Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
502 Кб
Скачать
☆

21. Шөлдер типтері, олардың жербетінде таралу заңдылықтары.

Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі.

Шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік шөлдерде Үстірт және Тұран ойпатының солтүстік жартысы, Бетпақдала үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жатады. Ал оңтүстік шөлдерге Үстірттің оңтүстігі мен Қызылқұмды қамтитын Тұран ойпатының оңтүстік жартысы жатады. Шөлдің оңтүстігінде жеңіл саздақтың үстіне қалыптасқан қоңыр топырақ тараған.

Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр. Олардың ең ірілеріне Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік. Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т.б.) жатқызуға болады. Мұндағы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болған. Кейін желдің әсерінен бұл құмдардан шағылдар, қырқалар, төбелер түзілген. Құмға су жақсы сіңеді және одан аз буланады. Әдетте, тек құмның беткі қабаты ғана құрғайды, ал оның астыңғы қабаттары әр уакытта ылғалды келеді. Сондықтан аз ғана тереңдікте ішуге жарайтын еспе суы болады. Көшпелі құмдарда топырақ жамылғысы жоқ дерлік.

Құмды шағылдар мен төбелерде астық тұқымдастардан бозға ұқсас селеу тараған. Мұның тамыры ұзын болады, ол құмды бекітеді. Бекіген құмдарда көктемде селеу, өлеңшөп, құмның боз жусаны, құм бетегесі, еркекшөп, құмның жабайы сұлысы, қоңырбас, құм түймедағы, құмаршық жақсы өседі. Жазда барлық шөп өсімдіктері қурап кетеді. Қазақстанның оңтүстігіндегі Сырдария аңғарында, Батыс Тянь-Шаньдағы Қаратау бөктеріндегі шөлдерде дермене жусаны сақталған. Ол Қазақстанда ғана өседі. Дермене жусанының ашылмаған жас гүлінен іш құртын (глист) түсіретін сантонин дәрісі жасалады.

Сазды шөлдер құмды шөлдердің арасында немесе соларға жапсарлас жатады. Ең ірі сазды шөл - Үстірт, Бетпақдала және Сырдария өзенінің оңтүстік жағалары. Үстірттің ойпаң жерлерін тұзды көлдер, cop, сортаң және тақыр алып жатыр. Олардың қалыптасуындағы басты рөлді жер бетіндегі ағын сулар аткарады. Үстірттің негізгі топырағы коңыр, көп жағдайда сортаң. Мұндағы негізгі өсімдік жусан, бұйырғын мен баялыш. Қара сексеуілдің қалың бұталары кездеседі. Кейбір ойпаң жерлерде селеу, Қоңырбас өседі. Бетпақдалада Үстірттегі сиякты, көктемде тез өсіп жетіліп, қурап қалатын эфемерлер өседі.

Тастақ немесе тасты шөлдер Қазақстанда онша көп емес. Мұндай шөлдер Сарыарканың оңтүстігінде, Бетпақдаланың шығысында және Үстіртте кездеседі. Тастақ шөл дердің өсімдігі құрамы жағынан көршілес жатқан шөлдің өсімдіктеріне ұқсас.

Шөлдену, шөлге айналу - шөл аумағының төңірегіндегі жерлер есебінен кеңеюі. Табиғи және антропогендік факторлар әсерінен болады. Табиғи факторларға құрғақшылыққа апарып соғатын климат пен су ағынының циклдік өзгеруі, ал антропогендік факторларға шөлмен көршілес аймақтағы ағаш өсімдіктерінің азаюы (құрылысқа, отынға және т.б. пайдалану) мен шөптесін өсімдіктердің жойылуы (шамадан тыс мал жаю) жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]