- •Мамандыққа кіріспе
- •1 Музыкаға жалпы шолу
- •1.1 Музыка сабағы
- •1.2 Музыка пәні мұғалімінің рөлі
- •1.3 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын музыкалық тәрбие
- •1.4 Мемлекеттік стандарт және мектептегі бағдарламаға шолу
- •2 Музыка түрлері
- •2.1 Эпос, лирика, драма
- •Арнау «Жастарға»
- •2.2 Қазақ фольклоры
- •2.3 Қазақ хор музыкасы
- •2.4 Қазақстанда хор мәдениетінің дамуы
- •3 Музыкалық білім берудің стандарты және пәндердің теориялық курсы
- •3.1 Музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврдың біліктік сипаттамасы:
- •3.2 Музыкалық білім мамандығы байынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (музыкалық, базалық пәндер)
- •3.2.1 Музыка теориясының негіздері
- •3.2.11 Хор класы
- •3.2.13 Хорды дирижерлау
- •3.3 Музыкалық пәндердің теориялық курсына шолу:
- •1) Түркі дәуірі туралы ұғым: көне (VI-IX), орта (IX-XIV), жаңа (XIV-XVI) кезеңдер. Көне түркі тайпаларының жазба мәдениеті, олардың мәдени-музыкалық сипаты.
- •2) Түркі-монғол тайпаларының шамандық музыкасы. Музыка өнерінің синкреттік сипаты, наным-сенім жүйесімен сабақтастығы. Түркі жазбаларының синкреттік табиғаты, поэзия мен музыканың бірлігі.
- •2) “Тотынама”, “Кобуснама” секілді шығыс жазбаларындағы музыкалық-эстетикалық ойлар мен дидактикалық сарын. “Құран” оның тарихи-мәдени сипаты мен музыкалық-мақамдық жүйесі;
- •3) Орта ғасырлардағы музыкалық трактаттар “Әл Фараби, Ибн-Сина, Әл жами, Дәруіш Әли т.Б) оларда қарастырылған теория мәселелері және қазақ музыкасы үшін маңызы.
- •XIX ғасырдағы халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр. Аспаптық музыка:
- •X ғасырдағы кәсіби-музыкалық дәстүр. Әншілік өнер
- •XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ музыкасы:
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
3.2.11 Хор класы
Жалпы білім беретін мектептердегі музыка сабағында және сабақтан тыс уақыттағы (хор, ансамбль) жұмыс кезінде хормейстерлік және дирижерлық дайындықтың барысы. Хорды басқару және хор үндестігінің негіздерін оқу. Хор ұжымындағы вокальдық тәрбиенің әдістері. Бүкіл хормен, хор партияларымен, хорға қатысушылармен жеке жұмыс жасау дағдылары. Хор репетициялары және концерттік орындаушылық. Дирижердың өз бетінше қызметінің теориялық және әдістемелік дайындығы.
3.2.12 Хор жүргізу
Музыка мұғалімінің кәсіби дайындығы жүйесінде хор жүргізу пәнінің ерекшілігі. Хор жүргізудегі танымдық үрдістердің бағыттылықтары: пән мазмұнының тарихы, теориясы мен әдістемесі. Хордың типі, түрі, вокальдық ұйымы. Хордың ансамблі, құрылымы, интонациясы, дикциясы. Оқушылардың вокалдық-хор мәдениетін қалыптастыруда оқушының ролі. Хордың көркемдік жетекшісінің тұлғасы. Ходы көркемдік басқарудың спецификасы, оның технологиясы мен әдістері, қарым-қатынас стильдері, дирижердың қызметі.
3.2.13 Хорды дирижерлау
Хорды басқару өнері ретінде дирижерлау. Дирижерлық дағдылар мен іскерліктерді меңгеру. Дирижерлық дамуының кезеңдері және дирижерлық техниканың қалыптасуы.
3.3 Музыкалық пәндердің теориялық курсына шолу:
а) музыка теориясының негізі
Музыка түрлі заңдылықтардан құралуына байланысты бірнеше пәндерден (бөлшектерден) тұрады: Музыка теориясының негіздері, гармония, полифония, музыкалық аспаптар туралы ұғым және олардың қолдану тәсілдері, музыка шығармаларын талдап жіктеу, музыкалық акустика және музыкалық психолгия т. б.
Музыка теориясының негізі – музыкалық білімінің ғылыми қалыптасқан қағидалары мен тәсілдерін жазып, оқуға үйретеді. Музыка теориясы – музыка ғылымының өзіне тән түпкі тамыры болып есептелінеді.
Музыка теориясы негізінің мақсаты мен міндетін былайша айиуға болады:
1) студенттерге музыка жазумен орындау тәсілдерін меңгеруге қажетті білімді үйретіп, оны дағдыға айналдыру;
2) студенттердің алған музыкалық білімін іске асыру – студенттердің музыкалық – эстетикалық тілектері мен ұнату қабілеттеріне дұрыс баға беру, музыкалық тәрбие мен оқудың нақтылы негізін салу.
Музыка теориясы негізін оқыту әдістерінің жағдайлары төмендегідей болу қажет:
Музыка теориясы негіздерін әрқашан музыкалық түсінікпен байланыстыру керек. Музыканы дұрыс түсініп, қабылдап, музыкалық тәсілдерді тікелей болғанда ғана іске асады. Музыка теориясын өте жақсы білу үшін батыс және орыс классикалық музыкасымен танысу керек, өйткені музыка теориясы – классикалық музыка негізінде пайда болған. Сонымен қатар көптеген тақырыптар белгілі бір жаттығуларсыз немесе тәжірибесіз түсіну қиын, мысалы: аккордтар, интервалдар, бір дыбыстарды белгілі бір тональностерде құру. Теория және сольфеджио пәндерінің арасында өте тығыз байланыс бар екенін ескеру қажет, сондықтан да музыка теориясын – нақтылы пән, ал сольфеджионы – тәжірибелі пән деп атайды. Сол үшін осы екі пәнді сабақ кезінде тығыз байланыстырып отырған жөн. Бұл теориялық мағлұматтарды теңірек түсінуге көмектеседі.
