Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
502 Кб
Скачать
☆

50. Бедертүзу процестердің жұмысы. Морфоқұрылымдық ілім, оның негізі және маңызы.

Морфоқұрылым  – эндогендік (жердің ішкі), экзогендік(сыртқы) күштердің ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болған жер бедерінің ірі элементтері және теңіздер мен мұхиттардың түбі. Мұнда эндогендік процестер (жанартау атқылау, жер сілкіну т.б.) жетекші рөл атқарады. Морфоқұрылымдар өздерінің морфологиялық құрылысының ерекшелігімен және жер қыртысының жеке бөліктерінің геология тарихының өзгешеліктерімен сипатталады. Екінші реттік Морфоқұрылымдарға жеке қырат, тау жотасы, ойыс, т.б. жатады. “Морфоқұрылым” терминін геоморфологияға  алғаш рет 1946 жылы И.П. Герасимов енгізген.

Тегістелу беттері – жер бетінің тегістеліп, бірдейленген бедерлі көтеріңкі телімдерінің жалпы атауы.  Платформалық және қатпарлы аймақтарда тектоникалық әрекеттің бәсеңдеуі және ұзақ уақыт бойы экзогендік (денудациялық және денудациялық-аккумуляциялық) процестердің эндогендік процестерден басым болуы кездерінде алғашқы тілімденген  бедердің  тегістелуі  нәтижесінде  қалыптасады. Т.б. Тянь-Шань, Саян және т.б. таулы атыраптарда дамыған.

56. Геологилық процесстердің екі үлкен тобы бар. Олар эндогенді және экзогенді үрдістер. Жер қабатының тігінен жылжуы (эндогенді процестер) жер қабатында таулы өлкелермен ойпаттарды, қазаншүнқырларды туғызады, ауа райы экзогенді процестерге әсер етеді, олар сол жер бетің тегістеуге тырмысады.

Эндогенді процестер жас тектоникалық процестер құрған жер бедерін құрады. Оған жер қабаттарының баяу тектоникалық құбылыстары, жер сілкіну, вулкандардың атқылауы, вулкан тәріздес жалған құбылыстар жатады.

Экзогенді процестер жер бедерін жер бетіндегі сулардың әсерінен, гравитация күшімен қар мен мұз әсерінен, еріген мұз суларымен, теңізді, көлді және жер астындағы сулардың, мәңгі мұзаттардың, жел, жануарлар, өсімдіктердің адамның әсерінен құрылады . Экзогенді процестерге және топырақ эрозиясына мыналар жатады: топыраты4 мүжілуі, дефляция, көшінді топырақтардың бір жерден екінші жерге жылжуы және жиналуы, карст, суффозия, жоғарыдан төмен қарай топырақ жылжуы, құбылыстар, солифлюкция, термокарст, экзарация, нивация, лавиналар, курумдар, абразия, су толысуы, су тасқыны, топырақтың көп мөлшерде сулануы және батпақтануы, топырақ тұздануы

Экзогендік үрдістерге үгілу, жер беті мен жер асты суларының іс-әрекеттері, теңіз, мұздық, организмдер (жануарлар мен өсімдіктер), адам қоғамының іс-әректтері және т.б. жатады. Бұл процестер энергиясының басты көзі - Күн

Экзогенді үрдістердің негізгі бағыты – эндогенді процестермен қалыптасқан бедердің оң пішіндерін бұзу, теріс пішіндерді тасындылармен толтыру.

Бұл жұмыс тау жыныстарының бұзылысымен, олардың түзілімдері мен бұзылыс өнімдерін тасымалдау мен ұстап алу жолымен іске асады. Сыртқы агенттердің бедерді өңдеу қарқындылығы тау жыныстардың беріктілігі мен экзогенді процестердің энергиясына тәуелді.

Тау жыныстардың беріктілігі минералдардың химиялық құрамы мен физикалық қасиетіне тәуелді. Химиялық құраммен - химиялық үгілуге қарсы тау жыныстардың беріктілігі, ерігіштігі, ал физикалық қасиетпен (қаттылығы, жіктілік, жарықшақтылығы) тау жынысының температуралық әсер мен жарықшақтарда су қатуынан болатын бұзылыстарға қарсылығы және т.б. анықталады.

Бедертүзуші агенттің әсер ету энергиясы климатпен, бедермен және сол агенттің басқа геологиялық үрдістермен өзара әсерлесуінен жасалатын, көптеген себептерге тәуелді.

Эндогенді және экзогенді күштердің өзара әрекеттесуін ескеру қажет, өйткені ішкі күшердің әсеріннен жасалынған бедер контрастылығы жоғары аумақтарда бұзылыстар қарқынды жүреді, және баяу қозғалысты жерлерде аз дамиды.

Эндогендік  фактор  ішкі  күштерінің  нәтижесінде  қалыптасқан рельеф  түрлерін  атаймыз.Жер  қыртысындағы  заттардың тез  ысып немесе тез  суынуы нәтижесінде  жер  қыртысымен  литосфераның  бір  жерден  екінші  жерге  қозғалуына  алып  келеді.Бұл  құбылысты –тектоникалық   қозғалыстар  деп.  аталады.Осы  құбылыс  нәтижесінде  тау  жыныстарынң  мүжіліп-үгілуіне  алып  келіп,соның  салдарынан ыжердің  рельеф  пішіндері  қалыптасады.

Экзогендік   рельеф  қалыптастырыушы  фактор.Экзогендік фактор  әрќашан эндогендік  факторлармен тыѓыз  байланыста  болады.эндогендік  процестер  ќалыптастырушы немесе ќұраушы фактор  болып табылады.Экзогендік процестерге-ауырлыќ  күші жатады.Ауырлыќ  күші  денудация  процесін  тудырады,ал ол  жою  күшіне  ие,сондай-аќ аккумуляциялыќ  процестерді  де  туындатады, ол  өз  кезењінде жер  бедеріне әсері- жер  бедерін  төмендетіп  немесе тереңдетіп  жіберуінде.

Экзогендік фактор –Жердің морфомүсіндік  пішінін  туындатушы  негізгі  фактор  болып  табылады.Морфомүсіндік  ењ  негізгі  ќалыптастырушы- жел болып  табылады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]