- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Жұмыс бағдарламасы
- •Бағдарламаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер
- •201_/201_ Оқу жылы
- •2. Оқу уақытын бөлу
- •3. Пәннің мазмұны
- •Бағалау бойынша ақпарат
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік мазмұны
- •5. Студенттердің білімін бағалаудың рейтингтік жүйесі
- •Студенттің рейтингін қою шкаласы
- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Пәннің атуы «Баға белгілеу»
- •Астана – 2012 ж. Оқытушы туралы жалпы мәліметтер
- •7. Дәрістің тақырыптық жоспары
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •3.1. Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •3.2. Сөж орындау және тапсыру кестесі
- •3.3. Соөж орындау және тапсыру кестесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •5. Глоссарий
- •6. «Баға белгілеу» пәннің дәріс кешені
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •Өлшеуші, есептік функция
- •Ынталандыру функция
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •Қызмет көрсетілетін айналым сипаты бойынша баға түрі
- •Нарықтағы бәсекелестік деңгейіне, мемлекеттік әсер ету тәуекелділігі
- •3.Тағайындау, фиксациялау әдісі бойынша
- •5. Нарық түріне тәуелділігі бойынша
- •6. Уақыт факторы есебі бойынша
- •7. Фирма ішілік бағалар
- •8. Жеткізу және сату шарттары бойынша
- •9. Әлемдік бағалар
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •Баға құрамы мен құрылысы деңгейі түсінігі
- •Өндірістің баға стратегиясы. Бағалық құрылым стратегиясын таңдау.
- •3. Өндіріс шығындарына негізделген тауар бағасын тағайындау әдісі
- •Залалсыздық әдісі
- •Бәсекелестік деңгейіне бағытталған бағаны анықтау
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •4. Қосымша құн салығы
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •2. Бағаны мемлекеттік реттеудің мақсаттары
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •2. Трансфертті баға құру әдістері
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •7. Семинар сабағының тақырыптық жоспары
- •8. Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •1 Тақырып. Бағалық құрылымның теориялық аспектілері
- •2, 3 Тақырыптар. Баға қызметі. Баға жүйесі
- •14 Тақырып. Трансферттік баға құру және оның әдісі
- •2.Тапсырма.
- •9. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •10. Студенттің оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар
- •Бақылау-өлшеу құралдары: емтихан тапсыруға арналған тест сұрақтар
- •Бақылау-өлшеу құралдары
1.Негізгі әдебиет
И.Х. Салимжанов. Бағалық құрылым. Алматы-2000
Т.А. Слепнева, Е.В. Яркин. Бағалар және бағалық құрылым. Оқу құралы- М. ИНФРА –М.2001.- 240 б
В.А. Слепов, Т.Е. Николаева Бағалық құрылым. Оқу құралы. М. ИДФБК – Пресс -2000.-152 б.
Тлеубердинова А.Т. «Цены и ценообразование» - Учебное пособие. Караганда 2008г.
Касенов С.Д. «Цены и ценообразование» Учебное пособие. Астана 2002г.
«Цены и ценообразование» под В.Е. Есипова СП.- 1999г.
Самуэльсон П., Нордхаус В. Экономика,15-е изд.-М.: Бином, 1999,-799 с.
