттерінің,жан дүниесінің,адами құндылықтарының алуан түрлілігімен дараланады.Әрбір бала-біртұтас адамзат қоғамын құратын, ерекше қасиетке ие, қайталанбас жеке тұлға.Бала-табиғатынан өте құмарпаз, әуесқой және тынымсыз айнала зерттеушісі. Әр бала басынан сипағанды, ойын ойнағанды ұнатады.Бала тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер, бұл-үлгі-өнеге, бірлікті еңбек, әнгіме-сұхбат, баланы қолдау мен қуаттау және қорғау.
Ұстаз еңбегінің нәтижелі болуы тек жекелеген пәнді терең меңгерту ғана емес, сонымен қатар педагогикалық-психологиялық негізін терең білумен де тығыз байланысты.
Балаларды психологиялық қолдаудың негізгі функциясы-баланың мінез-құлқының жағымды жақтарына сүйене отырып жұмыс жүргізу.
Өйткені жеткіншектердің таным үрдісін: қабылдауы мен қиялын, ойлауы мен есіне сақтауын, ерік-жігерін т.б білмей тұрып сапалы білім, саналы тәрбие беру мүмкін емес.
Сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру дегеніміз-оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту.
