Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеңес беру.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95 Кб
Скачать
☆

31.Психологиялық терапия мен медициналық терапияның арақатынасы

Психологиялық терапия психологиялық жұмыстың жаңа әдісі болып саналады. Психотерапия бұл психотерапевттің пациентпен қарым-қатынасының негізінде жүргізілетін әдіс. Бірақ бұл қарым-қатынас қарапайым адамдар арасындағы қарым-қатынастан өзгеше. Себебі, біріншіден, өзара қарым-қатынастың тақырыбы психологиялық проблемалар және солармен байланысты ауытқулар. Екіншіден, психотерапевт өзінің клиентіне максималды түрде жағымды әсер ету үшін терапиялық жұмыс барысында өзінің сөздерін, мимикасын, интонациясын қолданады. Психотерапия невроздық сипаттағы ауытқулары бар, психогенді депрессиялары бар балаларға, сонымен қатар фобиялары бар, психосоматикалық аурулары және психологиялық проблемалары бар балаларға қажет. Сонымен қатар мұндай белгілері жоқ балаларға да психопрофилактикалық жұмыс ретінде және балалардың түрлі қасиеттерін анықтау мақсатында да қолдануға болады. Психотерапияның негізгі міндеттеріне өзін-өзі тану, «негативті» эмоцияларды жеңе білу, жаңа іс -әрекет етуге үйрену сияқты міндеттерді жатқызуға болады.Психологиялық терапия сабақтарының құрылымы өзге сабақтардың құрылымына қарағанда өзгеще болады:1. Бағыт (ұйымдастыру)2. Визуалды, аудиальды, кинестетикалық сезінулерді белсендіру3. Жеке дара жұмыс (тақырып жоспары)4. Вербализация бөлімі (вербалды және вербалды емес коммуникацияны белсендіру)5. Рефлексивті анализПсихотерапияда көптеген әдіс-тәсілдер қолданылады: Психоанализ, Аутогенді жаттығу,Рациональді психотерапия, Өзіндік психотерапия, Отбасылық психотерапия, Гештальттерапия, Арттерапия, Топтық динамикалық психотерапия.Психологиялық терапиялардың түрлері өте көп. Оларға арттерапия, құм терапиясы, ойын, музыка терапиялары, ертегі, драма терапиялары және т.б терапияларды жатқызуға болады. Мұндай терапияларды мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізу тиімділігі өте зор, себебі психотерапиялар тәрбиелік, дамытушылық, диагностикалық, түзетушішілк, психотерапевттік міндеттерді шешеді.

32. Кеңес беруші психолог және клиенттің рөлдері.

Психологиялық кеңес беру- бұл психологтың кәсіби іс-әрекетінің бір түрі. Психологиялық кеңес беру практикалық психологияда жалпы негізгі аймақ болып табылады. Психологиялық кеңес берудің негізгі әрекеті тек клиентпен ғана. Ол біріншіден, оның яғни клиенттің сенімінен шыға білуі. Ал, екіншіден оны түсінуі керек. Оның қиын проблемаларынын көңілді әрі оңай түрде шығуына көмектесіп, кеңестер, бағыттар беріп отыруы қажет. Кеңес беру психологиясы клиентпен жұмыс кезінде клиент проблемаларының күрделілігіне қарай бірнеше сеанстарға созылуы мүмкін. Алғашқы сеанс аясында психолог пен клиент арасында өзара әңгіме жүреді. Яғни, клиент өзі туралы баяндап, ненің алаңдататынын және қандай проблема мазалайтынын айтып береді. Оның 10 минуттан 30 минутқа немесе бір сағаттан екі сағатқа созылуы мүмкін. Ал, психолог өз кезегінде клиентін ұқыпты тыңдап, проблемаларын талқылай бастайды. Сеанс кезінде клиенттің проблемаларын практикалық түрде шешу және клиенттің жекелілігі (тұлғалылығы) бағаланады. Кеңестер немесе нұсқаулар кезінде клиентке қойылатын талап: психолог- консультантқа сеніп, толықтай проблемаларын шешуге көмектесетініне илануы керек. Кеңес беру кезінде психологтың әр түрлі әдістерді де қолдануға болады. Олар кеңес беруге лайықты әдістемелер.Клиенттің проблемалары ауыр немесе қиын болатын болса, жоғарыда айтылғандай бір немесе екі сеанспен нәтиже шығаруы мүмкін емес. Клиенттің бір емес, бірнеше проблемаларының болуы мүмкін. Сол кезде психолог әр проблемаға жеке-жеке (проблемаға сай) кеңесті қолданады. Клиент тұрғысынан аталған проблемалардан бірден нәтиже шығаруы мүмкін емес. Оған кеңес беруші жағынан да көмек болуы керек. Егер кеңес беруші клиентке деген яғни, оның проблемаларынан арылуға деген сенімділігі жеткіліксіз болса, онда ол клиенттен болмақ. Себебі, ол өз эмоциясын және мінез-құлқын басқара алмайды деген сөз. Көбінесе, психолог-консультантқа адамдар физиологиялық-психологиялық денсаулығы жағынан да келуі мүмкін. Психологиялық кеңес беру практик-психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі негізгі бағыт: адамға танымдық деңгейі жоғары, өзіндік таңдалған өмірлік стратегиясын жүзеге асыра алатын, өз өміріне жауапты тұлға ретінде қалыптастыру. Психологиялық кеңес беру психотерапиядан шартты түрде бөлініп шыққан ғылым саласы. Себебі, кеңес беру кезінде психотерапиялық әдіс тәсілдер жиі қолданылады. әйтсе де, кеңес беру психологиясы психотерапия саласынан жоғарылау болып есептелінеді.