Цены и ценообразование / Под ред. В.Е. Есипова: Учебник для вузов, 3-е изд. СПБ Питер, 2001
Уткин Э.А. Цены. Ценообразование. Ценовая политика.- М.: ЭКМОС,2000
2. Қосымша әдебиет
1. Котлер Ф. Основы маркетинга,- М., Прогресс,1994
2. Левшин Ф. Мировые рынки и цены, М., 1990
3. Макконнел К. Р., Брю С., Экономикс,-М. Республика, 1993
4. Ноздрёва Р.Б., Цыгичко Л.И. Как побеждать на рынке. Ф и С,1991
5. Основы рыночного ценообразования, учебное пособие для студентов и слушателей экономических специальностей, Алматы,1993
6. Биржевое дело под ред. Галанова В.М.М.:2003
7. Багиев Г.Л. и др. Маркетинг .СПб.: Питер .-2007
12-тақырып. Әлемдік нарық бағалары
Әлемдік бағаның мәні
Әртүрлі әлемдік тауарлық нарықтардағы баға құрылу
Сабақтың ұйымдастырылу нысаны: шолып өту әдісі
Дәріс мақсаты: әлемдік нарық бағалары туралы білімді қалыптастыру
Дәріс мазмұны
Әлемдік бағаның мәні
Әлемдік нарықтың баалары – ірі экспорттық және импорттық операциялар жүргізілетін бағалар. Бұл операциялар үнемі болып тұрады және мұндағы төлемдер еркін айналатын валютамен жүргізіледі. Әлемдік тәжірибе әлемдік нарықтың бағасы ретінде сәйкес өнімнің өндірушілері мен экспорттаушылары болып табылатын ірі компаниялардың экспорттық бағалары болатындығын көрсетеді. Қарастырылып отырған бағаларға әдетте негізгі тауар өндірушілер болып табылатын жекелеген елдердің нарықтарындағы бағалар жатады.
БҰҰ-ң статистикалық бюросы әлемдік нарықтағы шикізат тауарлар мен қатар өнеркәсіптік бұйымдарға бағалардың динамиксын сипаттайтын көрсеткіштерді үнемі жариялап отырады. Соның ішінде, болат пен қалыптар нарығында бағаларды анықтау, мысалы, Германия, Франция, Бельгия сияқты ЕО-қа мүше елдерге тиесілі. Көптеген жағдайларда әлемдік бағалар биржалық котировкалармен анықталады, мысалы, мыс пен қалайы бағалары. Басқа жағдайларда бағаны анықтауда шешуші рольді негізгі өндірушілер мен экспорттаушылардың бағасы мен биржалық котеровкалардың бағаларының үйлесуі атқарады, бұл шай, кофе, какао, бұршақ және т.б. тауарлардың бағасына қатысты.
Әртүрлі әлемдік тауарлық нарықтардағы баға құрылу
Нарықтық экономикада әртүрлі елдердің сыртқы экономикалық субъектілерімен саудалық қатынасындағы баға құрылу процессі бәсекелік ортада, сұраныс пен ұсыныстың арасындағы динамикалық тепе-теңдік нәтижесінде және экспорттаушы мен импорттаушының нарықтағы іс-әрекеттерінің салыстырмалы еркіндігі нәтижесінде қалыптасады. Алайда, аталған постулаттар нарық түріне байланысты түзетулерді талап етеді. Нарықтардың жіктелуінің басты критерийі құрамына әлемдік нарыққа енетін, еркіндіктің сипаты және дәрежесі болып табылады.
Бұл критерий бойынша экономистер нарықтың 4 түрін атап көрсетеді: жетілген бәсеке, таза монополия, монополиялық бәсеке, бірнеше жеткізушілердің бәсекесі – олигополия. Бәрінен бұрын бұл нарықтар баға құрылу механизміне күшті әсер ететін субъектілер санымен ерекшеленеді.
