- •Жастар әлеуметтануы пәнінің зерттеу пәні мен объектісі
- •Жастарды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үдерісінде отбасының рөлі
- •Жастар әлеуметтік демографиялық топ ретінде
- •Адамның мінез-құлқына оң немесе теріс (жағымсыз) әсерін тигізетін әлеуметтік факторлар
- •Жастарды зерттеудің негізгі қағидаттары
- •Жастардың осы заманғы әлеуметтік тұжырымдамалары мен зерттеу бағыттары
- •Батыс социологиясындағы жастар зерттеулері дамуының тарихы
- •Жастарды зерттеудің негізгі теориялық бағыттары
- •Жастардың әлеуметтенуінің осы заманғы үлгісі
- •Қазақстандық жастардың әлеуметтенуінің негізгі ерекшеліктері
- •Отбасы жастардың әлеуметтік бағдарлануындағы құндылық есебінде
- •«Әлеуметтену», «интериоризация», «тәрбие» ұғымдарына анықтама беріңіздер
- •Жастар әлеуметтануының даму тарихы
- •Жастар әлеуметтенуі әлеуметтік оқытып – үйрету үдерісі ретінде
- •Айзенштадт жастар туралы жастарды әлеуметтік зерделеудегі психикалық талдамалық тәсілдің ерекшеліктері
- •Жастарды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үдерісінде отбасының рөлі
- •Ф.Тенбургтің жастар туралы тұжырымдамасы
- •«Жастар», «жасөспірім шақ», «жастық шақ» ұғымдарына сиппаттама беріңіз
- •Жастардың әлеуметтенуінің топтың қалыптасу және даму үдеріс ретінде
- •Жастар әлеуметтенуінің негізгі кезеңдері
- •Ресей социологтарының еңбектеріндегі ұрпақ ұғымы-22 екеуі бірдей жауап.
- •Ұрпақтар жанжалының жаһандық теориялары
- •Жастар және мәдениет: теориялық бастаулары мен талдауы
- •Жастардың субмәдениеті: нысандары мен тұрпаттамаларының саналуандығы
- •Жастардың өмірлік мақсаттары мен құндылықты бағдарлары
- •Жастардың кәсіптік білім туралы құндылықты түсініктері
- •Мемлекеттің жастар жөнінідегі саясаты: негізгі бағыттар мен үрдістер
- •Еуропалық мемлекеттік жастар саясатының стратегиялары
- •Жастардың қоғамдағы әлеуметтік функциясы
- •«Патриотизм», «Азаматтық», «Отанды сүю» сияқты категорияларға жастардың қатынасы
- •Қазіргі заманғы жастардың өмірлік басымдықтары
- •Жастардың бейресми бірлестіктері
- •Жастар мәдениеті, контрмәдениеттің мәдениеттен айырмашылығы
- •Постфигуративті, конфигуративті және префигуративті мәдениеттер тұрғысынан қоғам тарихының түрлі кезеңдеріндегі ұрпақтар арасындағы өзара қатынастарды сипаттаңыз:
- •«Жастар саясатына» анықтама беріңіз
- •Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
- •Қазіргі жастардың кәсіби бағдарларынының ерекшеліктері
- •К. Кенистонның ұрпақтар тартысының тұжырымдамасына берген түсініктемесі
- •Неге ұзақ уақыт бойы жастар дербес әлеуметтік – демографиялық топ ретінде қаралмай келді? Өз ойыңызды айтыңыз
- •Жастардың аудиториясына арналған жарнамалық науқанға талдау жасаңыз ( таңдауыңыз бойынша – мәселен « пепси», « сникерс» және т.Б.).
- •Сіз адамның биологиялық және әлеуметтік екі табиғатына сәйкес келетін «жастар» ұғымының қосарлы қос өлшемі бар деген с.И.Левикованың пікіріне келісесіз бе?
- •«Жас болу оңай ма?» тақырыбына эссе жазыңыз (өз ойларыңызды жазыңыздар)
- •Сіз м. Мидтің: « Ұрпақтар арасындағы тартыстар ең алдымен жоғары сатылас икемділіктегі таптық қоғамдарға тән »деген пікірмен келісесіз бе?
