Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жастар жауап.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187 Кб
Скачать
☆
  1. Батыс социологиясындағы жастар зерттеулері дамуының тарихы

Батыс социологиясындда 20 ғ шамамен 50 жылдарына қарай жастардың проблемалары жөнінде дербес теориялық тұжырымдамалар қалыптасты. 2 дүние жүзілік соғысқа дейін жазылған жастар социологиясы саласындағы санаулы теориялық еңбектердің қатарына К. Мангеймнің «ұрпақтар проблемасы» шығармасы жатады,оған қазіргі кездеде сілтеме жасайды. «Жастар» ұғымының өзі және оның түсініктемесі Г. Шельскийдің, Ф. Тенбургтың , Л. Розенмайрдың, Г. Кройцтың еңбектерінде жиі кездеседі.

«Жастар» ұғымын жүйеге келтіруге әреекеттенген К. Мангейм мына тұжырымға келді: « жастар өзінің табиғаты бойынша озық та, кертартпа да емес, жастар кез келген бастамаға дайын әлеует». Содан кейін «жыныстық жағынан жетілгенге дейін бала отбасында тұрады, әрі оның көз қарастары отбасының эмоциялық және интеллектуалды дәстүріне сәйкес қалыптасады». Отбасы бастапқы әлеуметтік құрылым ретінде қоғамның болашақ мүшесін «сомдай» бастайды, бірақ отбасындағы әлеуметтік рай жас адамның болашақта өмір сүруіне тура келетін « үлкен қоғамның» әлеуметтік райына барабар болуы өте сирек кездеседі.

Г. Шельский бірінші социологиялық тұжырымдамсын «скептик ұрпақ» еңбегінді ұсынды, оның негізгі ережелерін төмендегілер мен түйіндеуге болады:

1. Жастардың теориялық тұжырымдамасы мен оның дамуы әмбебаптыққа кінә қояды;

2. Жастардың ескірген психологиясын сыни талдау;

3. 1956ж жүргізілген жаңа зерттеулердің нәтижелерін жалпылауға және түсіндіруге әрекеттену, соның негізінде ГФР жастары «скептик ұрпақ» ретінде көрсетілді.

4. Шельскийдың пікірі бойынша жасөспірімдік шақ кезеңдер теориясында айтылған 18 немесе 20-22 жаста емес,мектепті бітірген кезде басталады да, шама мен 25 жаста аяқталады;

5 Жастар рөлдер теорияларының ықпалы мен қарастырылад, яғни «баланың әлеуметтік рөлінен ересектің әлеуметтік рөліне көшудегі өту сатысы ретінде».

6. Жастардың аралық жағдайы мен осы жағдайға байланысты мінез-құлықтың өзіндік нысандары, ең алдымен, мінез-құлықтың барынша құбылмалылығы, Шельскийдің пікірі бойынша, отбас мен қоғам арасындағы қарама-қайшылықтың салдары болып табылады, бұл қазіргі замандағы кез – келген қоғам үшін тән.

  1. Жастарды зерттеудің негізгі теориялық бағыттары

Жастармен әлеуметтік жұмысқа қатысты ғылыми білімді құрудағы әйгілі тоериялық тәсілдерге, олардың өздеріне әсер еткен аралас ғылымдарға қатысты жүргізілген талдаулар кем дегенде 3 топтағы тоериялардың бар екендігін көрсетеді.

1. Әлеуметтік жұмыстың психологиялық – бағдарлы теориясы;

2. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік бағдарлары тоериясы;

3. Психологиялық әлеуметтік (социологиялық) немесе жан-жақты, пән аралық бағдарлы әлеуметтік жұмыс теориясы.

Психологиялық бағдарлы теория- әлеуметтік жұмысты қазіргі заманғы қалпында теориялық пайымдау ретінде психодинамика Фрейдтен бастап оның ізін қуушылардың психоталдаулық зерттеулері негізінде қалыптасты. Олардың рөлі үшін аралас ғылыми пән ретінде әдістемелік тұрғыдан ықпал етумен шектеледі.

Алайда әлеуметтік жұмыстың психодинамикалық үлгісі негізінде ықпал етумен әзірлеме әлеуметтік жұмыстың нақты технологиясын негіздеудің ерекше үлгісінің пайда болуы мен дамуынна мүмкіндік береді. Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс жүйелер теориясын қолданудың дәстүрлі 2 түрі бар:

1. Жалпы жүйе теориясын пайдалану.

2. экологиялық жүйелер теориясын әзірлеу және пайдалану. Әлеуметтік жұмыс экологиялық теориясының басты түсінігі «өмір моделі» ұғымы болды.