- •Дәрістік кешен
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 3. Тақырыбы: аж-ны ақпараттық қамтамасыз ету
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 5. Тақырыбы: ұйымды басқаруда аж мен ат-дағы ақпараттарды қорғау
- •5.1. Аж мен ат қауіпсіздігіне қатерлердің түрлері
- •5.1.1. Аж мен ат ақпараттық қауіпсіздігін сақтаудың қажеттілігі
- •5.1.2. Ақпараттың қауіпсіздігінің қасақана қатерлерінің түрлері
- •5.2. Аж мен ат басқаруда ақпараттарды қорғау түрлері, әдістері мен құралдары
- •5.2.2. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін (ақж) құру құралдары мен әдістері. Ақж құрылымы
- •5.2.3. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
- •5.2.4. Экономикалық аж корпоративті желілерінде ақпаратты қорғау
- •5.2.5. Экономикадағы электронды құжат айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
- •Ақпараттық өзара әрекетке қатынасушылардың аутентификациялау (түпнұсқаландыру)
- •3. Желі мен дк ресурстарына, құжаттарға қолжетімділікті белгілеу
- •4. Электронды құжаттарды қорғау
- •5. Байланыс арналары мәліметтерін қорғау
- •6. Ақпараттық технологияларды қорғау
- •7. Мәліметтер ағындарына қолжетімділікті шектеу
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 6. Тақырыбы: қаржылық менеджменттегі ат
- •6.1. Қаржылық менеджментті нарық жағдайында ұйымдастыру
- •6.2. Қаржылық менеджменттің қызметтік міндеттері мен мақсаттарына сипаттама
- •6.3. Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыздандыру
- •6.4. Қаржылық шешімдердің программалық қамтамасыз етілуі
- •6.5. Аат жағдайында қаржылық менеджментің есептерін шешу технологиясы
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 7. Тақырыбы: бухгалтерлік есептегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе (баж)
- •7.1. Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйеге сипаттама
- •7.2. Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту ерекшеліктері
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 8. Тақырыбы: аудиторлық қызметтiң ақпараттық технологиялары
- •8.1. Аудиторлық қызметтiң компьютерлік ақпараттық жүйесiнiң атқарымдық есептерi
- •8.2. Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар (аат)
- •8.3. Аудиторлық қызметтегі автоматты ақпараттық технологиялардың программалық қамтамасыз етілуі
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •9.1. Қазіргі заманға сай банк жүйесінің даму кезеңдері
- •Банк қызметін автоматтандыру
- •Банк қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
- •Бантктердегі инновациялық процесстер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 10. Тақырыбы: салықтағы деректерді өңдеу аат
- •Салық қызметін басқару жүйесінің ерекшеліктері. «Салық» ааж
- •Қр салық комитетiнiң біріктірілген ақпараттық жүйесi (қр сбаж)
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •11.1. Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі
- •2. Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
- •11.3. Бюджетті басқару ааж құрылымы
- •11.4. Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының аат
- •«Қаржы» ааж
- •Атқарымдық ішкі жүйелері
- •Бюджетті орындау мен құру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (боқаж)
- •Атқарымдық ішкі жүйелер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 14. Тақырыбы: ақпараттық қазынашылық жүйе
- •14.1. Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипаты
- •Қазынашылық органдар есебінің, аж және ат-да іске асыру ерекшеліктері
- •Аж және ат-дағы атқарымдық мәселелердің қазыналық талаптары
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
Қаржылық менеджменттің басқарушы қосалқы жүйелерінің негізгі элементтерін атаңыздар және қысқаша сипаттаңыздар.
Қаржылық менеджменттің міндеттерінің кешеніне сипаттама беріңіздер. Олардың ерекшеліктері неде?
Қаржылық менеджменттің міндеттерін шешу үдерісінде ақпараттың қандай түрлері пайдаланылады?
Іскерлік ақпараттың негізгі түрлерін атаңыздар және сипаттаңыздар.
Биржалық және қаржылық ақпараттың, оны ұсыну тәсілдерінің сипаттамасын беріңіздер.
Шынайы уақыттағы іскерлік ақпаратты отандық және шет елдік негізгі жеткізушілерді атаңыздар.
Отандық нарықтағы ақпараттық қызмет көрсетудің негізгі проблемалары мен ерекшеліктері неде?
Қаржылық менеджменттің программалық құралдарының жіктелімін айтып беріңіздер.