Жетілген бәсеке нарығы сыртқы сауда субъектілерінің өте үлкен санымен және салыстырмалы түде шығарылатын өнімнің біркелкілігімен сипатталады. Сұраныс пен ұсыныстың әсерінен бағалардың бір-біріне жақындау тенденциясы байқалады, яғни белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір аймақта бағалар бірдей болады. Тәжірибелік бақылауларға сүйенсек, нарықтың аталған моделінде экспорттаушының пайданы максималдауға ұмтылуы тауарға бағаның түсуіне алып келеді. Нарықтағы өз позициясын сақтау үшін экспорттаушы елеусіз 3-5℅болатын жеңілдіктер жасайды. Экспорттаушының ұтысы тауарды өткізу көлемінің артуынан болады. Жетілген бәсеке нарығында өнімді жеткізушілер тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруда максималдауды көздейтіні айқалған. Бәсекелес жеткізуші фирмалар эффективті технологиялар бойынша өндірілген тауарларға, өндірушілер өзінің өндірістік шығындарын есепке ала отырып, тауарды айтарлықтай төмен бағамен сатуға бағдарланады. Іс жүзінде аталған нарық түріне, мысалы, кең қолданысқа ие киім, аяқ киім, темекі, ауылшаруашылық өнімі, азық-түлік және т.б. тауарлардың халықаралық саудасын жатқызуға болады. Таза монополия нарығы дара тауарды жеткізушінің болуымен сипатталады.
Бағақұрылу монополистің билігімен жүзеге асырылады, ол барлық ұсынысты қадағалайды, сұранысқа байланысты бағаны өзгертедіжәне шығарылатын өнімнің көлемін басқару арқылы бағаны өзгерте алады, шет елдер нарықтарына өз өнімін жеткізу туралы алдын ала келісім беруге эксклюзивті құқыққа ие бола отырып, заңдық тұрғыдан бәсекелестің енуіне қиындықтар туғызады. Монополист осы нарықтың табиғатына сәйкес, өзіне өндірістік шығындарды жауып және қалаған табысын алуға мүмкіндік беретін деңгейде, тауарларға бағаны барыншажоғары қоюға ұмтылады.
Бірақ монополист ұстануы тиіс бірқатар шарттар бар. өзінің жарықтағы жалғыз болғандығына қарамастан, ол ең жоғары бағаныбелгілемейді, себебі нәтижесінде жалпы пайда азаюы мүмкін. Монополистің басқаруымен жалпы табыс неғұрлым жоғары болатындай өндіріс көлемі мен бағалардың оптимды шамасы алынады, әйтсе де ол жеке өнімдерді сатудың максималынан төмен болады. Бұл шындық , өйткені әлемдік нарықтың барлық қатысушыларының тауарлары ең жоғары бағамен сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Бағалық дискриминация деген ұғым бар, ол халықаралық нарыққа өз тауарын шығарушы монополист, шығарылатын тауар бағасын импорттаушы елге, дәлірек айтсақ оның қаржылық жағдайына байланысты өзгертіп отырады. Бұл кезде берілген өнімнің сол елге қайта экспорттауы мүмкіндігі есепке табылады.
Дискриминациялық бағалар, қайта экспорттау болмайтын, оқшау нарықтарда орнатылады. Әлемдік тәжірибеде қазіргі кезде таза монополистер салыстырмалы түрде көп емес.70 -80 ж.ж. коммерциялық ұшулардың барлығын қадағалап отырған АҚШ – ға НАСА компаниясы әлемдік ғарыш нарығында таза монополист бопды ( КСРО белгісіз себептермен бұл нарықта болмады). Алмаз нарығында ДеБИРС компаниясы таза монополист болып табылады.
