Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
502 Кб
Скачать
☆

26. Деструкция мен денудация процестері, олардың нәтижелері.

Деструкция мен денудация үрдістері типтері мен шиеленістіктері географиялық ендікпен, теңізден қаншалықты алыс жатқандығымен, жауын -шашын типтері және мөлшерімен, басты немесе жергілікті базис эрозиясынан территорияның көтерілу биіктігімен анықталады.

Тау бедері дамуының басты заңдылығына оның биіктікпен бірге өсу қарқындылығы жатады. Ол кенеттен гравитиациялық үрдістерді (опырылым, сусысма және т.б.) күштейтін, аяздық үгілумен, қар және мұздықтармен, беткейдің құлау бұрышымен және тау аңғарлары тальвегтерінің өсуімен және ағынды сулар әрекеттерімен (шайылу, эрозия және т.б.)жасалады.

Тілімденудің келесідей типтері ерекшеленеді: радиалды, қауырсынды немесе көлденеңді, торлы, виргациялы және кулисатәріздес. Тілімдену типін анықтағанда бір-бірінен аңғарлармен бөлінетін, тау тізбектері мен жоталары, тау тораптары немесе массивтері орналасуы ескеріледі.

Көтерілу биіктігі мен тілімдену тереңдігі таулы аймақтардың көптеген морфологиялық ерекшеліктерін анықтайды. Таулар биік, ортабиік және аласа тауларға бөлінеді.

Эрозионды және мұздықтық тілімдену типтері болады. Тілімденудің эрозионды типі бір жағдайларда тұрақты өзендер мен жылғалардың әрекеттерімен жасалынса, кейбір жағдайларда уақытша қарқынды ағындардың әрекеттерінен жасалады; таулы шөлдерде ағын іс-әрекеттері кейде қарқынды үгілумен – температуралық, тұз және жел жұмысымен үйлесе жүреді. Морфологиялық ерекшеліктерінің үйлесімділігі бойынша тауларды келесідей топтарға бөледі: - бедердің биік мұздықтық пішіндері, бедердің эрозионды пішіндері; - ортабиік-мұздықтық, эрозионды-үшкірлікті және бедердің эрозионды дөңгелектенген пішіндері; - бедердің төмен дөңгелектенген және үшкірленген пішіндері; - ұсақ шоқы.

27. Морфоқұрылымдық ілім, оның қалыптасуы.

И. П. Герасимов бедерді басты геоморфологиялық факторлар бойынша үш топқа бөлуге ұсынады: геотектура, морфоқұрылым және морфомүсін.

Морфоқұрылымдардың қазіргі заманғы орналасуы төрттік кезеңде жасалды. Төменгі қатардағы морфоқұрылымдар мен морфомүсіндер тектоникалық белсенділікпен өзара байланысты жүрді. Орогенез кезеңі салыстырмалы тектоникалық тұрақтылықпен, баяуланған қозғалыстармен, таулардың бұзылыстарымен, көлемді платформалар учаскелері теңіз деңгей астына батуларымен, пласттық жазықтардың қалыптасуымен, жалпы бедердің нивелирленуімен ауысып отырды. Бұл кезеңдерде климаттық контрастылық та бәсеңделген. Тектоникалық тыныштық каледон, герцин, тынықмұхиттық және альпілік қатпарланулардан бұрын өтіп отырған.

Эндогендік процестер жер бетінің морфоқұрылымына себепші болады және экзогендік процестермен бірге Жер бедерінің қалыптасуына қатысады. еологиялық процестер - Жердің құрамын, құрылымын, бедерін және ішкі құрылысын үнемі өзгертіп отыратын процестер жиынтығы.

Геологиялық процестер: эндогендік процестер және экзогендік процестер болып екі топқа жіктеледі; геологиялық нысандар бұлардың біреуінің ғана немесе екеуінің қосарлана әрекет етуі нәтижесінде де қалыптасуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]