Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістік кешен (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
485 Кб
Скачать
☆

6.3. Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыздандыру

Қаржылық менеджменттің міндеттерін тиімді шешу басқарылатын обьектіге қатысты ішкі және сыртқы болып бөлінуі мүмкін және қалыптасу көздері бойынша баламалы ақпараттық ресурстардың пайдаланылуын талап етеді.

Ішкілерге кәсіпорынның қызметтің үдерісінде басты болып табылатын және оның әр түрлі бөлімшелерінің – бухгалтерия, маркетинг, материалдық-техникалық қамту, өткізу, қаржылық бөлімнің және т.б. арнайы мамандарымен қалыптастырылатын ақпараттар жатады.

Қаржылық менеджментті пайдалану қатынасында іс жүзіндегі қызығушылық шаруашылық обьектісі туралы кез келген ішкі ақпаратты ұсынады. Бұлар, бәрінен бұрын, басқарушылық есеп мәліметтері, әр түрлі сметалар мен бюджеттер, тауарлар мен қызметтерді өткізу мен өндіріс, шикізат пен кешендеуші шығындар және сатып алулар, кассалық бюджеттің орындалуы, жалпы және өндірістік шығындар туралы жедел және жоспарлы мәліметтер, жоспарланбаған түсулер мен құралдардың шығуы туралы мәліметтер және қаржылық есептілік және т.б.

Қаншалықты мұндай мәліметтер кәсіпорынның ішінде жүргізіледі, айналдырылады және тұтынылатындықтан, ол әрқашан қаржылық менеджерге толық көлемде және бөлшектеудің кез келген дәрежесінде қолжетімді болуы тиіс.

Бұл жерде басты рөлді анықталған уақыт кезеңіндегі оның қаржылық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын кәсіпорынның қаржылық есептілігі атқарады. Есептілікте анықталған немесе мазмұндалуы мүмкін көрсеткіштер кәсіпорынның қаржылық жағдайын бақылау мен болжау, ағымдағы жоспарлау, талдау міндеттерін шешуге, сондай-ақ басқа міндеттерді шешуге арналған ақпараттық база болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық есептілігінде мазмұндалған ақпарат сыртқы пайдаланушылар үшін – салық және бақылаушы органдар, инвесторлар, кредиторлар, іскер серіктестер, акционерлер және т.б. және мәнді қызығушылықты ұсынады.

Шаруашылық обьектіні бөлшектеудің дәрежесі, нысандары, көлемдері және кезеңділігін ұсынатын мүліктік және қаржылық жағдайы туралы ақпараттар, нарық жағдайында сыртқы пайдаланушылар үшін сәйкесті заңдармен, сондай-ақ нақтылы кәсіпорынның жұмысын тәртіпке келтіруші ішкі ережелермен және нұсқаулықтармен анықталуы мүмкін.

ҚР заңдапрына сәйкес барлық отандық кәсіпорындар мен ұйымдар мынадай құрамды болатын, стандартты есептіліктің нысандарын ұсынуға міндетті:

  • бухгалтерлік баланс (№1 нысан);

  • қаржылық нәтижелер туралы есеп (№2 нысан);

  • қаржылық нәтижелер туралы балансқа және есепке түсіндірмелер;

  • қор қозғалысы туралы есеп (№3 нысан);

  • ақша қаржыларының қозғалысы туралы есеп (№4 нысан);

  • бухгалтерлік балансқа қосымшалар (№5 нысан).

Шаруашылық жүргізуші обьектіні қаржылық басқару үшін ішкі ақпараттардың маңыздылығы сөзсіз қажет, нарық жағдайында оның қызметінің тиімділігі мен табыстылығы көбінесе сыртқы ортаға бейімділік қабілетімен анықталады.

Осыған байланысты қаржылық менеджердің ақпараттық тұтынуларының маңызды үлесі обьектінің ақпараттарын басқаруға қатысты сыртқыларға келеді.

Бұлар өз еліміздің ішіндегі ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемдегі жалпы экономикалық және саяси жағдай, шаруашылық қызметінің заңдық жағдайлары, тауарлық нарықтағы және қор нарығындағы жағдайлар, басқа өндірушілер, мүмкін болатын өнімдердің тұтынушылары, шикізаттың жеткізушілері және жинақтаушылары туралы ақпараттар. Мұндай ақпараттар ақпараттық нарықта қалыптастырылады және алынуы мүмкін.

