- •Жастар әлеуметтануы пәнінің зерттеу пәні мен объектісі
- •Жастарды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үдерісінде отбасының рөлі
- •Жастар әлеуметтік демографиялық топ ретінде
- •Адамның мінез-құлқына оң немесе теріс (жағымсыз) әсерін тигізетін әлеуметтік факторлар
- •Жастарды зерттеудің негізгі қағидаттары
- •Жастардың осы заманғы әлеуметтік тұжырымдамалары мен зерттеу бағыттары
- •Батыс социологиясындағы жастар зерттеулері дамуының тарихы
- •Жастарды зерттеудің негізгі теориялық бағыттары
- •Жастардың әлеуметтенуінің осы заманғы үлгісі
- •Қазақстандық жастардың әлеуметтенуінің негізгі ерекшеліктері
- •Отбасы жастардың әлеуметтік бағдарлануындағы құндылық есебінде
- •«Әлеуметтену», «интериоризация», «тәрбие» ұғымдарына анықтама беріңіздер
- •Жастар әлеуметтануының даму тарихы
- •Жастар әлеуметтенуі әлеуметтік оқытып – үйрету үдерісі ретінде
- •Айзенштадт жастар туралы жастарды әлеуметтік зерделеудегі психикалық талдамалық тәсілдің ерекшеліктері
- •Жастарды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үдерісінде отбасының рөлі
- •Ф.Тенбургтің жастар туралы тұжырымдамасы
- •«Жастар», «жасөспірім шақ», «жастық шақ» ұғымдарына сиппаттама беріңіз
- •Жастардың әлеуметтенуінің топтың қалыптасу және даму үдеріс ретінде
- •Жастар әлеуметтенуінің негізгі кезеңдері
- •Ресей социологтарының еңбектеріндегі ұрпақ ұғымы-22 екеуі бірдей жауап.
- •Ұрпақтар жанжалының жаһандық теориялары
- •Жастар және мәдениет: теориялық бастаулары мен талдауы
- •Жастардың субмәдениеті: нысандары мен тұрпаттамаларының саналуандығы
- •Жастардың өмірлік мақсаттары мен құндылықты бағдарлары
- •Жастардың кәсіптік білім туралы құндылықты түсініктері
- •Мемлекеттің жастар жөнінідегі саясаты: негізгі бағыттар мен үрдістер
- •Еуропалық мемлекеттік жастар саясатының стратегиялары
- •Жастардың қоғамдағы әлеуметтік функциясы
- •«Патриотизм», «Азаматтық», «Отанды сүю» сияқты категорияларға жастардың қатынасы
- •Қазіргі заманғы жастардың өмірлік басымдықтары
- •Жастардың бейресми бірлестіктері
- •Жастар мәдениеті, контрмәдениеттің мәдениеттен айырмашылығы
- •Постфигуративті, конфигуративті және префигуративті мәдениеттер тұрғысынан қоғам тарихының түрлі кезеңдеріндегі ұрпақтар арасындағы өзара қатынастарды сипаттаңыз:
- •«Жастар саясатына» анықтама беріңіз
- •Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
- •Қазіргі жастардың кәсіби бағдарларынының ерекшеліктері
- •К. Кенистонның ұрпақтар тартысының тұжырымдамасына берген түсініктемесі
- •Неге ұзақ уақыт бойы жастар дербес әлеуметтік – демографиялық топ ретінде қаралмай келді? Өз ойыңызды айтыңыз
- •Жастардың аудиториясына арналған жарнамалық науқанға талдау жасаңыз ( таңдауыңыз бойынша – мәселен « пепси», « сникерс» және т.Б.).
- •Сіз адамның биологиялық және әлеуметтік екі табиғатына сәйкес келетін «жастар» ұғымының қосарлы қос өлшемі бар деген с.И.Левикованың пікіріне келісесіз бе?
- •«Жас болу оңай ма?» тақырыбына эссе жазыңыз (өз ойларыңызды жазыңыздар)
- •Сіз м. Мидтің: « Ұрпақтар арасындағы тартыстар ең алдымен жоғары сатылас икемділіктегі таптық қоғамдарға тән »деген пікірмен келісесіз бе?
- •«Жастар мәдениеті бұқара халықтың мәдениетінің бір түрі» деген тақырыпты талдаңыз
- •«Жастардың субмәдениеті: ойын ба немесе қарсылық па? » өз пікіріңізді айтыңыз
- •«Патриотизм жастардың құндылығы» тақырыбын мазмұндаңыз
- •Сіздің ше жас адамның өмірлік позицияларын не айқындайды?
