Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістік кешен (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
485 Кб
Скачать
☆
    1. Аж және ат-дағы атқарымдық мәселелердің қазыналық талаптары

Қазынашылық жүйедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйені дамыту мүмкіндігі экономикалық объектілерінің жұмыстарын ұйымдастыруға және негізгі қаржылық мәселелерді шешуге бағытталған программалық өнімдерді қолдануға байланысты.

Қазынашылық жүйедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйенің программалық жасағына келесі талаптар қойылады.

  1. Үлкен көлемдегі ақпараттарды қысқа мерзімде өңдеу қажеттілігі. Негізгі ауыртпалық енгізу, оқу, жазу және мәліметтерді беру амалдарына түседі. Бұл операциондық жүйелерге, мәліметтер базасын басқару жүйесіне, ақпараттарды беру құралдарының өнімділігіне барынша қатал талаптар қояды.

  2. Талдау, болжау мен бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, қолданушылар мен ақпараттық ресурстардың өзара әрекеттістігін интерактивті тәртіпте ұйымдастыру.

  3. Көп деңгейлілік пен көп буындылық қасиетіне ие автоматтандырылган ақпараттық технологияларды қамтамасыз ететін желілік қызметтердің негізгі программалық құралдары спектрлерінің болу.

  4. Әртүрлі программалық платформаларды біріктіру мүмкіндігін, технологияларды жаңа жұмыс орындарымен, жаңа әртүрлі класс серверлерімен, т.т. толықтыру есебінен өсіру және кеңейту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

  5. Корпоративтік мәліметтерге көптапсырмалы және көп қолданушылы мүмкіншілік, сондай-ақ ақпараттарды ортақ өңдеу үшін мамандар мәліметтеріне бірмезгілді мүмкіншілік тәртіптерінің болуы.

  6. Қаржылық ақпараттарды рұқсатсыз мүмкіншіліктен, компьютерлік вирустардан және басқа зиянды программалар типінен сенімді қорғау, деректердің біртұтастылығы мен қайшылықты болмауын қолдау, т.т.

Бұл талаптардың барлығы жүйелік программалық жасақты қолдауға бағытталған және атқарымдық мәселелерді шешуге арналған, проблемаға бағытталған программалық өнімдерге сәйкес.

Қазынашылықтың барлық буындары мен деңгейлері қамтитын автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған жұмыс орнын, жергілікті және корпоративті есептеу желілерін ұйымдастыру үшін негізгі мәнге жүйелік программалық жасақтарды таңдауды оңтайландыру ие болады.

Қазіргі уақытта мамандар көбіне желілік операциондық жүйені жеке автоматтандырылған жұмыс орнының, хабарламалар алмасу және біркелкі хатамалар арқылы ресурстарды бөлісу мақсатында мәліметтер өзара операциондық жүйелердің жиынтығы деп түсінуге тиіс.

Сонымен желілік операциондық жүйені таңдау келесі параметрлер бойынша жүргізіледі:

  • Желілік операциондық жүйені орнату мен клиенттерді үйлестірудің қарапайымдылығы;

  • Каталогтар қызметін ұйымдастыру;

  • Логикалық тұрақтылығы;

  • Файл қызметтерінің болуы;

  • Баспа қызметтерін ұйымдастыру;

  • Қолданушылар құқығын басқару құралданың болуы;

  • Желіні рұқсатсыз мүмкіншіліктерден, істен шығудан, т.т. сенімді қорғауды ұйымдастыру;

  • Интегрирленген баспа қызметтерінің болуы;

  • Көп хаттамалы бағыт бағдарлауын ұйымдастыру;

  • Қолдану мен өзгертудің қарапайым болуы;

  • Жоғарғы өнімділік;

  • «Клиент-сервер» есептеу құралдарының өзара әрекеттестігі архитектурасын ұйымдастыру және т.т.