- •«Жастар мәдениеті бұқара халықтың мәдениетінің бір түрі» деген тақырыпты талдаңыз
- •«Жастардың субмәдениеті: ойын ба немесе қарсылық па? » өз пікіріңізді айтыңыз
- •«Патриотизм жастардың құндылығы» тақырыбын мазмұндаңыз
- •Сіздің ше жас адамның өмірлік позицияларын не айқындайды?
- •Жастардың мамандық таңдауы қандай әлеуметтік құндылықтарды іске асырумен байланысты болады деп ойлайсыз?
- •Жастар саясатын қалыптастыруда бұұ- ның рөлі қандай?
- •Қазақстандағы жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметін сипаттаңыз
- •Мына сұрақты талқылаңыз: ұрпақтың құндылықты бағдарлары әрқашан бүкіл қоғамның құндылықты бағдарларына айналуы мүмкін бе?
- •К. Мангейм, бір ұрпақтың бойынан баламалы жайларды байқап, ұрпақ бірлігінің проблема болып табылатынын айтты. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?
- •Ағылшын ғалымы Стенли Холлдың «жастық шақ «алай – дұлей теңіз толқыны мен тегеурін», «дауыл мен түңіліс», кезеңі» деген пікіріне қатысты өз ойыңызды жазыңыз
- •Өзіңіздің отбасыңыз туралы айтып беріңіз. Сіздің әлеуметтену үдерісінде оның рөлі қандай?
«Жастар саясатына» анықтама беріңіз
Жастар саясаты дегеніміз күрделі динамикалық жүйе, мұнда қосалқы жүйенің әрбір құраушының жұмыс істеуі басты мақсатқа бағынуы тиіс, ол жеке адамның еркін дамуы, бойындағы бейресмиліктері мен қабілеттерін ашу, сондай-ақ жас ұрпақты қоғамдық маңызы бар әлеуметтік рөлдерді орындауға дайындау үшін жағдайлар жасау.
Жастарға қатысты мемлекеттің айрықша саясатын әзірлеу қажеттілігін халықаралық тәжірибе де растайды. Бұған Гермения, Франция, Швеция, АҚШ, Италия, Испания сияқты шетелдерде жастар саясатын жүзеге асыру практикасы айқын дәлел болады. 90-шы жылдардың бас кезіне қарай, БҰҰ-ның деректері бойынша, жастрадың дамуы мен әлеуметтік қорғалуы мәселелері жөнінде арнайы заңнамалық актілер қабылдаған әлемдегі елдердің саны 130-дан асса, 90-ға жуық елдің мемлекеттік жастар саясатын тікелей әзірлейтін және үйлестіретін жоңары мемлекеттік деңгейдегі органдарды мен құрылымдары бар.
Жастар жөніндегі саясат көптеген елдердің қызметіндегі басым бағыттардың біріне жатады да, ол мына мақсаттарда жүзеге асырылады:
-жастардың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуы бүкіл қоғамның мүдделерінде олардың әлеуметтік әлеуетін ашу үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық-ұйымдық жағдайлар жасау;
-жастардың рухани, әлеуметтік, дене тәрбиесі мен мәдени дамуына жәрдемдесу;
- жастарды тәрбиелеу және білім беру;
-жас азаматтарға көмек және әлеуметтік қызметтер көрсету.
Жастардың әлеуметтік даму стратегиясы мен саясаты мүлде жаңа тәсілдердің, атап айтқанда, жас ұрпақтың өзіндік қызмет, әлеуметтік шығармашылық, іскерлік, инновациялық жобаларды, бағдарламаларды мемлекеттік және қоғамдық институттардың белсенді қолдау көрсетуімен жүзеге асыру үдерісінде өздерін таныту негізінде құрылуы тиіс.
