Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
502 Кб
Скачать
☆

16. Термокарст, оның мәні және таралуы

Шұңқыр (геоморфологияда) — 1) тегістелген беттегі конус тәрізді әр түрлі генезисті ойық: а) карст; ө) термокарст; б) опырылым, үңгірлер мен шахталардың жабыны опырылуы салдарынан және лавалардағы қуыстарда пайда болады; в) суффозиялық; г) эворзиялық шүңқырлар; 2) Беткейлердегі жартылай конус пішінді ойықтар: а) су жиналу; ә) жұлынды, беткейден опырылым немесе сырғыма түрінде бөлініп қалған тау жынысы орнындағы шұңқырлар. Термока́рст (от др.-греч. θέρμη — тепло и нем. Karst — карст) — процесс неравномерного проседания почв и подстилающих горных пород вследствие вытаивания подземного льда; просадки земной поверхности, образующиеся при протаивании льдистых мёрзлых пород и вытаивании подземного льда. В результате образуются воронки, провалы, аласы, золль, внешне напоминающие карстовые формы рельефа. Преимущественно распространён в области развития многолетнемёрзлых горных пород. Термин введён в обращение М. М. Ермолаевым.

Условия развития термокарста

Необходимым условием развития термокарста является наличие подземных льдов в виде мономинеральных залежей или текстурообразующего льда в рыхлых отложениях. Достаточным условием для начала развития термокарста или причиной возникновения термокарста служит такое изменение теплообмена на поверхности почвы, при котором либо глубина сезонного оттаивания начинает превышать глубину залегания подземного льда или сильнольдистых многолетнемёрзлых пород, либо происходит смена знака среднегодовой температуры и начинается многолетнее оттаивание мёрзлых толщ. Формы термокарстового рельефа[]

Формы термокарстового рельефа и микрорельефа зависят от того, какие типы льдов и льдистых пород подвергаются оттаиванию, а также от особенностей распространения льда в мёрзлых породах, форм их локализации и т. д. В Западной Сибири, где термокарст развивается главным образом на участках, содержащих пластовые залежи подземных льдов, термокарстовые котловины называются хасыреями. В Якутии такие котловины, образовавшиеся при вытаивании пород «ледового комплекса» с повторно-жильными льдами, носят название аласов. Если вытаивание жил происходит при хорошем оттоке воды, а блоки пород, вмещающие жилы льда, сложены малольдистыми достаточно прочными породами, то формируются останцы пород — байджерахи.

17. Қазіргі мұздану, оның таралуы және қалыптасу себептері.

Хионосфера қабаты қандай қабат?

1.Мұздың әрекетінен қалыптасатын түрлі геоморфологиялық процестерді гляциальды деп атайды, ал қардың әрекетіне байланысты процесті нивальды деп атайды. Осы процесс үшін басты жағдай мұздану процесі. Мұздық ұзақ уақыт жинақталу нәтижесінде пайда болады және хионосфера қабатында орналасады. Хионосфера – (грек тілінен chion –қар, cphaira –шар) атмосфераның бір қабаты, мұнда қар түріндегі жауын-шашын басым болып, үнемі қар мен мұз сақталады. Хионосфераның құрлықпен қилысқан жері – қар сызығын қалыптастырады. Қар сызығы экватордан полюстерге қарай өзгереді.Мысалы: экваторда Килиманджаро тауында –5500м, тропиктік белдеудегі қар сызығының төменгі шекарасы 6700м, Франц-Иосиф жері аралдарында –50м, полюстерде – теңіз деңгейімен бірдей.

Хионосфераның жоғарғы шекарасы 8-10 км-ден аспайды. Табиғи мұздардың екі типі бар:1. су мұзы – мұхит пен құрлық суы қатқанда пайда болады; 2. қар мұзы – қардың метаморфоз процесіне ұшырау әсерінен пайда болады. Қар бірнеше рет еріп, қайта қатуы нәтижесінде қиыршық қарға айналады. Оны фирн деп атайды. Осыдан әрі қарай мұз бөлшектері бір-біріне жабысып глетчерге айналады немесе оны құрлық мұздығы деп те атайды. Мұздық деп – атмосфералық жауын-шашыннан пайда болған мұз жиынтығын айтады. Мұздықтарды 2 негізгі типке бөледі:таулық және жабын. Таулық мұздықтар – тау бөктерінде, шыңдарында тараған. Таулық мұздықтардың қозғалысы ауырлық күшіне байланысты жоғарыдан төмен қарай баураймен жылжиды. Жабын мұздықтар – біонеше млн. км² ауданды алып жатады. Жабын мұздығының орталық бөлігі қалың болып келеді. Жабын мұздығының жалғасы ретінде ығып жүрген шельф мұздықтарын жатқызуға болады. Мысалы:Антарктида. Қазіргі кездегі мұздықтардың барлық типі 16млн.км² ауданды немесе құрлық бетінің 11% алады.

