Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
502 Кб
Скачать
☆

46. Үгілу прроцестері, олармен қалыптасқан бедер пішіндері.

Үгілу үрдістері - температура ауытқуында, тау жыныстары жарықшақтарында су қатқанда, судың химиялық және басқада химиялық агенттердің әсерінде (ауада, топырақта, су ерітінділеріндегі газдар, қышқылдар және т.б.), жануарлар мен өсімдіктердің әсер ету нәтижесінде жүретін, минералдар мен тау жыныстардың химиялық қайта түзілуі мен физикалық бұзылысы. Үгілу жел әрекеті емес, одан бірнеше өзгешіліктермен ерекшеленді. Үгілудің үш түрі бар: физикалық, химиялық және органикалық. Біркелкі емес кеңею мен сығу нәтижесінде жыныста кернеу күші пайда болады, жыныс жарылып сынады, түлейді; бұл үрдіс десквамация деп аталады.

Бұзылыс жер бетімен қатар, температураның шұғыл ауытқуларында (5-100-тан артық) бірнеше метр тереңдікте жүре береді. Аязды деп аталатын мұндай бұзылыс физикалық үгілудің бір түріне жатады. Аязды үгілу температура ауытқуында және қату нүктесі шамасында жүреді және тау жыныстары жарықшақтарында су қату нәтижесінде іске асады. Жыныстағы кеуектер мен жарықшақтарда өсетін кристалды тұздарда физикалық үгілу (тұздық үгілу) байқалады, ондағы тұз терең әрі ылғалды қабаттардан капилляр бойынша келетін, су арқылы шығарылады.

Химиялық үгілуде минералдар мен тау жыныстар химиялық өзгерістерге ұшырайды: ериді, су молекулаларын кіріктіреді (гидратация), ауадағы оттегі, көміртегі газымен жаңа қосылыстарды түзейді. Бұл үгілу ылғалды тропиктік климатқа тән ылғалды және жылы климатта, химиялық агенттердің молдылығында жақсы дамиды.

Органикалық үгілу – физикалық және химиялық бұзылыстар түрінде және өсімдіктерден және жануарлардан түзілетін тау жыныстарда байқалады.

Үгілу үрдістері грунтты су деңгейінен жоғары жатқан қабаттарда дамиды. Үгілу үрдістерінің таралу тереңдігі айнымалы және бірнеше дециметрден жүздеген метрлерге дейін өзгереді. Жер қыртысының үгілуге ұшырған қатқабаты үгілу зонасы деп аталады. Жазықты территорияның жоғарғы горизонттарында үгілу үрдісі қарқынды дамиды. Аналық жыныстың құрамына кіретін, анағұрлым үгілуге берік материалдардан тұратын, қалың тыс үгілетін жыныстардың бетінде түзіледі және қайта түзілген гипергенді минералдар – үгілу үрдісінде жүрген, химиялық реакция өнімдері кездеседі. Осы тысты элювий немесе ежелгі элювий болып келетін, кейде қандайда бір цементпен цементтелген, алюминий мен темір қосылыстары бар үгілу қабаты деп аталады.

Үгілумен дайындалатын бедердің ойлы-қырлы жағдайында, массалар көтеріңкі учаскелерден төменге тасымалданады. Ол ауырлық күшінің әсерінен, температуралар ауытқығанда борпылдақ массалардың көлемінің өзгеруі нәтижесінде, жел әсерінен, беткейде ағып жатқан судан, мұздық әсерінен және т.б. жүреді. Жалпы алғанда бұл процесс денудация деп аталады.

Тау жыныстары үгілгенде, беріктігі біртекті емес бедердің өзгеше пішіндері қалыптасады. Үгілу процестері тау жыныстарының әлсіз учаскелерін тез бұзады. Яғни селективті үгілу жүреді. Үгілу өнімдері денудация агенттерімен тасымалданады, ал олардың орнында ойпауыттар қалыптасады, жыныстың берік бөліктері жергілікті жерде әртүрлі, жиі қызықты үгілу жұрнақтары түрінде байқалады. Олар бағана, мұнара пішіндес болып келеді және адам, жануарлар фигурасын еске түсіреді. Үгілу пішіндері жақсы бағдар болып табылады, әрі оларды карталарда арнайы шартты белгілермен көрсету келісілген.

Тау жыныстарының құрылысын (қабаттылық, жарықшақтық және т.б.) көрсететін және ірі пішіндерді күрделендіретін, микробедер дамулары үгілу әсерімен байланысты. Селективті үгілуде тау жыныстарына тән жарықшақтық пен жақпарлық анықталады (мысалы, базальттар үшін бағаналық, граниттер үшін матрац тәріздес). Басқа жыныстағы жартастар мен шойтастарда күрделі ұяшықтар, шілтерлі суреттер қалыптасуы мүмкін, тік жартастар мен жарлардың қабатты қатқабаттарында карниздер, террасалар түзіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]