Жастар жөніндегі саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары болып табылатындар: жастар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету; жастарды еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдіктер жасау; жастрадың кәсіпкерлік қызметіне көмектесу; әлеуметтік қызметтерді кепілдік көрсету; дарынды жастарды қолдау; жастардың бірлестіктерінің қызметіне қолдау көрсету және халықаралық алмасуларға жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.
Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады.
«Қазақстан жастары» 2005-2007 жылдар аралығындағы жастар саясатына арналған бағдарламада мемлекеттік бюджеттен 3,8 млн АҚШ доллары бөлінген. Бұл көршілес Қырғызстанмен салыстырғанда 7 есеге асып түседі [23].
Көршілес Өзбекстан Республикасында атышулы жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу түгілі, мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсудің өзі қат мәселе. Коледждер саны шектеулі. Ал бізде ше? Грантта бағын жанбаса ақылы негізде білім алуға мол мүмкіндік бар. Ол мүмкіндік егер үздік оқуынмен көзге түссен мемлекет тарапынан бөлінген гранттар мен несиелердің иегері болуға да жағдай жасалуда.
Көрші Ресей Федерациясында 1 тамыз 2007 жылы шәкіртақы көлемінің өсуі 1,25 есені көрсетті. Бізбен салыстыратын болса, тек қана былтырғы жылдың өзінде мемлекетімізде Елбасы қолдауымен магистранттарға 3 есеге ұлғайтылған шәкіртақы тағайындалған болатын. Ресей Федерациясының 2008-2010 жылдарға арналған 3 жылғы мемлекеттік бюджетінде білім беруге қаражат небәрі 19 пайызға ғана көтерілмек, оның ішінде 2009 – 9,5 пайызды құрайды екен.
Ал бізде 2009 жылдың өзінде бұл қаражат 25 пайызды көтеріліп отыр. Бұл ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы жастардың әлеуметтік жағдайына нақты қолдау көрсетілетіндігін дәлелдейді. Сонымен қатар, 2007 жылғы Қазақстан Халқына арналған Елбасы Жолдауында жұмыс жасайтын аяғы ауыр әйелдер үшін аналық, жүктілік және туу кепілдігі міндетті әлеуметтік сақтандыру еңгізілді. Бұл көмектің еліміздің жас отбасылы инабатты келіндері үшін қаншалықты маңызды екені жақсы түсінікті. Себебі мұндай жүйе жұмысынан айырылып қалмай мемлекеттің кәсіби дамуына үлес қосумен қатар жақсы ана, аяулы жар болуға мүмкіндік береді [24].
Ғылым-білім, мәдениет пен өнер саласындағы талантты жастарды қолдауда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры орасан зор жұмысты атқарып отыр.
Өйткені, Қазақ елінің атын үшінші мыңжылдық тарихына жазатын, аға толқынның ғылым мен мәдениеттегі өрелі жолын лайықты жалғастыратын да осы бүгінгі толқын — жастар болмақ.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры біраз жыл Бектас Мұхамеджанов болды.
Еліміздің тұңғыш Президенті қорының мақсаты мен міндеттеріне тоқталсақ:
— Қор қызметінің негізгі мақсаты — Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, отансүйгіштікті қалыптастыруға, қоғамымыздың әрі қарай демократияландырылуына, еліміздің мәдени, экономикалық және саяси саладағы халықаралық байланыстарының одан әрі дамуына атсалысу.
Қазақстанның ішкі саясаты мен халықаралық аренада жеткен жетістіктерін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Н.Ә.Назарбаев жаңа қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына, халықтар достығын нығайтуға, еуропалық және азиялық мәдени байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастардың үйлесімді дамуына үлкен үлес қосты. Міне, осы тұрғыдан алғанда, еліміздің тұңғыш Президентінің әлемдік деңгейдегі саясаткер ретіндегі тұлғасын ашып көрсету, оның сан қырлы қызметін ғылыми тұрғыда сараптау және насихаттау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру қордың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бүгінде қор тарапынан сан-салалы жұмыстар қолға алынып, атқарылған шаралар аз емес. Атап айтқанда, 2011 жылы мамыр айында Қазақстанның, Ресей, Қытай, АҚШ, Израиль, Үндістан, Германия және т.б. елдердің ғалымдары, қоғам қайраткерлері, саяси және іскер топтарының өкілдері қатысуымен Парламент үйінде «Н.Назарбаевтың еуразиялық доктринасы: Шығыс пен Батыстың сұхбаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Осы ғылыми жиынның жұмыс қорытындылары бойынша еуразиялық интеграцияның тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар дүниеге келді. Конференция материалдарына арналып жинақ әзірленді[25].
Қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтымен бірлесіп Орталық Азия-Каспий аймағында қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері жөнінде (ҚР СІМ бірлесіп АӨСШК мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен) алғашқы форумды өткіздік. Форум жұмысы ұйымдастырушылар мен қатысушылар тарапынан жақсы бағаланды. «Қазақстан Республикасының стратегиясындағы ұлттық, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері» (ҚР Қауіпсіздік кеңесінің қатысуымен, ҚР Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетімен бірлесіп), «Әлемдік экономиканың ғаламдану және аймақтық жағдайындағы Орталық Азия мемлекеттері ұлттық экономикасының даму концепциясы», «Әлемдік және аймақтық державалардың стратегиялары және Орталық Азия мен Каспий жағалауы елдерінің мүдделері», «Саяси бәсекелестік және партиялық құрылыс: ортақтастығы және ерекшелігі» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізді. Экономикалық даму мәселелері кеңінен қозғалып, жан-жақты талқыланған қазақстандық әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжамдау институтымен бірге ұйымсдастырылған «Посткеңестік кеңістіктегі саяси жаңару» тақырыбындағы халықаралық конференция мамандардың белсене қатысуымен өткізілді.
Бүгінде халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын туғызып отырған мәселенің бірі — ауған жерінде бейбіт тіршілік пен тұрақтылық орнықтыру жайы. Жылдарға жүк болып келе жатқан осынау жағдайға байланысты тақауда ғана «Ауғанстан айналасындағы аймақтық қауіпсіздік: лаңкестікпен күрес қаншалықты нәтижелі?» атты халықаралық конференция өткізілді. Әлемнің бірқатар елдерінен келген белгілі сарапшылардың қатысуымен жоғары деңгейде өткен бұл жиын «Халықаралық бейбітшілік үшін» Карнеги қорымен бірлесіп жүргізген алғашқы жұмыстарымыздың бірі. Міне, қордың халықаралық қарым-қатынастар және алыс-жақын шет елдердегі жетекші ғылыми, сараптамалық мекемелермен өзара байланыстарды қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастық, бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне үлес қосу бағытындағы арналы жұмысының бір сарасы осындай. Әлем экономикасын шарпыған қазіргі дағдарыс жағдайында ғылым-білімді қолдаудың маңызы тіпті ерекше.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қоры 2011 жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткен Білім конференциясына қатысушылар адамзаттың басын біріктіретін — білім ғана деген байлам жасады. Мықты маман болып, өмірдің сан кетігін бүтіндер ақылды, дарынды, талапты жастарымыз аз емес.
Мәселе, солардың алғашқы қадамына қолдау көрсетіп, көмек жасауда. Осы мақсатта Қор жанынан республикамызда және шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін отандық ғалымдардан кеңес құрылды.
Қызметінің басты бағыты — мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың маңызды мәселелері жөнінде ұсынымдар дайындау болып табылатын Жас ғалымдар кеңесі ғылымды дамытуға, оны алға апарар талантты жастардың ғылымға келуіне қамқорлық жасау мақсатында бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырады. Соның бірі, еліміздегі ғылыми ұйымдар мен жетекші жоғары оқу орындарының жас ғалымдарының іргелі және қолданбалы ғылым салаларындағы зерттеу жұмыстары үшін берілетін гранттар байқауы болып табылады. Байқау жыл сайын өткізіледі, оған келіп түскен жұмыстар белгілі ғалымдар мен сарапшы мамандардан құралған сараптау комиссиясының мұқият қарауынан өтеді, қолданбалы сипаттағы жұмыстардың авторларымен кездесулер өткізіледі. Жеңімпаздарға гранттар тапсырылады, ал ең үздік зерттеулер үшін Президент қорының арнайы сыйлығы тағайындалған.