Музыка «көзбен көріп, қолмен ұстайтын» бейне жасай алмайтынды; оның басқа көркемөнерден айырмашылығы – адамның ішкі сезімін оятып, көңіл күйін дыбыс әуені, саз, ырғақ арқылы бейнелеп жеткізе білуінде.
Дыбыс. Ноталық жазу
Дыбыстарды екі түрге бөлуге болады:
1) музыкалық дыбыстар;
2) шулы дыбыстар.
Музыкалық дыбыстардың шулы дыбыстардан айырмашылығы – оның белгілі бір дыбыс тонының, биіктік шегінің болуында, ұзақтығы, күші және тембрі (үн бояуы) бар дыбыстар.
Музыкалық дыбыстарды жазу үшін «нота» шарты қолданылады. Нота (лат., итал., «nota» - «таңба» - деген мағынаны) білдіреді. Музыкалық дыбыстардың биіктігін жазу үшін, ноталық бес сызық қолданылады. Бес сызықтың реттік саны төменнен жоғарыға қарай санала отыра, музыкада қосымша сызықшаларда қолданылады. Нота таңбалары жазылатын бес сызыққа кілт белгісі қойылады, кілттің үш түрі пайдалынады:
1) скрипка (соль) кілті;
2) бас (фа) кілті;
3) алть (до) кілті.
Скрипка (соль) кілті музыкада қолданылатын жоғарғы регистр дыбыстарын жазуға арналған, бас (фа) кілті төменгі регистрдегі дыбыстарды жазуға, ал алть (до) кілті ортаңғы регистрдегі дыбыстарды белгілеуге қолайлы.
Тақырыпқа тапсырма:
а) дыбыстан немесе тональносте энгармонизм дыбыстарын құра білу;
б) ноталардың әріптік атауларын білу;
в) кез келген дыбыстан альтерация белгілерін ойнау;
г) әр түрлі тональністерде тізімді құрып ойнау: T – S – S6 – D – D6/5 – T.
Өлшем және ырғақ. Екпін
Музыкалық шығармадағы күшті және әлсіз үлестердің бірқалыпты алмасып келуін өлшем деп, ал ырғақ деген түсінік – музыканың әуенін бір уақытқа бағындыра отыра және оның дыбыс қатарын атаймыз.
Музыкалық шығармалардың жылдамдық қозғалысын екпін дейміз. Екпін белгілері негізгі үш топқа бөлінеді: жай, орташа, жылдам. Музыкадағы екпінді анықтау үшін итальян сөздері қолданылады.
Жай екпіндер:
Zargo – кең, еркін, жай
Zento – ақырын, созылыңқы
Adaqio – жай, маңғаздана
Grave – ауыр, салмақты, мұңды
Zarqietto – кең үнмен
Орташа екпіндер:
Andante – сабырмен, асықпай
Andantino – кішкене тезірек
Moderato – орташа, екпінмен
Sostenuto – ұстамды, байсалды
Allegretto – кішкене жайырақ
Allegro moderato – орташа, жылдам
Жылдам екпіндер:
Allegro – тез, жылдам
Vivo – шапшаң, тез
Vivace – Vivo- дан да шапшаң
Presto - өте жылдам
Prestissimo – жоғары дәрежеде жылдам.
Лад жүйесі және тональдік
«Лад» сөзінің түбі славян халықтарынан шыққан, «ладить» келісімін тауып, жатық айту, үйлесім табу, жарасу деген мағыналарды білдіреді. Лад жүйесіне енген музыкалық дыбыстар лад басқыштары деп аталған. Музыкада көп – алуан лад кездеседі, соның ішінде өте кең қолданылатындары мажор және минор ладтары.
«Мажор» деген сөз – үлкен, қатты деген ұғымды білдіреді.
Мажорлық ладтың тұрақты дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылықты құрады.
«Минор» деген сөз - кіші, жұмсақ деген ұғымды білдіреді.
Минорлық ладтың тұрақты дыбыстары кіші минорлық үшдыбыстықтылықты құрады.
Гамма – жеті дыбыстың тәртіп бойынша тоникадан келесі тоникаға дейін қайталануы. Гаммаға кіретін дыбыстар сатылар деп, рим санымен белгіленеді. Лад басқыштарына гаммадағы жоғарылық орнына қарай атаулар беріліп, басты басқыштардың функциялары (I, III, V) әріптермен белгіленген:
I басқыш – тоника, өйткені ол тоникалық үшдыбыста прима (негізгі тон) болып табылады және тональдіктің өзіндік атауын айқындайды. Мажорда ол бас әріп – Т, ал минорда – кіші «t» әріпімен белгіленеді;
II басқыш – төмен түсетін кіріспе тон;
III басқыш – медианта (ортаңғы) саты;
IV басқыш – субмедианта, мажорда «S» – бас әріппен, ал минорда «s» әрпімен белгіленеді;
V басқыш – доминанта, барлық тұрақты дыбыстардың ішіндегі ең жоғарғысы болып табылады. Мажорда – «Д» бас әріпімен, ал минорда – кіші «d» әрпімен белгіленеді;
VI басқыш – субмедианта (төменгі медианта), өйткені субдоминанта мен тоника аралығында орналасқан;
VII басқыш – жоғары көтерілуші кіріспе саты.
Тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі тональдік деп аталған.
Тональдіктің толық атауы іштей екі компонентті сақтайды:
1) тониканың атауы;
2) ладтың атауы
Интервалдар
Интервал - музыкада екі дыбыстың аралығы және биіктігі. Дыбыс қатарының негізгі басқыштық аралықтары мынадай интервалдар:
1) таза прима – қысқаша таңбалануы: т. 1 = 0 т.;
2) кіші секунда – қысқаша таңбалануы: к. 2 = 1/2 т.;
3) үлкен секунда – қысқаша таңбалануы: ү. 2 = 1 т.;
4) кіші терция – қысқаша таңбалануы: к. 3 = 1 1/2 т. ;
5) үлкен терция – қысқаша таңбалануы: ү.3=2 т.;
6) таза кварта - қысқаша таңбалануы: т. 4 = 21/2 т.;
7) ұлғайтылған кварта - қысқаша таңбалануы: ұл 4=3 т.;
8) азайтылған квинта - қысқаша таңбалануы: аз 5 = 3 т.;
9) таза квинта - қысқаша таңбалануы: т. 5 = 31/2 т.;
10) кіші секста - қысқаша таңбалануы: к. 6 = 4 т.;
11) үлкен сектста - қысқаша таңбалануы: ү. 6 = 41/2 т.;
12) кіші септима - қысқаша таңбалануы: к. 7=5 т.;
13) үлкен септима - қысқаша таңбалануы: ү.7 = 51/2 т.;
14) таза октава - қысқаша таңбалануы: т. 8 = 6 т.
Құрамды интервалдар көлемі бір октавадан асатын кең интервалдар:
нона 9, октава + секунда
децима 10, октава + терция
ундецима 11, октава + кварта
дуодецима 12, октава + квинта
терцдецима 13, октава + секста
квартдецима 14, октава + септима
квинтдецима 15, октава + октава (2 октава)
Интервалдар консонанстық және диссонанстық деп екі топқа бөлінеді.
Энгармонизмдік немесе тепе – теңдік интервалдар – бірдей үндестікте естіліп дыбыстатылатын, бірақ түрліше жазылатын интервалдар.
Аккордта
Аккордт – үш немесе одан да көп дыбыстардан тұратын, тігінен орналасқан біртұтас жүйелі үндестік. Музыка тәжірибесінде ең жиі қолданылатындары үш дыбыстықтар, септаккордтар және нонаккордтар. Аккордтағы әр дыбыстың өз атауы бар, олар орын ауыстыру кезінде өзінің атауын сақтайды да, араб цифрларымен беріледі:
негіздік тон – 1 (прима);
терциялық тон – 3 (терция);
квинталық тон – 5 (квинта);
септималық тон – 7 (септима);
ноналық тон – 9 (нона) және тағы басқалар.
Шеткі дыбыстар аралығы квинта интервалы болып екі терциядан құралған аккордт үш дыбыстық, үш терциядан құралса септаккордт, төрт терциядан құралса – нонаккордт деп аталады. Музыкада ең көбірек қолданылатын септаккордтар:
1) доминантсептаккорд – Д7;
2) кіріспе септаккордтар – кіші ДVII7 немесе азайтылған - ДVII7
3) субдоминатсептаккорд – S II7;
Ладтың басқа басқыштарынан құрылатын септаккордтар (I, III, IV, VI) жанама септаккордтар.
Хроматизм және модуляция
Хрома – грек сөзінен, «түс», «бояу» деген мағынаны береді. Хроматизм сөзінің мағынасы кез келген ладтың диатоникалық басқыштарының жарты тонға жоғарылуын немесе төмендеуін білдіреді. Хроматикалық өзгерген дыбыстарды көп жағдайда альтериацияланған дыбыстар дейміз.
Альтерация - әрбір ладта кездесетін бүтін тонды тартылыстың жарты тонды шиелінісі. Сонымен, мажорлық, минорлық ладтың тұрақсыз басқыштарының мынадай альтерациялары болады:
Мажорда – II басқыш жоғарылады да, төмендеуі де мүмкін;
IV басқыш тек жоғарылауы ғана мүмкін;
VI басқыш тек төмендеуі мүмкін;
Минорда – II басқыш тек төмендеуі мүмкін;
IV басқыш жоғарылауы да , төмендеуі де мүмкін;
VII басқыш тек жоғарылауы мүмкін.
Әрбір мажор және минор тональностерінде алты туыс тональдіктер бар:
1) берілген мажорлық тональдіктің қатарласпалы минорлық тональдігі (яғни, VI басқыштан);
2) доминанта тональдігі (яғни,V басқыштан);
3) доминантантаның параллельдық (яғни, III басқыштан);
4) субдоминанта тональдігі (яғни,IV басқыштан);
5) субдоминантаның параллельдық тональдігі (яғни, II басқыштан);
6) дәл сол минордық гармониялық түріндегі – субдоминантаның минорлық тональділігі (VI).
c-dur
a-moll G-dur f-moll
e-moll r-dur
d-moll
Минор тональностінде:
1) берілген минордық параллельдық мажорлық тональдігі (яғни, Ш басқыштан);
2) табиғи жай доминанта тональдігі (V);
3) табиғи жай доминантаның параллельдық тональдігі (VII);
4) субдоминанта тональдігі (IV);
5) субдоминантаның параллельдық тональдігі (VI басқыштан);
6) берілген минордық гармониялық түріндегі мажорлық доминанта (Д) тональдігі.
a-moll
c-dur e-moll E-dur
G-dur d-moll
F-dur
Транспозиция
Транспозиция (латынша transposition – көшіру, орын ауыстыру) деп – музыкалық шығарманы қандай да болмасын бір интервалға жоғары немесе төмен, болмаса бір тональдіктен екінші тональдікке көшіруды айтады. Транспозиция яғни көшіру белгілі бір дауыстың не аспаптың характері мүмкіндігінде музыкалық швғарманың тесситурасы сай келмеген жағдайларда пайдаланылады.
