- •Мамандыққа кіріспе
- •1 Музыкаға жалпы шолу
- •1.1 Музыка сабағы
- •1.2 Музыка пәні мұғалімінің рөлі
- •1.3 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын музыкалық тәрбие
- •1.4 Мемлекеттік стандарт және мектептегі бағдарламаға шолу
- •2 Музыка түрлері
- •2.1 Эпос, лирика, драма
- •Арнау «Жастарға»
- •2.2 Қазақ фольклоры
- •2.3 Қазақ хор музыкасы
- •2.4 Қазақстанда хор мәдениетінің дамуы
- •3 Музыкалық білім берудің стандарты және пәндердің теориялық курсы
- •3.1 Музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврдың біліктік сипаттамасы:
- •3.2 Музыкалық білім мамандығы байынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (музыкалық, базалық пәндер)
- •3.2.1 Музыка теориясының негіздері
- •3.2.11 Хор класы
- •3.2.13 Хорды дирижерлау
- •3.3 Музыкалық пәндердің теориялық курсына шолу:
- •1) Түркі дәуірі туралы ұғым: көне (VI-IX), орта (IX-XIV), жаңа (XIV-XVI) кезеңдер. Көне түркі тайпаларының жазба мәдениеті, олардың мәдени-музыкалық сипаты.
- •2) Түркі-монғол тайпаларының шамандық музыкасы. Музыка өнерінің синкреттік сипаты, наным-сенім жүйесімен сабақтастығы. Түркі жазбаларының синкреттік табиғаты, поэзия мен музыканың бірлігі.
- •2) “Тотынама”, “Кобуснама” секілді шығыс жазбаларындағы музыкалық-эстетикалық ойлар мен дидактикалық сарын. “Құран” оның тарихи-мәдени сипаты мен музыкалық-мақамдық жүйесі;
- •3) Орта ғасырлардағы музыкалық трактаттар “Әл Фараби, Ибн-Сина, Әл жами, Дәруіш Әли т.Б) оларда қарастырылған теория мәселелері және қазақ музыкасы үшін маңызы.
- •XIX ғасырдағы халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр. Аспаптық музыка:
- •X ғасырдағы кәсіби-музыкалық дәстүр. Әншілік өнер
- •XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ музыкасы:
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
X ғасырдағы кәсіби-музыкалық дәстүр. Әншілік өнер
Халықтық кәсіби әншілік өнердің тууы мен қалыптасуы. Музыкалық көркемдік тәсілдердің жетіліп, одан әрі дамуы:
1) музыкалық- эпикалық дәстүр, тақпақ сазды речитативтік мақам табиғаты. Олардың тараған аймақтары мен көрнекті өкілдері;
2) кең тынысты лирикалық әндер, олардың тараған географиялық аймақтары. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит Миралұлы т.б.
Қазақ халқында қай уақытта болмасын ұлы өнер бірінші орында болды. Әр заманда әр түрлі тұрмыстық, саяси- әлеуметтік жағдайларға қарамастан ұлы өнер әр қашанда бағаланды. Оның ішінде атап өтерлік қызыл тілден бал тамған ақындық, жыршылық өнер, әншілік- күйшілік дәстүр, сал- серілік өнер. Осылардың ішінде ән өнері қазақ халқында кең тараған, ғасырдан- ғасырға ұласқан, жылдар жылжытып үлкен бір әлемге айналған өнердің бірі. Ғасырлар бойы қалыптасқан ән өнері XIX-XX ғасырларда даму кемелінде болып, дәстүрлі- профессионалды деңгейге жетті. Сондықтан бұл өнер әр аймақта әр түрлі дамыды.
Осы дәстүрлі- профессионалды ән- жыр өнерінің аймақтық ерекшеліктеріне орай төрт түрлі класс бар деп есептелінеді. Олар: Арқа дәстүрі (Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстан аймағы), Батыс Қазақстан өңірінің ән- жыр дәстүрі, Жетісудің жыр дәстүрі, Сыр өңірінің бай музыкалық мұралары.
Арқа өңірінің өнеріне келетін болсақ, мұнда әншілік, ақындық, композиторлық, сал-серілік өнер кең өріс алған. Арқа дәстүрінде Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері сияқты өнер тарландарының дәстүрімен жалғасқан өзіндік ерекшелігі бар күрделі де құдіретті өнердің бір түрі. Мұнда әнні әуені баяу, байсалды, лирикалық және терең ойлы, күрделі болып келеді. Бұл өңірде талай-талай атақты күміс көмей әншілер, ақындар мекенінің бірі- Көкшетау, Кереку және Семей өңірлері. Көкшетау- Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ , Үкілі Ыбырай секілді өнер бұлағы сарқыраған киелі өңір.
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданына қарасты «Қожағұл құдығы» деген жерде дүниеге келген. Ақын, әнші, композитор.
Бала кезінен ойын- сауыққа араласып, ән салған Біржан кейіннен өзі де ән шығарып, әннің әуенімен бірге өлеңін де өзі шығарады.
Асқан ақын, жезтаңдай әнші Біржан- қазақ ән өнерін өз шығармашылығымен байытып қана қоймай, жаңа белеске көтерген талантты композитор. Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ секілді дархан дарын иелері – осы Біржан бастаған әншілік дәстүрді одан әрі жалғастырушылар.
Тақырыбы сан алуан, әр түрлі жағдайда туған, терең лиризмге, асқақ пафосқа құралған Біржан әндеріқайталанбас біртуар мұра ретінде ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, сабақтасып келеді.
