- •Мамандыққа кіріспе
- •1 Музыкаға жалпы шолу
- •1.1 Музыка сабағы
- •1.2 Музыка пәні мұғалімінің рөлі
- •1.3 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын музыкалық тәрбие
- •1.4 Мемлекеттік стандарт және мектептегі бағдарламаға шолу
- •2 Музыка түрлері
- •2.1 Эпос, лирика, драма
- •Арнау «Жастарға»
- •2.2 Қазақ фольклоры
- •2.3 Қазақ хор музыкасы
- •2.4 Қазақстанда хор мәдениетінің дамуы
- •3 Музыкалық білім берудің стандарты және пәндердің теориялық курсы
- •3.1 Музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврдың біліктік сипаттамасы:
- •3.2 Музыкалық білім мамандығы байынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (музыкалық, базалық пәндер)
- •3.2.1 Музыка теориясының негіздері
- •3.2.11 Хор класы
- •3.2.13 Хорды дирижерлау
- •3.3 Музыкалық пәндердің теориялық курсына шолу:
- •1) Түркі дәуірі туралы ұғым: көне (VI-IX), орта (IX-XIV), жаңа (XIV-XVI) кезеңдер. Көне түркі тайпаларының жазба мәдениеті, олардың мәдени-музыкалық сипаты.
- •2) Түркі-монғол тайпаларының шамандық музыкасы. Музыка өнерінің синкреттік сипаты, наным-сенім жүйесімен сабақтастығы. Түркі жазбаларының синкреттік табиғаты, поэзия мен музыканың бірлігі.
- •2) “Тотынама”, “Кобуснама” секілді шығыс жазбаларындағы музыкалық-эстетикалық ойлар мен дидактикалық сарын. “Құран” оның тарихи-мәдени сипаты мен музыкалық-мақамдық жүйесі;
- •3) Орта ғасырлардағы музыкалық трактаттар “Әл Фараби, Ибн-Сина, Әл жами, Дәруіш Әли т.Б) оларда қарастырылған теория мәселелері және қазақ музыкасы үшін маңызы.
- •XIX ғасырдағы халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр. Аспаптық музыка:
- •X ғасырдағы кәсіби-музыкалық дәстүр. Әншілік өнер
- •XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ музыкасы:
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
1 Музыкаға жалпы шолу
1.1 Музыка сабағы
Мектепте жұмыс үстінде мұғалім мыңдаған сабақ береді, әр сабаққа дайындылық керек етеді және балалардың эстетикалы тәрбиелеп, өзі де қанағат, қуаныш алады. Сабақ – кедергі жұмыс, мұғалімнің күш – қуаты, ақыл – ойы және де кездесетін кездейсоқ ситуацияларға жауапты қарау.
Музыкалық тәрбие беру негізгі формасы – ол музыка сабағы. Қандай да болмасын неше түрлі үйірмелер, факультативтік оқулар арнайы болса да, музыка сабағы өзінің мәнін жолмайды.
Сабақтың құрылысында талай іс-әрекеттер бар: салу, музыканы қабылдау, музыкалық-ырғақ қимылдар жасау, сауатын ашу, қабылдаған музыкаға сурет салу, ой-пікірмен алмасып талдау - әңгіме құрастыру, композиторлардың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысу, балалар – шулы, соқпалы аспаптармен ойнау т.б. Оның ішінде әнді үйрету, музыканы тыңдау, музыка сауатын ашу т.б. іс-әрекеттер бір неше сабақты талап етеді. Үйткені жаңа әндер – шығармалармен танысып, үйретудің жалғысын қамти отыра, өткенді қайталайды. Сондықтан, келесі сабақ өткен сабақтың жалғасы.
Сабақтың жалпы негізінде - әр сабақтың өзгешелігі. Оны ұйымдастыра білу нәтиженің жартсы, сабақтың мақсаты мен міндетін ойлай отыра, мазмұны мен құрылысын, құралын және әдісін табу – сабақтың нәтижесіне жетудің жолы, қорытындысы. Сабақтың мазмұнында әр түрлі шығармалар бар, олардың сипаты, көңілі болады, біртұтастылығын табу – сабақтың әр түрлі музыкалық іс әрекетінің бірізділігі (последовательность). Сабақтың эмоциялық суреті, бір шығармадан келесі шығармаға көшу, сыныпта эмоциялық күйін көтеру, балалардың ықласын, көңілін табу – мұғалімнің табысы.