Психолог-кеңес берушіге қойылатын жалпы талаптар:

- Психолог-кеңес беруші өзінің клиентке берген ұсыныстарына толық жауапкершілікте болуы керек.

- Психолог-кеңес берушінің практикалық қызметі моральді этикалық және заңгерлік негіздерге сүйенілуіі керек. - Психолог-кеңес беруші қызметі адамгершілік мақсаттарға және клиенттің интелектуалды және тұлғаның даму жолындағы кедергілерді жоюға, көмектесуге бағытталады.

- Психолог-кеңес беруші өзінің жұмысын клиенттің жеке тұлғасын, құндылықтарын сыйлау арқылы жүзеге асырылады. Психолог-кеңес беруші адамгершілік құқықтарды сыйлауы керек.

- Клиентпен жұмыс барысында психолог-кеңес беруші шыншылдық пен ашықтық принциптерін басшылыққа алады. Сонымен қатар ол өзінің берген ұсыныстарында өте сақ болуы қажет. Психолог-кеңес берушінің міндеті:

1. Клиенттің проблемасын анықтау, яғни клиентте туындаған мәселе қандай жағдайда екенінен құлағдар болу.

2. Клиентті өзіндегі пайда болған проблемаларымен құлақтандыру яғни, түсіндіру.

3. Психолог-кеңес беруші клиенттің өз проблемасын шеше алатынын немесе шеше алмайтынын анықтау.

4. Клиент проблемасының шешу жолдарын қарастыру.

5. Психолог-кеңес беруші элементарлы, өмірлік қажет кеңестерін беру. Психологиялық кеңес беру - адамға, яғни клиентке өзінің өмірлік қиындығына сырт көзбен қарауға, өзінің жағымсыз қылығы мен іс-әрекетін сырт көзбен көруге жағдай туғызады. Ол клиенттің жеке өмірін дұрыстауға, өзінше шешім қабылдауға, өз тағдырына жауап беретіндей сенімділік туғызады.

33. Біреулер «мен өзім өз өмірімнің қожасы» десе, енді біреулер өмір олардан тәуелсіз көптеген жағдайлармен анықталады – деп санайды. Сіздің пікіріңіз. Өмір – сырға толы, қызық әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап, шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді. Менің түсінігімше, өмір – теңдесі жоқ, құдіретті күш иесінің бізге ұсынған сыйлығы. Біз, яғни адамзат баласы сол ғаламат сыйлықтың қадіріне жетіп, бағалай білуіміз қажет. «ӨМІР -КҮРЕС» дейді ең бастысы «Дүние алма кезек» дегендей, жалғандағы БАРША қиындықтың уақытша екендігін ұғынып, «ӨМІР» атты кемеде қатарыңнан қалмай жолыңда кездескен қиындықтардың барлығын да жеңе білу керек. Сонда ғана біз өмірдің ғажайыптылығын сезіне аламыз. Мен туғанымнан бері тағдырдың сан түрлі соқпақтарында кездескен қиындық атаулының барлығын дерлік, шынайы сенімділікпен «Тек алға!» деген өмірлік ұстанымым арқылы ШАМАМНЫҢ КЕЛГЕНІНШЕ, жеңіп келемін. Кейде ойлаймын, «Менің осыншалықты сәттілігім мүмкін менің дүние есігін ЖЕҢІС КҮНІ АШҚАНДЫҒЫМНАН болар», – деп. ))) Бәлкім, мұндай себептен емес те шығар… Қалай десек те, менің өзімнің басқа жай күндерде емес, дәл осы күні, яғни халқымыз үшін ерекше маңызды Жеңіс күнінде тууымды «жай кездейсоқтық» деп қарамаймын. Мені мұндай байланыс қатты толғандырды. Сол себептен болар, жас жүрегімде мынадай жауқазын жыр… тұнды:

