- •Мамандыққа кіріспе
- •1 Музыкаға жалпы шолу
- •1.1 Музыка сабағы
- •1.2 Музыка пәні мұғалімінің рөлі
- •1.3 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын музыкалық тәрбие
- •1.4 Мемлекеттік стандарт және мектептегі бағдарламаға шолу
- •2 Музыка түрлері
- •2.1 Эпос, лирика, драма
- •Арнау «Жастарға»
- •2.2 Қазақ фольклоры
- •2.3 Қазақ хор музыкасы
- •2.4 Қазақстанда хор мәдениетінің дамуы
- •3 Музыкалық білім берудің стандарты және пәндердің теориялық курсы
- •3.1 Музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврдың біліктік сипаттамасы:
- •3.2 Музыкалық білім мамандығы байынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (музыкалық, базалық пәндер)
- •3.2.1 Музыка теориясының негіздері
- •3.2.11 Хор класы
- •3.2.13 Хорды дирижерлау
- •3.3 Музыкалық пәндердің теориялық курсына шолу:
- •1) Түркі дәуірі туралы ұғым: көне (VI-IX), орта (IX-XIV), жаңа (XIV-XVI) кезеңдер. Көне түркі тайпаларының жазба мәдениеті, олардың мәдени-музыкалық сипаты.
- •2) Түркі-монғол тайпаларының шамандық музыкасы. Музыка өнерінің синкреттік сипаты, наным-сенім жүйесімен сабақтастығы. Түркі жазбаларының синкреттік табиғаты, поэзия мен музыканың бірлігі.
- •2) “Тотынама”, “Кобуснама” секілді шығыс жазбаларындағы музыкалық-эстетикалық ойлар мен дидактикалық сарын. “Құран” оның тарихи-мәдени сипаты мен музыкалық-мақамдық жүйесі;
- •3) Орта ғасырлардағы музыкалық трактаттар “Әл Фараби, Ибн-Сина, Әл жами, Дәруіш Әли т.Б) оларда қарастырылған теория мәселелері және қазақ музыкасы үшін маңызы.
- •XIX ғасырдағы халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр. Аспаптық музыка:
- •X ғасырдағы кәсіби-музыкалық дәстүр. Әншілік өнер
- •XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ музыкасы:
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
XIX ғасырдағы халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр. Аспаптық музыка:
1) XIX ғасырдағы қазақ музыкасының даму ерекшеліктері. Аспаптық музыка, оның даму кезеңдері мен Қазақстанның түрлі аймақтарындағы дамуы;
2) философиялық мазмұндағы шертпе күйлер табиғаты. Қазақ музыкасындағы төкпе күй дәстүрі, оның кең тараған аймақтары. Ұшқыр ойлы, жылдам да жүрдек күйлер табиғаты;
3) ықылас Дүкенұлы (1843-1916), Махамбет Өтемісұлы (1803-1846), Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896), Дәулеткерей Шығайұлы (1821-1882), Тәттімбет Қазанғапұлы (1817-1863), Дина Нүрпейісова (1861-1955), Сүгір Әлиұлы (1884-1961), т.б. қазақ композиторларының күй мұрасы, стильдік және көркемдік ерекшеліктері. Қазақ халқының аспаптық музыкасына қосқан өзіндікүлестері.
Домбыра – көшпелі елдің көне көз шежіресі. Не бір дарынды дала перзенттерінің аты ұмытылып кетсе де, шығармалары сары алтындай сақталып, бізге жеткен. Тек XIX ғасырдың бас кезінен бері өмір сүрген халық сазгерлерінің біразының есімдері қазір мәлім. Олар нота дегеннен бейхабар болса да, өз халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, көптерен тамаша музыкалық шығармалар қалдырып кеткені мәлім. Олар халық аспаптарына арнап, шығарған шығармаларын, яғни домбыра мен қобыз, сыбызғыға арналған музыкалық шығармаларды күй деген.
Күй- көптен келе жатқан музыкалық көне ұғым. Ертеде күй деген, сірә аспаптық және жеке дауыстың музыка шығармаларына берілген атау болуы әбден мүмкін. Кейбір түркі тілдес халықтарда қазірдің өзінде күй деп аспаптық музыканы да әнді де атай береді.
Қазақтың бағдарламалы халықтың аспаптық музыкасы – күйде әндер сияқты сан- саналы жанрларға таралады. Олар Арқа өңіріндегі шертпе күй дәстүрі мен Сыр өңіріндегі төкпе күй дәстүрі. Әсіресе XIX ғасырдың екінші жарты мен XX ғасырдың басында өмір сүрген халық сазгерлерінің музыкасы, жанрлық ерекшелігі жағынан аса күрделі, һам бай, кең құлашты эпикалық сарынды көне заманның күйшілерінен аңғаруға болады. Сонымен қатар, ол қасиет беріде Құрманғазы, Дина, Сейтек күйлерінен аңғарылып тұрады.
Күйде лирикалық, лиро – эпостық, тұрмыс- салттық жанрлар кеңінен пайдаланылады. Күйдің осындай көп салаларының ішінде өнердің тылсым құдіретін, терең сырын сөз етуге арналған лиро- философиялық жанрдың орны айрықша бөлек.
Халық басынан қандай күй кешсе де оны қазақтар айна қатесіз күй тіліне түсіре білген. Аңыз, хикая, тарихи- құбылыстық, әдет- салттық, әскери сюжеттер, табиғат әсемдігін суреттейтін сюжеттер қобыз, домбыра, сыбызғы көкірегінде ұялап отырған.
