Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеңес беру.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95 Кб
Скачать
☆

14 .Өзін-өзі өзектілендіру проблемасы.

15.Кеңес берушінің клиенттің мәліметтін анықтаудағы тәсілдері.

Бұл кезеңде кеңес беруші клиентпен байланыс (raport) орнатады және екі жақты сенімге қол жеткізеді: өз қиындықтары туралы айтып отырған клиентті зейін қойып тыңдау қажет, және бағалау мен манипуляция жасамастан максималды шынайылық, эмпатия, қамқорлық көрсету керек. Клиентті оның пайда болған мәселелерін терең қарастыруға итермелеу және оның сезімдерін, айтқандарының мазмұнын, вербалды емес жүріс-тұрысын тіркеп отыру қажет. Бұл кезеңде кеңес беруші клиенттің мәселелерінің эмоциялық, когнитивті аспектілерін анықтай. отырып, оны дәл сипаттауға тырысады. Мәселені нақтылау клиент пен кеңес беруші бірдей түсінуге қол жеткізгенге дейін жалғасады; мәселелер нақты түсініктермен анықталады. Мәселелерді дәл анықтау олардың себептерін түсінуге көмектеседі, ал кейде оларды шешудің тәсілдерін де көрсетеді. Ю.Е. Алешина (1994) психологиялық кеңес берудің негізгі мақсатын психологиялық көмек көрсету ретінде анықтайды, яғни психологпен әңгімелесу адамға оның қиындықтарын шешуге және айналасындағы адамдармен өзара қарым- қатынастарды дұрыстауға көмектесуі тиіс.

16. В.Франклдің «өмір мағынасы» тұжырымдамасы.

Бұл Дүниеде өмірге келген әр адамның өз орны бар, сондықтан әр адам өмірінің мән-мағынасы өзгеше. В.Франклдің айтуынша, бұл өмірде әр адамға өзіне керек іс тауып, қайсыбір ахуалдың шеңберінде өмірлік мән-мағынаны ашуға болады. Біреу өмірінің мән-мағынасын балаларын жеткізуден, екінші - табиғи дарынын ашудан, үшінші -сүйген адамы үшін өмір сүруден т.с.с. көруі мүмкін.

В.Франклдің ойынша, жалпылай келе, өмірлік мән-мағынаны үлкен үш топқа бөлуге болады. Оның ең биігі - шығармашылық кұндылықтарға жету, яғни тарихта бұрын-соңды болмаған жаңаны тудыру. Ол үшін, әрине, табиғи дарыннан тыс, сол саланы толығынан игеріп, шыңына жету керек. Ол, негізінен, элитарлық топтарға тән нәрсе.

Бірақ, кең түрде алғанда, шығармашылық - адамның тектік касиеті. Сондықтан әр адам өзінше шығармашылық сатысына көтеріледі. Мысалы, талай жылдар гүл өсіріп, осы істі сүйетін адам күндердін бір күнінде гүлдің бір жаңа түрін тудырмай қоймайды. Киім тоқитын көп балалы әйел журналдағы көп өрнектерді игереді де, күндердің бір күнінде өз өрнегін ойлап шығаруы мүмкін. Бәлкім, ол өрнек модалар журналында басылмас, бірақ ол шығармашылық деңгейге көтерілді емес пе?! Егер қайсыбір нәрсені бұрынғыдай емес, жаңа жолмен, әдіспен жасасаңыз, ол да шығармашылықтың нышаны болмай ма?

Көп жағдайда өз өміріңнін мән-мағынасын жоғалтып алмас үшін, белгілі бір алдыңа койған мақсатқа жете алмасаң, соған деген көзқарасыңды өзгертсең болғаны. Оны В.Франкл «құндылықтарға деген көзқарас» деген ұғыммен береді. Ондай ахуал қарапайым адамдардың арасында қиын-қыстау заман кезінде жиі кездеседі. Мысалы, құндыздан тігілген қымбат киімді армандап, сол себепті дұрыс ұйықтай алмай, жүйкесі тозып жүрген сүлу бикеш өз көзқарасын өзгертіп, Джина Лолобриджида секілді осы кұндылыққа деген өз көзқарасын өзгертсе (аңның терісінен киім кию - соларды өз қолыңмен өлтіргенмен тең), я болмаса үнді халқының тудырған «еш тіршілікті зәбірлемеу» философиясын қабылдап, басқа материалдан тігілген киім алса, мәселе сол сәтте-ақ шешілер еді.

Адамның өмірінде тіпті ойға келмейтін қиын жағдайлар туып (соғыс, жер сілкінуі, түрмеге түсу, қатерлі ісіктің пайда болуы т.с.с.) қолынан еш нәрсе келмей, тағдырдың тәлкегіне түскен кезде ол өмірінің мән-мағынасын жоғалтып, түңілуі мүмкін. Ондай жағдай болмағанның өзінде әр адам өз өмірінін аяғында «қайғылы үштік-тең» (зардап, күнә, өлім) өтеді. «Осындай жағдайдың өзінде адам өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтып алмауы керек», - дейді В.Франкл. Ол «ой-толғау құндылыктарына» көшу керек, сонда зардап шегудің өзінен жан-дүниені тазартатын, көп нәрселерге жаңа баға берілетін мән-мағынаны табуы мүмкін.