34.«Мәнді ересектер» ұғымы және жіктемесі.

35.Білім берудегі психологиялық практиканың мәні.

Білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесін талқылау сұрақтары психологтардың еңбектерінде қарастырылып келеді. Қазақстандагы психологиялык қызмет жайлы зерттеулер республикалық баспасөзде және жеке туындыларда жарияланғанымен, дәл психологиялык кеңес беруді кеңінен қарастыру, әрі оны оқытуға енгізу мәселесі қолға алынбай келеді.Психолог ғалымдар Г.С.Абрамова, Ю.Е Алешина, А.А.Бодалев, Г.В.Бурменская, И.В.Дубровина, В.Н.Карандашев, А.Г.Лидерс, Е.И.Рогов, В.В.Столин кеңестік дәуірдегі жэне одан кейінгі уақыттағы психологиялык қызметтің, соның ішінде психологиялык кеңес берудің мазмұнын анықтап берді.Жоғары оку орнында психологиялык қызметті қалай жүргізуге болатындыгы, студенттердің жеке басын қалыптастыруда психологиялык кеңес берудің маңыздылығы туралы зерттеулерді О.М.Анисимова, Н.М.Владимирова, М.Д.Дворяшина, М.В.Зюзько, Н.С.Копеина, Б.Б.Коссов, Н.Н.Обозовтардың еңбектерінен кездестіре аламыз. Қазақстанда осы мэселемен айналысып жүрген Т.А.Абдрашитова (психологиялык кеңес беруді психологиялык белсенді заттарға тәуелді адамдарға қолдану), А.Р.Ерментаева (психологиялык тәжірибенің студенттің субъект-бағдарлы дамуына ықпалы), Е.Г. Ким (оқытуда эриксондық гипнозды қолдану) және т.б. бірқатар зерттеушілерді атап өтуге болады.Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе, психологиялык тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан псхологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дәл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни, психолог консуль-тациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі.

36.Педагог пен оқушының арақатынасының түрлері.