Монополиялыық бәсекеге нарықтың аралас түрі. Бұл нарықта ірі монополистермен қатар одан сәл әлсізірек нарықта көрнекті орын алатын фирмалар болады.Бағақұрылудың сипаты бәсекелік және дифференциалданған фирмалық өнім шегіндегі монополизм мәртебесі бар жеке тауарлар нарығындағы бір елдің ірі фирмаларының билігі басқа епдердің ірі монополиялық фирмаларының және өзінің жоғары пайда үлесін алуға ұтылатын «жеңілсалмақты» бәсекелестердің қысымымен әлсірейді. Монополия жағынан бағаны жаңғырту әрекеті, бәсекелестер тарапынан тиімді ұсыныстар, яғни жақсырақ бағалар ұсынатын фирмалардың табылуына әкеледі. Бағаға айтарлықтай әсерін тигізетін әртүрлі саладағы монополизмнің бәсекелесі, олар бір мақсатта қолданылатын, әртүрлі тауарлық сипаттамаларға ие және әртүрлі физикалық қасиеттерге ие тауарларды ұсынады. Мысалы, автомобиль жасаушы концерндерге метал мен пластмасса өндіруші – жеткізушілердің арасындағы бәсекелесіне келтіруге болады. Бағаның құрылуы кезінде сапасы бойынша дәстүрлі тауарларды алмастыратын тауар бәсекесі де ескеріледі. Мысалы, Австралия мен Англияның әлемдік нарыққа дәстүрлі жүнді жеткізуші компаниялары, химиялық талшықтары өндіруші – жеткізуші компаниялар тарапынан күшті бәсекеге тап болады. Бәсекелік нарықтағы бірнеше жеткізуші болатын олигополистік бәсеке – толығымен немесе соған жақын мөлшерде әлемдік нарыққа тауарды жеткізуді қамтамасыз ететін, нарықтағы айтарлықтай сегменттерге ие, бірнеше ірі өндіруші – жеткізуші фирмалардың болуымен сипатталады.
Фирмалар және импорттаушы – елдер арасында, әдетте, әріптестік туралы келісімдер болады, фирмалар стратегиялық қажетті шикізатты сатып алуға эксклюзивті құқықты және жарнамалық шараларға қомақты қаражат жұмсайды. Жеткізілетін өнімге бағақұрылу тәжірибесі, бағаны белгілеу, өндіріс, сатып алу, инвестиция және т.б. көлемін анықтау сияқты экспорттаушымен қабылданатын ірі шешімдер, бәсекелестің мүмкін әрекетін салмақтауды талап етеді. Маңызды рөлді көпшілікке жарияланбайтын компаниялар арасындағы ресми емес келісімдер алады. Арнайы сөйлесулердің нәтижесінде тұрақты бағалар, өткізілетін нарықты бөлу, өндіріс көлемі туралы келісімдер жасалады.
Әлемдік нарықта салыстырмалы түрде бағдарлану қажеттілігі компанияларға көбірек болжамдылықпен қызмет етуге мүмкіндік беретін арнайы механизмдердің құрылымына алып келеді. Мұндай механизмнің қарапайым формасы, өндіріс көлемін және баға саясатына қатысты ресми жазбаша келісімдер негізіндегі картель болып табылады. Компаниялар келісілген баға деңгейіне ұстап тұру үшін тауарды өткізу нарығын бөліседі. Жақын уақытқа дейін әлемдік мұнай нарығын реттейтін ОПЕК атты танымал картель болды. Ұзақ уақыт бойы картельге мұнай нарығын табысты бағдарлау мүмкін болды. Мұндай механизмдер жұмысына қатысушы фирмаларға, таза монополияларда сияқты пайданы максималдандыру тенденциясы тән. Олигополиялыық нарық субъектісінің бағалар деңгейіне әсері, ең бастысы нарықтың монополиялану дәрежесіне, тауар өндірісіне және өткізілуіне, шикізат көздеріне және өткізілуіне, шикізат көздеріне және басқа маңызды факторларға қадағалаудың қаншалықты күшті екендігіне байланысты болады.
Монополиялану дәрежесі жоғары болған сайын монополиялық бағғалар деңгейі жоғары және олардың тербелісі мардымсыз болатындығы байқалған. Машиналар және құрал – жабдықтар нарығындағы баға құрылу процесі, мысалы, шикізаттарға және жартылайфабрикаттарға бағақұрылудан өзгеше, ал әлемдік нарыққа жеткізілетін нақты бұйымдарға бағақұрылуды талдау конструкциялық сипаттарының ерекшеліктеріне және құрал – жабдықтардың әртүрлілігіне байланысты шындық туғызады. Сонда да әлемдік нарыққа ұқсас өнідер шығаратын жеткізушілердің бәсекелестердің бағасы жайлы хабары болады. Әдеттегідей, бағалар деңгейі нақты өндірістік шығындармен оған қосылған өткізу нарығын, әріптесті, аймақты және т.б. ескеретін белгілі бір пайыздарды көрсетеді. Ішкі бағаларды мемлекеттік реттеу, экспортқа субсидия бөлу, импортты қолдау, кедендік – тарифтік саясатты жүргізу және т.б. ақырында сыртқы бағаларға айтарлықтай әсер етеді, бұл бағалар жоғары болған сайын, елдің әлемдік нарықтағы компанияның саны артады.