Қазақ күйлерінде көп ұшырасатын бір жайт – дыбыстарға еліктеу әдісі. Мәселен құстың сайрағанын, аңдардың ақырып, шақыруын дыбысқа еліктеу арқылы дәл беру (Аққудың қаңқылдағаны, қасқырдың ұлығаны, бұлбұлдың сайрағаны) бұл да адамның образын аша түсу үшін қолданылады. Дыбысқа еліктеу ол күйдің бейнелеу мүмкіндігін байыта түсіп, адамның жан дүниесін терең көрсетуге жәрдемседі.
Қазақтың қобыз аспабында күй тарту өнерін дамытқан күйші Ықылас 1843 жылы Қаратауда туды. Әкесі Дүкен, жеті жасынан бері қобыз тартып келе жатқан дәстүр бойынша, кішкене Ықыластың музыкаға бейімделуіне бөгет болған жоқ. 15-16 жасқа келгенде ақ Ықылас белгілі қобызшы болды. Ел аралап, той думанда қобыз тартып жүреді.
Қорқыттың қобызы жайлы, Қорқыт жайлы аңыз- әңгімелерді естіп жүріп, әкесінен «аңыз күй» тартып ажалдан құтылған Айрауықтың әңгімесін, байтақ елдің ары үшін арыстандай ақырып жауға қарсы шыққан Қарақасқа атты Қамбар, шора, қарақыпшақ Қобыланды батырлардың әңгімесін тыңдайды. Бәрін де көңіліне түйіп жүреді.
Ықылас отыз жасқа келгенде өзі күй шығарады. Оның тарихи ертегі тақырыптарына арнап «Қазан күйі», «Шора», «Қамбар күйі» сияқты күйлер шығарады. Ерденнің (Ақмоланың дуанбасы) баласына азаға салған күйі «Ерден күйі» генерал-губернаторға арнап шығарған күй «Жарым патша» күйлерін шығарады. Бұдан кейін шығарған күйлерінің ірісі – «Жез киік». Ол мергендер ертегісінен алынған. Терең сыр, арман желісінде шығарған «Қоңыр» күйі, аққудың қасиеттілігіне арналған «Аққу» күйі, «Шыңырау», «Бес төре», «Жалғыз аяқ» т.б. күйлер.
Қазақтың XIX ғасырдағы аса көрнекті халық композиторларының бірі- Құрманғазы Сағырбаев. Жасынан жоқшылық көріп өскен, жалшының баласы Құрманғазы қазақ ауылындағы таптық қайшылықтардың жігін ерте ажырата бастады. Құрманғазы туындыларының өзегінде осы еңбекші бұхараның бай феодалдарға, үстем тапқа ауыл ұлықтарына қарсы күресі болды.
Оның тұңғыш шығармаларының бірі – «Кішкентай»күйі Исатай Тайманов бастаған халық көтерілісіне бағышталады. Ал «Сарыарқа», «Көбікшашқан» күйлері ең қиын- қыстау кезеңдердің өзінде жауына басын имеген, бір сәт қайыспаған батыр халықтың бейнесін суреттейтін кең тынысты көркем туындылар.
«Сарыарқа»- Құрманғазы шығармашылығының шыңырау шыңы. Майталман суреткер «Сарыарқа» күйін шерткенде өз кезеңіне, өз дәуірінің рухына сай дыбыс тапқан. Күй- құйқыта шапқан аттың, жеңіс жырының жауынгершілік екпінімен басталады.
Орыс жұртымен көп араласқан күйшінің «Машина», «Перовский марш», «Не кричи, не шуми», «Лауышкен» атты шығармаларынан аракідік орыс интонациялары байқалады.
Құрманғазының күйлері- өмірдің ең көкейкесті құбылыстарын паш етеді. Күй музыкасы айқын да әуенді келеді, күй программалары нақты, қалың көпшілікке түсінкті болды, тыңдаушысын бай сазымен, әсіресе кербез нақышымен билеп алады. Осы себептен де Құрманғазының күйлері халықтың асқан сүйіспеншілігіне бөленіп, ұрпақтан- ұрпаққа тарала келіп, бүгінгі күнде тәуелсіз қоғамның игілігіне айналып отыр.
Шыққан тегі жағынан үстем тап өкілі бола тұра, шығармашылық серпілісін халқына арнаған композиторлардың бірі- Дәулеткерей Шығайұлы ата- бабасынан мұра болып қалған сұлтан- провитель шенінен көрі күйшілікті артық санаған.
Дәулеткерейдің шығармашылығы негізінен лирикалық сипатта өрбиді. Оның «Қос алқа», «Қыз Ақжелең» күйлері шат- шадыман сезіме толы. Терең ойлы, нәзік лирика тілімен баяндау үлгісін біз «Ысқырма» күйінен көреміз.
Дәулеткерейдің «Жігер» күйі жөнінде А.Затаевич былай деген: «Онда тасқындаған қимыл үстіндегі қуат емес, шамасы қасіретке батқан асқақ ойды білдіретін қуат» деген.
Ауқатты феодалдың баласы Тәттімбет Қазанғапұлы да халық музыкасына осы жолымен келеді. Композитор, күйші әрі ақын Тәттімбеттің бұқарашыл бағыттағы музыкасында және ақындық шығармашылығында қыр елінің тіршілігі асқан шыншылдықпен суреттеледі. Оның «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Қосбасар» секілді тамаша күйлері үлкен өміршең қуатқа, лирикалық көңіл- күйге құрылған.
Қазақстандағы XIXғасырдың екінші жартысындағы саяси- әлеуметтік жағдай қазақ қоғамында таптық қайшылықтың өрши түсуі, озат орыс мәдениетінің қыр өміріне сіңіре бастауы міне, осының бәрі қазақ өнерінің барлық салаларында бұқарашыл ағымдардың күшеюіне жол ашты. Қазақ халық композиторлары шамасы келгенінше осы жаңа ағымдарды шығармашылық тұрғысында игере алуға тырысты.