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін автоматты басқарудың кешенді жүйесінің жалпы сипаттарын атаңыздар.
Негізгі талдау міндеттерін шешу үшін қандай программалық құралдар пайдаланылады?
Инвестициялық жобаларды бағалау міндетінің типтік ерекшеліктері қандай?
ААТ жағдайындағы инвестициялық жобаларды бағалаудың негізгі кезеңдерін атаңыздар. Бұл жерде қандай программалық құралдар пайдаланылады?
Project Expert және «Альт-Инвест» программаларының құрылымдық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіздер. Сіз қандайын ұсынар едіңіз? Өз таңдауыңызды негіздеңіз.
Дәріс № 7. Тақырыбы: бухгалтерлік есептегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе (баж)
Мақсаты: Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйеге сипаттама беру.
Жоспары:
Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйеге сипаттама
Бухгалтерлік есептегі ақпарат технологиясы автоматтандырылған бухгалтерлік жүйе сипаттамасы, ақпараттың қамтамасыз ету ерекшеліктері
7.1. Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйеге сипаттама
Экономиканы басқарудағы өзгерістер және нарықтық қатынастарға өту бухгалтерлік есепті жүргізуге және ұйымдарға айтарлықтай әсер етті. Халықаралық есеп жүйесіне өту жаңа методология формаларын өңдеуді қажет етті. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі және компьютерлік өңдеудің дәстүрлі формалары өзгеріске ұшырады. Бухгалтерден нарық шартында ұйымның қаржылық күйін бағалау, қаржылық талдау және салықтық есептің әдіс тәсілін меңгеру, құнды қағаздармен жұмыс жасай білу, ақша инвестициясын реттеу,т.б. талап етіледі.
Жаңа әдіс-тәсілдерді игеру бухгалтер ісінде маңызды иструмент, яғни АЖ-ні жетілдірмейінше және қазіргі персоналды компьютерлерді қолдану бойынша мүмкін емес. Кез-келген экономикалық объектінің қызметін басқару негізін күрделі құрлымға ие АЖ(құрамы істің түріне және ұйым фирма көлеміне байланысты)
Ақпараттың 60%-ы орталықтандырылған Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінде айтарлықтай қызмет атқарады. Бухгалтерлік есептің функционалды жүйесіне әр түрлі деңгейдегі менеджерлерге басқару шешімін қабылдау мақсатында ақпараттық ресурстарды ұсыну, сонымен қатар бухгалтерлік есеп беруді ұйымға уақытылы ұсыну. Бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық операциялар жөнінде ақпараттарды жинайды, заңды күші бар құжаттарда белгілейді. Ақпарат синтетикалық және аналитикалық есеп берулерде тапсырылады. Бухгалтерлік есептің функционалды жүйесі бухгалтер ақпаратымен ұсынылады және құрылымы санағы ұйым ауқымына қатысты. Шағын ұйымдарда 1-2 бухгалтерден құралады, яғни қарапайым орта және ірі ұйымдарда бухгалтерия жеке есептеу бөлімдеріне бөліне отырып АЖО ұйымдастырылады.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйешесі негізінде, яғни есеп бөлімдерімен орындалатын кешенге біріктірілген есептік міндеттер жатады. Есеп кешені нақты экономикалық мазмұнмен сипатталады, яғни есеп берудің байланыс алгоритмдері, бекітілген синтетикалық есептер нақты есеп беру бөлімінің нормативтік және әдістемелік құжаттары.
Бухгалтерлік есептің міндеті құрылымдалған есептеудің нақты қарапайым алгартміне ие. Сонымен қатар үлкен көлемдегі ақпарат және оның топтастырулары компьютерлік өңдеулерді қажет етеді.