2. Мұздың қиратушы әрекеті жасаған рельеф формаларына кар, карлинг, қой маңдай тастар, бұйра тастар, трогтар, цирктер жатады. Кар – тау баурайларында кресло тәрізді аязды жел үрлеу нәтижесінде қалыптасатын рельеф формасы. Кардың қалыптасуы баурайда қардың жинақталып, кейін фирнге айналуынан болады. Кардың интенсивтілігі тау жынысының литологиялық құрамына байланысты. Карлар бір-бірімен жақын орналасып, біртіндеп кейін қосылады. Оларды фирн немесе кар даласы деп атайды. Кар даласында үгілмей қалған ұшты пирамидалы шыңдар пайда болады, оларды карлинг деп атайды. Мұздық әсерінен кристальды жыныстардан тұратын тау жынысы формасын өзгерткен түрге айналады. Оны қой маңдай тастар деп атайды. Мұндай баурайдың мұздыққа қараған жағы жайпақ, қажалған, керісінше қарам-қарсы жағы тік, бұдыр болып келеді. Қой маңдай тас ұзындығы бірнеше метрден бірнеше жүздеген метрге дейін, биіктігі 5 метрге жетеді.

Қар мен мұздың қиратушы әрекетіне қосымша судың қатысуымен жүретін рельеф формасының күрделі түрін түзетін астау тәрізді мұздық аңғар - трог (неміс сөзі астау мағынасын береді) қалыптасады. Мұздық жоқ кезінде трогпен өзендер ағады. Трог өзіндік көлденең қима құрлысына ие. Трог – көлденең қимасында формасы астау тәріздес болып келетін тік беткейлі, ойыс түпті аңғар.

18. Қазақстан тау мұздықтары, олармен қалыптасқан бедер пішіндері.

Қазақстан аумағындағы мұздықтар — жер суару мен гидроэнергетиканың басты көзі. Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогын құрастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы - Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы - 2033,3 км². Бұл мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3. Ол - Қазақстан жерінде жиналатын өзен ағындарының жылдық мөлшерінен екі есе артық тұщы су қоры. Мұздықтардың географиялық таралуының жалпы жағдайы, олардың режімі мен мұзбасудың эволюциясы, су қоры жөніндегі зерттеулер кеңінен дамуда. Қазақстан мұздықтары жөнінде XX ғасырдың 20—30 жылдарында мол жиналған нақты материал іле және Жоңғар Алатауының қазіргі, көне мұзбасулары жөнінде жалпы түсінік берді, гляциологияның кейбір теориялык негіздерін жоне алғашқы ірі ғылыми қорытындылар жасауға мүмкіндік туғызды. Аса ірі мұздықтардың, өзендердің мүзбасу аңғарларының карталары жаса- лып, олардың үзындығы мен ауданының параметрлеріне баға берілді. Мұзбасудың орографияға, биіктікке, жоталардың орналасуына, климаттық жағдайларға байланыстылығы анықталды. Мұздықтардың қазіргі режімі зерттелді. Өзендерді қоректендірудегі мұздықтардың алатын орны айқындалды. Мұздықтардан қоректенетін ағындарды есептеудің теңдеулері ұсынылды. Жауын-шашын мен қар жамылғысы таралуының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары анықталды.

Қазақстан мұздықтарының ерекшелігі

Қазақстан мұздықтары әдетте шағын болып келеді, Ұзындығы 1-2 км-ден 3-4 км-ге дейін, аудандары да сол шамалы. Мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталады. Қазақстандағы ең үлкен мұздық Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы, ұзындығы 14,4 ауданы 36,8 км², мұздың қалыңдығы шамамен 300 м-дей. Аңғарлық мұздықтардың қалыңдығы 50-100 м, ал тау беткейлерінің мұздықтары 10-30 м. Үлкен мұздықтар республиканың ірі өзендерінің басталатын жерлерінде орналасқан. Сондықтан мұздықтардың суы тау өзендерінің қоректену көзі. Тау өзендерінің басталар жерінде суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегі 35%-ы мұздық суынан құралады. Қазақстанның биік тауларында климат қатал. Қыста мұз бетінің температурасы -10°С-қа төмендейді. Жазда мұздың беткі қабаты еріген кезде температура 0° шамасында болады. Биік таулардың мұндай қатал климаты мұздықтармен жапсарлас жатқан жерлерге де әсерін тигізеді. Көпжылдық тоңның төменгі шекарасы Алтайда 2000 м, Сауырда - 2300 м, Жетісу Алатауында - 2800 м және Тянь-Шань жоталарында - 3000 м биіктікпен өтеді. Республика мұздықтарының казіргі кезде көлемі кіші- реюде. Мұздықтар жылына 12-20 м-ге, ауданы 1000 м мұз қоры 0,05-0,1%-ға кемуде. Мысалы, орташа алғанда Алтайдың мұздықтары 15-20 м, Жетісу Алатауында 30- 40 м, Іле Алатауындағы Шокальский мұздығы жылына 30 м-ге дейін шегініп отырады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]