Мұндағы мақсат — жастардың ғылымға деген ынта-ықыласын, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін арттыруға қолдау көрсету, сол арқылы еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көтеру ісіне қызмет ету.
Республикамыздың жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділігін арттыру, жастарды нақты ғылыми-зерттеу, сараптау, әлеуметтік және бизнес-жобаларға тарту. Яғни, гранттар алу үшін үздік жұмыстарға жарияланатын байқаулар — бұл дарынды жастарды табу, іріктеу, олардың тұлғалық және кәсіби тұрғыда көрінуіне, өсуіне жол ашу, сонымен қатар еліміздің даму болашағы үшін құнды, бағалы идеяларды ынталандыру, алға апару мүмкіндігі болып табылады.
Студент-жастар мен жас ғалымдар белсенділігінің артып, қатысушылар қатарының жылдан жылға көбейе түскендігі байқаудың қаншалық маңызды және қажетті екендігін көрсетеді. Байқаудың 2008 жылғы қорытындысы бойынша 60-тан астам адам жеңімпаз атанып, грантқа ие болды.
Сонымен қатар желтоқсанда табиғи және қоғамдық ғылымдар саласындағы үздік зерттеулер, жаңашылдығымен және дарындылығымен ерекшеленген шығармашылық жұмыстар үшін жас ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлері арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының сыйлығына жарияланған 2008 жылғы байқау өз мәресіне жетіп, сыйлық иегерлерінің есімдері анықталды. Бұл іс бүгінде өз қолдауын табуда.
Жастар шығармашылығына қолдау көрсетудің тағы бір қырына тоқтала кеткен жөн. «Ақылдың елден қашуы» деген мәселенің кез келген мемлекеттің болашағы үшін қауіпті екені түсінікті. Бұл жәйттің біздің елімізге де қатысы барлығын жоққа шығара алмаймыз. Осы тұрғыда, салдарына тікелей әсер етпегенмен де қор өзінің қолдау-көмегі арқылы бұл мәселенің себебін азайтуға, яғни дарынды жастардың ғылыми-шығармашылық ізденісін ұштауға өзіндік ықпал етуде деуге болады. Мәселен, аталған байқауларға қатысушылардың қай-қайсысы болсын еліміз өміріндегі нақты бір өзекті мәселелерге байланысты жан-жақты зерттеулер жүргізеді, шешу жолдарын өзінше негіздеп ұсынады. Жақсы идеялар жоба күйінде қалмайды, міндетті түрде жүзеге асырылады. Осылайша, байқау дарынды жастарға ізденіс ізсіз кетпейтіндігін, бағалы идеялар еленбей қалмайтындығын көрсетті. Өз елінің тағдыры мен болашағына бейжай қарай алмайтын әрбір адамның ой-арманы, талап-тілегі қашанда өз биігінен орын табатындығын сезіндірді деп ойлаймыз[26].
Ғылым өрісін кеңейтуге бағытталған шаралардың қатарында жыл да қордың ұйымдастыруымен өткен халықаралық жастар форумын айтуға болады. Жүздеген жас ғалымдар қатысқан бұл ғылыми жиын тақырып ауқымдығын, талқыға түскен мәселелердің өзектілігін, еліміз бен шет елдік ғылыми ортаның белсенді ынтымақтастық байланыстарының нәтижелілігін көрсетті. Форум аясында студенттердің табиғи және қоғамдық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстары байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл шаралар кеңес жұмысының үлкен бір бағыты. Сонымен қатар, өз қызметі аясында жүргізген әлеуметтік зерттеулер негізінде жас ғалымдар кеңесі ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер мен баспасөз конференцияларын ұйымдастырып, семинарлар мен тренингтер және жастардың ғылым-білімге қызығушылығын арттыруға бағытталған басқа да шараларды жүзеге асыруда.
