- •Жастар әлеуметтануы пәнінің зерттеу пәні мен объектісі
- •Жастарды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үдерісінде отбасының рөлі
- •Жастар әлеуметтік демографиялық топ ретінде
- •Адамның мінез-құлқына оң немесе теріс (жағымсыз) әсерін тигізетін әлеуметтік факторлар
- •Жастарды зерттеудің негізгі қағидаттары
- •Жастардың осы заманғы әлеуметтік тұжырымдамалары мен зерттеу бағыттары
- •Батыс социологиясындағы жастар зерттеулері дамуының тарихы
- •Жастарды зерттеудің негізгі теориялық бағыттары
- •Жастардың әлеуметтенуінің осы заманғы үлгісі
- •Қазақстандық жастардың әлеуметтенуінің негізгі ерекшеліктері
- •Отбасы жастардың әлеуметтік бағдарлануындағы құндылық есебінде
- •«Әлеуметтену», «интериоризация», «тәрбие» ұғымдарына анықтама беріңіздер
- •Жастар әлеуметтануының даму тарихы
- •Жастар әлеуметтенуі әлеуметтік оқытып – үйрету үдерісі ретінде
- •Айзенштадт жастар туралы жастарды әлеуметтік зерделеудегі психикалық талдамалық тәсілдің ерекшеліктері
- •Жастарды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үдерісінде отбасының рөлі
- •Ф.Тенбургтің жастар туралы тұжырымдамасы
- •«Жастар», «жасөспірім шақ», «жастық шақ» ұғымдарына сиппаттама беріңіз
- •Жастардың әлеуметтенуінің топтың қалыптасу және даму үдеріс ретінде
- •Жастар әлеуметтенуінің негізгі кезеңдері
- •Ресей социологтарының еңбектеріндегі ұрпақ ұғымы-22 екеуі бірдей жауап.
- •Ұрпақтар жанжалының жаһандық теориялары
- •Жастар және мәдениет: теориялық бастаулары мен талдауы
- •Жастардың субмәдениеті: нысандары мен тұрпаттамаларының саналуандығы
- •Жастардың өмірлік мақсаттары мен құндылықты бағдарлары
- •Жастардың кәсіптік білім туралы құндылықты түсініктері
- •Мемлекеттің жастар жөнінідегі саясаты: негізгі бағыттар мен үрдістер
- •Еуропалық мемлекеттік жастар саясатының стратегиялары
- •Жастардың қоғамдағы әлеуметтік функциясы
- •«Патриотизм», «Азаматтық», «Отанды сүю» сияқты категорияларға жастардың қатынасы
- •Қазіргі заманғы жастардың өмірлік басымдықтары
- •Жастардың бейресми бірлестіктері
- •Жастар мәдениеті, контрмәдениеттің мәдениеттен айырмашылығы
- •Постфигуративті, конфигуративті және префигуративті мәдениеттер тұрғысынан қоғам тарихының түрлі кезеңдеріндегі ұрпақтар арасындағы өзара қатынастарды сипаттаңыз:
- •«Жастар саясатына» анықтама беріңіз
- •Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
- •Қазіргі жастардың кәсіби бағдарларынының ерекшеліктері
- •К. Кенистонның ұрпақтар тартысының тұжырымдамасына берген түсініктемесі
- •Неге ұзақ уақыт бойы жастар дербес әлеуметтік – демографиялық топ ретінде қаралмай келді? Өз ойыңызды айтыңыз
- •Жастардың аудиториясына арналған жарнамалық науқанға талдау жасаңыз ( таңдауыңыз бойынша – мәселен « пепси», « сникерс» және т.Б.).
- •Сіз адамның биологиялық және әлеуметтік екі табиғатына сәйкес келетін «жастар» ұғымының қосарлы қос өлшемі бар деген с.И.Левикованың пікіріне келісесіз бе?
- •«Жас болу оңай ма?» тақырыбына эссе жазыңыз (өз ойларыңызды жазыңыздар)
- •Сіз м. Мидтің: « Ұрпақтар арасындағы тартыстар ең алдымен жоғары сатылас икемділіктегі таптық қоғамдарға тән »деген пікірмен келісесіз бе?
- •«Жастар мәдениеті бұқара халықтың мәдениетінің бір түрі» деген тақырыпты талдаңыз
- •«Жастардың субмәдениеті: ойын ба немесе қарсылық па? » өз пікіріңізді айтыңыз
- •«Патриотизм жастардың құндылығы» тақырыбын мазмұндаңыз
- •Сіздің ше жас адамның өмірлік позицияларын не айқындайды?
- •Жастардың мамандық таңдауы қандай әлеуметтік құндылықтарды іске асырумен байланысты болады деп ойлайсыз?
- •Жастар саясатын қалыптастыруда бұұ- ның рөлі қандай?
