Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жастар жауап.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187 Кб
Скачать
☆
  1. Айзенштадт жастар туралы жастарды әлеуметтік зерделеудегі психикалық талдамалық тәсілдің ерекшеліктері

Айзенштадт жастардың мәдениетіне анағұрлым толық талдау жасады. Жас адамдар сол арқылы өзгерістердің әлеуметтік тәжірибесінің орнын толтыра отырып, тұрақтылық сезіміне жетуге ұмтылады. Айзенштадт атап өткендей, жастар мәдениеті осындай ұмтылыстардың қайсыбір нәтижесі сиқты, өйткені ол айналада не болып жатсада, соларды ұстану қажет құндылықтардың, позициялар мен мінез-құлық нормаларының айқын жиынтығын қамтамасыз етеді.

Оның пікірінше, қазіргі заманғы қоғамда бала өсіп-өнген отбасы мен белгілі бір өз орнын табуға тиіс әлеуметтік жүйенің арасында үлкен айырмашылық бар. Сондықтанда жаңа құрылымдық позиция – жас адамның позициясы пайда болады. Осы тұрғыдан жастық шақ – өмірдің белгілі бір кезеңі ретінде қоғамдағы маңызды құрылымдық позиция болып табылады. Осыған сәйкес, Айзенштадт жастар мәдениетін ересектердің әлеуметтік жүйесінде жас адамдарды өздерінің мәртебелік позициясын иеленуге дайындау үдерісін реттейтін әлеуметтік институт ретінде қарайды.

Мәдениетке әлеуметтік меңгерілген мінез-құлық ретінде анықтама беру мәдениеттің әлеуметтендіруші рөлін күшейтеді және ол субмәдениеттердің мазмұнын зерттеуге қолданымдылығымен шектелместен, сонымен бірге олардың мәдени айыомашылықтары тұрғысынан да маңызды сияқты. Іс жүзінде мәдениет бір жағынан біріктіруші, екінші жағынан ажыратушы күш болып табылады. Адамдар әртүрлі және бір-бірінен өзгешеленетін әлеуметтік топтарда дүниеге келеді және өмір сүреді, осы топтарда олардың бастапқы әлеуметтенуі жүреді. Нақ осы әлеуметтік-мәдени орта, әлеуметтік сәйкестік қалыптастыратын нормалар мен құндылықтарды береді. Осыған қарай кез-келген стратификацияланған қоғамда түрлі мәдениеттің болуы, олардың баламасы мен таңдау мүмкіндігі құндылықтар, стильдер, өмірлік бағдарлар, бейәлеуметтік бедел мен мінез-құлық тартыстарының себебі болып табылады.

Ш. Айзенштадт салыстырмалы деректердің көмегі арқылы жас топтары мен ұрпақтар арасындағы өзара қатынастардың жалпы теориясын қоғамның әлеуметтік құрылымына байланыссыз жасады. Жас топтарының функционалды ерекшеліктерін пайдалана отырып, Ш.Айзенштадт қоғамның құрылымдық-функционалды бірлігін абсолюттейді. Бірақ ол жастардың кейбір топтарының қалыптасқан тәртіпті, әлеуметтік нормалар мен «құндылықтар жүйесін» қолдайтынын, ал басқаларының әлеуметтік наразылық жолына түсу арқылы оларды теріске шығаратынын түсіндірмейді.

Ш. Айзенштадтдың пікірі бойынша, жастар жас бойынша топ ретінде бір жағынан, отбасы мен басқада шағын ұйымдардың, екінші жағынан, қоғамдағы макросекторлардың арасындағы «дәнекерлік», «рөлдік» сала болып табылады. Оның айтуынша, қазіргі замандағы қоғамда бала туып-өскен отбасы мен ол белгілі бір жағдайға ие болуы тиіс әлеуметтік жүйенің арасында үлкен алшақтық бар. Сондықтан да жаңа құрылымдық ұстаным- жас адамның ұстанымы туындайды. Бұдан жастық шақ – өмірдің белгілі бір кезеңі ретінде қоғамдағы маңызды құрылымдық ұстанымға жатқызылады. Осы пікірге сәйкес, Айзенштадт жастардың мәдениетін ересектердің әлеуметтік жүйесінде өзінің мәртебелік ұстанымын иеленуге жастарды дайындау үдерісін реттейтін әлеуметтік институт ретінде қарайды.