- •Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері
- •Жербедер пішіндері, олардың морфометриялық сипаттамасы
- •Жербедері жасын анықтау әдістері
- •Эндогенді және экзогендік процестердің өзара байланыстары және олардың жербедерінде көрінісі
- •Орта мұхиттық жоталар, олардың құрылысы, карта бетінде бейнеленуі
- •Бедертүзілуіндегі экзогенді процестер туралы жалпы сипаттама.
- •Топографиялық карталарда гравитациялық бедер пішіндерін бейнелеу және оның маңызы.
- •-9Флювиалдық морфомүсін, оның таралуы, негізгі пішіндері
- •11 Өзен аңғарларының тектоникалық типтері
- •12 Лесс, оның таралуы және қалыптасуы
- •10. Өзен аңғарларының морфологиялық типтері, олардың топографиялық карталарда бейнелеу ерекшеліктері
- •13 Карстылы бедердің қалыптасуындағы қолайлы жағдайлар
- •16. Термокарст, оның мәні және таралуы
- •Условия развития термокарста
- •19 Көпжылдық тоңның пайда болу уақыты мен себептері
- •20. Дефлюкция және солифлюкция, олардың себептері және таралуы Дефлюкционные склоны
- •21. Шөлдер типтері, олардың жербетінде таралу заңдылықтары.
- •22. Дефляция және корразия, олардың әрекеттілік нәтижелері.
- •23. Бархандар мен дюналар, олардың қалыптасуы және таралуы.
- •24. Жазықтар типтері, олардың таралу заңдылықтары.
- •25. Таулар, олардың типтері және таралу заңдылықтары.
- •26. Деструкция мен денудация процестері, олардың нәтижелері.
- •27. Морфоқұрылымдық ілім, оның қалыптасуы.
- •28. Тегістелі беттері. У. Дэвис және в. Пенктің ілімдері.
- •29. Мұхит жер қыртысынң морфоқұрылымдары. Материктердің су асты шеткейі.
- •30. Мұхит жер қыртысынң морфоқұрылымдары. Өтпелі зона, оның типтері.
- •31. Мүхит түбі морфоқұрылымдары. Мүхит түбі, оның құрылысы
- •32. Карсталық процестер және бедер пішіндері.
- •33. Минералдар мен тау жыныстардың жаратылысы және классификациясы
- •1.Магматикалық тау жыныстары.
- •2.Метаморфиялық тау жыныстары
- •3. Шөгінді шыныстар
- •35. Қар мен мұздың бедержаралу әрекеті
- •36. Фациялар мен формациялар тұралы ұғымдар. Олардың палеогеографиялық зерттеулердегі маңызы.
- •37. Рифтер, авлакогендер тұралы ұғымдар. Орта мұхит жоталары, олардың құрылысы және дамуы.
- •38. Мұздықтар, олардың қалыптасуы және қоректенуі
- •39. Қазіргі мұздықтардың типтері.
- •40. Мұздықтардың бедертүзу әрекеті және онымен байланыст ы бедер пішіндері.
- •41. Флювиогляциалдық үрдістер және олармен байланысты бедер пішіндері.
- •42. Экзогенді үрдістер тұралы жалпы мәліметтер, өзенаралық ассиметрия, оның себептері.
- •43. Геоморфологиядағы негізгі терминдер мен анықтамалар.
- •44. Төрттік мұздану, оның себептері, орталықтары, таралуы және бедертүзу нәтижелері. Карта бетінде белгіленуі
- •Мұзбасу орталықтары
- •Мұзбасу сатысы
- •45. Жер бедерін классификациялау негізіндегі белгілер. Морфологиялық (морфографиялық, морфометриялық) классификациялауы.
- •46. Үгілу прроцестері, олармен қалыптасқан бедер пішіндері.
- •47. Криогенді процестер және бедер пішіндері. Оларды картографиялау белгілері және маңызы
- •49. Дефлюкция және солифлюкция, олардың бедертүзу әрекеті.
- •50. Бедертүзу процестердің жұмысы. Морфоқұрылымдық ілім, оның негізі және маңызы.
- •57.Уақытша ағынды сулар әрекеті, олардың бедерде көрінісі және картада бейнеленуі
- •58Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).
- •59 Жер қабығының құрылымдық элементтері. Қайта жаңарған платформалар немесе эпиплатформалық таулар (орогендер), олардың қалыптасуы және құрылысы.
- •60. 7.Қазіргі борпылдақ шөгінділер типтері, олардың таралуы және карта бетінде бейнеленуі. Антропогендік бедертүзулуі.
- •61. Антропогенді процестер және бедер пішіндері. Олардың белгілері.
- •62. Жерсілкіністер мен цунамилер, олардың бедержаралу маңызы.
- •63. Меандрлеу процесі, меандрдың құрылысы.
- •64. Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.
- •66.Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).
- •67.Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.
- •68.Ағынды сулар әрекетінің нәтижесі, оның картографиялық маңызы.
- •69.Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық типтері. Олардың карта бетінде анықталуы.
- •70.Жербедері картографиялауында қолданылатын негізгі материалдар
- •71.Карта бетінде бедерді бейнелеудің ғылыми және практикалық маңызы.
