Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеңес беру.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95 Кб
Скачать
☆

72. Консультант тәжірибесінде вербалды, вербалды емес тыңдаудың ерекшеліктері.

Вербалды қарым-қатынас Адамдар бір-бірімен түрлі деңгейде түсініп және ақпаратты түрлі типте алмасады. Ақпарат ауызша және жазбаша қарым-қатынаста болады. Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция. Вербалды емес қарым-қатынас Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. Қарым-қатынаста Вербалды және Вербалды емес қатынастық кедергілер бар. Вербалды– сөзді бөлу, талас, эмоцияналды сөздер, жабық түрдегі сұрақтардың қойылуы. Вербалды емес екінші адам сізбен сөз қозғағысы келмейді, көзіне тіке қараудан қашады, қайта-қайта сағатына қарап, арақашықтық сақтап және т.б әрекеттер жасайды.

73. Психологтың профилактикалық іс-әрекеті.Психолог әр жастық кезеңді есепке ала отырып, әр түрлі жастағы балаларға арналған дамытушы бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады. Бағдарламалар білім беру мен тәрбие жұмыстарында барлық жастағы топтың балаларымен, сол сияқты тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналармен де жүргізіледі. Ең бастысы – оқушылардың барлығына практикалық іс-әрекетті өздерінің қызығушылығын, қабілеттерін анықтауға, дамытуға және өзін білімнің барлық саласында байқап көруге мүмкіндік беру. Сондықтан да әрбір баланың танымдық сферасы мен іс-әрекетінің кеңейіп, өзіне «осы уақыттағы мәдіниеттің әсерін» сезінуге мүмкіндік туғызу керек. Дамытушы бағдарламалардың да негізгі мәне осында.Психолог жасайтын дамытушы бағдарламалардың қамту аймағы өте кең, күрделі. Мұнда психолог баланың қоршаған ортасын, оған әсер ететін барлық жағдайларды; ойынды, оқу процесін, тәрбиелік іс-шараларды, қарым-қатынасты, театрға, табиғатқа баруды, спорттық секцияларды талдайды. Мұнда бұның бәрі баланы психикалық, тұлғалық дамуына қаншалықты әсер ететіндігін анықтайды.Психолог баланың болашақтағы интеллектуалды және тұлғалық дамуында белгілі бір пайда болатын қиындықтарды ескеріп отыра алатын психологиялық ерекшеліктерін анықтайды.

74. Жас кезеңдерінің сипаттамасы (дамудың әлеуметтік жағдайы, жаңа құрылымдар, жетекші іс-әрекет).Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары: 1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін) 2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін); 3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін); 4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін); 5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін); 6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін); 7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін) [15]. Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады. 4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері — 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы — негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.

75. Жеткіншектік кезең дағдарысы. Жеткіншектің кезеңінің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі арлықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V сыныпқа өсумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін. Жеткіншек кезеңінің баланың дамуыдағы ерекше орны оны «өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын» кезең деген атауларды бейнеленген. Бұл атауларды осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірден екіншісіне өтуімен байланысты даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болады. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализм негізін салушылар С. Холл мен З. Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады. 20-30 жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Қиын жеткіншектерді тәрбиелеу іс-тәжірибесінің маңызы болды, мәселен, А. С. Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.

76. К.Роджерстің кеңес берушілік принциптері. К. Роджерстің клиентке орталықтанған тәсілі Бұл бағыт бойынша, барлық адамдар өзін өзектеуге деген тума тенденциямен бөленген, ол келесі ұмтылыстарда көрінісін табады:

Қоршаған ортаға деген неғұрлым артушы бейімділік;

Өзінің ішкі ұйымдастырылуының дамуы мен күрделенуі.

