- •2.Психологиялық кеңес берудің негіздері
- •4.Психологиялық кеңес және түзетудегі психаналитикалық тұрғы.
- •З.Фрейд өзінің бір әйел пациенті неғұрлым адамдар аз жүретін жерде қыдырғанды қалайтынын байқаған. Фрейд осының мәні неде екенін қалайша түсіндіреді?
- •Психологиялық кеңес берудегі бихевноральді бағыт.
- •14 .Өзін-өзі өзектілендіру проблемасы.
- •15.Кеңес берушінің клиенттің мәліметтін анықтаудағы тәсілдері.
- •16. В.Франклдің «өмір мағынасы» тұжырымдамасы.
- •20.М.Р.Битянованың «сүйемелдеу парадигмасы».
- •17. Тұлғаға бағдарланған терапия.
- •18.Кеңес беруде қолданылатын әдіс – сұхбат. Түсіндірмеңізді беріңіз.
- •21.«Сенім телефонының» атқаратын қызметі.
- •22.Психологиялық қолдау тұжырымдамасы.
- •23.Кеңес берудегі «эмпатия» ұғымы.
- •24.«Өзін-өзі тану» сабақтарының адам тұлғасына өзіндік әсері.
- •25.К.Ж.Кожахметованың этномәдени даму тұжырымдамасы.
- •26.Қазақ отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары.
- •27.Қазақ мәдениетіндегі тиым сөздерді келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •31.Психологиялық терапия мен медициналық терапияның арақатынасы
- •46.Топтық психологиялық кеңес беру.
- •50.Баланың мектепке дайындығының мәселелері.
- •51.Бірінші сынып оқушысына: сен шетелдік азаматпен жолықтың, сен оған «велосипед» деген сөздің мағынасын түсіндіру үшін не істейсің? Баланың жауабынан нені анықтауға болады.
- •52.Жеткіншектермен жұмыс істеудің ерекшеліктері.
- •54.Мамандық таңдаудың мотивтері.
- •57.Кеңес алуға келген клиент үнсіз келіп отырды. Сіз консультант ретінде осы жағдайда не істейсіз?
- •58.Психикалық және психологиялық денсаулықты сақтаудың объективті шарттары.
- •59.Педагогтардың «эмоциялық жанып кету» синдромы.
- •65.Психологтың диагностикалық-коррекциялық жұмысының бірізділігі.
- •66. Баланың мектепке дайындығын анықтауда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
- •68. Психологиядағы «мен - тұжырымдамасы».
- •70. Адамның өзіндік бейнесі
- •72. Консультант тәжірибесінде вербалды, вербалды емес тыңдаудың ерекшеліктері.
- •83.Манипулятордың сегіз типі (д.Карнеш).
- •85. Психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру. Кеңес беру психологиясының ұйымдастыруда әр психолог мынадай міндеттері орындаулары қажет:
- •87. Тәжірибелі кеңес берушінің кәсіби мәнді қасиеттерін сипаттап бер
- •90. Кеңес берудегі сұхбаттың қорытынды сатысына сипаттама бер
65.Психологтың диагностикалық-коррекциялық жұмысының бірізділігі.
Психологтың диагностикалық-коррекциялық жұмысының бірізділігі - түзету, өңдеу мақсатында нормадағы балаларды қарастырады, ауытқуы бар балаларды түзету іс – шараларын қарастырады. Психологиялық түзетудің мақсаты: балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик психологтан шеберлікті қажет етеді.
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс Оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және олардың білім, дағды, үйренулерінің жастық дамуға қаншалықты сәйкес келетінін анықтау мектеп психологының басты міндетіне жатады. Психодиагностика оқушылардың тәрбиеде, оқу барысындағы қиыншылықтарын анықтауда, сондай-ақ қызығушылықтардың, қабілеттердің даму ерекшеліктерін зерттеуде үлкен рөл атқарады. Балалардың жеке психикалық ерекшеліктері туралы ақпаратты жинау, К.М Гуревичтің анықтамасы бойынша, психодиагностиканың негізгі міндеті болып табылады. Бұл ақпараттар оқушылармен жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы. Мектеп психологының практик-психологпен диагностикалық жұмыс барысындағы ерекшеліктері. Психологиялық қызмет жүйесінде психодиагностиканың біршама ерекшеліктері бар. Психодиагностиканың «ғылыми - зерттеуші» және «ғылыми –практикалық» секілді түрлерін ажырату керек. Егер біріншісінің міндеті психикалық даму заңдылықтарын зерттеу болса, ал ғылыми –практикалық психодиагностиканың мақсаты нақты психологиялық бұзылыстың себебін анықтау болып табылады. Практик-психолог бала дамуына ұсыныс беру үшін, балаға түзетуші шаралар жасау үшін психодиагностиканы қолданылады. Психодиагностикалық ақпараттар мына жағдайларда: 1) даму бұзылыстарын түзетуді ертерек бастау, оқушылардың психикалық даму қарқынын зерттеу; 2) төмен деңгейдегі және озат оқитын балалардың дұрыс жетілуіне жағымды жағдай қалыптастыру мақсатында дамытушы бағдарламаны жасау; 3) ерекше қабілеттері бар балалардың дамуына жағдай жасау; 4) психолог жүргізетін психопрофилактикалық жұмысының тиімділігін тексеру; 5) тәрбиелеу және оқыту жүйесіне салыстырмалы психологиялық талдау жасау; 6) психологиялық ағартудың өзекті тақырыптарын таңдау мақсатында қажет. т.б. Мектептегі психологиялық қызмет шеңберінде түзету, дамыту, диагностика секілді әдістер бөлек жүргізілмейді. Олар мектепте бір кезеңде атқарылатын жұмыс болып табылады. Мысалы; диагностикалық - коррекциялық немесе диагностикалық - дамытушы жұмыстар. Мектеп психологының жұмысы диагноз қойып, тұлғаны дамыту бағдарламасын жасаумен шектелмейді. Ол балалардың дамуын зерттеп, ұсыныстардың орындалуын қадағалайды, сонымен қатар психологиялық, түзетушілік, тәрбиелік жұмыстың басым бөлігін өзі атқарады.