Бұл жерде сервер деп өзіне түскен қолданушылар сұранысы қызметін қамтамасыз ететін логикалық процедура түсініледі. Сервер клиенті серверге не сол, не басқа қызметке сұраныс жіберетін дербес компьютерлер болып табылады. Клиент мәселелері сервермен байланыс жасау, белгілі бір қызмет түріне сұраныс құру, қортындыларды алу және қызмет көрсету процесінің аяқталғанын бекіту болып табылады.

Белгілі қазынашылық органдардың автоматтандырылған жүйесіндегі клиент пен сервер арасындағы байланыс түрлі тәсілдермен іске асырылуы мүмкін:

  • жергілікті, корпоративті немесе ғаламдық есептеу желілері арқылы;

  • атаулы байланыс арналарын қолдану жолымен;

  • ортақ қолданылатын жүйе жадысы арқылы;

  • мәселер арасында байланыс орнатумен;

  • ақпарат алмасудың стандартты хаттамалары арқылы және т.т.

Қазынашылық жүйесінде Microsoft фирмасының Windows NT желілік операциондық жүйесі кеңінен таралған, ол ішкі желі құралдары арқылы мыналарды қамтамасыз етеді:

  • симметриялық мультипроцессорлықты ұйымдастыруды қолдауды;

  • жоғары өнімділік көрсеткіштерін;

  • қолданушылар мен желі ресурстарын орталықтан басқаруды (домендік жүйе);

  • DOS, WINDOS, OS/2 орталарының қолданбалы программаларын және түрлі мәліметтерді беру хаттамаларын қолдауды;

  • Жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылған домендік анықтамалық құрал, атаулар қызметінің анықтамаларын, электрондық пошта қызметтерін, т.т.

  • Корпоративті және жергілікті есептеу желілері арасындағы ақпараттар алмасуды ұйымдастыру үшін түрлі логикалық деңгей хаттамаларын қолдауды, сондай-ақ TCP/IP хаттамалары арқылы Интернетке шығуды;

  • Мәліметтерді сақтау сенімділігінің және оларға қорғалған мүмкіншіліктер алудың жоғарғы деңгейін.

Жаңа қағидамен ұйымдастырылған, қауіпсіздік қызметі жады ресурстарын арттыруды және өнімділікті жоғарлатуды қажет еткенмен, корпоративті қызығушылықтар бар жүйенің ашық болу қағидасын іске асыруды қолайлы үндестіреді.

Халықаралық стандарттар аясында қазынашылық органдарда корпоративті есептеу желілерінің профилін сақтауға ұмтылыс Windows NT желілік ортасымен Novell NetWare қатар орналастырумен шарттасады.

Осыған байланысты, қазынашылық органдарда қолданылатын желілік операциондық жүйелер негізгі атқарымдық мәселелерді шешуге, олардың ақпараттық үйлесімділігі мен мәліметтермен коммуникациялық алмасуды қамтамасыз ету, есептеу желілерінің түрлі топологияларын, «клиент-сервер» платформасын, корпоративтивті мәлімттер қоймасының жұмысын ұйымдастырғандағы жұмыс талаптарын қолдау.

Қазынашылық органдардың төменгі буындардан аймақтық басқару аппараты немесе республикалық деңгейге дейін, ақпараттық және мәселеге бағытталған өнімдердің өзара әрекеттестігін ұйымдастыруды анықтайтын иерархиялық құрылымы бар.

Осы органдарға енгізілген, мәселеге бағытталған программалық өнімдер, сәйкес құрылымдық бөлімшелердің автоматтандырылған жұмыс орындары деңгейінде шешілетін атқарымдық мәселеге сәйкес модульдық құрылымдары бар программалық кешендерге біріктіріледі.

Программалық кешен қазынашылық органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құралдары ретінде, шешілетін бюджеттік мәселелердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ аппараттық басқарманы ақпараттық қолдауды және салық, бюджет пен қазынашылық ақпараттарының септестігін орындайды.