Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
502 Кб
Скачать
☆

40. Мұздықтардың бедертүзу әрекеті және онымен байланыст ы бедер пішіндері.

Мұздарға гидросфера мен литосфераның жоғарғы бөлігінде кездесетін мұздықтар, ұзақ жылдар бойы қабатталып жиналған қар, су беті, жер асты мұздары, шельфтік мұздар, мұхиттарда кездесетін қалқыма-ықпа мұздар (айсбергтер) жатады. Олар жербетілік, теңіздік және жерастылық болып бөлінеді. Жер бетінде кездесетін мұздар

құрлықта, теңіз жағалауларында (шельфтерде) ондаған, жүздеген мың жылдар бойы қалыптасады; қардың қайта

кристалдануынан, еріген судың қатуына байланысты пайда болған атмосфералық фирндер мен мұздардың

табиғи жиынтығы болып саналады.

Жербетілік мұздардың қүралуына ғасырлық орташа температураның 5—7°С-ка төмендеуі және осыған сәйкес климат ылғалдылығының артуы себепші болады. Температураның осындай ауытқуларына байланысты

полярлық және қоңыржай ендіктерде мұзды аймақтар қалыптасады.

Жербетілік мұздар кұрлықтарда атмосфералық ылғалдықтың артуына, дүниежүзілік мұхит деңгейінің төмендеуіне

(120 м-ге дейін) әсерін тигізеді.

Жербетілік мұздар жамылғы мұздықтар және таулық мұздықтар болып ажыратылады.

Теңіздік мұздар ұзақ жылдар бойы жүзіп жүретін қалқыма мүздықтардан (айсбергтерден) қүралады. Олар

өздігінен де және құрлықтағы мұздармен де байланысты дамиды. Мысалы, Солтүстік мұзды мұхиттың мұз

жамылғысы, Оңтүстік жарты шардың ықпа мүздары, шельф мұздары, айсбергтер.

Жерастылық мұздар көп жылдар бойы қатып, тоң болып жатқан тау жыныстарын қамтиды. Жердің дамутарихында мұз басу дәуірлері протерозой, палеозой, кайнозой эраларын қамтиды. Төменгі антропогенде березин,ока, ортаңғы антропогенде днепр, москва, карель, осташков, сартан мұз басулары және скандинавия, жаңа жер,

солтүстік орал, канада және т. б. мұзбасу орталықтары болған

41. Флювиогляциалдық үрдістер және олармен байланысты бедер пішіндері.

Мұздық бедердің ерекше пішіндері, олар: оз, кама, друмлина, зандрлар.Оз дегеніміз- мұз шегіндегі тасқындардың атыраулық ысырындылары, ал бұл мұздықтың жиегі кері шегінген сайын ұдайы жалғасып өсе берген. Оздар мұз денудациясы басым болған аймақтарда тараған. Оздар бүгінде құрылыс материалдарының көзі ретінде және жол салуға пайдаланылады.

Кама(нем. кama-қырқа) деп биіктігі2-5 метрден30 метрге дейін жететін,кейде одан да асатын, қабат-қабат флювиогляциалдық шөгінділерден тұратын төбелерді атайды. Олар мұз аккумуляциясы басым болған аймақтарда тараған. Бұл төбелердің көрінісі конус тәрізді жұмыр күмбезге ұқсайды. Төбешіктердің беткейлері әдетте15°-қа дейін кейде одан да тіктеу болады. Қалыптасу тегі жағынан камалар оздарға жақын деп есептеледі, бірақ олар мұздық ішіндегі және астындағы тасқындардың кеңейген орнында пайда болған.

Друмлина деп(ирланд. dramlin-төбе) бір жүз метрден2-3 км-ге дейінассиметриялы жал тәрізді созылған дөңдерді атайды: олардың ені100-200 метрден2-3 км-ге дейін, биіктігі5 метрден45 метрге дейін жетеді.

Друмлиндердің ұзын осі мұздықтың жылжу бағытына қарай орналасады.Олардың мұздық қозғалатын жаққа қараған беткейлері де қарсы беткейлері де құламалы бола беруі мүмкін. Друмлиндер мореналық материалдан тұрады.

Зандрлар(датшаzandr - құм) негізгі моренаның сырт жағындағы құм,қиыршық тас, малтатас үйіндісінен қалыптасқан кең аумақты жазықтар. Мұздық кең ойпаң алаптарға жеткен кезде еріген су емін-еркін жайылып көптеген арналарға бөлініп кетеді. Сонда сумен ағып келген үгінділердің барлығы шөге бастайды. Алдымен соңғы моренаның жиегінде ірі кесектер- малта, қиыршық тастар, әрі қарай құмдар шөгеді, одан әрі судың ағыны әбден басылғанда, ұсақ құмдар, құмайт, лай шөгеді. Сөйтіп, негізінде құмнан қалыптасқан зандр жазықтар пайда болады. Мұздық шөгінділерде құрылыстық материалдармен қатар, кейбір шашылымдардың түрлерін кездестіруге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]