- •Қазақстандағы жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметін сипаттаңыз
- •Мына сұрақты талқылаңыз: ұрпақтың құндылықты бағдарлары әрқашан бүкіл қоғамның құндылықты бағдарларына айналуы мүмкін бе?
- •К. Мангейм, бір ұрпақтың бойынан баламалы жайларды байқап, ұрпақ бірлігінің проблема болып табылатынын айтты. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?
- •Ағылшын ғалымы Стенли Холлдың «жастық шақ «алай – дұлей теңіз толқыны мен тегеурін», «дауыл мен түңіліс», кезеңі» деген пікіріне қатысты өз ойыңызды жазыңыз
- •Өзіңіздің отбасыңыз туралы айтып беріңіз. Сіздің әлеуметтену үдерісінде оның рөлі қандай?
«Жастардың субмәдениеті: ойын ба немесе қарсылық па? » өз пікіріңізді айтыңыз
Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар «жастар», «субмәдениет» түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен туып тұр. Жалпы, субмәдениет - жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсетудің, дамытудың бір жолы.
• Жастар субмәдениетінің өзіндік құндылықтары мен тәртіп нормаларын культқа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адамдар аса көп шоғырланған үлкен мегаполистерге тән феномен екендігін айта кеткен жөн. Мұны «жастарға арналған мәдениет» (кино, әртүрлі жаппай көңіл көтеру, бизнес, сән, телехикаяттар т.б.) пен жас адамдардың контрмәдениетімен (дәстүрлі нормаларға қарсы тұру секілді) шатастырмаған жөн.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі.
Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.
• Жастар субмәдениеті - жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүргеннен соң, әрі қарай өз мәнін жоятын дамудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы. Жастардың ресми емес қатынастары және олардың өздеріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке субмәдениеттің қалыптасуының себебіне айналады.
Жастар субмәдениеті - киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардан және айрықша әуестенулерден көрініс табатын үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылық.
Белгілі бір субмәдениеттің өкілі болып табылатын жастардың психологиялық ерекшеліктеріне келер болсақ, ол мына бір жайттардан көрініс табады: ата-аналары мен мектеп тарапынан болатын бақылаулардан босауға деген ұмтылыстан, эмоцияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ойларының тым мінсіздігінен, адамгершілік ұстанымдарының тұрақсыздығынан, жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан.
• Жастардың өмір сүру қалпы және тіршілік ұстанымы контрмәдениет шеңберінде болуы мүмкін емес сияқты. Айталық, хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттандыра алмаушылық мәселелері негізіндегі контрмәдениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пайда болды. Ал Батыс және Шығыс Еуропа елдеріндегі «тақыр басты» жастар қозғалысының пайда болуы, оның Ресейдегі қатыгездену және саясаттану тарихы - бұл да жастар субмәдениетінің емес, контрмәдениетінің көрінісі. Қазақстан - белгілі дәстүрлер мен жаңашылдықты өзіне жинақтаған ерекше мемлекет. Біздің жастар, бір жағынан, қоғамның инновациялық потенциалы болып табылады және білім алуда, жаңашылдықты қабылдауда, мамандығы бойынша өсіп-өркендеуде және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді. Бірақ сонымен қатар тәрбие мен құндылықтарды мұра ретінде қабылдаудағы дәстүрлерді де ұмытпайды. Дәл осы санадағы дәстүрлілік пен діл ерекшелігі жастардың ерекше субмәдениетінің қалыптасуын тежеп тұр.
• Негізі, жас адамдардың наным-сенім, өмір, бақыт, туыстарына деген махаббат, денсаулық, отбасы секілді құндылықтарға қарым-қатынастары оның рухани-адамшылық ішкі күйзелісі мен өмірлік мақсаттарын асыра бағалауымен байланысты.
Біріншіден, жастар субмәдениеті жас адамдардың өз қолдарымен жастар үшін құрылады. Одан барлық адам бірдей өтпейді және субмәдениет қазіргі әлеуметтік-мәдени ұстанымдарды жоюға емес, керісінше, жастарды сол қоғамның бөлшегі етуге негізделеді.
Субмәдениет - бұл қоғамның жай кедергі жасамауына болатын жастардың әлеуметтік белсенділігінің алаңы. Менің жоғарыда айтып кеткенімдей, контрмәдениетке қатысты әңгіме басқа. Міне, қоғамның мәдени аясын, өрісін және адамның өзін де осы бұзады (сөз әртүрлі діни ағымдар, жүйесіз топтар туралы). Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмірге бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғылыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұрғысынан саралап, дәуір психологиясын ескермей, мәселені сол заман адамдарының қандай көзқараспен танығандығын назардан тыс қалдырып жатамыз.
Бүгінде мектеп, университет және отбасы жастарға жай «бақылаушы» позициясын ұстанбаулары керек, керісінше, жеке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұмтылу позициясын қамтамасыз ету керек.
