Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД новый бага белгилеу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
973 Кб
Скачать
☆

3. Өндіріс шығындарына негізделген тауар бағасын тағайындау әдісі

Шығындарға негізделген бағалық стратегия. Бұл әдіс өндіріске дәстүрлі бағытты сипаттайды. Нарықтық сұраныс зерттелмейді. Әдістің мәні бағаны анықтаудың негізі ескермеген шығын мен түсімді жабатын көлем қосылуы мүмкін тауар бірлігінің өзіндік құнына өнім бірлігіне базалық шығындар болып табылмайды. Мысалы, өнім бірлігін шығару мен жүзеге асыру фирмаға он мың теңгеге шығады. Ол бұл өнімнің бір бірлігінен мың теңге көлемінде табыс алғысы келеді. Бқл жағдайда баға он бір мың теңгені құрады. Ұсақ саудагерлер тауарға бағаны жеткізушінің фактуралық бағасын агерлер тауарға бағаны жеткізушінің фактуралық бағасын 30% жоғарылатуы мүмкін.

Тәжірибеде бағаны анықтауда шығындар әдісін қолдануға, жүгінуге екі негізгі жолы бар:

  • Толық шығынн

  • Тіке немесе шектелген шығын

Бағалық құрылымда толық шығынды қолдануға фирманың тіке және жанама /өзгермелі және тұрақты/ шығындары ескеріледі.Бұл әдіс орташа құн бойынша бағаның үлесіне тән. Бұл әдіспен тағайындалған баға бойынша тауарды сату фирмаға барлық шығындарды өтейді және түсім әкелуі мүмкін.

Бұл әдіспен баға тағайындаудың негізгі басымдылықтары:

  1. Оның жайлылығы;

  2. Шектелген уақыт кезеңі мен ерекше жағдайлардағы бағаның төмен түсуінен төмен бағаның шегі тағайындау мүмкіндігі;

  3. Модульдеу және анализ әдістерін қолдану мүмкіндігі.

Бұл әдістің кемшіліктері:

  1. Тауарға сұраныс ескерілмейді, сол себепті осындай әдіспен бағасы тағайындалған тауар жүзеге аспайтын жағдайлар болуы мүмкін.

  2. Тауарлар түрлерінің арасындағы тұрақты немесе жанама шығындарды бөлу әдісі туынды, шартты, дәл емес болып табылады.

Тауар бағасын тіке шығын әдісі негізінде тағайындау кезінде оның өндірісіне тікелей қатысты шығындар шығады және жанама шығындар ескерілмейді. Батыс әдебиетінде бұл әдісті «директ –костинг» деп атайды.

Бұнда баға үлгісі мынадай түрге иеленеді: тәкелей шығын + түсім. Тікелей шығын әдісімен тағайындалған баға толық шығын әдісімен анықталған бағадан төмен болады. Тікелкй шығын әдісімен баға тағайындау арқылы компания төмен баға есебінен сату көлемінің жоғарылауына қол жеткізеді.

Бірақ бұл әдіс фирмамен шығарылатын тауарлар үшін қолданылмайды. Себебі жанама шығындар өнеркәсіпке жалпы түсім кезінде қайтарылуы тиіс. Сол себепті, тіке шығын әдісі шектелген қолданысқа ие және екі шарт сақтауда қолданылуы мүмкін:

  • Заттың қосымша мөлшері үшін, шығындап өндірістің негізгі көлемі есебінен толтырылады;

  • Өнімнің қосымша көлемін шығару үшңн өндірістік күш болғанда;

  1. Залалсыздық әдісі

Залалсыздық әдісі шығығнның бірінші әдісімен тығыз байланысиы және нарықтық факторларды ескеруді бастайтын фирмалармен қолданылады.

Бұл әдістің мәні сату мен түсім көлеміне тәуелді бағаның нұсқалары зерттелуінде болып табылады. Бұл әдісті қолдануда үш міндет шешіледі:

  1. Өнімді шығарудың әр түрлі бағдарламалары бойынша шығындарды бағалау;

  2. Рентабельділіктің мүмкін болатын деңгейіне жету шарттарын бағалау;

  3. Бағаның әр нұсқасында баға көлемін бағалау.