Транспозицияның негізгі үш тәсілі бар:
1) берілген интервал бойынша транспозициялау – барынша кең жайылған әдіс;
2) хроматикалық жарты тонға транспозициялау;
3) кілттерді өзгерту арқылы жасалатын транспозиция қазір сирек қолданылады.
Әуен
Әуен, гректің melodia - ән айту, өлең, ән, әуез сөзі.
Әуен – музыкалық шығарманың негізі болып табылады, ол жеке өзі көркем бейнені терең де жан-жақты көрсете алады. Әуен шығара білу – композитордың дархан дарыны.
Әуен және тақырып (тема) ұғымдарын ажырата білу қажет. Тақырып шығарманың бейнелік (образдық) мағынасының неғұрлым жарқын да көрнекі жақтарын топтастырады.
Әуендік қозғалыс бағытының әртүрлі құрылымдары ішінен барынша кең таралғандары:
1) интервалдық секірістерден тұратын әуендер;
2) әуендік толқынмен айқын көрінген әуендер;
3) бір ғана дыбысқа қайтып оралатын әуендер.
Әуен дамуының ең жоғары сатысы – оның шиеленісуі шыңы, кульминация – шың деген мағынаны білдіреді.
Мелизм
Мелизмдер музыкада жиі кездеседі, клавесиндік музыкада кең өрістеді. Мелизмнің негізгі міндетінің бірі - әуендегі дыбысты әшекеймен безендіру. Мелизмдердің басты түрлері: форшлаг, мордент, групетто, трель.
Форшлаг – соққы , алдыңғы соққы деген мағынаны береді.
Мордент – үшкір, көмекші және негізгі – үш дыбыс айналымынан тұрады.
Групетто – төрт немесе бес дыбыстар тобынан құрайды.
Трель – сылдырлау, теңселу, тербетілу және әрқашан нотаның үстінде қойылады – tr.;
б) Хорды дирижерлау (дирижерлық аппарат)
Дирижерлық аппарат деп оның негізгі міндеттерін атқаруды бірден-бір көмекшісі болып, үздіксіз жұмыс жасайтын дене құрылысын айтамыз. Дирижерлық аппаратқа жататын дене құрылысы мыналар: бас, кеуде, екі қол және екі аяқ. Дирижерлық өнер ең алдымен осы мүшелердің қимылын дұрыс сақтап, оны дұрыч пайдаланудан басталады.
Дирижердың сырт тұлғасы сымбатты, көрікті болуға тиіс. Ол оркестр немесе хор алдында тұрғанда, оған тек орындаушылар ғана емес, сондай-ақ тыңдаушылар да назар аударуға тиіс.
Дирижердың тұрғысы сыпайы, тұлғасы тік және сымбатты болуы керек. Мұндай жағдайға кеуде сәл көтеріңкі, бас тік ұсталып, көз қиығы бір жаққа аударылады, қол бос ұсталып, төмен түсірілуі керек. Кеуденің қозғалысы да дирижердің еркін қимылдауына ешқандай кедергі жасамауы тиіс. Аяқтың екі арасы тым алшақ болмай, шамамен 45 градустай қашықтықта тұруы шарт.
Сол аяқ немесе оң аяқ жарты адымдай сәл ілгері тұруы қажет.
Кеуде құрылысын игеріп болғаннан кейін, енді біз дирижерлық аппараттың негізі – қол жайында сөз етуімізге болады.
Дирижер екі қолымен бет қимылдары арқылы, оркестр мен хор мүшелерің назарын өзіне аударып, шығарманың мазмұны мен қуатың орындаушыларға ұғындырады. Қол қимылы арқылы дирижер негізгі практикалық әдістерін жүзеге асырады. Дирижердың екі қолы – музыкалық шығармалардың ішкі астарын, мазмұнын кеңінен талдап, баяндап беретін құралы.
Ол – ойдың, сананың тілшісі, шығарма авторының музыкалық, творчестволық ой-қиялын орындаушы коллектив күшімен тыңдаушыларға жеткізетін дирижердың басты аспабы.
Қол негізінде төменгі бөлімдерден тұрады. Қоспа, буын, білек шынтақ және иық.
Дирижердың негізгі міндеттері
Дирижер – «диригер» деген француз сөзінен алынған. Ол басқару, бағыттау деген мағынаны білдіреді. Дирижер оркестр мен хорды, опералық музыканы басқарады. Оның міндеті – музыкалық шығармалардың көркемдік жағын, мазмұнын талдап көрсетіп, орындаушыларға түсіндіру және шығарманың біркелкі жатық, үнінің таза болып шығуын талап ету.
Дирижердің міндеттері көп. Ол - әрі тәрбиеші, әрі оркестрді ұйымдастырушы және басқарушы, музыкалық шығарманы музыканттарға үйретіп түсіндіруші, сайып келгенде, сол оркестрді концертте басқарып шығарушы. Мұның бәрі дирижердық қызметтің бір саласы ғана. Шығарманың мазмұнын, сипатын, стилін және формасын жете танып, оны оркестр мүшелеріне барынша ұғындыруды дирижер міндетінің ең бастысы деп білу қажет.
