Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеңес беру.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95 Кб
Скачать
☆

17. Тұлғаға бағдарланған терапия.

Ағылшын психологы К.Роджерс “Клиентке бағытталған терапия” кітабында клиеттермен жұмыста қажетті принципиалды бағыттың негізін салды. Оның көзқарасы бойынша тұлға өзінің организміндегі туа біткен тенденцияларды өзінің даму үрдісінде басшылыққа ала отырып, шынайылықпен өзара әрекеттеседі.Адам туындаған мәселені шешу үшін және өз мінез құлқын қажетті тәсілмен бағыттауға арналған құзыреттілікке ие. Бірақ бұл қабілет адамның қарым –қатынас орнатуға мүмкіндігі бар әлеуметтік құндылықтар аймағында ғана дамиды. Клиентке бағытталған тұрғылардың негізгі ұғымдары: “Тәжірибе алаңы”, “Өздік”, “шынайы мен”, “идеалды Мен”.

“Тәжірибе алаңы”- ішкі әлемнің қабылдаушы бөлігі.Ол шынайылық болып есептелетін территория картасы. Сонықтан да адам сыртқы орта жағдайларын өзінің ішкі әлемі арқылы, өзәнәі тәжірибе алаңңы арқылы өткізеді.

“Өздік” К.Роджерс концепциясының негізгі ұғымы. Бұл құрамына, денелік, символикалық, рухани тәжірибелер енетін тұтастық.

Шынайы “мен”– адамның өзгелермен қарым-қатынас барысында олардың өзіне деген көзқарасының тәжірибесі негізінде қалыптасатын өзі жайлы пікірі.

Идеалды“мен”- адамның өз мақсаттары мен мүмкіндіктерін жүзеге асырған жағдайдағы өзін идеал ретінде елестетуі.

К.Роджерстің өз әрекетінің негізінде клиенттің тұлғасын қойды. Ол дәстүрлі психотехниканың “интерпретация”, “суггестия”, “үйрету” сияқты типтерінен бас тартып, оларды ең алдымен клиентке емес, психологтың өзіне бағытталған деп сипаттады.Роджерстің концепциясындағы коррекциялық жұмысқабағытталған “эмпатия”, “қамқорлық”, “конгруэнттілік”, “психологиялық климат” ұғымдарын қарастыруға болады.

18.Кеңес беруде қолданылатын әдіс – сұхбат. Түсіндірмеңізді беріңіз.

Психологиялық кеңес беру психолог пен клиенттің жеке кездесуімен, сұхбаттасуымен басталады.

Сұхбат кезінде, яғни алғашқы сұхбатта танысу, одан соң кеңес қандай жағдайда берілу туралы нақтылық айқындалады. Консультант психолог клиентімен ауызша ғана танысуы керек, алғашқы кездесуде клиент туралы карточка толтырылмайды. Клиент өзін таныстырған соң консультант клиентке өз проблемаларын ұқыпты, шыдамды түрде баяндап беруін сұрайды. Уақыт өте келе психолог-консультант клиентке сұрақ қоя бастайды, яғни өзіне жағдайларды нақтылау үшін. Психолог-консультанттың сұрағы клиенттің баяндап отырған тақырыбынан ауытқымайтын, әңгімесін тоқтатып қоймайтын және клиентке ауыр тимейтін жағдайда болуы шарт. Консультант-психолог тыңдау кезінде адам есімдерін, уақыттарын, нақты фактілерді өзіне оңай болуы үшін есте сақтауы керек. Бұл, әрине, оның дұрыс түсінуіне және дұрыс кеңес беруіне байланысты болады. Кейбір клиентпен жұмыс кезінде психолог-консультантқа клиентті түсіну, кеңес беру қиынырақ келеді. Ол үшін психолог-консультант клиентпен арнайы бетпе-бет кездесулер ұйымдастырады. Ал кей жағдайларда клиентті нақты және оның проблемаларын жүйелі шешу үшін психологиялық тесттерді қолданады. Тест жалпы психолог үшін маңызды нәтижелерге әкеледі.

20.М.Р.Битянованың «сүйемелдеу парадигмасы».

¥зақ  жылдар  бойы  психологиялық  қызмет  мәселелерімен  айналысқан  М.Р.Битянованың  пікірінше,  психологпрактикке  ерекше теория, эрекет жасауға басшылық ететін,  өз әрекеттерінің магынасын  түсінуге  мүмкіндік  беретін  теория  қажет.  Бұл  жерде  Л.С.Выготский  психотехникалық  теория  деп  аиықтагаи,  практиканың  теориясы  туралы айтылып отыр. Сонымен,  бұл  теорияның  негізінде  психотехникалық  қағида  жатыр.  Мектеп психологының ісэрекетінің мақсаты, міндетгері және  мазмұнын,  теориялық  тұжырымдардың  нақты  жүйесін  бейнелейтін  модель  ұсынылып,  қарастырылады,  осы  жүйе    практикалық  кәсіби  ісәрекеттің өнімі,  оны жалпылау  мен оның магынасын түсіну болып  табылады.  Ол  практиканы  “көлеңкелемейді”,  тәжірибенің  озін-озі   дамытушы  жинақгаушы  қоры  болады.  Бұл  жүйе  практикадан  шыққан,  практикаға  бағдарланган  (озінің  негізгі  мақсаты  да,  озіндік дамудың кайнар козі ретінде де) [ 1 ].  М.Р.Битянованың  түргысы“сүйемелдеу  парадигмасы”  деп  аталынған,  ягни  ол  объектіге  емес,  объектімен  істейтін  жүмысқа  бағдарланган.  Бұл  жерде  психологиялық  іс-эрекет  аясында  балага  деген мүлдем басқа көзқарас қарастырылады.  Шын мэнінде ол объект   емес, субъект болып табылады.  Баланың ішкі әлемінде ешнәрсе оның  еркінсіз,  оның  қалауынсыз  озгертілмек  емес.  Психолог  балаға  өзінің ерекше  әдістәсілдерімен  эсер  етпейді,  қандай  да  бір  проблеманы  шешудің  түрлі  жолдарын  ұсына  отырып,  оның  өзімен  әрекеттеседі.  Жэне  де  жұмыстың  мақсаты   оның  ішкі  әлеміне  үңілу  озі  туралы,  элем  жэне  өзіне  деген  қатынасын  білу  емес,  өзінөзі  тануга,  ішкі  әлемін  жэне  қатынастарының  жүйесін  басқара  білу  жолдарын  іздестіруге багытгалган баламен бірлескен эрекетгі үйымдастыру. Демек,  сүйемелдеу  парадигмасы,  нагыз  тұлгаға бағдарланған парадигманың озі болып табылады. 

Сүйемелдеу   мектеп  психологы  не  үшін  керек деген  сұрақгың ең маңызды жауабы — деп санайды М.Р.Битянова.