Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
502 Кб
Скачать
☆

58Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).

В геоморфологии, деятельность организмов, имеющая морфогеническое значение. С одной стороны, происходит разрыхление породы и изменение ее химического состава в поверхностном слое (образование почвы), с другой стороны, создается микрорельеф (бугристые тундры, торфяники и т. д.).

Бедер- көрінісі, мөлшері, пайда болуы, жасы және даму тарихы жағынан әр түрлі жер беті пішіндерінің жиынтығы. Қыраттарды түзетін оң пішіндерді және ойпандардан тұратын теріс пішіндерді құрайды. Масштабына карай мынадай топтарға бөледі: планеталық (материктер мен мұхит шарасы), мегапішіндер (таулы жүйелер, жазық өңірлер), макропішіндер (тау жоталары, тауаралық ойпаңдар), мезопішіндер (төбелер, өзен аңғарлары, сайлар), микропішіндер (эрозиялық жырмалар, карст шұңқырлары), нанопішіндер (шалғындық томарлар, кеміргіштердің індері, жел иірімдері). 

жер бетінің ойлы-қырлы, яғни оң және теріс бедер кескіндері. Өлшемі (мегабедер, макробедер, мезобедер, микробедер, нанобедер); пайда болуы (тектоникалық, жанартаулық, сулық-эрозиялық, мұздықтық, карстық, эолдық және тағы да басқалары, сонымен катар әр түрлі процестермен түзілген полигенетикалық бедер пішіндері) және басқа белгілері бойынша ажыратылады. Бедер пішіндері, әдетте, өзара үйлесіп, Жердің бедер жиынтығын құрайтын бедердің типтеріне жіктеледі.

Мегабедер - жер беті бедерлерінің ең ірі элементтері - материк көтерілімдері, мұхит ойпаңдары, таулы және жазық атыраптар, бедерде айқын көрінетін ұлы планеталық жарылымдар. Мегабедердің пішіндері эндогеңдік және экзогендік сипаттағы барлық басқа күштер мен жалпы планеталық күштердің өзара әрекетінен туындайды

Мезобедер — биіктігі бірнеше метрден артық ауытқымайтын (кіші өзен аңғарлары, сайлар, жоталардың қосалқы сілемдері, мореналық төбелер, жағалық шағылдар, лайлы жанартаулар және т.б.), көлемі бойынша макробедер мен микробедер пішіндерінің арасындағы бедердің орта пішіні. Көбінесе экзогендік процестердің (аккумуляция, эрозия, дефляция және т.б.) әсерінен пайда болады

Микробедер — мөлшері, әдетте, бірнеше метрден аспайтын бедердің ұсақ пішіндері. Көбінесе экзогендік процестерден пайда болады. Бедердің ірі пішіндерінің бөліктері іспеттес болып келеді (мыс. , дала көлдеулері, арна маңы белестері, полигональдық түзілімдер); кейде антропогендік іс-қимылдардың нәтижесінде пайда болады. "Микробедер " ұғымына нанобедердің барлық пішіндері енеді.

Нанобедер, аласа бедер (гр. nanos — ергежейлі) — экзогендік бедер түзуші (суффозиялық-карсттық, термокарсттық, эрозиялық, эолдық және т.б.) және топырақ түзуші процестердің нәтижесінде, сондай-ақ бедерге жер қазғыш жануарлардың әрекеттері мен антропогендік әсер салдарынан (құрылыс, жер жырту және т.б.) пайда болатын бедер (биіктігі ондаған сантиметрге ғана жететін) пішіні.

59 Жер қабығының құрылымдық элементтері. Қайта жаңарған платформалар немесе эпиплатформалық таулар (орогендер), олардың қалыптасуы және құрылысы.

Жер қыртысының құрылымдық элементтері.

Жер қыртысының ең басты құрылымдық элементтері — материктер мен мұхиттар болып саналады.

