Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістік кешен (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
485 Кб
Скачать
☆

6.2. Қаржылық менеджменттің қызметтік міндеттері мен мақсаттарына сипаттама

Нарық жағдайындағы қаржылық менеджменттің мақсаты әр түрлі болуы мүмкін. Әрбір нақтылы жағдайда олар кәсіпорында жүзеге асырылатын стратегиялық және тактикалық міндеттерге байланысты болады.

Олардың қол жеткізген мақсаттарын жалғастыра отырып, қаржылық менеджерден мына негізгі бағыттар бойынша тиімді басқарушылық шешімді қабылдау талап етіледі:

  • Операциялық қызмет (кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау, жоспарлау, болжау және бақылау);

  • Қаржыландыру –меншіктік және тартылған құралдардың көздерін басқару (қаржылық шешімдер);

  • Инвестициялар – активтерді басқару және инвестициялық саясат (инвестициялық шешім).

Жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрбірі қаржылық менеджмент жүйелері шеңберінде жүзеге асырылатын шешімдер, нақтылы кешенді міндеттермен сипатталады. Міндеттердің типтік кешені 6.1-кестеде ұсынылған.

Міндеттердің кешені қаржылық басқару үдерісінің жаплы мазмұнын бейнелейді және әлі де бөлшектенуі және құрылымдануы мүмкін.

Мысалы, негіздерді, қордың құны мен құрылымын анықтау міндеті бөлшектік бағаны болжайды:

  • талап етілетін қаржылық ресурстардың көлемі және олардың қол жетімділігінің дәрежесі;

  • оларды ұсыну нысандары (ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді кредит, қолда бар ақша, бағалы қағаздардың эмиссиясы және т.б.);

  • ресурстардың осы түрін иелену құны (пайыздық мөлшерлемелер, осы құралдар көздерінің басқа да формальді және формальсіз ұсынылу шарттары);

  • осы құралдардың көздерімен бірігіп кететін тәуекелдер, және т.б.

6.1-кесте. Қаржылық менеджмент міндеттерінің кешені

Жалпы қаржылық талдау,

жоспарлау және бақылау

Құралдардың

көздерін басқару

Активтерді

басқару

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және болжау Қаржылық-шаруашылық қызметті ағымдағы және болашаққа жоспарлау Қаржылық бақылауды жедел басқару Қаржылық бақылауды өткізу

Қор құрылымын, көздерін және құнын анықтау Меншіктік қорды басқару Займды қорды басқару Пайданы бөлуді және дивидендті саясатты басқару

Инвестициялық жобаларды талдау және басқару Айналмалы активтерді басқару Ақшалай қаржылар мен бағалы қағаздарды басқару Дебиторлық берешекті басқару Қорларды басқару

Міне, осы жағдайда қаржылық менеджмент міндеттерінің кешені кең және әр түрлі болып келеді. Олардың көпшілігін шешу қазіргі заманғы компьютерлік тенхнологияларды және күрделі математикалық үлгілерді қолдануды, ақпараттардың мәнді көлемін өңдеуді талап ететін күрделі және ауқымды үдерістерді ұсынады. Бұл жерде шешу үдерісі жиі қатаң уақыттық шектеулерде, тәуекел мен белгісіздікте өтеді,ал салдарларға жауапкершілік дәрежесі өте жоғары болады.

Қаржылық менеджмент міндеттерінің ерекшелігі сондай-ақ, ерекшелігімен қорытындыланады, мысалы, бухгалтерлік есеп міндеттерінен, олар өте нашар стандартталған және бір уақытта өздерін есептеу, ақпараттық-іздеу және логикалық аспекттерімен үйлестіреді. Бұл жерде шешімдердің көпшілігі тұрақсыз сипатта болады. Сондай-ақ нақты мәмілені жүргізу үдерісінде туындайтын, шешімдегі тұтынушылық, бір реткі міндет деп аталатын қатарлары бар.

Қаржылық менеджменттің осыған ұқсас ерекшелігі әр түрлі программалық өнімдердің міндетін шешу үдерісінде пайдалануға қажеттілікті бекітеді және оның ақпараттық қамтамасыз етулерін ұйымдастыруда ерекше талаптар ұсынады.