Дамудың белгілі бір кезеңінде барлық дамдар өзгелердің көзқарастары мен бағасына тап болады. Олардың негізінде өзін-өзі басқарудың ішкі жұмыс органы - өзін-өзі бағалау - қалыптасады. Егер де адам өзін өзектеуге байланысты тенденцияларға қарсы көзқарастар мен бағаларға тым бағдарланса, бұл жолда оны невроз тоқтатуы мүмкін.

Клиентке орталықтанған тәсілдегі клиентпен жұмыс істеудің мақсаты. Клиент өзінің күнделікті өмірінде жақын әлеуметтік ортаның көзқарастары мен бағлауына неғұрлым аз бағдарлануы қажет те, өзінің жеке тұлға ұйымдастырылуының күрделенуімен байланысты тума тенденциясына неғұрлым көп бағдарлануы керек. К. Роджерс жоғарыда аталған мақсат бағытында жүзеге асаптындай кеңес беруші мен клиент арасындағы диалгтың міндетті 3 шартын анықтап, сипаттады (Роджерс триадасы):

  1. Кеңес беруші өз тәжірибесіне байланысты клиентпен когруэнтті болады. «Конгруэнтті» сөзі латынның congruens (congruentis) – сәйкес, беттесуші деген мағынаны білдіреді. Бұнда кеңес берушінің әрекет-қылығы оның тәжіриебсіне, ойлауына, сезімдеріне сай болатындығы туралы айталады.

  2. Кеңес беруші клиентке байланысты шартсыз жағымды бағаны сезінеді. Бұл бағаның жағымды болуы – кеңес берушінің адам табиғатының жағымды сипатына сенуінің арқасында болады екен.

  3. Кеңес беруші клиентті эмпатиялық түрде қабылдайды.

Клиентке орталықтанған бағытта жиі қолданылатын тәсілдер:

  1. Вербализация. Кеңес беруші клиенттің айтқан сөздерін жиі қайталайды. Бұл клиенттің өз сөздеріне, өзіне назар аударуы үшін қажет.

  2. Клиенттің қабылдауды сезетіндей кеңес берушінің үн қатпауы. Егер де кеңс беруші клиентті қабылдаса, клиентте өзін қабылдайды.

Эмоцияларды акценттеу. Клиенттің назары әрдайым өзінің және өзгелердің эмоцияларына аударылады. Бұл эмоцияларға назар аудару арқылы терең қажеттіліктерге мән беруге болады.

77. Клиент пен кеңес берушінің  сұхбаты. Психологиялық кеңес беру психолог пен клиенттің жеке кездесуімен, сұхбаттасуымен басталады.Сұхбат кезінде, яғни алғашқы сұхбатта танысу, одан соң кеңес қандай жағдайда берілу туралы нақтылық айқындалады. Консультант психолог клиентімен ауызша ғана танысуы керек, алғашқы кездесуде клиент туралы карточка толтырылмайды. Клиент өзін таныстырған соң консультант клиентке өз проблемаларын ұқыпты, шыдамды түрде баяндап беруін сұрайды. Уақыт өте келе психолог-консультант клиентке сұрақ қоя бастайды, яғни өзіне жағдайларды нақтылау үшін. Психолог-консультанттың сұрағы клиенттің баяндап отырған тақырыбынан ауытқымайтын, әңгімесін тоқтатып қоймайтын және клиентке ауыр тимейтін жағдайда болуы шарт. Консультант-психолог тыңдау кезінде адам есімдерін, уақыттарын, нақты фактілерді өзіне оңай болуы үшін есте сақтауы керек. Бұл, әрине, оның дұрыс түсінуіне және дұрыс кеңес беруіне байланысты болады. Кейбір клиентпен жұмыс кезінде психолог-консультантқа клиентті түсіну, кеңес беру қиынырақ келеді. Ол үшін психолог-консультант клиентпен арнайы бетпе-бет кездесулер ұйымдастырады. Ал кей жағдайларда клиентті нақты және оның проблемаларын жүйелі шешу үшін психологиялық тесттерді қолданады. Тест жалпы психолог үшін маңызды нәтижелерге әкеледі.