Сонымен оркестрді немесе хорды басқарған дирижердің музыкалық шығармалард орындаудағы міндеттері, қысқаша айтқандай, мынадай:
1) шығарманы ойнаудан бұрын, орындаушы оркестранттардың назарын өзіне аудару;
2) шығарманы ойнауға кірісудің белгісін көрсету;
3) музыканттарға шығарманың екпінін, мөлшерін, ырғағын көрсету;
4) дирижерлық белгілерін (қатты, жай, қаттырақ және т.б.) көрсету;
5) әр түрлі музыка аспаптарының уақытында қосылып, олардың дер кезінде дұрыс ойнауын талап ету;
6) шығарманың мазмұнына сай, оның ойналу ерекшеліктерін сақтап оны музыканттарға орындату;
7) шығарманың аяқталғанын көрсету.
Дирижерлық бейнелеу құралдары
Дирижер репетицияға келмей тұрып, өзінің орындайтын шығармаларымен толық танысып, дайындалады.
Шығарманы сапалы, жоғары дәрежеде орындау үшін техникалық әдістерді пайдалану жеткіліксіз. Дирижерлық ету кезінде дыбыс шығарудың үш түрлі көрсету әдістері болады, атап айтқанды: Легато (байланыстыра), нонлегато (байланыстырмай, үзіп) және стаккато (секірте, қысқа)
Легато (Iegato) дыбыстарды үзбей, бір – бірімен байланыстырып, жалғастыра орындау әдісі. Хордың немесе әншілердің орындалуында легато бір тыныста орындау арқылы жасалады. Жазылып көрсетілуі:
Легатоны дирижер көрсеткенде қолдың қимылы мәнерлі, сәнді көрінуі тиіс. Шығарма характері мен мазмұнына сай кең, байсалды қимыл болуы керек. Легатоны ойнау, әсіресе қобыз, скрипка сияқты қияқпен ойналатын ішекті аспаптарда өте тамаша шығады.
Нон-легато (non legato) – көбінесе марш тәріздес, жігерлі және шабытты музыкаға тән келеді, мұны ойнау тәсілі жоғарыда айтылатын легатоға керісінше. Мұнда әрбір нота жеке-жеке дараланып, бір-бірімен байланыстырылмай ойналады. Демек, осыған байланысты қол қимылдары да нақты әрі анық болуға тиіс. Дирижер әрбір қимыл, әрбір үлестің аралықтарын айқын көрсетуге тиіс.
Стакатто (Staccato) – жеңіл, ойнақы, жарқын, әзіл музыкаға тән. Ол нота үстіне сөзбен немесе ноқат (нүкте) арқылы көрсетіледі.
Стаккато жеңіл, қысқа қимылмен көрсетіледі. Демек, осы штрихпен орындалатын дыбыстар бір-біріне бөлек, қысқаша, жеңіл және ойнақы ойналады. Стаккатоны көрсетудің екі белгісі бар:
а) қолдың тек ұшымен ғана көрсетеді;
б) қолдың қимылы азғана дамыл жасап, стаккатоны бөліп-бөліп көрсетеді.
Дирижерлық көрсеткіштердің негізгі түрлері
Екі өлшеміндегі көрсеткіш
Әр өлшемдегі дирижерлық көрсеткіш белгілерін жеңіл түсініп, тез игеру үшін ең алдымен оның жай, қарапайым үлгісімен танысып алған жөн.
Екі есебінде жазылған музыкалық шығарма қолды төмен және жоғары көтеріп көрсету арқылы орындалады. Оның схемасын сызып көрсеткенде былай болады:
Сол қол 2 Оң қол 2
1 1
Бірақ,
такт үлесін айтарлықтай ыңғайлырақ
және түсінікті етіп көрсету үшін, және
қол көзге көріктірек болып көріну үшін
қол бірінші үлесте доға сияқтанып төмен
түседі де, одан кейін тағы да доға
сияқтанып екінші үлесте жоғары қарай
қимыл жасайды:
Екі есебіне жүретін осы дирижерлық көрсеткішті игеріп болғаннан кейін, оны сондай өлшемде ойналатын музыкалық шығармаларды пайдаланып, жаттығу болады. Бұл үшін өзімізге белгілі және түсінікті, аса тез орындалмайтын шағын музыкалық щығарманы аламыз. Кей жағдайда өз бетімен жаттығу үшін магнитофонды, немесе грампластинкаларды да пайдалануға болады. Музыка әуеніне байланысты жоғарыда көрсетілген дирижерлық көрсеткіштерге сай қол қимылдарын жасап, тақтылардың салмақты және салмақсыз үлестерінің дұрыс болуына ерекше назар аудвру керек.
Үш өлшеміндегі дирижерлық көрсеткіш
Үш есебінің дирижерлық көрсеткіші қолдың үш қимылынан құралады. Төмен, оң жаққа қарай және жоғары қозғалу. Әрбір санның, үлестің алғашқы басталуы қолдың қоспа буыны арқылы жеңіл және анық көрсетілуі тиіс.
3 3
Сол
қол Оң қол
2 1 1 2
Үш есебінде пластикалық қимыл жасау жоғарыда көрсетілген жай көрсеткіштен гөрі айтарлықтай өзгеше келеді. Мұнда тек бір есебіне келетін тақтының салмақты үлесі ғана қолмен төмен және тура көрсетіледі де, қалған екі үлестегі қимылдар доға сияқтанып иіліп, әуелі оңға не солға соң барып жоғары қарай көтеріледі.