Қазақстанға және сондай-ақ, ақпараттандырудың әлемдік нарықтың негізгі секторларын сипаттыларын былай бөледі:

1. Бизнес саласына қызмет көрсететін іскерлік ақпараттардың секторы.

2. Адамдық қызметтің түрлі салаларындағы ғылыми және кәсіптік ақпараттар секторы.

3. Мемлекеттік басқару органдарына, әлеуметтік салаға және қоғамдық ұйымдарға қызмет көрсететін әлеуметтік-саяси және құқықтық ақпараттар секторы.

4. Халықтың тұрмыста пайдаланылуына бағдарланған бұқаралық және тұтынушылық ақпараттар секторы (жаңалықтар, әдебиет, ойын-сауық, анықтамалар).

Қаншалықты қаржылық басқару мақсаттары үшін негізгі қызығушылық бірінші бөлініп көрсетілген секторларда ұсынылады, ал біз әрі қарай оның құрамын бөліп көрсете отырып, іскерлік ақпарат түсінігін пайдаланатын боламыз:

  • елдің экономикасының жалпы жағдайын сипаттайтын, әр түрлі индикаторлар, бағалаулар, болжамдар түріндегі және арнайы мемлекеттік немесе тәуелсіз институттармен ұсынылатын макроэкономикалық хабарлар;

  • қор нарығындағы, инвестициялар, бағалы қағаздардың эмиссиясы және т.б. жағдаяттардың қалыптасуындағы фирманың ағымдағы және болашақтағы жағдайларын сипаттайтын, сондай-ақ тәуелсіз көзделген, тапсырысты зерттеулерден немесе меншіктік зерттеу жүргізу нәтижесінде қалыпттастырылатын қаржылық ақпараттар (мысалы, консалтингтік, инвестициялық және аудиторлық фирмалар, арнайы мамандандырылған агенттіктер,мәліметтер базасы, мерзімді басылымдар және т.б.);

  • банкілер, баиржалар, брокерлік фирмалар, сондай-ақ мамандандырылған агенттіктер мен қызметтер ұсынатын бағалы қағаздардың белгіленуі, валюта бағамдары, бағалар, индикаторлар және т.б. туралы биржалық ақпараттар;

  • кәсіпорындар(банкілер,фирмалар, корпорациялар), олардың өндірістік байланыстары, шығарылатын өнімдер, мәмілелер, бағалар, технологиялар, басшылар, акционерлер және т.б. туралы ақпараттарды қосатын коммерциялық ақпараттар;

  • экономикалық, қаржылық, биржалық, әлеуметтік, демограйфиялық және басқа да мәліметтер серпінді қатарлар мен арнайы индекстер түрінде ұсынылған статистикалық ақпараттар;

  • іскерлік жаңалықтар – ақпараттық агенттіктер мен мерзімді басылымдарда мерзімді (күнделікті, апталық, айлық және т.б.) әр түрлі бизнес салаларынан ұсынылатын ағымдағы ақпараттар.

Бұл жерде шаруашылық жүргізуші қызметтің жаһандандырылуына байланысты ақпараттардың түрлерінің арасындағы анық шекараны бөліп көрсету қиын болады.

Әрі қарай Қазақстан үшін салыстырмалы түрде жаңа болып табылатын биржалық және қаржылық ақпараттарға басты назар аударылатын болады.

Биржалық ақпарат өзінің ағымдағы мазмұны бойынша бір минуттық қана болып табылады, нарықта өткен оқиғаны бейнелей отырып, биржа арқылы және биржадан тыс өткізілетін бағалы қағаздардың баға белгіленімі мен түрлері (тауарлар), пайыздық және есептік мөлшерлемелері, валюталар бағамы, сауда көлемдері, мәліметтер индексі және т.б. туралы мәліметтерді қосады.

Көп жағдайда биржалық ақпаратта тұтынушыға шынайы уақыт аумағы, яғни мәміле жасалуымен бірге нарықта бір уақытта мүмкіндік бойынша немесе оның тіркелуінен кейін жеделдетіп беру талап етіледі. Есеп бұл жерде секундтың үлесіне де жүруі мүмкін, ал минуттық кеш қалу көбінесе мәнді деп қарастырылады.

Биржалық ақпарат секторы, бірден-бір, ақпараттық ұсынылуы ерекшелігі жағынан (қатенің жоғары бағасы, қазіргі заманғы оның өз уақтылығы мен сапасына жоғарылатылған талап) қажетті және көп қайталап беру өзін ақтайтын және қосарланған қызмет көрсететін ақпараттың түрі.