Мысалы, компания өзінің өндірістік күшінің 75% қолданады және өнімнің жүз мың бірлігін шығарады.

Тағайындалған:

  1. Толық шығындар 16000$ құрайды

  2. Шығындардың сатып алуының коэффициенті /коэффициент немесе рентабельділік үлесі/ 0,25 немесе 25% тең, түсім көлемі 4000$ құрайды.

  3. Сату көлемі 16000$+0,25*16000$=20000$

  4. Зат бірлігінің бағасы 20000

  5. Заттың залалсыз сату бағасы құрайды

Бұл жағдайда жүз мың бірлік тауарды жетістікпен сату үшін тауардың бірлігіне 0.2$ болуы тым жоғары болмауын құрау керек. Соңғы баға нұсқасы 0.16$ мен 0.20$ ортасында болуы мүмкін.

5. Сұранысқа негіделген бағаны анықтау. Сұранысқа негізделген бағаның құрылым стратегиясы.

Әдістің мәні бағаның өзгертуді фирма тауарға сұраныстың өзгеруңне тәуелді жүзеге асыруында болып табылады./ оның өндірісінде шығындарға тәуелсіз/. Шығындар алатын түсімге шектеу ретінде қызмет атқарады. Олар жоспарланған түсіммен тағайындалған баға бойынша тауар сатылатындығы туралы шешімді анықтаушы ретінде қызмет атқарады.

Мысалы, сұранысты зерттегеннен кейін, маркетолог тұтынушылар тауар үшін он мың теңге төлеу керек деп бекітті. Фирмаға тауар үшін үш мың теңге көлемінде түсім керек, сонда өндіріс шығындары жеті мың теңгеден аспауы керек. Егер шығындар сегіз мың теңгені құраса, төмендегідей екі жағдай болуы мүмкін:

  1. Фирма зат үшін үш мың теңгеге жоспарланған түсімді ала алмайды;

  2. Тауар бірлігіне шығындарды жеті мың теңгеге дейін қысқарту керек.

Бұл баға стратегиясында сұраныс ескеріледі: сұраныс өссе, олар да өседі, сұраныс төмендесе, шығындардың өзгермеуіне қарамастан төмендейді. Бұл әдіспен баға тағайындау үшін төрт факторды білу керек:

  1. Сұраныс заңы;

  2. Сұраныстың баға икемділігі (бағаның икемділік коэффициенті);

  3. Тауар дифференциясының деңгейі;

  4. Нарық диференциясы (сигментациясы).

Сұраныс заңын зерттеу бағаның сол немесе басқа деңгейінде тауар сатылымының деңгейін анықтауды білдіреді. Сұраныстың бағалық икемділігі сатып алушылардың өздері сатып алатын тауар көлеміне байланысты баға өзгергіштігіне сезгіштігін сипаттайды.

Тауарлар дифференциясы баға икемділігіне тәкелей әсер етеді. Тауардың оң дифференциясы сатып алушыларға білінетін пайда әкелетін сапалы заттарға беретін фирманың қабілеттілігіне тәуелді болады: сенімділікті арттыру, тәуекелді түсіру, сәнді қанағаттандыру.

Тауарлар жарнама, дизайн, техникалық параметрлер негізінде дифференциялана алады. Нарықтың сегментациясы негізінде компанияның тауардың бір түрін іздеуші сатып алушылардың біртекті нарығымен емес, бірнеше оның секторымен қызмет атқаратындығына сілтеме бар. Әр сегмент тауарлар немесе қызметтің жеке сапасын әр түрлі бағалайтын сатып алушылардан тұрады. Мысалы, сатып алушылар шоколад үш негізгі сапаға ие деп санайды: баға, дәм, сырты. Бұл қасиеттердің қайсысы маңызды немесе қайсысы маңызды емес екендігін ескекре отырып, нарықтың сегіз секторын алайық. Әр секторда компания тауар бағасын қоса, маркетингтік құрал комплексін ойлап отыруы қажет.