Қазіргі кезде қарым – қатынас мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Соңғы он жылда  осы мәселелер төңірегінде  басылып шыққан теоретикалық – экспериментті түрде дәлелденген. Қарым – қатынастың алғашқы турлері мен типтерінің алғашқы классификациясының  (Л. П. Буева , Л. С Выготский, А.С.Золотнякова, И.С.Кон, Б.Ф.Ломов, А.А.Леонтьев, Б.Д.Парыгин, С.Л.Рубинштейн, А.А.Бодалев және т.б. жасаған). Біз өзара түсіністіктіңорнын қарым – қатынас құрылымында қарастыруға тырыстық.Педагогикалық қарым – қатынас шәкірттің ( оқушы, студент) психикалық дамуының қайнар көзі болып табылады. Педагогикалық қарым – қатынас құрылымында өзара түсіністік деңгейі детерминанттың тұтас қатарымен меңгеріледі. Бұған жататындар: жас, өзіндік бағалаудың даму деңгейі, білім деңгейі, икемділік, дағды. Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы өзара қарым – қатынастың дамуына, яғни ұстаздың қарым – қатынас жасау деңгейі, педагогикалық топтың және сыныптың даму деңгейі әсер етеді.Қарым – қатынас жасау барысында шәкірттер өздерінің мұғалімге деген  қатынастарын көрсетеді. Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым – қатынас әрдайым келісімді, өзара түсініскен, шынайы қатынас бола бермейді. Қатынастардың әрқашанда жақсы бола бермеуі ұстазға да шәкіртке де байланысты.Ұстаз бен шәкірттердің қарым – қатынас функциясы әртүрлі. Сондай функциялардың классификациясының негізгі біреуі Ломовтың  «Индивидтің мінез –құлқындағы әлеуметтік регуляция және қарым – қатынас» атты еңбегінде, ол осы функцияның негізгі класын бөліп шығарды. (коммуникативті – ақпаратталған).Тағы да ол қарым – қатынастың бірлескен әрекет ұйымдастырушы ретінде, адамдардың бір – бірін тануы, және тұлғааралық қарым – қатынастың дамуы мен қалыптасуы деген түрлерін бөліп шығарады. Б.Ф.Ломов – қарым – қатынас жоғарғы динамикалықпен  және функционалдылықпен сипатталатын көп өлшемді процесс ретінде зерттелінуі тиіс деген қорытындыға келеді. Ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара түсіністік бірден қалыптаспайды.Қарым – қатынас біздің өмірімізде және қоғамдағы іә – әрекетте үлкен ролге ие. В.Н.Панаферовтың айтуы бойынша кез келген адамдық әрекеттер қарым – қатынастан тыс болмақ.Кеңестік психологтар қарым – қатынастар әс – әрекеттің айрықша түрі ретінде қарастырады. Педагогикалық іс – әрекетте қарым – қатынас – ұстаздар мен шәкірттер арасындағы өзара байланыстың және өзара әсердің әртүрлі  түрлері және формалары. Кеңестік психологияда қарым – қатынасты, бір жағынан іс – әрекеттің бір түрі, екіншіден, іс – әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғым басым. Қарым – қатынастың іс – әрекетпен байланыстылығы топ мүшелерінің бір – бірімен «үйлесу» немесе «үйлеспеуіне»  байланысты делінетін қарым – қатынастың құрылымы өте күрделі. Бұлар бір – бірімен тығыз байланысты үш жақтан (коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік) тұрады. Көптеген факторлардың ішінде оқу және оқудан тыс кездердегі ұстаздар мен шәкірттерарасындағы қалыптасқан – қатынас айрықша шешуші фактордың бірі болып саналады. Осы қарым – қатынас мәселері жөнінде тікелей және жанама қамтыған В.М.Афоньков, А.А.Бодалев, Н.В.Кузьмин, А.А.Леонтьев, Р.Н.Мальковская, Н.Т.Полехин тағы басқалардың зерттеулерінде өзара қатынастың шешуші роль атқаратындығы жөнінде баса көрсетіледі.

37.Психологиялық кеңес берушінің негізгі этикалық принциптері.

Кеңес берудің этикалық принциптері:Кеңес беру барысында клиенттің құқығы. Клиенттің кеңес берушіге тәуелділігі этикалық мәселе түрінде.Кеңес берушінің кәсіби және этикалық құқы мен міндеттері. Кеңес берудің құпиялылығы және оның шектеулері. Психологтың клиентпен кеңес беру және басқа да қатынастарының этикалық және құқықтық сұрақтары. Кеңес берушінің кәсіби білім және іскерліктерін психологиялық ықпал ету құралдары ретінде сәйкестік мәселесі. Кәсіби мен-кеңес берушінің бейнесі, жеке бас тәжірибесі. Кәсіби кеңес берушілердің жеке бас қасиеттері. Кеңес берушінің жеке бас құндылықтарының және өмірлік философиясының іс-әрекетіне әсер ету мәселесі. Кеңес беруші-психотерапевт түсініктерін салыстыру.

38.Психологиялық түзету жұмысының мәні.

Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың 70 жылдарынан басталды. Тура аудармасы «исправление - түзету» деген мағынаны береді. Психолог жеке тұлғпның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімде қарастырылады.

1. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асырады.

2. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен – мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен біріге отырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады.

Р.С.Немовтың пікірінше, «психокоррекция» ерекшелігі – психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсер ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.

Психокоррекцияның басқа бағыттардан ерекшелігіне сипаттама:

· психикасы сау адамдарда біріншіден күнделікті өмірде шешілмеген мәселелері болады, психологиялық қиындықты сезетін ашуланып, оған шағым жасайтындар, ал екіншіден өзін жақсы сезінетін, сондай-ақ жеке бас дамуын талпыныста ұстап, өзгеруге дайындық деңгейдегі индивидтерге жүргізіледі;

· мінез-құлқындағы ерекшелікке коррекциялық жұмыстар жүргізерде, психикалық саулығы міндетті түрде ескеріледі;

· психокоррекция жұмыстар жүргізілуі жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңге бағытталады;

· орта мерзімде көмек беруге бағытталады (психологиялық көмек индивидті қабылдау 15-реттен аспайды);

· психологтың жұмыс жоспары индивидтің құндылық қорына негізделе құрылады;

· әсер ету деңгейі индивидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлық өзгеруіне бағытталады. 

Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты– баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.

Психокоррекциялық мақсат 3 бағытқа негізделеді:

1. Әлеуметтік даму жағын ықшамдау;

2. Балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту;

Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру;

Психокоррекцияның негізгі міндеттері:

Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субьектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.

39.Ақыл-ой дамуын түзету жолдары.

Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың санын – олигофрен  балалар   (oligos – грек тілінен аударғанда ақылы аздық деген мағынаны білдіреді) құрайды. Дәл  осылар  басқалардан  гөрі  арнайы  мектептің  оқушылары  болып  табылады. Олигофрения  деген терминнің өзі халықаралық жіктеуден алынып «жалпы психикалық жетіспеушілік» деп аударылады. Олигофрения бұл – ауру емес. Бірақ бұл баланың психикалық дамуының тұрақсыздығының байқалатын жағдайы. Негізгі формасы - дифуздық. Мидың жарты шарының қабы зақымданған. Бұларда сезім органдары бұзылмаған,  қимыл қозғалыс ерік-қуат сферасында, сөйлеуде аса бұзылу байқалмайды. Олигрофрен  баланың (амандасу, сенгіштік, қызығушылық) эмоциясы жақсы дамыған. Мұндай балалар қызметтерді өздері  атқара алмай, бір жұмыстан екінші жұмысқа  тез ауысып отырады. Ойын ойнау  кезінде басқа балалардың істеген әрекеттерін қайталайды. Сонымен қатар, олигофрен  балаларда эмоциясы мен сезімі мінезіне сай емес, тез уақытта өзгеріп кетеді. Кейбір балалардың өмірлік жағдайларды қабылдауы тым жеңіл болады.

Ақыл-ойы кешеуілдеген баланың ойы шашыраңқы, толық пісіп  жетілмеген, әлсіз болады. Олар көбінесе сандырақтап, балада жоғарғы  сезімдер  қалыптасады. Мұндай балалар өз алдына қойған міндетті түсіне бермейді,  олардың шешімін басқа әрекеттермен ауыстырады. Бұлар  туралы  толығырақ  сипаттама беріп кетуге болады. Олигофрендердің бір-бірінен  айырмашылықтары  бар,  себебі  олардың  дефектілерінің  нұсқауларының  құрылымы оларда әр түрлі. Оқушы олигрофеннің  тұлғалық  жетілмегендігі, ойын қалыпты жағдайдағы  оқушы сияқты олигофрен бала үшін  де әлеуметтік тәжірибені меңгеру үлгісі қажет болмайды. Сондықтан да баланың белсенді ойнай білуін ақыл-ойы кешеуілдегендіктің  диагностикалық көрсеткіші деп атайды. Осыдан  олигофрен баланың жаңа қажеттіліктерге білімқұмарлыққа, танымдық  қызығушылықтарға әсерленгіш екендігі байқалып, жаңа қызметтер түрінің орындалуына талаптануы төмен  екендігі анықталады. Баланың тілі шыққаннан кейінгі пайда болған ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі сирек кездеседі.  Оның көп түрінің бірі  демениция – ақыл аздық   болып  табылады. Олигофрен балаларына тағы бір жіктелуіне  толығырақ сипаттама беріп кетсек. Дефектологияда оларды әдетте үш топқа бөліп көресетеді: дебиль, имбециль,  идиотия.Мектеп  алды және  мектепке  дейінгі  кезең – бұл  қоршаған  ортаны  тану  сезіну  кезеңіндегі   ақыл-ой  дамуы кешеуілдеген  арнайы түзетудің әсерінсіз  дамуы баяу болады. Бұл деңгейдегі  балалардың  сенсорлық дамуы  қалыптасу уақытынан  әлде  қайда  артта қалады. Ақыл – ой  дамуы кешеуілдеген балалардың  жалпы  дамуының  ары қарай  өсуіне  олардың  білімді  іскерлікті  және дағдыларды игеруі, оның  оң қабілеттерінің   бар екенін  ескере  отырып  түзетуге  бағытталған оқыту  және  тәрбие  жұмыстарын  арнайы  ұйымдастырылуы  қажет.       

40.Тұлғалық дамудағы кемшіліктер, оны түзету жолдары.