Оның әндері: «Адасқақ», «Айбозым», «Айтбай», «Ақсеркеш», «Бурылтай», «Біржан сал», Жалғыз арша», «Жонып алды», «Жамбас сипар», «Жанбота», «Он саусақ», «Теміртас», т.б.
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913) қазіргі Көкшетау облысы, Володар ауданындағы «Қоскөл» деген жерде дүниеге келген. Қызылжардағы Уәлидің медресесінде екі- үш жылдай дәріс алған. Жасынан серілік құрып, өлең, ән шығарумен әуестенеді.
Ақанның кең пейіліне, сырлы әні мен өткір сөздеріне, жүрген жерін думанға айналдыратын өнеріне сүйсінген халқы оны «сері» атандырады. Ақан сері Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Құлтума, Естай сияқты сал- серілермен жақын қарым- қатынаста болған. Ол- жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған ғажайып өнер иесі.
Оның әндері:»Ақ көйлек», «Ақтоты», «Ақтотының ау-жары», «Балқадиша», «Әудем жер», «Жамал қыз», «Құлагер», «Қараторғай», «Мақпал», «Сырымбет», «Маңмаңгер» т.б.
Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы (1864-1919) қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туып өскен.
Балуан Шолақ Біржан бастаған әнші- ақындар дәстүрін ұстап, әннің әуенін де, сөзін де қатар шығарған және оны өзі орындаған.Бұл тұрғыдан алғанда ол – қазақтың әншілік өнерін дамытуға көп үлес қосқан композитор. Сонымен бірге Балуан Шолақ жанына нөкер ерітіп, топ елге ойын – сауық көрсеткен өнерпаз, жамбасы жерге тимеген балуан болған.
Композитордың халық арасына аса көп тараған әні “Ғалия” мен “Сентябрь”. Балуан Шолақтың “Ғалиясы” – қазақ ән өнеріндегі шоқтығы биік туындылардың бірі. Бұл- нәзік сезім дүниесін өзгеше сыршыл сазда жырлаған ғашықтық лирикасы. Оның “Ғалия”, “Сентябрь”, “Дүние”, “Жастық” деген әндері бар.
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (1860-1930) қазіргі Көкшетау облысы, Володар ауданында дүниеге келген. Халық композиторы, белгілі әнші әрі ақын – импровизатор, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі. Ыбырай қазақтың әнші- ақындарынан үлгі- өнеге алып, олардың шығармашылық дәстүрін бойына сіңіреді. Өз заманының дүлділі – Үкілі Ыбырай әндері жастық шақтың жалын атқан нәзік таза махаббат сезіміне, оптимистік әуенге, мелодиялық көркем сазға толы терең ойлы болып келеді.
Оның әндері: “Гәкку”,”Жайма қоңыр”, “Қалдырған”, “Қараторғай”, “Қызыл асық”,Шалқыма”, “Шолпан қаққан”, “Толқын”.
Кереку өңірінің сал- серілері Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Халық композиторы, ақын, әнші. Жасынан зерек ұғымтал,ол өз бетінше орысша жазу- сызуды үйренеді. Сонымен қатар, қазақ еліне әлі де таңсық гармонь, скрипка сияқты музыкалық аспаптарды тартуды меңгереді. Кейіннен Омбыдағы орыс мектебіне оқуға түскен.
Екі тілді жетік меңгерген Жаяу Мұса өмірде блып жатқан оқиғаларды қағазға түсіріп, оған өзінің көзқарасын газет арқылы білдіріп отырған.
Жаяу Мұса Біржан сал мен Ақан сері бастаған әнші- ақындар тобының әріден келе жатқан дәстүрін дамытып, қазақ музыкасының мазмұны мен түріне, орындаушылық өнеріне көптеген жаңалықтар еңгізді.
Оның “Ақсиса”, “Баянауыл”, “Көкаршын”, “Киргизский жәрмеңке”, “Сапар”, “Сұрша қыз”, “Хаулау”, т.б.
Естай Беркімбайұлы (1863-1946) Қазіргі Павлодар облысына қарасты, Куйбышев ауданы, “Ақкөл” селосында дүниеге келген.
Ол жасынан ауыл арасындағы ойы-сауықта, той думанда ән салып,”әнші бала” атанды.
Әнші Естай ел аралап жүрген шағында талай өнер саңлақтарымен танысады. Өнер жарысында сан рет сайысқа тұседі. Әсіресе Біржан сал мен Ақан серінің жанына еріп жүріп, олардан көптеген әндер үйренеді, орындаушылық шеберлігін шыңдай түседі.
Естай сонымен бірге композиторлық өнерге де ден қояды. Қорлан екеуінің арасындағы бұл күнде аңызға айналған ғашықтық ғаламаты әйгілі “Қорлан әнінің тууына себепкер болды.
Естайдың “Бір мысқал”, “Жай қоңыр”, “Қорлан”,”Қоштасу”, “Майда қоңыр”, “Сандуғаш”,”Юран- ай” т.б.
Майра Уалиқызы Шамсутдинова (1896-1926) Кереку қаласында туған.
Өз жанынан ән шығарған композитор әрі үйренген әнін көкейге қондыра, тыңдаушыны өзіне ұйыта, бір есіткен кісі екінші естігенше құмартып тұратын етіп айтатын аса шебер әнші болған.