Үш есебінің дирижерлық көрсеткіштерін игеріп алғаннан кейін бұдан бұрын айтқанымыздай жеңіл, өзімізге таныс, аса тез ойналатын музыкалық шығармаларды алып жаттығу болады. Жаттыққанда музыкалық шығарманы тыңдап, оның мазмұны мен характеріне мән бере отырып, оны түсінуге талаптану керек. Оң қол мен сол қолдың қимылына, дирижерлық көрсеткіштердің такт үлестеріне дұрыс және тура келуіне ерекше назар аудару керек. Тек осындай жауапты міндеттерді жүзеге асыру арқылы ғана айтарлықтай табысқа жетуге болады.
Төрт өлшеміндегі дирижерлық көрсеткіш
Төрт есебінің дирижерлық көрсеткіші төрт қимылдан жасалады, төмен, солға, оңға және жоғары қарай қозғалу қимылдары арқылы. Мысалы: Әр тактының үлестері қол қоспасының буыны арқылы жеңіл, анық көрсетілуі керек.
4
2 3
1
Ал, пластикалық қимылдармен көрсеткенде ол мынадай болып өзгереді:
Екі суретте де оң қолдың қимылдау схемасы берілген. Ал, сол қолмен көрсеткенде қолдың екінші қимылы солға қарай емес, оңға қарай бағытталады.
Төрт өлшем күрделі өлшемдер тобына жатады.
Негізгі динамикалық күш өзгешеліктерінің кестесі
Толық белгісі жазылуы |
Қысқартылған белгісі |
Оқылуы |
Мағынасы |
Piano |
P |
Пиано |
Ақырын, жай |
mezzo piano |
mp |
Меццо - пиано |
Ақырынырақ,жайырақ |
Pianissimo |
PP |
Пианиссимо |
өте ақырын, өте жай |
Mezeforte |
mf |
Мецефорте |
Қаттырық (орта) |
Forte |
f |
Форте |
Қатты |
Fortissimo |
ff |
Фортиссимо |
өте қатты |
Crescendo |
< |
Крещендо |
Күшейту |
poco a poco crescendo |
< |
Поко а поко крещендо |
бірте – бірте күшейту |
Diminuendo |
> |
Диминуендо |
әлсірете |
poco a poco diminuendo |
> |
Поко а поко диминуендо |
бірте – бірте әлсірету |
Morendo |
|
Морендо |
тына қалу |
Sforzando |
sf |
Сфорцандо |
кенеттен, қатты бір мезеттік дыбыс |
subito piano |
syb.p |
Субито пиано |
кенеттен жай |
Staccato |
. |
Стаккато |
секірте, үзіп |
Accentus |
^ > |
Акцент |
бір дыбысты бөлу |
Шығармадағы екпіндердің итальянша – қазақша сөздігі
Жазылуы |
Оқытылуы |
Қазақша |
Adagio |
Адажио |
баяу, жай |
a tempo |
а темпо |
алғашқы екпін |
Allegro |
Аллегро |
жылдам, тез |
Allegro di motto |
аллегро ди мольто |
әжептәуір,едәуір, жылдам |
Allegretto |
Аллегретто |
аллегродан жай |
Allegro con brio |
аллегро кон брио |
от жалындай шапшаң |
Allegro vivace |
аллегро виваче |
тез шапшаңдатып |
Allegro gioviale |
аллегро, джиовиале |
жылдам, көңілді |
Andante |
анданте |
асықпай, байсалды, адажиодан тезірек |
Andantino |
андантино |
орташа, андантаға қарағанда жылдамырақ |
Andante espresibo |
анданте еспресиво |
асықпай мәнерлеп |
Andante cantabile |
анданте кантабиле |
жай, әндете |
Accelerando |
аччелерандо |
екпіндете, тездетіп |
Dolce |
дольче |
нәзік, жұмсақ |
poco accelerando |
поко ачелерандо |
бірте – бірте тездете |
Energico |
енергико |
Жігерлі |
Cantabile |
кантабиле |
әндете, әуезді |
Largo |
лярго |
кең, еркін, жай |
Largetto |
ляргетто |
жай, кең тыныспен соза |
Moderato |
модерато |
орташа, біркелкі |
Morendo |
морендо |
дыбыс, екпін күшін баяулата |
Maestoso |
маестозо |
Салтанатты көтеріңкі көңілмен |
Meno mosso |
мено моссо |
екпінін бәсеңдете |
Molto |
мольто |
сәл, өте ұсақ |
poco |
поко ритенуто |
бірден – бірге екпінін баяулата |
poco pio mosso |
поко пио моссо |
бірден – бірге екпін қоса |
Хор партитурасын талдау жоспары
а) жалпы мазмұнын талдау:
негізгі идеясы, сюжеті, әдебиеттік мәтіні, оның авторы, құрылу дәуірі, композитордың өмір баяны, шығармасына мінездеме;
б) берілген шығарма бойынша мәлімет, оның композиторлық -шығармашылығындағы орны мен мәні. Шығарма жайында қысқаша мәлімет, хордың операдағы немесе хорлық миниатюралардағы алатын орны (хордың ролі);
в) музыкалық - теориялық талдау:
хор шығарма формасы, музыкалық тақырыптар және олардың дамуы, баяндалу сипаты.
