Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
музыкага керек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

3.2 Музыкалық білім мамандығы байынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (музыкалық, базалық пәндер)

3.2.1 Музыка теориясының негіздері

Дыбыс, оның физикалық және музыкалық қасиеттері. Ырғақ-мөлшерлер туралы түсінік. Арақашықтық (интервал). Лад және үндестік (тональность). Музыка мәнерлігінің басты құралдары. Музыкалық – теориялық білімді оқыту принциптері. Музыкалық тіл элементтерін меңгерудегі жүйелік көзқарас. Музыканың интонациялық табиғаты, оның тембрі, фактурасы, композициясы, пішіні (формасы), көркемдік мәнерлік құралдары.

3.2.2 Гармония

Гармония – музыкадағы үндестікті қалыптас-тыру мен мәнерлік құралы. Гармонияның көпдөңгейлік құрылымы: дыбыстық жүйе-үндестік – гармониялық айналым- гармониялық форма. Көпдауыстылықтың алғашқы формалары. Классикалық гармония (18 ғ.), оның негізгі қасиеттері. 20 ғасырдағы гармонияның дамуы. 20 ғасырдың ортасындағы атақты шеберлер гармониясының ерекшіліктері.

3.2.3 Сольфеджио

Педагог-музыкант дайындауда музыкалық есту қабілетінің, музыкалық ойлаудың және естудің дамуы. Таза айту дағдыларын (бір даусты және көп дауысты), музыкалық материалдар үзінділіріндегі музыкалық құрылым мен тіл элементтерін есту қабілеттері арқылы талдауды қалыптастыру.

3.2.4 Полифония

Полифония-бірнеше әуендік дауыстардың ерекшеленген үйлесімділігі. Полифонияның үндестік қалыптастыруы мен мәнерлік құралдары. Қатаң және еркін жазу полифониясы. Қосалқы, қарама-қарсылық және имитациялық полифония. Қазіргі музыкадағы полифонияның орны, қосалқы дауыстрады, әуендік тақырыпқа контропунктті түрде шығару және оны өндеудің теориялық және практикалық негіздері.

3.2.5 Музыкалық шығармаларды талдау

Музыкалақ шығармаларды талдаудағы тұтастық әдіс. Музыкалық форма және музыка мазмұны мен форма қатынастары туралы түсінік. Элементтер жүйесіндегі музыкалық құрылым және олардың байланысы. Жәй және күрделі форма жасаушылар, формалар иерархиясы, циклдық аспаптық формалар. Қазіргі музыка дамуындағы полифониялық және гомофонно-гармониялық формалар ролі. Аспаптық және хор шығармаларын талдау.

3.2.6 Қазақ музыкасының тарихы

Қазақ музыкасының дпмуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның музыкалық мәдениет тарихының ежелгі кезеңі. 19 – 20 ғасырдағы қазақ музыкасының тарихы. Ақын, термеші, сері, жырау, салдардың өнерлері. Қазақстанның музыкалық өнерінің бірінші декадасы. Қазіргі таңдағы қазақ музыкасы. Атақты танымал Қазақстан композиторларының стиль ерекшеліктері. Балалардың музыкалық әндер шығармашылығы.

3.2.7 Шетел музыкасының тарихы

Батыс пен Шығыстың музыка мәдениеті. Музыкадағы классицизм. Веналық классиктер стильдерінің жекелік ерекшіліктері. Музыкадағы романтизм. Музыкалық жанр саласындағы жаңа құбылыстар. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы еуропалық музыканың музыкалық жанрларының әр-түрлігі, олардың жаңартылуы. Композиторларлық техниканың жаңа жүйелері, басты композиторлардың жеке стильдері.

3.2.8 Негізгі музыкалық аспап (фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз)

Аспаптық орындаушылық – шығармашылық қызметтің бір түрі. Музыкалық шығарманың меңгеру үрдісіндегі техникалық дағдылар мен іскерліктің қалыптасуы. Музыкалық-есту қабілеттері мен моторлық қозғалыс дағдылар дамуының формалары мен әдістері. Түрлі жанрлар, формалар, стильдер және бағыттардағы шығармаларды біріктіре отырып, орындаушылық репертуарды меңгеру. Аспаптық орындаушылық мәдениет.

3.2.9 Қосымша музыкалық аспап немесе жалпы фортепиано

Қосыша музыкалық аспапта ойнау барысында іскерлік пен дағдыны меңгеру. Музыкалық аспапты үйренудегі орындаушылық ерекшеліктері. Музыкалық шығарманы меңгеру үрдісіндегі жұмыс әдістемесі. Түрлі бағыттардағы және дәуірлердегі, стильдердегі үйретілген аспаптық орындаушылық.

3.2.10 Концермейстерлік класс (фортепиано, баян)

Музыкалық репертуарды үйрету үрдісінде концертмейстерлік дағдыларды қалыптастыру. Үйренітілетін мектеп репертуары шығармаларымен жеңіл түрде таныстыру, транспозициялау, нотаға қарап оқу. Вокальдық және аспаптық шығармалардың сүйемелдеулерімен орындау ерекшіліктері. Ансамбльмен және жеке орындаушылармен жұмыс жасау. Жалпы білім беретін мектептердегі музыка және сыныптан тыс сабақтарда концертмейстерлік жұмыстың түрлерінің жүзеге асырылуы.