Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеңес беру.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95 Кб
Скачать
☆

54.Мамандық таңдаудың мотивтері.

Жалпы педагогикалық мамандықты таңдаудың 8 факторы белгіленген. Бұл факторларды анықтаған педагог В.А.Климов.1.Жанұяның және үлкендердің кеңесі.2.Жолдастарының кеңес беруі.3.Мектептегі педагогикалық ұжымның кеңес беруі.4.Жеке кәсіби және өмірлік жоспары.5.Қабілеттері және олардың көрінуі.6.Қоғамдық құрметке бөлену сезімі.7.Кәсіби қызмет жайында толық білуі.8.Бейімділік.Сонымен қатар, мамандық таңдаудың сыртқы және ішкі мотивтері анықталған. Сыртқы мотивтер - мамандықтың қоғамдағы орны, жұмыс жасау барысында шығармашылық көзқарас, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу, оларды басқару. Ішкі мотивтері: жалақысы, құрметке иеленуге бағытталуы, қорқыту, сөгу. Ішкі мотивтер екіге бөлінеді:жағымды, жағымсыз. Жағымды мотивтерге материалдық тұрақтылық, қызметтік өсу мүмкіндігі, ұжымның, әкімшіліктің риза болуы. Жағымсыз мотивтерге жазалау, қорқыту, үстемдік жасау ықпалдары.Жоғары оқу орындарыңнағы педагогика мамандығына кәсіби бағыттау жұмыстары мына бағыттарда жүргізіледі:мектептегі оқушылар мен жоғарғы оқу орнындағы студенттердің өзара байланысқан және сабақтасқан әрекеттері.студенттердің мінез-құлқының ерекшеліктерін ескере отырып, жоғары оқу орнында белгілі бір бағдарлама бойынша дайындығын ұйымдастыру. студенттерді мектептегі кәсіби бағытталу жұмыстарына енгізу. Мұғалім мамандығына кәсіби бағыттау жүйе ретінде мына компоненттерден құрылған: мамандық жайында білім алу, профессиограмма, мамандық жайында ақпарат алу, кәсіби таңдау, кәсіби бейімделу.Мамандық жайында білім алу мектепте жүргізіледі.Бұнда мамандықтың негізгі қасиеттері, оған қойылатын талаптар және ерекшеліктері айтылады.Профессиограмма - бұл мұғалім мамандығының суреттелуі. Онда мұғалімге қойылатын талаптар, психологиялық және физиологиялық қасиеттері, мұғалім тұлғасының жетілуі схема түрінде көрсетіледі.Мамандық жайында кеңес алу - мамандықтың ерекшеліктері жайында оқушының тұлғасына сәйкес келуі, келмеуі айтылады.Кәсіби таңдау - оқушыға үйлесімді, қажетті, келісті мамандықты таңдауы. Кәсіби бейімделу - бұл жас адамның өңдірістік, еңбек ұжымына, жұмыс жағдайларына бейімделуі. Кәсіби бейімделу мектептен-ақ басталады. Кәсіби бағытталуға аталған компоненттерден басқа мына факторлар да әсер етеді: 1.Экономикалық 2.Әлеуметтік. 3.Психологиялық. 4.Дәрігерлік,физиологиялық. 5.Педагогикалық.

56.Монтессоридің даму бағдарламасы.

Баланы дамытуға арналған бағдарламалар өте көп.Бірақ М.Монтессори әдістемесі қазіргі таңда баланың танымдық белсенділігін, сенсорлық эталондарды қалыптастыруда негізгі тиімді әдістері болып табылады. Баланың сенсорлық тәрбиесі- бұл заттардың сыртқы қасиеті туралы көзқарастарын қалыптастыру және қабылдау тәрбиесі, яғни олардың формасы пішіні,түсі, көлемі. Кеңістікте орналасуы, сонымен қатар иіс және дәм сезу т.б.Ерте жас сезім мүшесінің іс-әрекетін жетілдірудің сәтті кезеңі.Қоршаған ортаға деген көзқарасының жиынтығы.Cондықтан сенсорлық тәрбие бұл мектеп жасына дейінгі тәрбиенің аса маңызды жағы. Сенсорлық тәрбие жалпы ақыл-ой дамуының негізін қалайды, ол баланың сәтті оқуының қажеттілігі. Заттарды қабылдау, және қоршаған ортаға деген танымдық айғағы.Мектепке дейінгі ұйымдарда Монтессори әдісін қолдану арқылы баланың небір қасиеттерін ашуға болады.Баланың сөйлеу тілі 6 жасына дейін қарқынды дамиды.Яғни ол тек қана сөйлеп қоймай,заттарды ұстап,сипаттап,көріп,танып,ойланады.Және де қоршаған ортамен тығыз байланыста болады.Ол үнемі ізденісте,жаңа бір ұғымды танып білуге осы әдіс арқылы құштар болады.Бүгін біз өз жобамызда Монтессори әдісі бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың сенсоматорлық дамыуын жетілдіруде М.Монтессори технологиясын қолдану мүмкіндіктерін ұсынамыз.