Гомофония, гармония, полифония, аралас, негізгі тональность гармониясы;
г) вокалдық хорлық талдау:
хор түрі, дауыстар диапозоны, тесситура (иермелі дауыс, секірмелі дауыс жүргізуі);
д) орындаушылық талдау;
темп, динамика, темптің өзгеруі;
е) шығарманың барлық қиындықтарын анықтау:
вокалдық-хорлық ритмикалық және т.б. Оқытылатын шығармалардың барлық талдаулары, оқушымен жазбаша түрде қадағалау керек (арнайы дәптерде). Партитураны игерудің соңғы кезеңі дирижерлық тәслдерді оқытушымен жұмыс істеу.
в) Қазақ музыкасының тарихы:
1) “Қазақ музыкасының тарихы” – ұлттық музыкалық мәдениетіміздің тарихи тегі мен табиғатын зерттейтін пән. Оның қамтитын мәселелері VI-XX ғасырлар арасындағы музыкалық мәдениет көріністері, түрлі жазбалардағы музыка өнеріне қатысты мәліметтер, музыкалық-эпикалық дәстүр, күйшілік және әншілік өнер;
2) XX ғасырдағы кәсіби музыка мәдениеті. Осы сипатына орай курстың негізгі нысанасы – қазақтың кәсіби музыкалық өнерінің туу, қалыптасу, өркендеу, түрлі жанрлық салаларға жіктеліп, классикалық деңгейге көтерілу, осы жолда жемісті еңбек еткен көрнекті композиторлар мен музыка зерттеушілерінің қол жеткен табыстарын, көркем шығармалары мен ғылыми еңбектерін оқып игеру болып табылады.
Қазақ музыкасының тарихы ғылым ретінде тек Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана қалыптаса бастады. Қазақ халқының музыкалық үлгілері -әндер мен күйлер Октябрь революциясынан кейінгі кезде ондап, жүздеп жазылып алынды да, қазақ халқының өткендегі музыка мәдениетін зерттеп білуге үлкен септігін тигізді.
Әйтсе де революциядан бұрынғы орыс, ара кідік шет ел этнографтары мен саяхатшылардың қазақ музыккасы жайында жазып өалдырған еңбектерінің де мәні зор екендігін атамай кетуге болмайды. Олар қазақ әншілері, күйшілері, музыканың қазақ өмірінен алатын орыны жөніндегі пікірлерді әлі күнге өзінің ғылыми мәнін жойған жоқ.
Музыкалық өнердің хронологиялық диапозоны жайлы толық мәліметтерді кейінгі саз білімгерлері археологиялық қазбалары арқылы алып отыр. Орта Азия және Қазақстан территориясында музыкалық мәдениет уақыт өте келе өзінің тарихи құндылықтарын жойған жоқ. Оған адам бейнелерінің тасқа қашалған мүсіндері дәлел бола алады. Әсіресе музыка мәдениетінің материалдық ескерткіштері б.э.д. 1мыңжылдықта, ежелгі Хорезм, Соғды, Парсы мемлекеттерінің кезеңіне жатады.
Орта Азияның музыкалық мәдениеті мұсылмандық ренессанс кезеңінде гүлдене бастады. Ол кезде орындаушылық өнермен қатар, Батысевропалық деңгейде көп уақыт бойы жанданған теориялық ойлар дами бастады. Бұл кезең музыка теорияшылары Аль Фараби, Ибн Сина, Сафи ад Дин, Абу Аль Қадыр, Абдурахман Джами сияқты ұлы ойшылдардың шыққан кезі.
Қазақ музыка фольклерін барлық Орта Азияның музыкалық мәдениетінің бөлігі ретінде қарастыра отырып, өмірлерінің басты орынын көшпелі мал шаруашылығы алатынын, этномәдениеттің қоғамында қазақ халқы ең басты мұрагерлер болып табылатынын ұмытпау керек. Сондықтан да қазақ музыкасын зерттеушілері номадизмнің әлеуметтік- тарихи қорытындыларына тоқталмай, осы мәдениеттік көп қырын, өзіндік ерекшелігін қадағалай және анықтай алмайды.
Қазақстан территориясында номадизм тарихы б.э.д. V-VIII ғасырларда этно-мәдени қоғам ең алғаш қайта пайда болғанда құрылды. Ол кезде өмір сүрудің басты құралы жаңа әдіс көшпенділік мал шаруашылығы болып табылды. Табиғатты танып білу жолында номадтар территориның жақсы жағдайында орналасады. Сондықтан да жағдайлары жақсарып, маңайына алыс-жақын елдер мен халықтар жақындаса бастайды. Олар кейбіреуі отырықшыл жер игеру, қала мәдениетінің элементтерін әкеледі. Отырықшыл халықтарға қарағанда номадтардың қоғамдық- әлеуметтік құрылымы өнердің басқа да әр түріне сапалы әсер етеді. Номадтардың әдептілік әлемі өнердің тек жақсы түрлерін ғана алады. Қазақтарда және олардың ата- бабаларында көп ғасырлар бойы кемеңгерлікте шыңдалған ақындық пен саз өнері болып табылады. Гегель уақытынан бастап адамның тұрмыстық негізі- еңбектің түрі мен мінездемесі өзгертілгенде қоғамның ой өрісі мен қоғамның идеологиясы да бірге өзгеретінінде күмән жоқ. Осы жағдайларда өмірге келуіне әлеуметтік организмдермен күресте құрылған жаңа өнер туады. Сондықтан номадтардың өнері көшпенділіктің жаңа өмірінің қажеттіліктеріне жауап беретін жаңа әлеумет ретінде қалыптасты.
Сазгерлік- ақындық өнер ұрпақтан – ұрпаққа салт- сана сенімдерін, табиғатты, адамды, экологияны, космосқа деген ккөзқарастары мен ойларымен байланысты. Қазақта туғаннан қайтыс болғанға дейін өлеңмен туып, өлеңмен өлген.
