- •Мамандыққа кіріспе
- •1 Музыкаға жалпы шолу
- •1.1 Музыка сабағы
- •1.2 Музыка пәні мұғалімінің рөлі
- •1.3 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын музыкалық тәрбие
- •1.4 Мемлекеттік стандарт және мектептегі бағдарламаға шолу
- •2 Музыка түрлері
- •2.1 Эпос, лирика, драма
- •Арнау «Жастарға»
- •2.2 Қазақ фольклоры
- •2.3 Қазақ хор музыкасы
- •2.4 Қазақстанда хор мәдениетінің дамуы
- •3 Музыкалық білім берудің стандарты және пәндердің теориялық курсы
- •3.1 Музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврдың біліктік сипаттамасы:
- •3.2 Музыкалық білім мамандығы байынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (музыкалық, базалық пәндер)
- •3.2.1 Музыка теориясының негіздері
- •3.2.11 Хор класы
- •3.2.13 Хорды дирижерлау
- •3.3 Музыкалық пәндердің теориялық курсына шолу:
- •1) Түркі дәуірі туралы ұғым: көне (VI-IX), орта (IX-XIV), жаңа (XIV-XVI) кезеңдер. Көне түркі тайпаларының жазба мәдениеті, олардың мәдени-музыкалық сипаты.
- •2) Түркі-монғол тайпаларының шамандық музыкасы. Музыка өнерінің синкреттік сипаты, наным-сенім жүйесімен сабақтастығы. Түркі жазбаларының синкреттік табиғаты, поэзия мен музыканың бірлігі.
- •2) “Тотынама”, “Кобуснама” секілді шығыс жазбаларындағы музыкалық-эстетикалық ойлар мен дидактикалық сарын. “Құран” оның тарихи-мәдени сипаты мен музыкалық-мақамдық жүйесі;
- •3) Орта ғасырлардағы музыкалық трактаттар “Әл Фараби, Ибн-Сина, Әл жами, Дәруіш Әли т.Б) оларда қарастырылған теория мәселелері және қазақ музыкасы үшін маңызы.
- •XIX ғасырдағы халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр. Аспаптық музыка:
- •X ғасырдағы кәсіби-музыкалық дәстүр. Әншілік өнер
- •XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ музыкасы:
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
2.4 Қазақстанда хор мәдениетінің дамуы
Қазақ халқы әсем әндермен, музыкалық аспап әуендермен, жарыққа шығарды. 1924 жылдан бастап төрт дауысты қазақ хоры ашылды (жетекшісі профессор - музыкант Коцык). 30 шы жылдары бірінші өңделген қазақ халық әндері (а капелла) пайда болды. «Қараторғай», «Кең сарсай», «Дударай», «Жайдарман» шығармадарды өңдеген Б. Байкадамов, Л. Хамиди, Е. Брусиловский, М. Тулебаев, Е. Рахмадиев, А. Жубанов, Г. Жабанова Б. Ерзакович.
Композитор Л. Хамидің балаларға әндері сүйікті жанры. Мысалы: «Туған ел», «Лаула костер», «Кел балар оқылық» т. б. Қазақ халық артисі Л. Хамидидің «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» тағыда көптеген әндерін халқымыз жақсы біледі.
1945 жылы Ахмет Жубанов композитор Л. Хамидимен бірігіп Мухтар Әуезовтың либреттасы бойынша «Абай» операсын аяқтады. Ахмет Жубановтың хорға арнналған шығармаларының бірі «Ақ көгершін», «Ақша қар» ал Евгений Брусиловскийдің қазақ музыкасын көп зерттеудің, творчествалық ізденудің нәтижесінде 1934 жылы «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр» т. б. операларын жазды.
Композитор Мұқан Төлебаевтың хорлық музыка саласында жазған күрделі шығарма опера «Біржан – Сара» жәнеде халыққа көп тараған ән, романстары «Мен көрдім ұзын қайын құлағанын», «Кестелі орамал», «Отан даңқы».
Композитор Бақытжан Байкадамов – көптеген әндердің авторы олардың ішінде «Айгөлек», «Ақ бидай», «Біз Отанның бөбегі». Б. Байкадамов – қазақ мух\зыкасында ән, хор жанрын кеңінен дамытуға үлес қосқан композитор. Қазақстанда көп дауысты хор иен сүйемелдеусіз айтатын а капелла хорын ұйымдастырушылардың, көркемдік жағын, коллективтердің репертуарларын тұңғыш жасаушылардың бірі болды. Жеке дауысты халық әндерін көп дауысты хорға көшірді, мысалы: «Он алты қыз», «Жариям – айдай», «Майра» т. б. көптеген әндер.
Ғазиза Жұбанованың «Дала шұғыласы», «Еңлік – Көбек», «Құрманғазы», «28 панфиловшылар» күрделі шығармалар болып саналады.
Еркеғали Рахмадиев вокалды және опера жанрларында мол еңбек еткен. Мұхтар Әуезовке арнаған «Ескерткіш», «Оянған өлке» тағыда көптеген шығармалары бар.
3 Музыкалық білім берудің стандарты және пәндердің теориялық курсы
3.1 Музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврдың біліктік сипаттамасы:
1) кәсіби қызметінің саласы.
