Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
502 Кб
Скачать
☆

66.Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).

Бедер- көрінісі, мөлшері, пайда болуы, жасы және даму тарихы жағынан әр түрлі жер беті пішіндерінің жиынтығы. Қыраттарды түзетін оң пішіндерді және ойпандардан тұратын теріс пішіндерді құрайды. Масштабына карай мынадай топтарға бөледі: планеталық (материктер мен мұхит шарасы), мегапішіндер (таулы жүйелер, жазық өңірлер), макропішіндер (тау жоталары, тауаралық ойпаңдар), мезопішіндер (төбелер, өзен аңғарлары, сайлар), микропішіндер (эрозиялық жырмалар, карст шұңқырлары), нанопішіндер (шалғындық томарлар, кеміргіштердің індері, жел иірімдері). 

жер бетінің ойлы-қырлы, яғни оң және теріс бедер кескіндері. Өлшемі(мегабедер, макробедер, мезобедер, микробедер, нанобедер); пайда болуы (тектоникалық, жанартаулық, сулық-эрозиялық, мұздықтық, карстық, эолдық және тағы да басқалары, сонымен катар әр түрлі процестермен түзілген полигенетикалық бедер пішіндері) және басқа белгілері бойынша ажыратылады. Бедер пішіндері, әдетте, өзара үйлесіп, Жердің бедер жиынтығын құрайтын бедердің типтеріне жіктеледі.

Мегабедер - жер беті бедерлерінің ең ірі элементтері - материк көтерілімдері, мұхит ойпаңдары, таулы және жазық атыраптар, бедерде айқын көрінетін ұлы планеталық жарылымдар. Мегабедердің пішіндері эндогеңдік және экзогендік сипаттағы барлық басқа күштер мен жалпы планеталық күштердің өзара әрекетінен туындайды

Мезобедер — биіктігі бірнеше метрден артық ауытқымайтын (кіші өзен аңғарлары, сайлар, жоталардың қосалқы сілемдері, мореналық төбелер, жағалық шағылдар, лайлы жанартаулар және т.б.), көлемі бойынша макробедер мен микробедер пішіндерінің арасындағы бедердің орта пішіні. Көбінесе экзогендік процестердің (аккумуляция, эрозия, дефляция және т.б.) әсерінен пайда болады

Микробедер — мөлшері, әдетте, бірнеше метрден аспайтын бедердің ұсақ пішіндері. Көбінесе экзогендік процестерден пайда болады. Бедердің ірі пішіндерінің бөліктері іспеттес болып келеді (мыс. , дала көлдеулері, арна маңы белестері, полигональдық түзілімдер); кейде антропогендік іс-қимылдардың нәтижесінде пайда болады. "Микробедер " ұғымына нанобедердің барлық пішіндері енеді.

Нанобедер, аласа бедер (гр. nanos — ергежейлі) — экзогендік бедер түзуші (суффозиялық-карсттық, термокарсттық, эрозиялық, эолдық және т.б.) және топырақ түзуші процестердің нәтижесінде, сондай-ақ бедерге жер қазғыш жануарлардың әрекеттері мен антропогендік әсер салдарынан (құрылыс, жер жырту және т.б.) пайда болатын бедер (биіктігі ондаған сантиметрге ғана жететін) пішіні.

67.Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.

Жайылма (Пойма) - шабындықты терраса, өзен аңғарының едәуір тегіс келген, қазіргі заман шөгінділері жапқан, тасқын немесе су тасу кезінде оқтын-оқтын су басатын бөлігі.

Өзен арнасының пландағы өзгерістері барысында су ағыны тасымалдайтын тасындылардың шөгуі нәтижесінде қалыптасады. Жайылмалар — екі жақты (өзен арнасының екі жағасында орналасқан), бір жақты (ағын арнасы аңғардың бір беткейіне жабыса орналасқан) және ағынның бірде оң, бірде сол жағына ауысып отыратын жайылма болып сараланады.