Қазақтың ұлттық мәдениетін айтқанда, сонымен қатар халықтың өмір сүру түрін қарастыру керек. Әр дайым қозғалыста жүріп, қиындыққа толы үлкен қашықтық жерлерді өте отырып, халық соған орай өзінің қоғамдық өмірін ұйымдастырды. Көшпенділік жағдайлар өзіндік ерекшелігіне тән тайпа және одан да күрделі бірлестіктер рулар қалыптастырды. Бұнда ұйымшылдық пен ұжымның мақсатқа жету қасиеті қоғамның жетістіктерінің басты кепілі болды.
Феодалдық ру тайпасының талай тауқыметін тартқан, үстем тап өкілдері қатыгехдікпен қанап езіп келген, қазақ халқы қанша мақиын- қыспақты басынан кешірсе де өзінің елдік қасиетін сақтап қала берді. Өніп өсен ортаның үлкенді- кішілі құбылыстарын ән мен күйге бөлеп, жадында сақтады.
Феодалдық патриархалдық өмір талабы Шыңғыс ханның елді талан- таражға салған жортуылдары, халықтың басын айналдырып, үстем таптың қолындағы қанау мен езгінің құралы болған Ислам дінің керітартпа мәні халық шығармашылығына да із тастап кеткені анық. Қазақстан территориясында X-XI ғасырларда өмір сүрген Ал- Фараби Бируни, Ибн Сина(Авиценна)секілді ғұламаларжалпы дін атаулыға, оның ішінде Ислам дініне бекер қарсы шыққан жоқ. Алайда, халық тосқауылдың қандай түрін болса да жеңіп шығып, өзінің жарқын болашаққа, алдағы бақытты өмірге деген сенімін ән мен күйге қосып шырқай берді. Жаратылыстың жат сырларына , “киелі күштеріне” қарсы тұрар қауқары болмай, жалбарынумен күн кешкен жаны ауырса сыйынар, бақсының зікір салуы болған. Халық бұл жалғанда сіра да тұяқ серіппестен жөней берген жоқ, қайта алдағы арай таңды өлмес, өшпес күнді көксіп өтті. Қазақ арасында аңыз боп тараған «Қорқыт» күйі осындай өміршең қиялдың жемісі.
Қазақ халқында жайылған әндердің бірсыпырасы халықтың дербес ұлт болып қалыптаса бастаған кезеңнен бермен қарай белгілі болса керек. Бұған тұрмыс- салт жырларына жататын тойбастар, Беташар, Жоқтау, Жар-жар, Алтыбақан әндері т.б әндері дәлел бола алады. Қазақ жырларын тамылжыта жырлайтын қазақ жыршылары ауыл- ауылды аралап жүріп ғашықтық , батырлық дастандарды жыр етіп айтады. Халық тұрмысын өлеңге қосады. Әрине олардың ішінде қткенді көксіп кешегі феодалдық құрылысты дәріптеген , енді айналып келмейтін кешегі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды жоқтаған керітартпа жыраулар жоқ еместі. Дегенмен де жыршылардың негізгі көпшілігі халықпен біте қайнасқан, еңбекші таптың мұң-шерін жырлайтын, қалың бұқараның арман тілегін атадан балаға жеткізушілер болған.
Жыршылар шежірешілер болған. Олар қазақтың үш жүзін ру-руға таратып бере алатын қазақ еңбекшілерінің тіршілік жолындағы күресінен мол хабардар етеді.
Қазақ халқының басынан кешкен толып жатқан тарихи оқиғалар музыка тілінде де аңыз болып сақталды. Мысалы «Ақсақ құлан» күйінде халқымыздың өсіп өркендеуіне ұзақ уақыттар бойы қырсығын тигізген татар-монғол басқыншылығы тұсындағы бір көрініс бейнеленген. Қысқасы ол кезде қазіргі Қазақстан территориясына қарасты жерлерді Шыңғыс ханның бір ұлы Жошы билеп тұрған.
Қазақ халқы Тепенгөк, Наридірген секілді аңыз күйлерінің де осы тәрізді сюжеттерге құрылған.
Халық музыканттарының озық ойды шығармалары байлардың байлығын дәріптемейді, керісінше халық өмірін, халық арасынан шыққан ерлерді, батырларды жыр етеді. Мәселен XVIIIғасырдың сексенінші жылдарында хандық құрылысқа қарсы Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы еңбекші бұқараның таптық сезімін оятқан елеулі оқиғалар болды. Халық ол жайында «Сырым сазы» атты күй шығарып, өнермен ескерткіш тұрғызды.
Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да халық музыкасынан өзіне лайық көрініс тапты. Исатайдың серігі болған Махамбет Өтемісұлының жалын атқан уытты жырлары қара хара халықтың хандық өкіметке деген өшпенділік отын өршіте түсті.
Соңғы жылдары Махамбет шығарған екі күй табылып, жазылып алынды. «Қайран Нарын» деген күйді айрықша атап өтуге болады. Күй Махамбеттің туған жері Нарынға деген сағынышты сезімге орны толмас өкініш пен терең ой толғаныстарына құрылған.
Өткен XIX ғасырдың ойшылдары Шоқан, Ыбырай сияқты сол ғасырда 40 жылдарында Бөкей хандығында мектептер ашыла бастады.
1919 жылдары Дина Нүрпейісова, Сейтек Оразалиев, Мәмен сияқты атақты күйшілер шықты.
Көне түркі дәуірінің музыкалық мәдениеті:
