- •Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері
- •Жербедер пішіндері, олардың морфометриялық сипаттамасы
- •Жербедері жасын анықтау әдістері
- •Эндогенді және экзогендік процестердің өзара байланыстары және олардың жербедерінде көрінісі
- •Орта мұхиттық жоталар, олардың құрылысы, карта бетінде бейнеленуі
- •Бедертүзілуіндегі экзогенді процестер туралы жалпы сипаттама.
- •Топографиялық карталарда гравитациялық бедер пішіндерін бейнелеу және оның маңызы.
- •-9Флювиалдық морфомүсін, оның таралуы, негізгі пішіндері
- •11 Өзен аңғарларының тектоникалық типтері
- •12 Лесс, оның таралуы және қалыптасуы
- •10. Өзен аңғарларының морфологиялық типтері, олардың топографиялық карталарда бейнелеу ерекшеліктері
- •13 Карстылы бедердің қалыптасуындағы қолайлы жағдайлар
- •16. Термокарст, оның мәні және таралуы
- •Условия развития термокарста
- •19 Көпжылдық тоңның пайда болу уақыты мен себептері
- •20. Дефлюкция және солифлюкция, олардың себептері және таралуы Дефлюкционные склоны
- •21. Шөлдер типтері, олардың жербетінде таралу заңдылықтары.
- •22. Дефляция және корразия, олардың әрекеттілік нәтижелері.
- •23. Бархандар мен дюналар, олардың қалыптасуы және таралуы.
- •24. Жазықтар типтері, олардың таралу заңдылықтары.
- •25. Таулар, олардың типтері және таралу заңдылықтары.
- •26. Деструкция мен денудация процестері, олардың нәтижелері.
- •27. Морфоқұрылымдық ілім, оның қалыптасуы.
- •28. Тегістелі беттері. У. Дэвис және в. Пенктің ілімдері.
- •29. Мұхит жер қыртысынң морфоқұрылымдары. Материктердің су асты шеткейі.
- •30. Мұхит жер қыртысынң морфоқұрылымдары. Өтпелі зона, оның типтері.
- •31. Мүхит түбі морфоқұрылымдары. Мүхит түбі, оның құрылысы
- •32. Карсталық процестер және бедер пішіндері.
- •33. Минералдар мен тау жыныстардың жаратылысы және классификациясы
- •1.Магматикалық тау жыныстары.
- •2.Метаморфиялық тау жыныстары
- •3. Шөгінді шыныстар
- •35. Қар мен мұздың бедержаралу әрекеті
- •36. Фациялар мен формациялар тұралы ұғымдар. Олардың палеогеографиялық зерттеулердегі маңызы.
- •37. Рифтер, авлакогендер тұралы ұғымдар. Орта мұхит жоталары, олардың құрылысы және дамуы.
- •38. Мұздықтар, олардың қалыптасуы және қоректенуі
- •39. Қазіргі мұздықтардың типтері.
- •40. Мұздықтардың бедертүзу әрекеті және онымен байланыст ы бедер пішіндері.
- •41. Флювиогляциалдық үрдістер және олармен байланысты бедер пішіндері.
- •42. Экзогенді үрдістер тұралы жалпы мәліметтер, өзенаралық ассиметрия, оның себептері.
- •43. Геоморфологиядағы негізгі терминдер мен анықтамалар.
- •44. Төрттік мұздану, оның себептері, орталықтары, таралуы және бедертүзу нәтижелері. Карта бетінде белгіленуі
- •Мұзбасу орталықтары
- •Мұзбасу сатысы
- •45. Жер бедерін классификациялау негізіндегі белгілер. Морфологиялық (морфографиялық, морфометриялық) классификациялауы.
- •46. Үгілу прроцестері, олармен қалыптасқан бедер пішіндері.
- •47. Криогенді процестер және бедер пішіндері. Оларды картографиялау белгілері және маңызы
- •49. Дефлюкция және солифлюкция, олардың бедертүзу әрекеті.
- •50. Бедертүзу процестердің жұмысы. Морфоқұрылымдық ілім, оның негізі және маңызы.
- •57.Уақытша ағынды сулар әрекеті, олардың бедерде көрінісі және картада бейнеленуі
- •58Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).
- •59 Жер қабығының құрылымдық элементтері. Қайта жаңарған платформалар немесе эпиплатформалық таулар (орогендер), олардың қалыптасуы және құрылысы.
- •60. 7.Қазіргі борпылдақ шөгінділер типтері, олардың таралуы және карта бетінде бейнеленуі. Антропогендік бедертүзулуі.
- •61. Антропогенді процестер және бедер пішіндері. Олардың белгілері.
- •62. Жерсілкіністер мен цунамилер, олардың бедержаралу маңызы.
- •63. Меандрлеу процесі, меандрдың құрылысы.
- •64. Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.
- •66.Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).
- •67.Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.
- •68.Ағынды сулар әрекетінің нәтижесі, оның картографиялық маңызы.
- •69.Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық типтері. Олардың карта бетінде анықталуы.
- •70.Жербедері картографиялауында қолданылатын негізгі материалдар
- •71.Карта бетінде бедерді бейнелеудің ғылыми және практикалық маңызы.
- •72.Ағынды сулар әрекетінің нәтижесі, оның картографиялық маңызы.
- •73.Геоморфологиялық карта, оның типтерi және мазмұны
- •74.Геоморфологиялық карта, оның типтері. Аналитикалық және синтетикалық геоморфологиялық карталар, оларды бейнелеу негізгі әдістері
- •75. Геоморфология ғылымы оның геология жане географиямен байланыстары.
- •77.Эрозия бащисі, оның өзгеру себептері
- •78.Космогенді жер бедері, оның қалыптасуы жане көрінісі
- •79. Жер бедері зерттелуіндегі негізгі бағыттар.