- •Жастардың мамандық таңдауы қандай әлеуметтік құндылықтарды іске асырумен байланысты болады деп ойлайсыз?
- •Жастар саясатын қалыптастыруда бұұ- ның рөлі қандай?
- •Қазақстандағы жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметін сипаттаңыз
- •Мына сұрақты талқылаңыз: ұрпақтың құндылықты бағдарлары әрқашан бүкіл қоғамның құндылықты бағдарларына айналуы мүмкін бе?
- •К. Мангейм, бір ұрпақтың бойынан баламалы жайларды байқап, ұрпақ бірлігінің проблема болып табылатынын айтты. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?
- •Ағылшын ғалымы Стенли Холлдың «жастық шақ «алай – дұлей теңіз толқыны мен тегеурін», «дауыл мен түңіліс», кезеңі» деген пікіріне қатысты өз ойыңызды жазыңыз
- •Өзіңіздің отбасыңыз туралы айтып беріңіз. Сіздің әлеуметтену үдерісінде оның рөлі қандай?
Сіздің ше жас адамның өмірлік позицияларын не айқындайды?
Жастардың әлеуметтенуі барысында олар үшін маңызды заттар, оқиғалар, жандар – өмірлік құндылық болып табылады. Құндылықтардың өзі: рухани, материялдық, денсаулық, отбасы құндылығы секілді бөлінеді.
Әрбір адамда мақсат болады. Соның ішіндегі жастарды алатын болсақ, олар алаулап тұрған от секілді, өмірге деген құштарлықтары мен қызығушылықтары басым болады. Олардың мақсаттары көп болады.
Жастар өз бойындағы құндылықтары мен мақсаттарын біріктіре отырып өмірлік позицияларын айқындайды.
Ары қарай өздеріңізді мысалға келтіріп жазыңыздар.
Жастардың мамандық таңдауы қандай әлеуметтік құндылықтарды іске асырумен байланысты болады деп ойлайсыз?
Негізінен жастардың реалистік құндылықтары: ақша, атақ, қымбат заттарға жету болып табылады. Осы құндылыққа жету мақсатында адам бірінші білім алады, екінші, мамандығын танадайды сол мамандықпен жұмыс істейді. Жұмыс істеу барысында сол құндылықтарының орнын толтыра алады, ойлаған мақсатына жетеді.
Жастардың негізгі құндылықтары материялдық және рухани деп қарастырамыз. Мамандық таңдаған көбінесе рухани қажеттілігіне қарай таңдауға қарағанда материялдық құндылықтар негізінде таңдау басымырақ болып отыр. Бұл жастардың сұраныс жоғары мамандыққа түсуі немесе айлығы жоғары мамандыққа түсуі болып табылады. Біраз жылдар бұрын елімізде экономистер мен юристердің саны көбейсе, қазіргі таңда жастардың көбісі сұранысқа ие мамандыққа тапсырып, оқу бітірген соң тез жұмыс табуға тырысады.
Жастар саясатын қалыптастыруда бұұ- ның рөлі қандай?
Қазіргі таңда әлеуметтанушылар «жастар» деген ұғымды жас ерекшеліктер және сонымен байланысты қызмет түрлерінің негізінде пайда болатын топтасқан көпшіліктің жалпылама жиынтығы ретінде айқындайды. Қысқа мағынада, жастар–жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшелiктерi, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік-демографиялық топ. Әлемде БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 15-пен 24 жас аралығындағы жас азаматтар 1,3 миллиард шамасында. ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды жастар деп атау қабылданған. Бұл жастағы адамдар тобы еліміздегі тұрғындар санының 27,4% (4 510 435 адам) құрайды және өте маңызды болып табылады, тіпті оларды қоғамдағы ең шешуші звено деп айтуға болады [1].
Мемлекетіміздің тұрақты даму үдерісіндегі шарттардың бірі – жас ұрпақтың әлеуметтік бағытталуы және азаматтық қалыптасуы үшін ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау және оларды нығайту.
Жастар кез келген мемлекеттiң кешендi дамуы үшiн стратегиялық ресурс болып табылады. 2004 жылғы Украинадағы, 2010 жылғы Қырғызстандағы, 2011 жылғы Солтүстік Африка мемлекеттеріндегі, сондай-ақ Ресейдегі соңғы Парламенттік сайлаудан кейінгі орын алған оқиғалар жастардың қоғамдағы теріс әрекеттерді өткір әрі тез қабылдайтынын, жастармен жасалатын жұмыстардағы жіберілген қателіктер қолайсыз салдарға әкеп соқтыратындығын дәлелдеді.