Ж е р  қ ы р т ы с ы н ы ң  н е г і з г і  қ ұ р ы л ы м д ы қ э л е м е н т т е р і .   Жер қыртысы  құрылысын,  ежелгі,  жаңа  және  қазіргі  заманғы  қозғалыстарды  зерттеу,  Жерді  қозғалмалы  белдеулерге  –  геосинклинальдарға,  сонымен  қатар  тұрақты  болыстарға  – платформаларға  бөлуге  негіз  береді.  Қозғалмалы  белдеулер  жер  қыртысы  бөлінуінің  планетарлық  зоналары  болып  келетін,  терең  жарылымдарға  ұштасқан.  Олар  айырылымды бұзылыстарға  ұқсас  келеді,  яғни  лықсыма,  қаусырма,  ығыспа,  бастырма,  рифттер  және  т.б. түрінде  болады.  Олар  жер  қыртысын  терең  кесіп  өтіп,  көп  жағдайда  жоғарғы  мантияда кездеседі, жиі  магманың терең  ошақтардан жер қыртысына және оның бетіне шығатын жолы болып  табылады.  Жарылымдар  сығылу  және  созылу  жағдайымен  қатар,  жер  қыртысы қабаттардың      вертикальды ауысуынан да  пайда болады. Бұл қозғалыстарға, Жер қойнауында дамитын  процестер  себепші  болады.  Тереңдік  жарылымдармен  геосинклиндер  мен эпигеосинклинді  таулар,  мұхиттық  жоталар  және  басқада  морфоқұрылымдар  қатары байланысты.Жер  қыртысының  дамуы  мен  түзілуінде  геосинклиндер  мен  оларда  қалыптасатын құрылымдар  маңызды  рольге  ие.  Топтаса  олар  жер  шарын  бірнеше  бағыттарда  қоршайды, жоғарғы  тектоникалық  белсенділкпен,  күшті  жанартаулылықпен,  түзілімдердің  үлкен қалыңдығымен,  қабаттардың  күрделі  дислоцациялығымен  және  бедердің  үлкен контрастылығымен ерекшелінеді. Геосинклиндер дамуын бірнеше кезеңдерге бөледі.

1.  Бірінші  кезеңде  геосинклин  жер  қыртысының  ойысы  түрінде  қалыптасады, онда қалың шөгінді -жанартаулық қат-қабат жинала бастайды

2.  Екінші кезеңде  –  жалпы батуда қозғалыстар қарқынды дифференциацияланған сипатқа  иеленеді  және  ойыс  көтерілу  зоналарымен  алмасатын,  батуын жалғастырып жатқан өте тар зоналарға бөлінеді

3.  Үшінші  кезеңде  қарқынды  қатпар  түзілу,  қышқыл  құрамды  магма  енуі  мен жинақталған қат-қабаттардың жалпы (аймақтық) метаморфтануы жүреді.

4.  Төртінші  кезеңде  магмалық  массалардың  енуі  жүре  береді,  ал  жер  қыртысының қозғалыстары   жалпы  көтерілу  мен  таулы  бедердің  түзілуімен  (орогенез кезеңі)сипатталады.

Кейінірек қарқынды қозғалыс саябырлайды, магмалық іс-әрекет тоқтайды және таулар ақырындап сыртқы геологиялық факторлардың әсерінен бұзылады.

Геосинклинді  дамуды  өткізген  қозғалмалы  облыс,  қатты  және  жер  қыртысының  аз қозғалатын учаскесіне – жас платформаға айналады.

Платформалар  –  дамудың  күрделі  геосинклиндік  циклін  өткізген,  жер қыртысының қатты учаскелері, олар сыртқы геологиялық агенттердің әсерінен бедер әлсіз адырлы жазықтар түрінде болады және қалыпты (платформалы) тектоникалық режиммен сипатталады. Бұл жерде жер қыртысының қозғалыстары толқын тәріздес баяу көтерілімдер мен батулар түрінде көрініс береді.

Батуға аса бейім болып келетін және шөгінді қабаттардың баяу жиналуы тән, платформа учаскелері плиталар деп аталынады. Оларға екі ярусты құрылыс тән. Төменгі ярус (этаж) – ежелгі қатпарлы  іргетас  –  бұзылған  таулардың  түбірлері, қалдықтары, екінші  –  жоғарғы  ярус  (этаж)  –шөгінді тыс, әдетте ол бұрыштық келіспеушілікпен қатпарлы негізде жатады.

Плитаға  қарама-қарсы  түсінік  -  қалқан.  Платформаның  бұл  учаскелерінде  көтерілу басым  және  олар  ысырылу  аймақтары  болып  саналады.  Бұл  жерде  жоғарғы  ярус  (шөгінді тыс) болмайды.

Платформаның  шетінде,  шөгінді  тау  жыныстарының  қат - қабатымен

толтырылған  шеттік  ойыс  қалыптасады.  

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]