Биржалық ақпаратты ұсынудың негізгі стандартының тарихы (1867 ж. тикер – арнайы автоматтық басып шығару аппаратын ойлап табу сәтінен бастап) тикерлік жолдардан басталады. Бұл жолдар компанияның тикерлік рәмізінен – бағалы қағаздардың эмитентінен басталады және тауардың бағасы немесе биржаның жабылуы мен ашылуы сәтіндегі бағалы қағаздар бағамы немесе тауардың бағасын көрсететін ір-бірінен бөлінгіштер арқылы бөлінген сандарды, сатудың өткен күніндегі орташа немесе баға белгіленімін, нарықтың жабылуы мен ашылуындағы сәтіндегі баға мен оның белгіленімін, тауарларды сатудың немесе бағалы қағаздардың көлемдері туралы және т.б. мазмұндалады. Қазіргі уақытта ол электронды таблода және биржалық залдың брокерлер мониторларында жүгіртпелі жолдарда ұсынылады.

Алайда биржалық ақпараттардың тикерлік жолдарда қабылдануы қиындады. Биржалық ақпараттарды ұсынудың қазіргі заманғы тәсілдері мәліметтерді сүзгіден өткізуге және көзбен шолуға негізделеді.

Сүзгіден өткізу пайдаланушыға мәліметтерге анықталған шектеулерді міндеттеуге (мысалы, баға белгіленімдерінің табалдырықтық өзгерістері) және өзінің терминалында осы өлшемдер жауап беретін, оның үстіне әрі қарай талдауға және үлгілеуге жарамды ақпараттарды алуға мүмкіндік береді.

Пайдаланушыға көзбен шолу жолымен мәліметтерді көп терезелік ұсыну қамтамасыз етіледі. Бұл жерде түсетін ақпарат түрі-түсімен, шрифтік безендірілуімен және т.б. ерекшеленеді. Болашақ арнайы талдамалық программалармен өңделген ақпараттың, сондай-ақ графикалық түрде берілуі оның қабылдануын мәнді жеңілдетеді.

Биржалық ақпаратты қолданбалы программалардың кеңінен таралған пакеттерінің форматтарында ұсыну жеткілікті болашақтық болып табылады. Мұндай тәсіл қазірдің өзінде шет ел және еліміздің алдыңғы қатарлы жеткізушілерінің қатарында көптеп қолданылып жүр. Мысал ретінде, шынайы уақыт аумағында өзгеретін, Microsoft Excel кеңселік пакетінің кеңінен тараған кестелері түрінде беріліп, биржалық ақпарат алуға мүмкіндік беретін Reutres агенттігінің мамандандырылған өнімдерін келтіруге болады. Бұл жерде пайдаланушы өзінің мәліметтерін енгізуіне болады, сондай-ақ олардың үлгіленуін жүзеге асырады.

Басқа кеңселік пакет – Microsoft Access форматында сауда жүруі туралы мәліметтер алуға мүмкіндік беретін, отандық тәжірибеде ММВБ және РТС ақпараттық қызметтерін мысал ретінде айтып кетуге болады.

Биржалық ақпаратқа қарағанда қаржылық ақпарат мазмұны жағынан да, ұсыну нысаны жағынан да кеңірек. Келешекте уақыт факторына сынағы аз, ол, әдетте, ағымдық емес талдамалық болып табылады. Оның мәліметтерді қамтитын ауқымы өте кең – нарықта сол немесе басқа активтердің (тауарлардың) қалыптасқан ағымдағы жағдаяттарының күнделікті жаңалықтары, жекеленген фирма-эмитенттердің, сондай-ақ тұтастай қаржылық нарықтың нақтылы секторындағы болашақ жағдайлардың болжамына дейін қамтиды. Қаржылық ақпаратты ұсыну форматы жеткілікті әр түрлі – әдеттегі үйреншікті кестелерден бастап, серпінді түсіндірмелермен (түсініктемелермен), гипермәтіндік сілтемелермен, аудио және видеофрагменттермен және т.б. жабдықталған үш өлшемді сызбалар.

Қазақстанда іскерлік ақпаратты қалыптастыру 1990-жылдардың ортасында басталды. Ақпараттық өнімдерді және қызметтерді негізгі жеткізушілер мыналар болып табылады:

  • қаржылық институттар арасындағы ақпарат алмасу қызметі;

  • кәсіби инвесторларға бағдарланған мамандандырылған агенттіктер мен қызметтер;

  • тұтыну нарығына бағдарланған агенттіктер мен қызметтер.