66. Баланың мектепке дайындығын анықтауда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Мектепке психикалық дайындығы
(синоним: мектептік кемелдену)-баланың мектепте алғашқы жетістіктеріне қажетті психикалық қасиеттері.
Келесі құрастушылардан тұрады:
1.Мотивациялық дайындық – мектепке оңтайлы көзқарасы мен оқуға ынтасы;
2.Ақыл-ойының немесе танымдылық дайындығы-ойлау қабілетінің, жадының, зейін тұрақтылығының және т.б. танымдық үдерістердің даму деңгейінің жеткіліктілігі, білім мен іскерлігінің белгілі қорының бар болуы;
3.Ерік-жігерінің дайындығы - мінез-құлқының еркіндік деңгейінің жоғары дамуы;
4.Коммуникативтік дайындығы- құрбыларымен қарым-қатынас орнату қабілеттілігі, үлкен адамдарға мұғалім ретінде көзқарасы және бірігіп жұмыс істеуге дайындығы.
Мектепке психологиялық дайындығы
1.Баланың мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығы. Баланың жаңа әлеуметтік орныққан орнын қабылдауы, оның оқушы ретінде мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығының қалыптасуы.
2.Баланың мектепке дейіңгі кезеңдегі қоғамдық орнын салыстырғанда қазіргі орны жаңа ережелерді қабылдауды міндеттейді. Бұл баланың мектепке жеке тұлғалық дайындығында, мұғалімге және оқу әрекетіне, құрбыларына, туыстары мен жақындарына, өзінің-өзіне белгілі бір қатынаста көрінеді.
Мектепке көзқарасы: мектептің күн тәртібін орындау, уақытында сабаққа келу, мектепте және үйде оқу тапсырмаларын орындауы.
Мұғалімге және оқу әрекетіне көзқарасы:
Сабақтағы жағдаяттарды дұрыс қабылдауы;
Мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі ойын, оның кәсіби рөлін нақты қабылдауы;
Сабақтың тақырыбына байланысты дұрыс сұрақ қоя білуі;
Сабақ барысында эмоционалды контакт қолайлы болу үшін, баланы басқа әрекетпен айналыспауға үйрету.
Мектепке дайындығы аталған деңгейде болғанда, бала жаңа қоғамда әлеуметтік – психологиялық икемделу үдерісінен тез арада өтеді.
Баланың туыстары мен жақындарына көзқарасы
Өзінің отбасында жеке орын алатын баланы оқушы ретіндегі жаңа рөліне туыстары сыйлап қарайтынын сезінуі керек. Болашақ оқушыға, оның оқуына маңызды, мазмұнды іс-әрекетті орындап жүргендей көзқарасты білдіру қажет. Өйткені, оқу оның іс-әрекетінің негізгі түрі болып саналады.
Баланың өзі-өзіне көзқарасы
Бала өзінің қабілеттерін, іс-әрекетінің нәтижелерін адекватты түрде өзін-өзі бағалау қажет. Өзін-өзі бағалауы жоғары болса, мұғалімнің айтқан ескертулерін дұрыс қабылдамауы мүмкін. Соның нәтижесінде «мектеп жаман», «мұғалім ызалы» болып көрінеді.
Бала өзін және өзінің мінез-құлқын дұрыс бағалау керек.
Жоғарыда аталған баланың тұлғалық ерекшеліктері, оның жаңа әлеуметтік ортада тез арада икемделуін қамтамасыз етеді.
