- •2.Психологиялық кеңес берудің негіздері
- •4.Психологиялық кеңес және түзетудегі психаналитикалық тұрғы.
- •З.Фрейд өзінің бір әйел пациенті неғұрлым адамдар аз жүретін жерде қыдырғанды қалайтынын байқаған. Фрейд осының мәні неде екенін қалайша түсіндіреді?
- •Психологиялық кеңес берудегі бихевноральді бағыт.
- •14 .Өзін-өзі өзектілендіру проблемасы.
- •15.Кеңес берушінің клиенттің мәліметтін анықтаудағы тәсілдері.
- •16. В.Франклдің «өмір мағынасы» тұжырымдамасы.
- •20.М.Р.Битянованың «сүйемелдеу парадигмасы».
- •17. Тұлғаға бағдарланған терапия.
- •18.Кеңес беруде қолданылатын әдіс – сұхбат. Түсіндірмеңізді беріңіз.
- •21.«Сенім телефонының» атқаратын қызметі.
- •22.Психологиялық қолдау тұжырымдамасы.
- •23.Кеңес берудегі «эмпатия» ұғымы.
- •24.«Өзін-өзі тану» сабақтарының адам тұлғасына өзіндік әсері.
- •25.К.Ж.Кожахметованың этномәдени даму тұжырымдамасы.
- •26.Қазақ отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары.
- •27.Қазақ мәдениетіндегі тиым сөздерді келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •31.Психологиялық терапия мен медициналық терапияның арақатынасы
- •46.Топтық психологиялық кеңес беру.
- •50.Баланың мектепке дайындығының мәселелері.
- •51.Бірінші сынып оқушысына: сен шетелдік азаматпен жолықтың, сен оған «велосипед» деген сөздің мағынасын түсіндіру үшін не істейсің? Баланың жауабынан нені анықтауға болады.
- •52.Жеткіншектермен жұмыс істеудің ерекшеліктері.
- •54.Мамандық таңдаудың мотивтері.
- •57.Кеңес алуға келген клиент үнсіз келіп отырды. Сіз консультант ретінде осы жағдайда не істейсіз?
- •58.Психикалық және психологиялық денсаулықты сақтаудың объективті шарттары.
- •59.Педагогтардың «эмоциялық жанып кету» синдромы.
- •65.Психологтың диагностикалық-коррекциялық жұмысының бірізділігі.
- •66. Баланың мектепке дайындығын анықтауда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
- •68. Психологиядағы «мен - тұжырымдамасы».
- •70. Адамның өзіндік бейнесі
- •72. Консультант тәжірибесінде вербалды, вербалды емес тыңдаудың ерекшеліктері.
- •83.Манипулятордың сегіз типі (д.Карнеш).
- •85. Психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру. Кеңес беру психологиясының ұйымдастыруда әр психолог мынадай міндеттері орындаулары қажет:
- •87. Тәжірибелі кеңес берушінің кәсіби мәнді қасиеттерін сипаттап бер
- •90. Кеңес берудегі сұхбаттың қорытынды сатысына сипаттама бер
26.Қазақ отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары.
Қазақ педагог-ғалымдары Шериазданова Қ.Т., Ауталипова Ү.И., Елеусізова С.М., Оразбекова К.К. және т.б. қарым-қатынас мәселелерін сөз етеді. Десек те, қазақ отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбектердің өте аздығы анықталды. Сонымен, балалардың қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта қалыптастыруды жүзеге асырудың қажеттілігі мен оны отбасы тәрбиесі жағдайында ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар байқалады.
Зерттеуші-ғалым А. Капенованың пікірінше, қазақ отбасында ата-ана мен бала арасындағы тәрбие жұмысында қарым-қатынастың авторитарлы түрі басымдық танытады [8,117 б].
Әр ата-ана өз баласына деген сезімін өзінше жеткізуі мүмкін. Қандай жағдайда болмасын, ата-ана баламен жағымды қатынас жасап, оны қолдап отыруы керек. Өйткені, отбасында ата-ана ықпалымен жүргізілген дұрыс қарым-қатынас барысында балада өзін қоршаған табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген таза көзқарас қалыптасады. Біздің ойымызша, ата-ана баласымен жоғарыда аталған қарым-қатынастың белгілі бір түрін ғана қолданбай олардың екеуін қатарластыра, байланыстыра қолданғаны дұрыс, бұл жағдайда тәрбиеленген балада белгілі тәртіп ережелері қалыптасып, коммуникация дағдылары, яғни кез келген адаммен жеңіл, қиындықсыз қарым-қатынасқа түсу қабілеті пайда болады. Ертеректе туыстық, отбасылыққатынастар адамда бала кезден қалыптастырылған болатын. Қазақ отбасында ойын ойнау, көркем өнермен шұғылдану, еңбекке қатыстыру арқылы ересек адаммен баланың қарым-қатынасы нығайған. Жалпы, отбасында бала мен қарым-қатынас орнатуда ата мен әже, әке мен ана өз рөлдерін дұрыс түсіне білуі керек. Олардың әрқайсысының бала өмірінде алатын орны ерекше. Айталық, ата бауырында өсіп, қарым-қатынаста болған бала ерте ер жетіп, тиянақты, саналы болып өссе, әжесінен тәрбие алып, оның ертегі, әңгімесін тыңдап өскен бала бауырмал, сезімтал, үлкенді сыйлағыш келеді. Дегенмен, әке шешенің арасындағы ұрыс-керіс баланың қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
27.Қазақ мәдениетіндегі тиым сөздерді келтіріңіз, түсіндіріңіз.
Экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез- құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл- тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабаларымыздың экологиялық тәрбиеге зор мән бергенінің дәлелі болып табылады. Мәселен «суға дәрет сындырма», «көк шөпті жұлма», «отқа түкірме» және т.б
Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады. Хадық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан.
1. Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе - бұлар жаман әдеттер. Ертеде кісісі өлген үйдің ерлері таяққа сүйеніп, әйел адамдар бүйірін таянып жоқтау айтқан.
2. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. Біріміздің өміріміз бірімізбен тікелей байланысты деп оларға зәбір көрсетілмеген. Көзіне ақ түскен адамға құмырсқаның илеуін тауып, жем егіп басына қойған. Сонда көзден ақ шел кетіп қалған.
3. Үйге қарай жүгірме. Тосын жағдай болғанда жаман хабар келгенде үйге қарай жүгірген. Осы айтылған тыйым сөздерді - ырымдарды ұмытпай бір - бірлеріңе айтып жүріңдер және оларды орындап жүруді әдетке айналдырыңдар.