Олармен ұсынылған ақпараттық өнімдер мен қызметтер мына нысандарда қолжетімділікті болып табылады:

  • шынайы уақыт ауқымында;

  • магнитті жеткізушілердің мәліметтер базасында немесе on-lıne-ге қолжетімділік;

  • электронды және баспалық түрдегі мамандандырылған шолулар;

  • мерзімді іскерлік басылымдардың материалдары.

Бұл жерде пайдаланылған ақпараттардағы қабылданған шешімдер кезеңінде бір уақытта бірнеше нысанда ұсынылуы мүмкін.

Шынайы уақыт ауқымындағы іскерлік ақпараттар қазақстандық және шет елдік нарықтарда тек кәсіби қатынасушыларға қолжетімді және шет елдік (Reuters, Gow Jones Telerate, Tenfore, Bloomberg және т.б.), сондай-ақ ресейлік (МФД, АК&М, «Прайм», «Интерфакс», RВС, «Финмаркет», және басқа да фирмалармен, сондай-ақ ММВБ және РТС биржаларының сәйкесті қызметтерімен) ақпарат агенттіктерімен жеткізушілерге ұсынылуда. Жетекші жеткізушілердің ақпараттық қызметтері электронды мәміле жүргізу мүмкіндігімен үйлестіріледі.

Қазіргі уақытта іскерлік ақпаратқа жедел қол жеткізу үшін Интернет желісінің рөлі айтарлықтай өсе түсуде. Бұл жерде Интернет ақпаратқа қолжетімділіктің көзі ретінде шет елге қарағанда, Қазақстанда мәнді шынайы уақытта берілетінін атап айтқан жөн. Көптеген ақпараттық агенттіктер, коммерциялық банкілер мен инвестициялық компаниялар, мысалы, «Финмаркет», RВС, АК&М, «Тройка Диалог», «Атон» және басқалары бүгіннің өзінде отандық тұтынушыларға ұқсас қызметтерді ұсынып жүр.

Іскерлік ақпарат мәліметтерінің базасы магнитті немесе оптикалық жеткізушілерде таратылып (СD ROM басымдылық алады), Қазақстанда кеңінен қолданыс табуда. Алғаш рет МБ биржалық ақпаратта СD ROM 1997 жылдың соңында «Соңғы жалдардағы РТС баға белгіленімі («Финмаркет») және «Ресей нарығының тарихы» (МФД) жеті шағын дискіде пайда болды. МБ коммерциялық ақпаратта, мысалы, «Тауарлар мен бағаларда» кеңінен тарады.

МБ магнитті және оптикалық жеткізушілерде пайдалану тікелей жұмыс орнымен, ретроспективті ақпараттардың, сондай-ақ жедел, іс жүзінде шектелмеген шалғындарға тиімді қолжетімділікті және арзан бірегей маманды мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, қаржылық шешімдердің тиімділігін мәнді жоғарылатады.

Осындай МБ құндылығының ерекшелігі, олардағы ақпараттар, әдетте, пайдалануға дайын түрінде (кестелер, сызбалар, болжамдар, қолданбалы программалардың кеңінен тараған пакеттерінің мәліметтері форматында және т.б.) ұсынылуымен қорытындыланады.

МБ іскерлік ақпараттарды халықаралық және отандық жетекші жеткізушілердің бірі – Reuters агенттігі болып табылады. Reuters мәліметтер базасы бағалы қағаздар, валюта, тауарлы нарық бойынша ақпараттарды, сондай-ақ, шынайы уақыт тәртібінде ұсынылатын халықаралық және үкіметтік ұйымдардың, басқа да жаңалықтар агенттігі мен басылымдардың жалпы саяси және іскерлік жаңалықтарын мазмұндайды.

Reuters ақпараттар қызметі бірнеше кешенді қызметтерге топтастырылған.

1. Қаржылық нарықтың барлық аспаптарын қамтитын мәліметтер базасы (Reuter Money, Reuter Treasury, Reuter Commodities, Reuter Equities, Reuter News).

2. Dealing транзакциялар жүйесін жүзеге асыратын, Х.25 хаттамасымен желіде жұмыс істейтін, соның арқасында абонент серіктестерімен баға белгіленімін ала және бере алатын, мәміле жасайтын және екі жақты телексті байланыс тәртібінде ақпарат алмаса алуы мүмкін.

3. Шынайы уақытта техникалық талдаудың программалары Reuters Technical Analysis Reuters Graphics 3.5 Professional.