Мысалы: 1 сыныпта балалар «Апорт деген тәтті алма» әнін үйренсе, «Күз ырғағы» әнді тыңдайды (танысу), «Күз әуенін» тыңдап, сурет салады (қызыл алма, сары жапырақтар, бұлттар), қимыл іс-әрекет жасау мүмкін.
Сабақты құру кезінде балалардың физикалық, физиологиялық, ой-өрісіне ықпалын тигізіп, әр сыныптың ерекшелігін байқау. Дер кезінде іс-әрекеттерді ауыстыру, ол балалардың ықыласын, назарын, құштарлығын төмендетпейді.
Сондықтан, мұғалім сабақты иілмей, жағдайды байланысты, өз жұмысына шығармашылықпен қарап әр сабақты қайталмайтын болады. Тәжірибелі мұғалімдер өз сабағын біртұтасы сабақты құралады және де бір лепте өткізу мұғалімнің шеберлігі.
Қазіргі сабақ оқушылардың белсенділігіне байланысты. Мұғалім аптасында 1-2 рет кездесіп, сабақта сыныппен жаппай жұмысты талап етеді. Сабақта мұғалім тікелей байланыс жасай отыра, дәлелдеу сұрақтарды қолдану, сұрау көзімен мақұлдау қимылмен мұғалімнің мимикасы әсер етеді.
Қазіргі сабақ арнайы құралдарға байланысты, арнайы кабинетінің жабдықтары, балалар аспаптары, шулы – соқпалы аспаптар, көрнекі құралдар т. б. Осының сапасы, кезінде дайындығы мен қолдана білу – ол да сабақтың жетістігі. Магнитафон, аудитоспа, бейнетаспа құралдар ықпалын тигізеді. Жалпы көрнекіік құралдарға – иллюстрациялар, суреттер, т. б. қолдана білуді сұрайды. Аса көп құралдар және оны қолдана білмесе ол да оқушыларға пайда емес, зиян келтіруі мүмкін.
Балалардың есту қабілетін дамыту жолда таблицияларын қолданған жөн. Шағын әндердің ноталары балаларды әнді таза (интонациялық таза) орындауға және есте сақтауға көмектеседі.
Сондықтан, сабақты өткізу, оны дайындау кезінде мұғалімге шығармашылық жолы, білімнің тереңі, кәсіби тәжірибесі қажет. Осындай сабақ оқушылардың жан – дүниесіне ықпал тигізіп, музыкаға деген қызығушылығын көтеріп, музыканың керектігін – байланысын сұрайды.
Музыка сабағы өнердің бір саласы болғандықтан, мұғалім білім беріп қана қоймай, сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады және де оқу пәні ретінде оқушылардың пейіл сезім мен эстетикалық идеал ретінде тәрбие құралы деп есептеуге болады.
Сондықтан, музыка сабағы педагогикалық – психологиялық заңдылықтарға сүйене отырып жоспарланады, яғни оқушылардың жас ерекшіліктері, қабылдау мүмкіндіктері, ой – санасы, қиялы т. б.
Мектептегі музыка сабағының негізгі мақсаттары – оқушылардың музыка мәдениеттілігін тәрбиелейді. Ол деген:
эстетикалық сезімін қалыптастыру, әрі қарай дамытуда;
музыкалық ой - өрісін кеңейту, талғамын тәрбиелеу;
композиторлардың өмірі мн шығармашылығынан мағлұмат алу;
шығарманың сипатын, образын ашуда;
қолданылған мәнерлік құралдарын анықтап, шығармаға қандай көрік беріп тұрғанын қарастырады ;
музыкаға деген қызығұшылығын, эмоциялық көзқарасын қалыптасады;
әр шығарманың мәнерлік құралдарын ажырта алатын болады;
сурет салу, музыка туралы өз ой-пікірін айта білетін жеткізу;
халық музыкасын түсіну, білу, тану, музыка, ән жанрларының түрлерін ажырта білуін тәрбиелеу.
Сондықтан, оқушылар музыка сабағында:
бәрі бірдей тәлім-тәрбие, білім алады;
музыка сабағының айырмашылығы, ерекшелігі, оның өнер сабағы екендігін сезеді;
ең тәуір музыкалық шығармалармен танысады (халық музыкасы, орыс-шетел классикалық музыкасымен және де қазіргі музыкамен);
халық музыкасы мен классикалық музыка арқылы музыка мәдениеті қалыптасады;
музыка тыңдау, қабылдау, ән орындау шеберлігі мен мәдениеті қалыптасады т.с.с.
Бір айта кететін нәрсе: қазіргі заманда музыка тыңдау, қабылдау мүмкіншіліктері зор.