Баланың мектепке оңтайлы көзқарасы тек қана интеллектуалдық емес, эмоционалды-жігерлік компоненттерін де қамтиды. Оның жаңа әлеуметтік орнына- оқушы болуға тырысуы, мектепте оқудың маңыздылығын тек қана түсініп емес, дұрыс қабылдап, мұғалім мен құрбыларын сыйлау керек. Мектепке деген саналы көзқарасы оқу әрекеті туралы кеңейтілген және тереңдетілген ұғымымен байланысты болу керек. Баланың мектепке қызығушылығын әрі қарай қалыптастыру жолдарын белгілеу үшін, оның оңтайлы көзқарасының деңгейін білу өте маңызды болады.
Сондықтан, мектеп туралы берілген мәлімдемелерді бала тек қана түсінбей, сезініп, өз басынан кешу керек.
Баланы мектепке әкелерден бұрын ата-анасы онымен әңгіме жүргізіп, жаңа әлеуметтік рөлді қабылдауға қаншалықты дайын екендігін білгені өте маңызды. Балаға мектеп тақырыбына сурет салғызып, мектепте оны не қызықтыратынын білу қажет. Жүргізген әңгіменің нәтижесі мен және сол тақырыпқа салынған суретінің мазмұнын талдағанда, оның мектепке деген көзқарасын анықтап, баланы нақты не қызықтырады және нені ұнатпайтынын белгілеген жөн болады. Баланың мектепке көзқарасы мен жаңа әлеуметтік орны туралы қорытынды жасау қажет.
Егер бала мектепте оқығысы келмесе, нақты мотивациясы жоқ болса, оның интеллектуалдық дайындығы мектепте жүзеге аспайды. Ондай бала мектепте мәнді жетістікке жетпейді. Сондықтан, баланың әлеуметтік-психологиялық дайындығын қалыптастырудың қамын ойлау қажет.
Интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі баланың жеке тұлғалық дамуымен кейде сәйкес келмейді.Ондай оқушылар мектепте өздерін «кішкентай балаша» ұстап, оқу үлгерімі тұрақсыз болады.
Ата-анасы баланы қорқытып, мектепте сабақты дұрыс оқымасаң, «2» қояды, «ойнауға уақыт болмайды», «мектепте бағдарлама қиын» деп қорқытуға болмайды. Нәтижесінде баланың мектепке жағымсыз көзқарасы қалыптасып, психологиялық қиыншылықтар себептерінен әртүрлі комплекстер пайда болуы мүмкін.
67. ЖОО-дағы психологиялық қызметтің ерекшеліктері.
ЖОО-ның психологиялық қызмет жүйесі білім берудің барысындағы маңызды жақтардың бірі болып табылады. Қызмет әлеуметтік жағдай ме даму үрдісі бойынша өзгеріп отырады.
Қазіргі білім беру жүйесінда оқу орындарының түрлі типтері пайда болды, яғни, түрлі авторлық мектептер ашылды, олардың өз оқыту мен дамыту бағдарламалары бар. Әр бір ЖОО-ның студентінің алдына ізденіс талабын қояды: мәселеден шығуға, дағдарыс жағдайларды шешуге, мәдени шараларда, ақпарат алуда және т.б.
ЖОО-да қалыпты психологиялық қызмет жүзеге асуы үшін білікті кадрлар қажет. Олар тек білім беріп, зерттеп қана қоймайды, қажет ақпараттарды жеткізіп, кеңес берумен айналысады. Бұл іс-әрекет психологтардын дайындықты және біліктілікті талап етеді. Сондықтан ЖОО-дағы психологиялық қызметтегі психологтар студенттерлің психологиялық білімін арттырып, білімді меңгеруде сол ақпараттарды қолдануға бейімдейді, екіншіден, білім берудегі талаптарды орындап отырады. Психодиагностика мәліметтерді дұрыс қолдана алмау пайдасына қарағанда зияның көптеп тигізеді. Студенттің интеллектуалдылық деңгейін, ерекшеліктерін анықтауда қолданылыған әдістемелердің дұрыс жасалмаған, жалған қорытындысы мұғалімдердің қолына тисе тіпті күрделі мәселеге әкеп соғады.
Студенттік кезендік мотивациялардың әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері бұл жас ерекшелігіне жас адамның білімге деген қатынастары ғана емес сонымен қатар басқа мүмкіндіктер, рөлдер, тартылыстар қалыптасады. Жас ерекшелігі бойынша студенттік шақта өзіндік сана жәе ішкі әлем өзгереді. Тұлғаның қасиеттері және процестері қайта қалыптасады, өмірді эмоцианалды еріктік ағымы өзгереді. Жасөспірім ересек кезеңге дейінгі өмір жасы (жастық шекарлары 15-16 жастан 21-25 жасқа дейін). Бұл кезеңде адам сенімсіздігін жеңіп ересектікке аяқ басады.