Дамудың алғашқы жəне туынды кемістігі туралы ұғымды Л.С.Выготский енгізді. «Алғашқы кемістіктер бір биологиялық жүйенің (талдағыштар, ми құрылымдары) патогендік факторлар əсерінен органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нəтижесінде пайда болады. Туынды кемістіктер – алғашқы кемістіктерден туындамайды, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеуінің бұзылуы, соқырлардың бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т.б.) психикалық жетілмеу жəне əлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы тəрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден алыс болса, оны психологиялық-педагогикалық түзету оңай болады. Қарапайым қызметтермен салыстырғанда, жоғары қызметтерді түзету жеңіл болады. Даму үдерісінде бірінші жəне екінші кемістіктер арасындағы, биологиялық жəне əлеуметтік шартты бұзылу арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тəрбиелеудегі негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни, туынды кемістік бағыты «төменнен жоғары» болған жағдайда дер кезінде коррекциялық- педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы, баланың əлеуметтік ортаға, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық күрделі мəселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық қарапайым психикалық қызметке кері ықпал етеді, патогендік əсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады. А.Адлердің жəне Л.С.Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімдері. А.Адлер теориясының негізі адамда қалыптасатын «толыққанды болмау кешені» болып табылады, ол А.Адлердің көзқарасы бойынша, адамның өз дамуындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретін, басқалардан артық болуға деген үнемі ұмтылуы арқасында пайда болады. А.Адлерден кейін Л.С.Выготский функциональды ұстанымда бір органикалық кемістіктің баланың кеміс екендігіне дəлел болмайтынына назар аударады. Кемістіктің əсері үнемі екіжақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты əрекетін қиындатады, екінші жағынан – кемістіктің орнын толтыратын, басқа қызметтердің қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л.С.Выготский былай деп жазады: «Жалпыға бірдей бұл заң, ағзаның биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады».

49.Психологиялық түзету сабақтарының кезеңдері.

41.Психологиялық түзету кезеңдері.

Психокоррекциялық жұмыстың кезеңдері:  1. Психокоррекцияға нанамнез (ақпарат) жинақтау;  А) әңгімелесу  Б) психодиагностика  2. Психологиялық диагноз қою (жас мөлшері мен әлеуметтік мәдени ерекшелігін ескерту)  3. Ықтимал немесе шартты – қалыпты болжам қою.  4. Психокоррекцияның іс-шараларды жоспарлау (таяудағы даму аймағын ескерту)  5. Психокоррекциялық іс-шараларды жүзеге асыру.  6. Коррекциялық жұмыстың нәтижесін бағалау.  7. Мәселенің қайталанбауын алдын алу.

Психокоррекция жүргізу мақсатымен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:

1. Нормативтерді құру коррекциясы.

2. Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы.

Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан-дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдиниетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселелерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан-дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеді.

Сонымен қатар, әр жас кезеңінің және әлеуметтік ортадағы әр адамның атқаратын рөлдер репетуарына, клиенттің алдында тұрған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекцияны жүргізудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Сондықтанғ бұл жас кезеңдегілермен коррекциялық жұмыстар олардың таным процесстерін жетілдіру және мектеп режиміне үйрету, сыныптағы балалармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемділігін қалаыптастыру, қысқаша айтқанда, оның барлық көрсеткіштері бойынша мектеп өміріне даярлау болып табылады. Бастауыш сыныптарда бұл бағыттағы психологиялық қызмет көрсету жалғастырылады.

Жеткіншек жас кезеңдегілермен жүргізілетін психокоррекция, басқа жас кезеңдегілерден жиірек орын алады. Оның себебі, осы жас кезеңінің көптеген ерекшеліктерімен байланысты. Балалардың өтпелі жас кезеңінде басынан кешетін қиындықтарды психокоррекциялау және психологиялық кеңес берудің негізгі себептері болып табылады. Жеткіншектерде жиі кездесетін акцентуация, агрессия, дидоктегенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві, кей кезде, оқу ісінде басты болудан қалады, өйткені, баланың құндылықтарды бағалауы, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде жүйеліліктің болмауы, кейінгі кезде орын алған аралық аттестациялауға баланың ішкі даярлығының төмен болуы олардың психологиялық жағдайына алып келуі мүмкін.

42.Ойын терапиясы.