Жастардың пiкiрлерiн зерттеу, жастар саясатының үрдісіне, жастардың бүгінгі таңдағы құндылықтарына және қазiргi жай-күйiне уақытылы мониторинг жүргізу мемлекет үшiн өте маңызды. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының iске асырылуын зерделеу жөніндегі бірқатар социологиялық және талдамалы зерттеулер жүргiзiлуі аса маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жеткiлiктi нормативтік–құқықтық базамен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітіліп, 2004 жылы «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заң қабылданды. Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында, басқа да маңызды стратегиялық құжаттарда жастар саясатына арнайы бөлім арналған. Бiлiм және ғылым министрлігінің құрылымында, аталған саладағы бейіндік мемлекеттік орган болып табылатын Жастар саясаты департаменті жұмыс iстеуде.
Бәрімізге мәлім, соңғы жылдары мемлекетімізде жастармен белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде – жастардың жаңа қоғамдық бірлестіктері құрылды, сонымен қатар облыс аудандарында әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары атқарылды, жыл сайын жастар форумдарын, кәсіптік конкурстар, фестивальдар, отансүйгіштер шеруін өткізу дәстүрге айналды, жастарды әлеуметтік қорғаудың әртүрлі нысандары енгізіліп отыр. Алайда, қазіргі таңдағы қоғамдағы беталыс, қоғам мен мемлекет тарапынан жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиеленуі проблемаларына ерекше назар аударылуы мемлекеттегі жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа сапалы тәсілдерін әзірлеуді қажет етеді. Осы ретте, жастар саясаты бүгінгі күні жас ұрпақтың қоғамдық өмірге әлеуметтік кірігуінің бірден-бір мүмкін боларлық тетігі болып табылады.
Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және егемен еліміздің перспективалық дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастар саясаты мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар интеллектуалды және рухани-саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтiк дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшiн қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту болып табылады[2]. Зерттеу жұмысының негізгі аспектісі ретінде жастардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық қамсыздандыру мәселесі алынды. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмей отырғандығын атап өтуге болады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады. Жұмыссыздық және рухани шектелу қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік және осы сияқты әлеуметтік құбылыстардың таралуы - олардың басты факторы болып отыр.
Жастардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы статистикалық көрсеткiштер қатарынан көрінеді және әрбір жас азаматтың қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Жастық шақ кезеңіне адам өмірінің басты әлеуметтік және демографиялық құбылыстары: жалпы орта білімді аяқтау, мамандық таңдау және кәсіби білім алу, еңбек жолының бастау алуы, отбасын құруы, балалы болуы енеді[3].
Жастық шақ - адамың балалық щақтан есейген шаққа өту кезеңі, оның жеке көзқарасының нақты калыптасу, өмірлік құндылығының және бағыт бағдарының қалыптасу кезеңі. Осы жастағы адамның тұрақты әлеуметтiк-экономикалық жағдайы өте маңызды. Дамыған елдердегі жастар ісі жөніндегі мемлекеттiк органдар жастарды дамыту, тәрбие жұмыстары әлеуметтiк аспектілеріне ерекше көңіл бөледі. Қазақстанда негізгі күш қоғамдық-саяси іс-шараларға, жас азаматтардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға жұмсалынады.
Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. ҚР-да 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша 14-пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 4 510 435 адамды, яғни жалпы халық санынан алғанда 27,4%-ды құрады. 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша, жастардың саны 3 872 566 адамды құрағандығын атап өту керек, яғни 10 жыл ішінде, жастардың абсолюттi санының өсуi 600 мың адамды құрады. Еркектердiң саны (еркектер - 2 256 228, әйелдер - 2 254 207) әйелдердiң санынан аздап қана асады. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша қалалық жастар - 55,1%, ауыл жастары - 44, 8% құрайды. Қазіргі таңда 18 жасқа дейінгі жастардың саны 4728543 (еліміздегі халық санының 29,5% ), 18-19 жас аралығында – 595906 (3,7%), 20-24 жаста - 1584654 (9,9%), 25-29 жаста – 1358846 (8,5%). Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы жастар санының көп шоғырланған өңірлер болып табылады [1].Республикалық және өңірлік деңгейде жастар саясатын іске асыруда соңғы үш жыл ішінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен бұл мақсаттарға 4,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын жастар ұйымдарын қаржыландыру көлемі үйлесімді кезеңде 1,4 млрд. теңгеге жетті. Жастар саясатын іске асыруына республикалық бюджеттен 2009 жылы 698,5 млн.теңге, 2010 жылы 717,8 млн.теңге (немесе 2009 жылға қарағанда 2,8% артық) бөлінді. Сонымен қатар, “Жасыл ел” бағдарламасын қаржыландыру 2010 жылы 308 млн.теңгені құрады [4].