Мемлекет ішкі нарық бағаларын негізінен 2 құрал көмегімен реттейді: өндірушілердің сату бағасының деңгейіне кепілдік береді және өндірістік шығындарды жабу үшін субсидиялар ұсынады. Тарихтан АҚШ – ғы ауылшаруашылығын және ЕО-ң ауылшаруашылық саясатын мемлекеттік қолдау сияқты мысалдарды келтіруге болады.
АҚШ-та бағалар кепілді баға деңгейінен түсіп кетсе мемлекет федералды бюджеттен субсидия бөледі. Кепілді бағаларды қамтамасыз ететін үкіметтік арнайы ұйым ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерден кепілге өнім алады, нарықтағы бағалар кепілдік бағадан асып кетсе, өндіруші өнімін сатып алып, нарықта оны сатады. Егер бағалар кепідік бағадан төмен болса, тауарға кепілдік беруші үкіметтік ұйымның меншігінде қалады. Осылайша АҚШ агроөнімдерінің ірі экспорттаушысы өзінің өндірушілерін қолдай отырып, өзінің өндірушілері де ұмтылмайтын, әлемдік бағалар да қадағаланатын баға айырмашылығын ұстайды. ЕО әрбір аймаққа, әрбір өнім бойынша жасалған бағақұрылу механизмі тиімді болып келеді. Бағаның бірнеше категориялары орнатылады: индикативтік бағалар ЕО- пен қабылданған еркін бағалар, импорттың немесе экспорттың минималды бағалары өндірушіге ресми ұйымдардың интервенциясымен кепілдендірілген минималды сату бағалары. Бастапқы баға нарықты импорттан қорғайды, интервенция бағасы өндірушілерге минималды табысқа кепілдік береді. Сондықтан ЕО шегіде протекционизм өндірушілерді кенеттен болатын әлемдік нарық толқуларынан қорғайды. ЕО- ң сапалы агросаясаты 10 – 15 жыл ішінде оған мүше елдерді ауылшаруашылығы өнімін импорттаушыдан өзін - өзі қамтамасыз ете алатын, әлемдегі екінші экспорттаушыға айналады. Машина құрылысы және шикізат салаларының бағаларын мемлекеттік реттеу көбінесе жанама түрде жүзеге асырылады. Мысалы, мемлекет НИОКР- ды қаржыландырудың бір бөлігін өзіне алады, экспортты жасырын қаржыландырады, протекционистік кеден саясатын жүргізеді. Экспорттық субсидияларды компанияларға ұсына отырып, мемлекет әлемдік деңгейде оларға бағаны ұстауға және нарықпен шықпауға мүмкіндік береді. Импорттық салықтар деңгейін азайта отырып, мысалы, шикізатқа, мемлекет осы шикізатты пайдаланып жасалатын тауарларға сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілікті күшейтуді көздейд.Әлемдік нарық бағасына әсер етудің бір түрі демпинг. Демпингтің мақсаты белгілі бір тауармен немесе тауарлар тобымен, тауарларды әлемдік нарықта ішкі бағалардан төмен бағамен сатып, жаулап алу.
Шығындар әлемдік нарықтағы бағалардың көтерілуімен және экономика импорттаушы елдердің нәтижесінде ақталады.