Ойын терапиясы Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады. Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады. Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз. 1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру. 2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту. 3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру. 4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту. 5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту. 6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.

43.Жеке-дара психологиялық кеңес беру әдістемесі.

Жеке кеңес беру тек клиенттің сұранысы бойынша болады. Жеке кеңес беру жағдайында практикалық психолог жұмысты анализдеу нәтижесінде 2 түрге бөледі .1.психологиялық дамуды түсіну нормасы. 2.бір –біріне байланысты позицияны түсіну . Мамандалған психологтың клиентпен байланысты оның мазмұнын шешуді қабылдауды қажетсінеді.Клиенттің сұранысын орынап қана қоймай,психолог оның ішкі дүниесінің актуальды (өзіктілігі) және потенциальды ерекшелігіне бағытталуы тиіс. Негізгі себебін біз клиентпен профессиональды қарым-қатынаста оның мазмұнын шешуді қабылдауды қажетсінеді. Клиенттің сұранысынан басқа психологтың мүмкіндігі мазмұнды құрылымын клиенттіңішкі дүниенің актуальды және потенциальды қасиетінбағдарлауында. Бұл бағдарлау біздің көзқарас бойынша мүмкін емес,себебі психологияның дамудың нормасы түсіну үшін психолог рефлексивті өңдеуден өтуі керек .Бұл мазмұн клиентпен қарым-қатынас міндеттерін шешуге және жұмысты стратегиялы орындауға мүмкіндік береді, (әлеуметтік, этика, рухани, психология т.б.) .Психологтың жұмысы бір мәселені шешумен анықталады. Психолог психологиялық дамудың нормасының мазмұнын түсінуін қолданып, психикалық даму кезеңі мен механизімін көрсетеді . Яғни психологиялық даму нормасын түсіну теориялықжеке кеңес беруді қолдана отырып, психологиялық дамудың кезеңін көрсетеді. Жекелей кеңес беру схемасы. 

Клиенттің көзқарасы 

Тапсырма тексті 

Психологтың міндеті 

өзгеру мүмкіндігі 

өзгеру бағытын таңдау 

Психологтың көзқарасы 

Қарым-қатынас тапсырманың мазмұны 

Психологияның дамудың механизмі 

Психологияның даму кезені 

Психологияның даму нормасының мазмұны 

Психологиялық дамудың механизімі жөнінде түсінікті психология философияға жүгінеді.Мысалы. Э.Фромлеу және Р.Хироу практикалық психолог шындық өмірде психологиялық даму механизімін көрсетуде пайданалады. «Адам-адам болып қалыптасқан кезеңнен бастап,табиғат тұралы түсінігі болады,бірақ оған әсер ететін факторлар: оны жаңаруға,шығармашылыққа, саналылыққа және прогреске икемділігін жасайды».

44.Кіші мектеп оқушыларының мектепке бейімделмеуінің себептері.

Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі туралы айта отырып, балалар ұжымына бейімделуі туралы сұраққа тоқтала кеткен жөн. Әдетте, бұл процестегі қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі. Егер бұл балаларда құрбыларымен қарым-қатынаста жетерліктей тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден үйде қалыптасқан қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлмесе, оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға асықпайды және оған көнгілері келмейді. Егер біршама уақыттан кейін құрбыларымен қарым-қатынаста әртүрлі тәжірибелері жоқ балалардың ата-аналары олардың мектепке келгісі келмейтіндігімен, сонымен қатар, оны барлығы ренжітетіндігі, ешкім тыңдамайтындығы туралы, мұғалім баланы жақсы көрмейді деп шағымданса, онда қалуға болмайды. Мұндай шағымдарға адекватты түрде жауап беруге үйрену қажет. Баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты түрде бірдей бейімделмейді. Психолог ғалым Г.М.Чуткина өз зерттеулерінде балалардың оқыту процесіне, мектепке бейімделуінің үш деңгейін атап көрсетті:I. Бейімделудің жоғарғы деңгейі.Бірінші сынып оқушысы мектепке жағымды қатынаста, қойылған талаптарды адекватты қабылдайды, оқу материалдарын жеңіл меңгереді,II. Бейімделудің орта деңгейі.Бірінші сынып оқушысы мектепке жағымды қатынас құрады, мектеп балаларға жағымсыз әсер тудырмайды, оқу материалын түсінеді, егер мұғалім оқу материалын тиянақты және көркем түсіндірсе,көптеген сыныптастарымен достық қарым-қатынаста болады.III. Бейімделудің төмен деңгейі.Бірінші сынып оқушысының мектепте құлқы жоқ, денсаулығын себеп етіп сырқаттанып қалу арызы жиірек болып тұрады, көңіл-күйінің жоқтығы басым келеді, тәртіп бұзушылық байқалады, мұғалімнің түсіндірген материалдарының кейбір бөліктерін ғана менгереді.