ҚР қазіргі таңда жастардың көп бөлігі ауылшаруашылық(16,7%), сауда (14,3%), білім беру және денсаулық сақтау салаларында (12,3%) жұмыспен қамтылған. Жастар арасындағы жұмысыздық - 5,2% деңгейінде [1]. Дегенмен жастар арасында жұмыспен қамтуда өз-өздерін қамтамасыз ету мен арзан табыс көзі бар жұмыс көзіне тәуелділіктерін ескеруіміз қажет. Қазақстандық жастардың жеке кірісінің деңгейiне келер болсақ, мүлдем тұрақты кірісі жоқ жас азаматтардың үлесі-24,9%, табысы 15 мың теңге -16,4%, табысы 15-30 мың теңге-16,2%, табысы 30-60 мың теңге -21,4%, табысы 60-100 мың теңге -6,2%, 100 мың теңгеден жоғары тұрақты кірісі бар азаматтар -2,5 %[4]. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша 50%-дан астам жастардың дербес кірісі 30 000 теңгеден төмен. Ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш елеулі төмен. Бұл жастардың қажетті тәжірибесінің болмауы салдарынан тұрақты жұмыс пен жалақысы жоғары жұмыс табуының қиындығымен байланысты. Бұған қоса, жастардың бір бөлігі орта және жоғары оқу орындарында оқып жүргендіктен, тұрақты кірістері жоқ. Жастар дамушы әлеуметтік-демографиялық топ ретінде репродуктивті жаста бола отырып, сонымен бірге тұрғын үймен аз қамтылғандар қатарында. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенер болсақ, респонденттердің 21,7%-жекеменшік үйім бар, 18,3%-үйді жалға алудамын, 52,7%-ата-ана, туысқандарыммен тұрамын, 6,9%- жатақханада тұрамын, 0,3%-жауап беруге қиналамын деген жауаптарды көрсеткен [4]. Проценттік көрсеткіштерден көретініміздей жастардың басым көпшілігі жеке баспанамен қамтамасыз етілмегендіктен ата-ана, туысқандарымен тұрады. ҚР жастары арасында некеге тұрудың орта жасы ЕО мемлекетерімен (27,3 жас) шамалас, яғни 1999 жылы 25,9 жас болса, 2009 жылы 26,8 жасты құраған [1]. Бұл мәселені біріншіден, жастар арасындағы құндылықтардың батыстық сипатта өзгеруімен, екіншіден әлеуметтік-экономикалық себептермен түсіндіруге болады. Бүгінгі таңда жастардың еңбекпен қамтамасыз етілуі 93% жуықтап (60% жуығы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар), жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрағанымен кедей халықтың 26,9% 15-29 жас аралығындағы жастар құрайды[5]. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың (сотты болғандар) құрамы бойынша 14-29 жас аралығындағылардың үлес салмағы-45,4% құрайды [1].Осындай проблемалар қысқа және ұзақ мерзімде жастардың барлық санаттары келешекте өзіндік белсенді азаматтық санасын тәрбиелеуге, олардың қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене қатысуына бағытталған жастардың қоғамдық маңызды бастамаларын тиімді қызмет ететін мемлекеттік органдармен қорғау жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Жастардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайы – оның дамуының, маргинализациялаудың ең төменгі деңгейіне мәлімет, жастар ортасындағы қылмыстың төмендеуінің кепілі. Сонымен, бүгінгі таңда ҚР жастары үшін негізгі әлеуметтік-экономикалық проблемалар- тұрғын үй мен жұмыс табу.
Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеу жұмысының келесі аспектісі ретінде жастардың мемлекеттік, жергілікті маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуы мен қабылданған шешімдерді шешуге атсалысуы, жалпы қоғамдық-саяси белсенділігі мәселесі алынды. Жастар мемлекеттің проблемаларын өткір сезінетін және қабылдайтын топтардың бірі болып табылады, бұл фактыны елемеу немесе оны жеткілікті деңгейде зерделемеу жастардың саяси жоғары бағалауларды дұрыс түсінбеуіне әкеліп соқтырады. Ол өз кезегінде жастардың бүтіндей әлеуметтік топ және жеке алғанда индивид ретінде билік институттарының: биліктен, оның практикасынан, нақты бір тұлғалардан және мекемелерден, билікті көрсететін рәсімдерден жатсыну миханизмін тудырады және қоғамның көңіл-күйі мен саяси жүйеге сенім деңгейінің маңызды индикаторы болып табылады.