- •72.Ағынды сулар әрекетінің нәтижесі, оның картографиялық маңызы.
- •73.Геоморфологиялық карта, оның типтерi және мазмұны
- •74.Геоморфологиялық карта, оның типтері. Аналитикалық және синтетикалық геоморфологиялық карталар, оларды бейнелеу негізгі әдістері
- •75. Геоморфология ғылымы оның геология жане географиямен байланыстары.
- •77.Эрозия бащисі, оның өзгеру себептері
- •78.Космогенді жер бедері, оның қалыптасуы жане көрінісі
- •79. Жер бедері зерттелуіндегі негізгі бағыттар.
- •80.Геоморфологиялық карталардың жасалуында қолданылатын негізге тәсілдер
- •81.Жербедері картографиялауында қолданылатын негізгі материалдар
- •1. Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері
74.Геоморфологиялық карта, оның типтері. Аналитикалық және синтетикалық геоморфологиялық карталар, оларды бейнелеу негізгі әдістері
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА - топографиялық негізде белгілі бір масштабта бедер құрылысын бейнелейтін карта: бедердің пішінінен - морфографиясынан, генезисінен және жасынан тұрады. Кейбір жағдайларда Геоморфологиялық картада таужыныстарды, сондай-ақ террасаларды, жолақтарды, жазықтарды және т.б. құрайтын төрттік түзілімдерді де көрсетеді. Геоморфологиялық картада бедер пішіндері, олардың әр түрлі ерекшеліктері шартты белгілер кешені арқылы көрсетіледі. Қойылған мәселелерге байланысты әр түрлі болады: жалпы геоморфологиялық карталар (шолулық — масштабы <1:1 ООО ООО түсірулік - > 1:1 00 ООО) - негізгі элементтері: бедердің генезисі, морфографиясы және жасы; арнайы геоморфологиялық карталар — негізгі элементтері: морфологиялық, болжаулық, дефляцияның қарқындылығы, жылжымалардың дамуы, жыралар, топырақ эрозиясы, карст, морфоқұрылымдық, палеогеографиялық, қазіргі геоморфологиялық процестер, бедер энергиясы және т.б. Бұл аталғандардың барлығы типологиялық карталарға жатады. Сонымен қатар геоморфологиялық аудандау карталары жасалады.
Геоморфологиялық карталар - морфометриялық және морфологиялық белгілері, пайда болуы, жасы және серпіні (динамикасы) бойынша Жер бетінің (құрлықтың және мұхит түбінің) бедерін сипаттайтын карталар. Геоморфологиялық карталарды жалпы, жеке, арнаулы деп бөледі. Геоморфологиялық карталар жер бедерінің қазіргі пішінінің және геоморфологиялық процестердің карталары, геоморфологиялық аудандау; жер бедері дамуының өткен кезеңдерін көрсететін; Жер бедері мен геоморфологиялық процестердің келешекте дамуы бейнеленген болжау карталары болып бөлінеді.
Мазмұны бойынша геоморфологиялық карта түрлері:
1. Арнайы геоморфологиялық карта - жалпылауға кірмеген жеке көрсеткіштер бойынша жасалады. Мысалы: морфографиялық, морфометриялық, генетикалық, қазіргі бедер түзуші процестерге байланысты көрсеткіштер негізінде сәйкес геоморфологиялық карта салынады.
2. Жалпы геоморфологиялық карта – маңызды көрсеткіштер жиынтығы бойынша, морфологиясы, генезисі және бедер жасы бойынша жасалады. Жалпы геоморфологиялық карталар аналитикалық және синтетикалық түрлерге бөлінеді.
Аналитикалық картада бедердің сипаты (генезисі, морфологиясы, жасы) бірнеше шартты белгілер жиынтығын пайдаланып көрсетіледі. Мысалы: түсі, реңі, штрихтеу, индекстер, изосызықтар қолданылады.
Синтетикалық картада:
а) Бедер морфологиясының ерекшеліктерін – горизонтальдарымен көрсеткен дұрыс, ал жар, жыра, кертпештер, карст воронкасы тағы басқаларын қосымша шарт белгілерімен көрсетіледі.
б) Бедер генезисі – бояу реңдерімен көрсетіледі.
в) Бедер жасы – түс реңдерінің қанықтылығын пайдаланып көрсеткен дұрыс және генезисін мен жасын білдіретін индекстерді қолдану дұрыс.
Синтетикалық картада – морфологиялық кешендер (бедер типтері) сыртқы кейпі, геологиялық құрылымы, жаралуы мен дамуы ортақ болуымен біріккен пішіндердің табиғи топтамасы болып бөлінеді. Ірі, орта масштабты карталарда түсті белгілермен жанартаулық жарылымдар мен бедер пішіндердің экзогенезисі, олардың морфологиялық байланысы, ал түс реңі қанықтығымен – морфометриялық көрсеткіштер (абс. және салыстырмалы биіктігі) беріледі. Мысалы: Аккумуляциялық ойпат жазықтары – сары-қоңыр таулар – қоңыр және қызыл реңдеме боялынады.