78. Психологиялық кеңес берудегі аса алты этикалық  принциптер. Кеңес беру барысында клиенттің құқығы. Клиенттің кеңес берушіге тәуелділігі этикалық мәселе түрінде.Кеңес берушінің кәсіби және этикалық құқы мен міндеттері. Кеңес берудің құпиялылығы және оның шектеулері. Психологтың клиентпен кеңес беру және басқа да қатынастарының этикалық және құқықтық сұрақтары. Кеңес берушінің кәсіби білім және іскерліктерін психологиялық ықпал ету құралдары ретінде сәйкестік мәселесі. Кәсіби мен-кеңес берушінің бейнесі, жеке бас тәжірибесі. Кәсіби кеңес берушілердің жеке бас қасиеттері. Кеңес берушінің жеке бас құндылықтарының және өмірлік философиясының іс- әрекетіне әсер ету мәселесі. Кеңес беруші-психотерапевт түсініктерін салыстыру. А.А.Бодалев, В.В.Столин, т.б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған:

  • қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу;

  • клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану;

  • кеңес беруге тыйым салу;

  • кеңес берудің анонимділігі;

  • жеке және кәсіби қатынастарды шектеу;

  • клиентті кеңес беру процесіне кірістіру;

  • психологиялық кеңестен өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алдыру;

  • кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.

79. Кеңес берушілік  әдістер мен құралдар. Кеңес беруде кәсіби ықпал мүмкіндіктері өте кең және алуан түрлі.  Солардың ішіндегі негізгісі, талассыз, клиентпен жүргізілетін вербальдық қатынас, дәлірек айтқанда – кеңес беру әнгімесі болып табылады. Әнгіменің мұндай түрін кәсіби деңгейде меңгеруді нағыз өнер деп айтуға болады.

  • Клиентпен әнгімелесу

  • Арнайы тапсырма беру әдіс – тәсілдері

  • Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері

80. Кеңес берішінің клиенттен мәлімет алу сатысы. Психологиялық кеңес – бұл психолог жұмысының жаңа аймағы. Қазіргі уақытта өз бетінше дербес жұмыс істеу сферасында жұмыс істеу формалары – ғылыми-зерттеу, психологиялық оқыту, психологиялық коррекция, психодиагностика сияқты бағыттарымен сипатталады.

Психологиялық кеңес беру – практикалық психологияның ерекше бөлімі. Ол маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей психологиялық көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етумен байланысты.

Психолог – кеңесшіге адамдардың орташа қабаты және денсаулығының денелік және психологиялық жағдайы жоғары риск аймағындағы адамдар барады. «Жоғары риск аймағы» түсінігіне өмірлік ситуацияларға жүйкелік, дене ауруларына бейім, ауырып қалу қаупі бар адамдарды жатқызамыз. Басқа денелік-психологиялық күшті, денсаулығы мықты адамдар қандай болмасын өмірлік жағдайдан шыға алады. Олар тек шаршағандықты ғана сезінеді.

Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер - әдетте өмірге қабілеттілігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологқа көбінесе көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады және де сол мәселелері оны психологқа баруға итермелейді.

Психолог-кеңесшіні адамдар не үшін іздейді? Неліктен олар оған барады?

Кейбір адамдар өз мәселесін қалай шешу керектігін біле тұра психологқа барады. Өйткені олар психологтан эмоционалды тіректі қажет етеді. Ал кейбіреулері мәселені қалай шешуді білмей, кеңес сұрай барады. Үшіншілері - өзіне сенімсіз, берілген мүмкіндіктің қайсысын тыңдауды білмегендігінен барады. Оларды сендіріп, иландырып, дұрыс жолға қарай бағыттау керек. Төртіншілері - көбіне жалғызбасты адамдар, оларға біреуге ішін жарып, сырласу керек. Бұндай адамдарда әдетте психологиялық проблемалары жоқ, алайда олар зейін қойып тыңдайтын адамдарды іздейді.