Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД новый бага белгилеу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
973 Кб
Скачать
☆

2. Қосымша әдебиет

1. Котлер Ф. Основы маркетинга,- М., Прогресс,1994

2. Левшин Ф. Мировые рынки и цены, М., 1990

3. Макконнел К. Р., Брю С., Экономикс,-М. Республика, 1993

4. Ноздрёва Р.Б., Цыгичко Л.И. Как побеждать на рынке. Ф и С,1991

5. Основы рыночного ценообразования, учебное пособие для студентов и слушателей экономических специальностей, Алматы,1993

6. Биржевое дело под ред. Галанова В.М.М.:2003

7. Багиев Г.Л. и др. Маркетинг .СПб.: Питер .-2007

6-тақырып. Таза табыс және оның бағалармен байланысы

  1. Пайда таза табыстың баға арқылы көрінетін нысаны.

  2. Рентабельділік (табыстылық)

Лекция мазмұны

  1. Пайда таза табыстың баға арқылы көрінетін нысаны

Пайда – бұл тауар орнатылған бағамен өткізілгеннен кейінгі алынатын табыстың бір нысаны болып табылады. Салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын таза табыс алады. Акционерлердің жиналысының шешімі бойынша таза табыс белгілі бір қатынаста тұтыну және қорлану қорына бөлінеді. Қорлану қорының есебінен кәсіпорын әртүрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асырады, кадрларды дайындайды және қайта дайындайды.

Тұтыну қорының есебінен кәсіпорын қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік төлемдер артуы мүмкін, сонымен қатар әлеуметтік сала мекемелерін қамтамасыз етуге жұмсалады. Өнімнің бағасының құрамына оның өзіндік құнымен қатар таза табыс та кіреді. Таза табыстың басты нысаны ол- пайда. Таза табыс экономикалық жүйеге және бухгалтерлік есепке байланысты әртүрлі нысанда көрінеді: пайда, пайыз, рента, акциздер және т.б. Батыс экономистерінің «пайда » ұғымы туралы көзқарастары әртүрлі екендігін айта кеткен жөн.

Атақты американ экономисі П.Самуэльсон пайданың табиғаты туралы 4түрлі көзқарасты атап көрсетеді:

  1. Өндіріс факторларынан алынатын міндетті табыс

  2. Кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін және техникалық жетілдіруді енгізгендігі үшін сыйақы

  3. Тәуеклділікке және белгісіздікке төленетін төлем

  4. Монопольді табыс.

Пайданың пайда болуы туралы теориялардың көптігі, бұл ұғымның күрделілігімен және саяси- әлеуметтік себептермен түсіндіріледі. Тауарларды(қызметтерді) өткізуден түсетін пайда. Қосымша құн салығының және акциздерсіз, ағымдағы бағамен тауарларды (қызметтерді) өткізуден алынған табыс пен осы тауарларды(қызметтерді) өндіру және өткізу үшін кететін шығындар айырмасына тең.

«Өнімді өткізуден түсетін пайда» және «кәсіпорын пайдасы» ұғымдарының айырмашылықтары бар. Кәсіпорын пайдасы тек өнімді өткізуден түсетін пайдамен шектелмейді, ол сонымен қатар: басқа кәсіпорындарға үлестік қатысуы арқылы, акциялардан және басқа бағалы қағаздардан алынатын дивиденттерден, мүлікті жалға беруден түсетін табыстан, валюта шотындағы оң курстан және т.б. құралады.

Кәсіпорын табысының ұлғаюы мемлекетті қызықтыруы тиіс, себебі мемлекеттік бюджеттің табыстар құрылымында табысқа салынатын кейінгі екәншә орында тұрады. Тұрақты бағаларда алынатын пайда мөлшері өзіндік құнның динамикасына тәуелді. Пайданың өзіндік құнмен мұндай байланысы өндірістің экономикалық тиімділігін сипаттайды, оның өсуі кәсіпорынның және мемлекеттік бюджеттің табысын өсіреді.

2.Рентабельділік(табыстылық)

Пайданың салыстырмалы шамасы ол табыстылық (рентабельділік)

Егер де мемлекет бағаны реттейтін болса, онда ол пайданы емес, рентабельділік (табыстылық) нормасын реттейді. Бұл пайданың абсолютті шамасы рентабельділік нормасына тәуелді болатын туынды шама екендігімен түсіндіріледі. Рентабельділік түрлері: шығындар,сату, мүлік, жарғылық капитал рентабельділігі. Баға жасалуда өнім рентабельділігінің маңызы зор,себебі ол шығындар рентабельділігімен мағыналас. Ол шығарылым эффективтілігін көрсетеді,өйткені тауарды өткізгеннен кейін алынатын пайда мен тауарды өндіру үшін кеткен шығындардың өзара байланысын сипаттайды. Бұл жағдайда жалпы есептеу бағасына енетін пайда, бюджетке шығын келтірмей (қолданылып отырған заңнамаға сәйкес) кәсіпорынның қалыпты қызметін қамтамасыз етуі тиіс.

Баға жасаудың күрделі мәселелерінің бірі болып табиғи монополиялар бағасының құраушысы болатын пайданың мөлшерін анықтау болып табылады. Қазақстан Республикасының 1998ж. 9 шілдесінде қабылданған «Табиғи монополялар туралы» Заңы өз күшінде. Бұл заңға сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005ж. 21қыркүйекте «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеудің жеңілдетілген ережесі » деген қаулы қабылданды. Бұл қаулыға сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуді жеңілдетілген ретте жүргізу:

  1. Тарифті бекіту(бағаны,мөлшерлемені,жинақты)

  2. Тарифтік сметаны бекіту;

  3. Шығындардың жасалуының ерекше ретін бекіту;

  4. Табыстарды,шығындарды және реттелетін қызметтердегі қолданыстағы активтерді есепке алудың ретін бекіту;

  5. Есептік саясатпен үндесу;

  6. Уақытша теңестірілген тарифті бекіту(баға,мөлшерлеме,жинақ)