Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
502 Кб
Скачать
☆

47. Криогенді процестер және бедер пішіндері. Оларды картографиялау белгілері және маңызы

Көп жылдық тоң деп топырақтың көптеген уақыт бойы теріс температурада болуын айтады. Көп жылдық тоңнан маусымдық тоң тек қыс кезінде ғана топырақты жұмылдырады да жазда еріп кетеді.Осы заманғы құрлық ауданының 20% мәңгілік тоң басып жатыр. Оның типтері: 1) аралдық (жеке учаскелері көпжылдық тоңға бейімделген, еріген топырақ грунт арасында орналасады) 2) үзінді, тұтас емес (таликті)-тоң басқан топырақ пен еріген учаскелердің кезектесуі 3) тұтас Көпжылдық тоңмен жұмылған тау жыныстарының шыңырау қуаты бірнеше дециметрден 400-800 м. дейін өзгереді. Ең үлкен қалыңдық Сібірдің солтүстік-шығысында байқалады. Көпжылдық тоңның тура кескінінде олар қатпарлы және қатпарсыз болып бөлінеді. Қатпарлы тоңда қатты және еріген учаскелер кезектесіп келеді. Су енгіш жыныстар көбінесе ерігіш болады, онда жер асты сулары белсенді айналымда болады. Көпжылдық тоңмен біріктірілген грунт біршама тереңдікте жатады. Олардан жоғары грунт жазда еріп қыста қатады – бұл іскер (мезгілдік) қабат. Оның қалыңдығы климат пен басқа да факторларға тәуелді. Мұз мәңгілік тоң жағдайында грунтпенен әр түрлі қатынаста болады. көп тараған жағдай тау жыныстарында жарықшақтар мен қуыстарда мұз жіп, сына тәрізді әр түрлі жиынтықта кездеседі. Ең соңында мұздың қуатты жиыны лиза, құжбан қатпар түрінде тоң жыныстарымен

бірге көмілген болуы мүмкін. Мұздық мұндай массалары көп уақыт сақталып, жергілікті жердің геологиялық құрылысында үлкен роль атқарады. Бұл мұзды қазба мұз дейміз. Одан басқа мұздарды сингенетикалық деп яғни осы грунттың қалыңдығымен бірмезетте пайда болған және инъекцион ендірілген. Нәтижесінде қатқан су грунттың құрамдас бөлігі болып кететін үрдістер, ал көбінесе мұз қабаты, мұз жылғалар мен сыналар түрінде кездесіп, оның өзі тау жынысы болатын жағдайды криолитогенз деп атау қабылданған. Жер қыртысының басқа тау жыныстарының маңызды ерекшелігі бар. Температураның шамалы өзгеруінен өзінің физикалық қасиеттері шұғыл өзгереді – қатты денеден сұйыққа өтеді, осының арқасында арасындағы жынысқа әсер етеді.

49. Дефлюкция және солифлюкция, олардың бедертүзу әрекеті.

Дефлюкция – тұтқыр – майысқақ грунт массасының ауырлық күші және шамалы ылғалдық ықпалымен беткейлер бойымен жылжуы. Олардың жылжу жылдамдығы жылына миллиметрдің бөлігінен аспайды.

Солифлюкция (лат. solum – топырақ, fluxus-ағын) – күш салмағының және ылғалдықтың әсерінен жер бетіндегі мору қабатындағы таужыныстардың жайлап аққан процесі. Солифлюкция мәнгі тоң жағдайда сипатты. Солюфлюкция қар жиынтығының еріген кезінде нивация процесіне ауысады. Олардың ең ірі пішіні – тау үсті террасалары.

С о л и ф л ю к ц и я — беткейлермен еріген, суға қаныққан грунттардың баяу жылжуы. Көпжылдық тоң дамыған аудандарда бұл үрдіс кең тарлаған. Жылжыған грунттардың қозғалысы көпжылдық тоң жоқ облыстарда да байқалады (бұл универсалды үрдісті дефлюкция деп атайды). Бұл жерде ол топырақтың көктемдік жылыну кезінде және жауын жауғанда түскенде байқалады. Мәңгі тоң таралған аудандарда солифлюкция жаз бойы дамиды, өйткені әрекеттегі қабат еріннен

кейін оның астында мәңгі тоңға бейім, сутіректік қабат жатады. Жылжу бағыты әрдайым ылдилығы үлкен беткейлер сызығына сәйкес келеді. Егер солифлюкциялық қолаттар қардың қатты еруі кезеңі мен нөсер жауын жауғанда уақытша арналық ағынның жолдары болады, олар шалғын,қияқ бұталары өскен жайпақ түпті арналарда да дамиды. Олар дельдер (арнасыз қолат) деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]