Есептік міндеттерді компьютерлендіру негізі – персоналды компьютер бухгалтердің жұмыс орнын автоматтандырылуын ұйымдастыру жолымен есептерді өңдеу жүзеге асырылатын бухгалтердің жұмыс орнында қондырылған. АЖО бухгалтерлері жергілікті және бухгалтерлік жергілікті есептеу желісімен байланыстырылып ұйымдастырылады. АЖО жабдықталған бухгалтерия электронды бухгалтерия болады. Заманауи персоналды компьютерлерді қолдану орталықтандырылған жүйесімен есептердің ақпараттық мәліметтер базасын интеграциялауды жүзеге асырады. Маңызды артықшылығы шағын ұйымдардың электронды техникаға жетімділік мүмкіншілігінің болуы. Орталықтанбаған өңдеу шартына сәйкес бухгалтердің жеке есептік міндеттерін шешу мүмкіншілігі туындады. Орталықтандырылған өңдеу ұйымы өңдеу мерзімін қысқартуға есеп беру мәліметтерінің оперативтілігін сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
АЖО бухгалтер бухгалтерлік есеп міндеттерін регламентті және сұраныс режимінде шешуге мүмкіншілігі зор. Жаңа ақпараттық технологиялардың маңызды артықшылығы түбірлі өзгертуді қажет етепейтін бухгалтерлік есептің бір формадағы ориентациясы. ДК қолданысқа енгізу алғашқы есептік құжаттың әдістемесін өзгертеді. Автоматтандырылған есеп беру формасының жаңа диалогтік формасы құрылды. Ол ДК мәліметтер базасында сақталған ақпаратты алу жолымен ақпараттық анықтамалық қызмет көрсетуді ұйымдастырды және объективті бағалауды, талдауды қамтиды. Осылайша бухгалтер кез- келген мерзім үшін айналым-сальдолық балансын алуға, шаруашылық операциялары журналынан кез-келген қасиет бойынша өтімділік үшін қарай алады.
ДК қолданысымен бірге орталықтандырылған бухгалтерлік есеп өңдеуді есеп беру міндеттерінің тығыз байланысын интеграциясын қарастырады. Мысалы, еңбек ақы және еңбек есептерін материалдық құндылықтар және тауарларды реализайиялау қаржылық есептесу операцияларымен өзара байланысы негізінде орындалады. Жаңа ақпараттық есеп беру міндеттерін өңдеу технологиясы алғашқы есеп беру құжатын құрудан бухгалтерлік есеп берулерді құрастырып және оларды талдауға дейінгі сатыларды қамтиды. Осы кезеңге дейінгі қолмен орындалып келген бухгалтерлік есеп берулер автоматтандырылады.
Бухгалтерлік құжаттама формаларына өзгерістердің енгізілуін ескере отырып бухгалтер өз қалауы бойынша түрлі жаңа формалы құжатты кестелерді қарастыруға мүмкіндігі бар, яғни программалық өнім осындай есеппен құрылады. Осының барлығы бухгалтерден қолданбалы программаның арнайы және функционалды пакеттерін қолдана білуін талап етеді. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дамуы бухгалтерлік есеп берудің басқада басқару функцияларымен өзара тығыз байланысына бағытталады.
Кейбір формалардың бухгалтерлік есеп беру функцияларын қалыптастыру программалық өніммен ерекшеліктеріне қарамастан бухгалтерлік есептің келесі кешен құрамын ерекшелеуге болады.
Кассалық және есептік – қаржылық операциялар (касса операциялары, банктегі операция, дебиторлармен және кредиторлармен есептесу, акционерлермен есептесу, бюджеттік емес есептеулер, төлемдермен есептесу, бюджетпен есептесу, кредиттермен есеп).
Материадық құндылықтарды есепке алу (материалдардың қорға келіп түсуі, өндіріске материалдарды беру, материалдық құндылықтарды бағалау, «қоймалық есеп» мақсатында интеграциялау).
Еңбек ақы және еңбекті есепке алу (функционалды жүйемен интеграциялау, жалақыны автоматты түрде аудыру, есеп беру төлем құжаттарын құру).
Материалды емес акттерді есепке алу (инвентарлы электронды карточкаларды құру, жалға беру).
Дайын өнімді реализациялау шығару, тасымалдау.Бұл кешен өндірісті басқару функцияларымен яғни дайын өнімді тасымалдау келісім- шартына маркетингтік операцияларға, сатып алушылармен қаржылық есептесумен байланысты.
Өндірістік шығынды еске алу. Кешенмен негізгі және жанама өндірісте бұйымға кеткен есепке алу қамтылады.
Қаржылық есептеме. Бұл комплексте синтетикалық есеп беру ведомостары қалыптасады және барлық есеп беру міндеттер кешенімен ақпараттық тығыз байланыс болады.
Экономикалық ақпараттарды өңдеу технологиялары ақпараттық базалық ұйымдарға жаңа талаптар қояды. Мәліметтер базасын құру түрлі қолданушылармен ақпарат алмасу компьютерде автоматты түрде алғашқы құжаттарды қалыптастыру мүмкіншілігі туындайды.
