- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Жұмыс бағдарламасы
- •Бағдарламаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер
- •201_/201_ Оқу жылы
- •2. Оқу уақытын бөлу
- •3. Пәннің мазмұны
- •Бағалау бойынша ақпарат
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік мазмұны
- •5. Студенттердің білімін бағалаудың рейтингтік жүйесі
- •Студенттің рейтингін қою шкаласы
- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Пәннің атуы «Баға белгілеу»
- •Астана – 2012 ж. Оқытушы туралы жалпы мәліметтер
- •7. Дәрістің тақырыптық жоспары
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •3.1. Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •3.2. Сөж орындау және тапсыру кестесі
- •3.3. Соөж орындау және тапсыру кестесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •5. Глоссарий
- •6. «Баға белгілеу» пәннің дәріс кешені
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •Өлшеуші, есептік функция
- •Ынталандыру функция
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •Қызмет көрсетілетін айналым сипаты бойынша баға түрі
- •Нарықтағы бәсекелестік деңгейіне, мемлекеттік әсер ету тәуекелділігі
- •3.Тағайындау, фиксациялау әдісі бойынша
- •5. Нарық түріне тәуелділігі бойынша
- •6. Уақыт факторы есебі бойынша
- •7. Фирма ішілік бағалар
- •8. Жеткізу және сату шарттары бойынша
- •9. Әлемдік бағалар
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •Баға құрамы мен құрылысы деңгейі түсінігі
- •Өндірістің баға стратегиясы. Бағалық құрылым стратегиясын таңдау.
- •3. Өндіріс шығындарына негізделген тауар бағасын тағайындау әдісі
- •Залалсыздық әдісі
- •Бәсекелестік деңгейіне бағытталған бағаны анықтау
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •4. Қосымша құн салығы
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •2. Бағаны мемлекеттік реттеудің мақсаттары
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •2. Трансфертті баға құру әдістері
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •7. Семинар сабағының тақырыптық жоспары
- •8. Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •1 Тақырып. Бағалық құрылымның теориялық аспектілері
- •2, 3 Тақырыптар. Баға қызметі. Баға жүйесі
- •14 Тақырып. Трансферттік баға құру және оның әдісі
- •2.Тапсырма.
- •9. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •10. Студенттің оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар
- •Бақылау-өлшеу құралдары: емтихан тапсыруға арналған тест сұрақтар
- •Бақылау-өлшеу құралдары
2. Бағаны мемлекеттік реттеудің мақсаттары
Бағаны мемлекеттік реттеу әртүрлі мақсаттар үшін жүзеге асырылады:
1. жекелеген салалар, өндіріс қызметтерін ынталандыру немесе шектеу;
2. инфляциямен күрес жүргізу;
3. халық шаруашылық салалары мен сфералары арасында белгілі бір қатынастарды сақтау;
4. құрылымдық қайта құрулар жасау;
5. Халықтың өмір деңгейін жақсартуға көмектесу;
6. монополияны шектеу, бәсекені дамыту және басқа да мақсаттар үшін қолданылады.
3.Дамыған нарықтық экономиканы елдердегі бағаны мемлекеттік реттеудің сипаттамасы.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бағаны мемлекеттік реттеу кеңінен қолданыс тапқан. Мысалы, АҚШ-та мемлекет бағалардың 10℅-н, Жапонияда 20℅-н, Швейцарияда 50℅-н қадағалайды.
Бағаны мемлекеттік реттеу деңгейі әртүрлі кезеңде және әрбір елде әртүрлі. Ол келесідей факторларға:
Экономиканың жалпы жағдайына,
Елдің монополиялану деңгейіне,
жеке салалардағы нақты конъюктураға;
әртүрлі елдердің жүргізетін экономикалық саясатының мақсаттарына байланысты болады.
Бағаны мемлекеттік реттеудің деңгейі жоғары болған сайын, елдің экономикалық жағдайы күрделене түседі. Елдің тұрақты экономикалық дамуы кезінде және елеусіз инфляция орын алғанда, бағаны мемлекеттік реттеу заңымен қаралған жағдайларға сәйкес, анағұрлым әлсіз түрде жүзеге асырылады. Экономиканың монополиялану деңгейі жоғары болған сайын, бағаны мемлекеттік реттеу деңгейі жоғары және баға мен жалақыны қадағалау сияқты стагфляциямен күрес құралы да пайдаланылады (стагфляция=өндірістің стагнациясы (құлдырау) +баға өсімі (инфляция))
АҚШ-та барлық фирмалардың (356 мың)0,06℅ құрайтын 200 ең ірі өңдеуші өнеркәсіптік корпорацияға барлық сатылымның 50℅ тиесілі.
Көптеген дамыған нартықтық экономикасы бар елдерде, бағаны реттеудегі мемлекеттік органдардың құқығы мен рөлін, бағаны белгілеудегі өндірушілердің құқықтары мен міндеттерін және тұтынушылардың құқықтарын анықтайтын заңнамалық актілері бар.
Айталық, Австралияда мемлекеттік реттеу бағалар туралы заңмен, ал Грецияда президентпен бекітілген нарықтық реттеу кодексі арқылы жүзеге асырылады.
Данияда, өзінен бұрынырақ қолданылған баға мен пайда және монополия мен бәсекелестік туралы заңдар негізінде жасалған бәсекелестік туралы заңмен реттеледі. Норвегияда бағаға қатысты мәселелер, бағаны бақылау туралы, пайда және монополияны шектеу туралы заңдармен реттеледі.