45.Арттерапия.

Арттерапия біздің ғасырымыздың 30-шы жылдарында пайда болды.Арттерапия (өнер терапиясы) терменнін ең алғаш рет Адреан Хилл (1938) өзінің санаторидегі туберкулезбен ауыратын адамдар жөнінде жазған еңбегінде қолданған адамдар жөнінде жазған еңбегінде қолданған.Бұл термин ауруханалар мен психикалық денсаулық сақтау орындарындағы өнермен қатысты іс-шараларда кеңінен қолданыс тапты. Психотерапияның бұл түрі өнерге негізделген, соның ішінде бейнелік және шығармашылық өнерге.Арттерапия алғаш 3. Фрейд пен К.Т. Юннтың теориялық идеясының контексінде туындап, кейін гуманистік даму моделінде К. Роджерс пен А. Маслаудың концепцияларында кезінен қолданады.Артерапияның негізгі көздеген мақсаты тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі айқылдауын, тұлғалық үйлесімділігінің дамуын қамтамасыз ету. К. Юнгтың айтуы бойынша өнер, әсіресе ақыздар мен мифтер адамның индивидуалдануына, өзін-өзі дамытуына, өзінің саналы және астарсаналы «Менің» теңестіруде өте маңызды.Арттерапиялық әсер етудің маңызды техникасына белсенді қиял техникасы жатады. Ол адамның санасы мен астарсанасын саныстырып, оның қайсысының белсенді екендігін анықтау.Гуманистік бағытты ұстанушылардың айтуынша арттерапияның коррекциялық мүмкіндіктері климетке өзін-өзі жариялауына, өзін-өзі ашуына яғни шығарымашылығының өнімі арқылы өз «менін» дәлелдеуіне, тануына жағдай жасаумен ерекшеленеді. Клиент жасап шығарған өнім немесе туынды оның өнерге деген қатынасын, көрсетеді. Шығармашылықтық нәтижесі айналадағы адамдарға ұнаған жағдайда клиенттің өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі қабылдауы жоғарылайды.Алғашқыда арттерапия психоаналитикалық көзқарасқа бағыттайды. Яғни клиенттің шығармашылық процесті көрсетеді делінді. Арттерапияның ауқымы өте кең 1960 жылы Америкада америкалық арттерапиялық ассоциация құрылды. Осындай ассоцияциялар Англия, Жапония, Голландия сынды елдерде де пайда болды. Психиятриялық және жалпынай емханаларда, клиникаларда, орталықтарда, мектептерде, абақтыларда, университеттерде жүздеген білікті арттерапевттер қызмет етеді.Арттерапия негізгі және қосалқы әдістеме ретінде де қолданылады. Оның психологиялық – коррекциялық екі негізгі механизмі бар.Бірінші механизм – бұл эстетикалық реакция табиғатымен байланысты яғни «жағымсыз аффект жағдайынан сезіміне ауысу» (Л.С. Выготский, 1987).Арттерапияның мақсаты: Агрессивті және түрлі жағымсыз сезімдерді шығаруға орынды түрде ерік беру (сүреттермен, мүсіндермен азайтудың қаупсіз жасы), Емделу үрдісін жеңілдетеді. Ішкі конфликттер мен уайымдауларды вербалды түрде жеткізуге қарағанда бет келбет арқылы жеткізу жеңіл болып келеді. Интерпретация мен диагностикалық қорытынды үшін қажет материал алу. Сурет өнерінің шығармалары шексіз көп, клиент олардың бар екендігін жоққа шығара алмайды. Суреттің құрылымы мен стилі клиент жөнінде мол мәлімет алуға көмектеседі. Клиенттің ойы мен сезімін қайта қарау. Кейде вербалдық емес құрамдар адамның күшті уайымдаулары мен таңдануларын көрсетудің немесе жеткізудің жеңіл жолы болып табылады. Психолог пен клиенттің қарым-қатынасын реттеу. Істі атқаруға бірге араласу екеуара эмпатиялық және бір-бірін қабылдау сезімдерін тудырады.