- •2.Психологиялық кеңес берудің негіздері
- •4.Психологиялық кеңес және түзетудегі психаналитикалық тұрғы.
- •З.Фрейд өзінің бір әйел пациенті неғұрлым адамдар аз жүретін жерде қыдырғанды қалайтынын байқаған. Фрейд осының мәні неде екенін қалайша түсіндіреді?
- •Психологиялық кеңес берудегі бихевноральді бағыт.
- •14 .Өзін-өзі өзектілендіру проблемасы.
- •15.Кеңес берушінің клиенттің мәліметтін анықтаудағы тәсілдері.
- •16. В.Франклдің «өмір мағынасы» тұжырымдамасы.
- •20.М.Р.Битянованың «сүйемелдеу парадигмасы».
- •17. Тұлғаға бағдарланған терапия.
- •18.Кеңес беруде қолданылатын әдіс – сұхбат. Түсіндірмеңізді беріңіз.
- •21.«Сенім телефонының» атқаратын қызметі.
- •22.Психологиялық қолдау тұжырымдамасы.
- •23.Кеңес берудегі «эмпатия» ұғымы.
- •24.«Өзін-өзі тану» сабақтарының адам тұлғасына өзіндік әсері.
- •25.К.Ж.Кожахметованың этномәдени даму тұжырымдамасы.
- •26.Қазақ отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары.
- •27.Қазақ мәдениетіндегі тиым сөздерді келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •31.Психологиялық терапия мен медициналық терапияның арақатынасы
- •46.Топтық психологиялық кеңес беру.
- •50.Баланың мектепке дайындығының мәселелері.
- •51.Бірінші сынып оқушысына: сен шетелдік азаматпен жолықтың, сен оған «велосипед» деген сөздің мағынасын түсіндіру үшін не істейсің? Баланың жауабынан нені анықтауға болады.
- •52.Жеткіншектермен жұмыс істеудің ерекшеліктері.
- •54.Мамандық таңдаудың мотивтері.
- •57.Кеңес алуға келген клиент үнсіз келіп отырды. Сіз консультант ретінде осы жағдайда не істейсіз?
- •58.Психикалық және психологиялық денсаулықты сақтаудың объективті шарттары.
- •59.Педагогтардың «эмоциялық жанып кету» синдромы.
- •65.Психологтың диагностикалық-коррекциялық жұмысының бірізділігі.
- •66. Баланың мектепке дайындығын анықтауда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
- •68. Психологиядағы «мен - тұжырымдамасы».
- •70. Адамның өзіндік бейнесі
- •72. Консультант тәжірибесінде вербалды, вербалды емес тыңдаудың ерекшеліктері.
- •83.Манипулятордың сегіз типі (д.Карнеш).
- •85. Психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру. Кеңес беру психологиясының ұйымдастыруда әр психолог мынадай міндеттері орындаулары қажет:
- •87. Тәжірибелі кеңес берушінің кәсіби мәнді қасиеттерін сипаттап бер
- •90. Кеңес берудегі сұхбаттың қорытынды сатысына сипаттама бер
70. Адамның өзіндік бейнесі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ бірк мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіңдік ой-пікірі көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі занды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа тандана тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына физиологиялық, психологиялық, биология. ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екі адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулеі сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалар ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.
71. Өзін-өзі тану» сабақтарының тұлғалық дамудағы түзетушілік әсерлері.«Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.«Өзін-өзі тану» бағдарламасында көзделетін басты мақсат - әрбір баланы өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоционалдық көңіл-күйі мен мінез-құлық ерекшеліктерін ұғына білуге, өз әдет-қылығы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік туғызу.Оқу-әдістемелік кешеннің барлық компонеттері өзара байланысты және дамыта оқытудың мақсаттарын арнайы сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, балабақшада, үйде іске асыру көзделген (дәптердегі кейбір тапсырмаларды тәрбиеші нұсқауымен үйде орындауға болады).
Өзін-өзі тану сабақтарының ерекшелігі болып оқытушының білім алушылармен тұлғалық қарым-қатынасы саналады. Осы үдерісте білім алушылар өзі туралы, өзінің сезімдері, ойлары мен әрекеттері туралы айтады, оларға талдау жасайды және адамгершілік тұрғыдан баға береді, өзін және басқаларды тыңдауға, оларға ізгілікпен және шыдамдылықпен қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Ал бұл болса болашақ мамандардың тұлғалық сапасының қалыптасуына тікелей ықпал етеді.Өзін-өзі тану курсын оқыту барысында интербелсенді әдістер кеңінен қолданылады. Мәселен, болашақ мамандар өмір практикасынан алынатын адами мәнге, қоғамдық маңызға ие жағдаяттарды шешуде инновациялық шешімдерді іздестіру мен таңдауға дағдылануы барысында интеллектуалдық тұрғыдан дами түссе, қоғамға жат әрекеттерді сынау, өзінің және басқалардың мінез-құлқында сипат алған көріністерді бағалау, әлеуметтену арқылы адамгершілік сапалары артады.Өзін-өзі тану сабақтарының шағын топтарда арнайы жабдықталған кабинеттер мен қоғамдық орындарда инновациялық технологиялардың қолданылуы арқылы өткізілетіндігі болашақ маманның жан-жақты, үйлесімді дамуына тікелей ықпал етеді. Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» курсы болашақ мамандарды өмірден өз орнын табуына бағыттай отырып, олардың кәсіби-тұлғалық жетілуін, интеллектуалдық дамуын қамтамасыздандырады, рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіреді және қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытады. Олар жалпыадамзаттық, ұлттық, әлемдік құндылықтардың прогрессивтік түрлерін меңгеріп қана қоймай, осы құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге дағдыланады. Осындай адами құнды, қоғамдық маңызды құндылықтарды теориялық және практикалық тұрғыдан игерген мамандардың мемлекетте қолға алынған әлеуметтік жаңғырту саясатын жүзеге асыруға өз үлестерін қоса алатындығы ақиқат.
