Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД новый бага белгилеу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
973 Кб
Скачать
☆

1.Негізгі әдебиет

  1. И.Х. Салимжанов. Бағалық құрылым. Алматы-2000

  2. Т.А. Слепнева, Е.В. Яркин. Бағалар және бағалық құрылым. Оқу құралы- М. ИНФРА –М.2001.- 240 б

  3. В.А. Слепов, Т.Е. Николаева Бағалық құрылым. Оқу құралы. М. ИДФБК – Пресс -2000.-152 б.

  4. Тлеубердинова А.Т. «Цены и ценообразование» - Учебное пособие. Караганда 2008г.

  5. Касенов С.Д. «Цены и ценообразование» Учебное пособие. Астана 2002г.

  6. «Цены и ценообразование» под В.Е. Есипова СП.- 1999г.

  7. Самуэльсон П., Нордхаус В. Экономика,15-е изд.-М.: Бином, 1999,-799 с.

  8. Цены и ценообразование / Под ред. В.Е. Есипова: Учебник для вузов, 3-е изд. СПБ Питер, 2001

  9. Уткин Э.А. Цены. Ценообразование. Ценовая политика.- М.: ЭКМОС,2000

2. Қосымша әдебиет

1. Котлер Ф. Основы маркетинга,- М., Прогресс,1994

2. Левшин Ф. Мировые рынки и цены, М., 1990

3. Макконнел К. Р., Брю С., Экономикс,-М. Республика, 1993

4. Ноздрёва Р.Б., Цыгичко Л.И. Как побеждать на рынке. Ф и С,1991

5. Основы рыночного ценообразования, учебное пособие для студентов и слушателей экономических специальностей, Алматы,1993

6. Биржевое дело под ред. Галанова В.М.М.:2003

7. Багиев Г.Л. и др. Маркетинг .СПб.: Питер .-2007

7- тақырып. Бағаларды мемлекеттік реттеу

1. Бағаларды мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігі

2. Бағаны мемлекеттік реттеудің мақсаттары

3. Дамыған нарықтық экономиканы елдердегі бағаны мемлекеттік реттеудің сипаттамасы

4. Бағаны реттеудің әдістері

Сабақты ұйымдастыру нысаны: мәселелік дәріс

Дәрістің мақсаты: бағаны мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілерін ашу

1. Баға саясаты- бұл мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқару және бағаны жасаушы субъектілердің халық шаруашылығы, қызметтер сферасындағы бағаларды реттеуші және оны бақылаумен байланысты қызметі. Баға саясаты бағалардың іс жүзінде құрылуын және оларды реттеудің тәжірибесін талдау арқылы, бағаны мемлекеттік реттеудің тәртібін бақылау, антимонополиялық заң негізінде монополиялық қызметтің жағымсыз салдарын шектеу.

Бағалық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі және нарықтық қатынастар кезінде оның ерекше орны болады. Ол нарықтық қатынастардың нығаюына көмектеседі, мемлекеттің, жеке меншік, муниципалды және т.б. меншік түрлерінің мүддесін қорғайды, инфляцияны тежейді және оның экономикалық, әлеуметтік теріс әсерлерін бәсеңдетеді, бәсекелестіктіңдамуына жол ашады, тауарлар мен қызметтердің, қаржы құралдарының еркін қозғалысына және еркін экономикалық қызметке жағдайлар жасайды.

Нарықта жетілмеген бәсеке, олигополия, монополия таралған. Бұл жағдайда нарықтық жүйе мінсіз қызмет атқара алмайды, одан өз кезегінде нарық шеше алмайтын көптеген мәселелер туындайды.

Нарықтың негізгі кемшіліктері:

1. Ірі масштабты өндірістің басымдығы монополияға алып келіп, бәсекелестікті нашарлатады;

2. Халық табысының айтарлықтай диференциациясы;

3. Қоғамдық қажеттілікті (қорғаныс, байланыс, медицина және т.б.), сыртқы әсерлерді (қоршаған ортаны қорғау) анықтай алмауы

4. Қоғамға қажетті, бірақ пайда табуға негізделмеген тауарлар мен қызметтерді өндіруге кедергі болуы;

5. Толық жұмысбастылықтың және тұрақты бағалар деңгейінің болмауы

Нарықтың бұл кемшіліктерін жою үшін мемлекеттік реттеу пайдаланылады, ал нақтырақ айтсақ мұның кілті болып мемлекеттік бағаларды реттеу табылады.