Жайылма арналық, орталық және қабақтық болып үшке бөлінеді:

· Арналық жайылма — ең биік және бөлшектенген бөлік, ол өзен суы деңгейінен бірнеше метр биік және арнаға жақын орналасады;

· Орталық жайылма — арналықтан едәуір төмен орналасады да, ортасы жазық болып келеді;

· Қабақтың жайылмасы ең аласа бөлік, ол аңғар беткейінің етегінде немесе көп жағдайларда екінші қабақтың бұлтығының етегінде батпақты сай тәріздес болып орналасады.

Жайылма типтері және олардың ерекшеліктері

Атыраулардың қалыптасуы ағынның теңізге құяр алдында жан-жаққа тілімденуімен байланысты, ол су тасығанда байқалады. Олар лайлы шөгінділердің көптігімен және енділігімен, сонымен қатар арналармен тармақталған көптеген массивтер мен аралдарға бөлінумен ерекшеленеді. Атыраудың барлық бөлігі үшін арна маңы жалдарының анық көрінуі тән, әдетте олар батпақты болып келеді. Өзен шығанаққа құйғанда оны тасындыларымен толықтырады. Егер теңізде тасындылардың жинақталуына кедергі жасайтын, ағыстар өтсе, атырау шеті жағалаудың басты сызығы ретінде бола алмайды.

Тасындыоһлары мол, көптеген өзендерде аңғарлардың кеңейген жерлерінде ішкі атыраулар қалыптасады. Шөлдік аймақтарда алабына жетпей қалатын өзендерде құрғақ атыраулар пайда болады. Олар уақытша ағындардағы ысырынды конустарға ұқсас келеді.

Теңіздерге биік лықсулармен құятын, өзен сағаларында жиі атыраулар жоқ болады. Лықсу кезінде теңізге қарай арнадағы ағыс тоқталады, өзен тартылады, ал қайту уақытында тасындыларды теңізге тез алып кетеді, олар жағалаудан алыс теңіз түбінде шөгеді. Мұндай өзеннің шайылған және кеңейген сағалары эстуарийлер деп аталады (орыс жағалауларында – губалар).

Жайылмаүсті террасаларында — жайылмалық микрорельеф сақталады, бірақ су баспайды. Олар аңғар түбі мен беткейлерінде кертпештер түрінде орналасады.

Жайылмаүсті терресаларының қалыптасу себептері әртүрлі. Солардың бірі – аңғардың кеңею үрдісінде жайылма да кеңейеді, және сулар лықсулар кезінде өте жұқа қабаттарға бөлінеді. Жайылма кеңейгенде жайылмалық аллювий есебінен оның биіктігі де өседі. Бұл үрдістер жайылманың жоғарғы учаскелерінде орта су тасқынының суларымен толмауына жағдай жасайды, ол өте жоғары тасқындарда ғана толатын, жоғарғы жайылмаға айналады. Аңғардың ары қарай кеңеюінде және жоғарғы жайылманы толтыратын су тасқынының деңгейі төмендегенде, ол жайылмаүсті террасасына ауысады.

Жайылманың жайылмаүсті террасаға ауысуының тағы да бір себебі – тереңдік эрозия мен арнаның тереңделуі күшейгенде, су тасқыны арна бойымен жүріп, жайылманы толтырмайды. Өзен одан төмен деңгейде жаңа жайылманы жасай бастайды, ескі жайылма жайылмаүсті террасаға айналады.

Басты немесе жергілікті – эрозия базисінің төменделуі, тереңдік эрозияның күшеюінің басты себептері болып табылады.

Терраса типтері (аллювийлік, тұғырлық, түбірлік, циклдік, құрылымдық және т.б.) және олардың түзілуі. Терресаларды зерттегенде оларды төмменнен – ең жасынан санау қабылданған (мысалы бірінші жайылмаүсті, екінші жайылмаүсті және т.б.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]