- •80.Геоморфологиялық карталардың жасалуында қолданылатын негізге тәсілдер
- •81.Жербедері картографиялауында қолданылатын негізгі материалдар
- •1. Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері
57.Уақытша ағынды сулар әрекеті, олардың бедерде көрінісі және картада бейнеленуі
Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Олардың әрекетінен пайда болған бедер пішіндері алуан түрлі. Сол себептен суды жер бетінің мүсіншісі дейді. Ағын сулардың әрекеті алдымен сумен шайылуынан, шайылған заттардың судың ағынымен төмен тасымалдануынан, соңында оларды шоғырлап жинақтауынан құралады. Сонымен, ағынды сулар әрекетінен атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювийлік (латынша fluvius – ағын, тасқын) процестер деп атайды.
Уақытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялық пішіндер – жағалар (атыздар). Олар делювийлік беткейлер бойымен жайылып аққан су кішігірім бір арнаға жиналған кезде ғана пайда болады. Жылғалардың тереңдігі мардымсыз: 3-30 см-ден аспайды, ені де тереңдігімен бірдей. Эрозиялық жылғалар бір нәрсенің кезінде немесе көктемгі қар тез ергігенде пайда болуы ықтимал. Ағын тоқтағаннан кейін жылғалар өздерінің морфологиясын жоғалтып жайпақтала береді. Жылғалардың тереңдігі мен морфологиялық бейнесі беткейлерді құрған тау жыныстар құрамына және бірінен бірнеше метр алшақ орналасып тармақталған жылғаларды құрайды..
Жыртылған және сирек өсімдікті беткейлерде жылғалар уақыт өте бере тереңдігі 1,0-2,0 м-ге, ені 2,0-2,5 м-ге жететін эрозиялық жырмаларға айналады. Жырма ернеулері де жарлауытты келіп, көлденең кескіні көбінесе v-әрпімен елестетеді.
Алайда кез келген эрозиялық жылғалар жырмаларға айнала бермейді. Ол үшін ағыс күштірек, жиналған судың көлемі молырақ болуы тиіс. Сондықтан да жырмалар эрозиялық жағдайларға қарағанда ғлдеқайда сирек кездеседі және бір – бірінен ондаған метр алшақ жатады.
Су қоры жеткілікті мөлшерде жиналғанда жырмалардың бір бөлігі тереңдей және кеңи келе, бірте – бірте жыраларға айналады. Жыралардың тереңдігі 10-20м. не одан да көп, ені (бір қабақтан екінші қабаққа дейін) 50м немесе одан да артық болады.
Жыралардың жағалары көбінесе тік. Кейде жыралардың табаны жайпақ, ені бірнеше метрден аспайды. Жыра жармадан тек өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар өзіне тән жеке бойлық кескінімен ерекшеленеді, онысы ол тіліп өтетін беткейдің кескінінен өзгеше болады.
Ал жырманың бойлық кескіні әдетте беткейдің бойлық кескінінің сәл тегістелген түрін қайталады. Жыра жылдам өсіп - өршитін эрозиялық пішін. Оның бас бөлігі регрессиялық эрозия нәтижесінде өзенаралық аймақтарға созылып өсуі ықтимал. Осы себептен жыралар жүздеген метрге, тіпті километрге жетіп тарамдала сағаланатын шағын аңғарлар. Жыраның өсіп отыратын бас бөлігі әр түрлі. Көбінесе жыра бірден, биіктігі 1,0-3,0 м тік жармен бас құламамен басталады. Кейде жыралардың бас бөлігі планда сопақша ,эллипс пішіндес немесе дөңгеленген күрек пішіндес болады да, жер бетінде аса айқын көрінбейтін ойпауттар түрінде байқалады. Бедердің мұндай пішіндерін су жиналатын ойпауыттар деп атайды. Кейде жыраулардың бас бөлігінен жоғарырақ, өзен аралығының өлкелеріне баяу ауысатын, терең емес (1,0 – 3,0м) жарқабақтары айқын білінбейтін, жағалары шым топырақты жайпрақ ұзыннан-ұзақ созылған ойпауыттар орналасады. Бедердің мұндай пішіндері қола (лошина) деп аталады. Топографиялық карталарда тіпті ірі масштабты карталарда қолаттар аса білінбейді, алайда ірі масштабты ғуе суреттерде, әсіресе егістер мен сирек өсімдікті жерлерде қолаттың бейнесі айқын көрінеді. Айтып кететін бір жайт, осы арнасы жоқ қолаттар жыралар дамуының нәтижесі емес, олардың тек пайда болуының себебі болып табылады. Сондықтан да бұрыннан дамыған эрозиялық пішіндердің түбінде эрозтялық оралымның қайталану нәтижесінде пайда болған жыраларды түптік немесе қосымша жыралар дейді, ал өзен аңғарларының беткейлерінде кішірек эрозиялық пішіндерден бірден түзіліп, дамыған жыраларды – жағалық немесе алғашқы жыралар деп атайды.
Жыра ұзарып, оның бойлық қимасы қалыптасқан сайын, аққан судың эрозиялық күші азая береді. Жыраның екі жағалары тегістеліп, онда өсімдік жамылғысы пайда болады да, бүйірлік эрозия әрекетінен кеңейе береді. Ақырында жыра сайға (балкаға) айналады. Бірақ жыраның бойлық қимасы бірден сайға айналмайды. Бұл процес жыраның төменгі, ең көне бөлігінен, яғни сағасынан басталады да, бірте – бірте жоғары қарай тарайды.
Кейбір жағдайларда қалыптасқан сайдың түбін жыра жаңадан жырып тілімдеуі ықтимал..