Бухгалтерлік есеп беру бойынша программалық өнімнің жаңа версиялары кешенді есеп беру бөлімдерінің ақпараттарын біріктіреді. Мысалы, еңбек және жалақыны есепке алудың типтік жобасында бір мезгілде қорға төлем төлеу құжатыда қарастырылған. Бұл процедураның орындалуы программаны есептік тапсырмалардың екі кешенін еңбек, жалақы төлеу және қаржылық есеп айырысу операцияларын біріктіреді.
Бухгалтерлік есеп кешені күрделі ішкі және сыртқы ақпараттық байланыстарға ие. Ішкі байланыс жекелеген есептердің кешендердің өзара ақпарат байланысын бейнелейді; сыртқы байланыс-ішкі ұйымдармен басқа да бөлімшелердің өзара байланысын көрсетеді. Есептік міндеттемелер кешенінің ақпараттық байланыстары машиналық программалық негізіне ендірілген үш өңдеу фазасын ерекшелеуге мүмкіндік береді.
Бірінші фазада алғашқы бухгалтерлік құжаттама құрылады. Екінші фазада әрбір есеп беру бөлімдері үшін талдау ведомосты құрылып өңделеді (мысалы, еңбекақы төлеу есебі бойынша есеп айырысу-төлем құжатталуы жасалады. Есептелген және ұсталынған еңбекақы жинақтары және т.б.). Осы барлық операциялар қолданбалы программа пакеттері (ҚПП) негізінде орындалады. Бірінші немесе екінші фазасында бухгалтерлік проводкалардың құрылуы счет нөмерлері бойынша әр түрлі аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлерінде, журнал-ордерлерде қайта өңдеу бұл процесті толық автоматтандыруға алғашқы құжаттардың құрылуы бойынша немесе әр есеп орындарының тапсырманы аяқтауда шешімдер жиынтығын проводкаларды қалыптастыра отырып жасауға мүмкіндік береді.
Қайта өңдеудің үшінші фазасы синтетикалық есеп жиынтығынын: счеттар бойынша айналым-сальдолық ведомосі, бас кітаптың, баланс және қаржылық есеп беру формаларының құрылымынан тұрады, машиналық программаның басты модулімен қамтамасыз етуі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп кешендері арасында бухгалтерлік есептеу желісін ұйымдастыру негізіне алынған ақпараттық байланыс бар. Өндіріске кеткен шығындарды шығын ақпараттарын есепке алу үшін басқа есептеу кешендерінің нәтижесі қолданылады. Назар аударатын жайт өндіріске кеткен шығындарды есепке алу негізінде ақпараттық базаларды қалыптастыру. Бұл қорытынды мәліметтердің негізгі көзі материалдарды жалақыны еңбекті дайын өнімді есепке алу міндеттерінің шешімі сонымен қатар нормативті анықтамалық ақпараттар.
Бухгалтерлік есепті шешу қарастырылған өңдеу фазалары есептік міндеттемелер интеграциясы, ішкі байланыстың болуымен құрылымданады. Бухгалтерлік есептің сыртқы ұйымдармен ақпараттық байланысына тоқталған жөн. Негізінен, бұл байланыс нормативтік және әдістемелік материалдарды алу болып табылады, сонымен қатар бос қаржы есептерді керекті ұйымдарға тарату: меншік иесіне, жоғарыда тұрған ұйымдарға, салық инспекциясына, статистика органдарына, қаржылық ұйымдарға және т.б. Заңдалған бухгалтерлік есепті, ДК-ден алынған ақпаратты, магниттік тасымалдаушыларда немесе электрондық почта арқылы жоғарыда тұрған ұйымдарға жібереді. Банктермен байланыс үшін арнайы “Клиент банк” машиналық жүйесі бар. Бұл жүйе уақытты үнемдеуге ақшаның түсуі жөнініде ақпаратты алуда, қызмет көрсетуді жылдамдатуда өте қолайлы.Ұйымның есеп шотына қызмет көрсететін Банк тікелей есепшотты офистен шықпай басқаруды ұсынады. “Клиент банк” программасы төлем тапсырмаларын құруға, сосын модем арқылы банкке тапсыруды және есеп көшірмесін алуға мүмкіндік береді. Ал ақпаратты қорғау үшін электрондық қолтаңба қолданылады, онсыз құжат жарамсыз, сонымен қатар ақпаратты арнайы шифрлеу әдістері қолданылады.