Бакалаврдың кәсіби қызмет саласы: музыкалық білім беру болып табылады;
2) кәсіби қызметінің обьектілері:
- жалпы білім беретін мектептер;
- лицейлар;
- гимназиялар болып табылады;
3) кәсіби қызметінің пәндері – жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназиялардағы музыка сабағы, сыныптан тыс музыкалық – тәрбиелік, ұйымдастыру және насихаттау жұмыстары;
4) кәсіби қызметінің түрлері.
050106 – музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврлар келесі қызмет түрлерін атқара алады:
ұйымдастыру және басқару: түрлі типтік білім беретін мекемелердегі жас өспірімдер мен балалар арасында мәдени – ағарту, музыкалық жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
өндірістік – технологиялық: оқушылармен музыкалық жұмыстар жүргізуде насихаттаушы, ұйымдастырушы, сынып жетекшісі қызметтерін атқару;
есептеу және жобала: республикадағы саяси – қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірі негізінде сыныптан тыс музыкалық;
көркемдік шараларды ұйымдастырудың жақын арадағы және болашақтағы жоспарларын жүзеге асыру;
эксперименттік – зерттеу; қазіргі таңдағы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, өз еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыру; оқушылардың жас және жеке типологиялық ерекшілігіне сай педагогикалық эксперемент жүргізу;
білім беру (педагогикалық): музыка сабақтары мен сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды өткізу, оқушылардың музыкалық дамуын педагоггикалық бақылауға алу;
5) кәсіби қызметінің функциясы:
- білім беру;
- ағартушылық;
- тәрбиелік.
6) кәсіби қызметінің типтік міндеттері:
- ғылым мен техниканың саласына сай толыққанды және сапалы кәсіптік біліммен, кәсіби құзіреттілігімен қамтамасыз етілуі;
- адамдардың өзара қарым – қатынасын, қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарастарын этикалық және құқықтықнормаларды, гуманитарлық мәдениетті меңгеруі.
7) кәсіби қызметінің бағыттары:
- музыкалық – педагогикалық;
- көркемдік – эстетикалық.
8) кәсіби қызметінің мазмұны:
- білім беру жүйесінде педагогикалық, ұйымдастыру және басқару қызметі жүзеге асыру, жалпы білім беретін мектептерде музыка мұғалім дәрежесінде сабақтарын жүргізу.
9. 050106 – Музыкалық білім мамандығына қойылатын талаптар:
- түсінігі болуы: тарихтан, қазіргі таңдағы музыкалық – педагогикалық білім саласы жағдайынан және тұлғаның көркедік – эстетикалық тәрбиесінің теориясынан, әдіснамасынан және тәжірибесінен.
білуі тиіс:
мектептегі музыкалық білім мен тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін;
музыкатану ғылымның негіздерін, педагогикалық, ғылыми -әдістемелік, ұйымдастыру және басқарушылық міндеттерін шешуге қажітті шамада музыкалық – педагогикалық зерттеу әдістерін;
психологиялық – педагогикалық цикл пәндері бойынша: педагокина, психологияны, жас ерекшелік физиолгиясын, мектеп гигиенасын, музыка сабағын өткізу әдістемесін, тәрбие жұмыстарының әдістемесін (әсіресе, сынып жетекшісі жұмысының әдістемесін, мектеп тыс мекемелердегі тәрбие жұмысын, профориентациялық жұмыстарды);
музыкалық – теориялық пәндер, соның ішінде: музыка теориясын, музыка тарихын (түрлі бағыттар, дәуірлер, мектептер, тұжырымды негіздер), сольфеджионы, гармонияны, полифонияны, музыкалық шығармаларды талдауды;
арнайы пәндер: музыкалық аспаптарды меңгеру (фортепиано, баян, домбыра); дирижерлауды, музыкалық шығармаларды нотаға қарап оқу мен аранжировкалауды; дауысты қоюды; концертмейстерлік іскерлікті;
отандық және шетелдік музыка мәдениеітінің дамуы тарихын және композиторлар шығармашылығын;
оқушылардың музыкалық қызығушылығын, шығармашылығы мен көркемдік талғамын;
мектептегі музыкалық жұмыстарды жоспарлау мен есепке алуды;
балалар дауысын дамытудың анатома-психофизиологиялық негіздерін және де оны қалай қорғауды;
оқушылардың вокалдық-хор дағдысын тәрбиелеу әдістемесі мен музыканы тыңдаудың әдістер мен тәсілдерін;
музыка сауаттылығын оқыту мен балалардың музыкалық есту қабілеттерін дамыту әдістемесін;
сыныптан тыс және мектептен тыс музыкалық жұмыстарды жүгізудің әдістемесін;
музыка өнері мен көркемдік –бейнелік тілінің ерекшіліктерін, музыканың танымдық және тәрбиелік рөлін;
оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесін, педагогика және психологияны;
тарихи-теориялық және музыкалық-орындаушылық пәндерді оқытудың әдістемесін, музыкалық тәрбие берудің міндеттері және мазмұны;
музыкалық цикл пәндері бойынша мектеп бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу құралдарын;
оқушыға музыканың мазмұны мен сипатын түсінікті тілде жеткізу; баланың бойында музыкаға деген танымдық деген қызығушылығын және сүйіспеншілігін қалыптастыру; мектептегі сабақтарда музыкалық радиотелебағдарламаларды қолдану;
музыкалық аспаптарда орындай білу;
дирижерлық техниканы меңгере білу;
концертмейстерлік шеберлік (нотаға қарап оқу, транспозициялау, қарапйым өңдеу, лайықтау, есту қабілеті бойынша сүйемелдей білу.