Ресей Федерациясында қазіргі кезде табиғи монополия өнімдерінің бағасын мемлекеттік реттеу туралы Заң, Президент Жарлығы және Үкімет қаулылары жұмыс жасауда. Қазақстанда «Монополиялық қызметті шектеу», «Табиғи монополиялар» туралы заңдар бар.
Әр елде бағаларды реттеуге Парламенттің, Үкіметтің, ведомстволардың және басқа органдардың араласуы әртүрлі деңгейде. Мысалы, Австрияда мемлекеттік монополия (темекі, тұз, байланыс қызметтері және теміржол көлігі) орнаған тауарларға баға Парламент шешімімен; спирттік сусындарға қаржы министрлігімен белгіленеді. Сүт, ет, астық нарығы арнайы құрылған. Сүт қоры, астық қоры, шаруашылық жүргізу және ет шығару сияқты арнайы құрылған ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қорлар шегінде бір шаруашылықтардан алынған жоғары пайда, жоғарғы шығынға ұшыраған шаруашылықтарға берілуі мүмкін.
Айта кететін жайт, ауылшаруашылығы көптеген елдерде бағалық қолдауға ие болып отыр. Мысалы, АҚШ-та фермерге минималды табысқа кепілдік беретін, бидай, күріш, жемдік бидай, мақта, арахис, темекі сияқты өнімдерге кепілді бағалар қарастырылған. Қолайсыз жағдайда фермер өз өнімін осы бағалар бойынша кепілге өткізуіне болады. Егер кейіннен жағдай түзеліп жатса, ол кепілге берген өнімін қайта алып, оны жоғарырақ нарықтық бағалармен сатуына береді.
АҚШ-та есептік сипатқа ие және фермерлік шаруашылықтық табысының төменгі шегін анықтайтын мақсаттық бағаның маңызы зор. Егерде нарықтық бағалар мақсаттық бағадан төмен түссе, фермерлерге компенсациялық бағалық үстеме төленеді. АҚШ-та сонымен қатар өнеркәсіп және ауылшаруашылығы өнімдерінің бағалық паритетіне (қатынасына) көп көңіл бөлінеді:
біріншісі, шаруашылық салалардың ұлттық базалық құрылымын анықтаушы (жанар- жағармай, энергетика, көлік, байланыс);
екіншісі, өмір сүру құнын анықтаушы (азық-түлік, үй);
үшіншісі, сыртқы экономикалық преференцияларды (жеңілдіктерді) талап етуші.
4.Бағаны реттеу әдістері
Бағаға әсер ету мақсаттарына байланысты әдістер:
шектеуші (шектелетін)
тыйым салушы (тыйым салатын)
ынталандырушы (марапаттайтын)
Бұл әдістермонополиялану деңгейіне және экономика жағдайына байланысты қолданылады. Шектеуші әдістер негізінен жоғары монополияланған экономикада және жоғары инфляция жағдайында баға өсімін шектеу үшін қолданылады. Мұндай әдіс көпшілік жағдайда орталықтандырылған жоспарлы экономикалы және өтпелі кезең экономикасындағы елдерге тән. Шектеу әдістеріне келесілер жатады:
шекті бағалар
тұрақты бағалар;
бағалар өзгерісінің шекті коэффиценті;
табыстылықтың шекті деңгейі;
жарияланған бағалар және т.б.
Тыйым салушы әдістер монополизмді жеңу, дамыған нарықтық шаруашылық жағдайларда бәсекелестікті дамыту, тұрақты экономиканы жасау және бағаның тұрып қалуына тыйым салу үшін қолданылады.
Тыйым салу әдістеріне келесілер жатады:
бағаны тұрақтандыруға тыйым салушы;
дискриминациандық, жабайы және т.б. бағаларға тыйым салушы;
қызықтырушы және ауыстырушы принципіне сүйенген жарнамаға тыйым салушы .
Бағаны тұрақтандыруға тыйым салу әдісіне сәйкес, үкімет бағаның вертикаль (тігінен) және горизонталь (көлденеңінен) бойынша тұрақталуын шектейді. Көлденең тұрақтандыру өндірушілердің арасында бағаны белгілеу туралы келісіммен жүзеге асырылады. Тігінен тұрақтандыру өндірушілер немесе көптеп сатушылар жекелей бағаларды қадағалаған кезде орналады.
Дискриминациондық бағаларға тыйым салушы әдістер ұсақ бөлшек саудамен айналысатын дүкендерді қорғау үшін керек. АҚШ-ң бірқатар штаттары, бөлшек саудаға шығыннан аз бағамен өнімді сатуға тыйым салатын, оған қоса тұрақты пайыз алуға мүмкіндік беретін, әділетсіз сауда туралы заң қабылдаған. Тыйым салу мақсаты-ұсақ бәсекелестерді жою үшін, ірі фирмалардың бағаны шығындардан төменгі деңгейге түсіруіне тосқауыл қою. Алдамшы бағалық жарнамаларды шектеу үшін рұхсат етілетін іс-әрекеттердің стандарты жасалған. Мысалы, сатып алушыны төмен бағалармен дүкенге тартып, ал содан кейін тауар таусылды деп айтатын «қызықтырушы және ауыстырушы» принципіне сүйенетін жарнамаға тыйым салынады. Мұны қадағалау үшін фирмалардан есептілікті және құжаттылықты қатаң сақтау талап етіледі.
Ынталандырушы әдістер өмірлік маңызы зор немесе базалық тауар түрлерін (мысалы, ауылшаруашылық өнімі, балық өнімі, электр энергиясы) ынталандыруға немесе марапаттауға бағытталған. Оларға жоғарыда аталған кепілдік бағалар, мақсаттық бағалар және т.б. жатады.