4. ATW (Adwanced Trader Workstation) жұмыс станциясы UNIX ортасында жұмыс істейді және Kondor+ (Kobra жүйесі ұсынған жұмыс станцияларының жаңа ұрпақтары) қаржылық тәуекелдерді басқару мен кешенді талдау, бағыттарды жүргізу, мәмілелерді тіркеу жүйесін қосатын бағдарлама.

5. Prism+ мәліметтер ағынының байланысқа ұқсас жүйесі бірегей жұмыс орнының шеңберінде көп терминалды пішін үйлесімдерін тиімді пайдалануға және т.б. мүмкіндік береді.

Reuters агенттігінің тағы бір ақпаратты өнімі қаржылық теледидар – ресейлік нарыққа мультимедия шығаратын компанияның қызметінің жаңа сапалы түрі болып табылады. Жазылушылары әлемдік қаржылық нарықтан тікелей репортаждар, жаңалықтар шолуларын, баспасөз конференцияларынан трансляциялар, шығып сөйлеушілер, сондай-ақ қаржылық сарапшылардың түсініктемелерін көруге мүмкіндіктері болады. Қазіргі уақытта осыған ұқсас отандық жоба, басқа RBC агенттігімен жүзеге асырылып, жұмыс істеуде.

Халықаралық және отандық іскерлік ақпараттардың мәліметтер базасына алыстатылған қолжетімділіктің жүйесінің тағы бір мысалы Tenfore-Russia компаниясы ұсынған Tenfore қызметі болып табылады. Бұл спутниктік ақпараттық жүйе жазылушыларының кең шеңберіне бағдарланған –кәсіпорыннан жеке тұлғаға дейін; алдыңғы қатарлы барлық қатынасушыларынан ақпарат ала отырып, негізгі нарығын жабады және баға/сапаның барлық бәсекелес қатынастарын көрсетеді. Базалық өнімдері – Tenfore Workstation ақпараттық жүйесі – пайдаланушының компьютеріне орнатылады. Ол Windows ортасына жүзеге асырылады, жұмыс ортасын қалыптастыру, орысшаланған қолайлы интерфейсі бар, ақпараттарды Excel электронды кестелер форматында өңдейді және жинақтайды, DDE хаттамаларын қолдайды, жаңа кілттік сөздермен жаңалықтарды іздеу және сүзгіден өткізу құралдарын ұсынады.

Қаржылық нарықтан ақпарат алу Dow Jones Telerate (DJT) жүйесінде кеңінен ұсынылған. Жүйе ұсынатын қызметтердің қатарына электронды дилинг, хабарламаларды беру, электронды пошта, мамандандырылған мәтіндік шығарылымдар, мәліметтер базасына қолжетімділік, жаңалықтарды ұсыну бойынша қызметтер, биржалық операцияларды программалық қамтамасыз ету жатады.

МБ халықаралық іскерлік ақпараттардың жетекші өндірушілері мен операторлары, онлайндық тәртіпте немесе шағын дискіде қолжетімділіктілері, мынадай әйгілі фирмалар – Zacks Investment Research Inc. (Corporate Earning Estimator, Zacks Fundamentals), S&P (Compusat, Corporation Records Online, S&P Marketscope), Telerate Systems Inc. (Telsat, Telerate Financial Information Network), Value Line Inc. (Value Line Data Base II), Data Resource Inc. (DRI-FACS, DRI-SEC, Security Industry Sata Bank), Merrill Lynch Inc. (Merril Research Service) және т.б.

Іскерлік ақпараттың МБ отандық генераторларын шартты екі топқа бөлуге болады. Біріншісі өздерінің клиенттері үшін басымдылықты және ақпараттарды оn-line тәртібінде ұсынатын қаржылық институттардың мамандандырылған қызметін құрайды. Сондай-ақ ретроспективті ақпараттарға қолжетімділікті. Сонымен бірге МБ CD ROM-да немесе ақпараттың басқа жеткізушілерінде шығаруды бұл жеткізушілер іс жүзінде сирек қолданады.

Екінші топты МБ шығарудан басқа да қызметтер – мәтіндік шолуларды, бюллетеньдерді, кеңестерді және т.б. ұсынатын түрлі ақпараттық агенттіктер (АА) құрайды. Оларға ұқсас агенттіктердің саны қазіргі уақытта өте көп. Солардың типтік мысалы, мәтіндік қызметтер ұсынатын RBC агенттігі болып табылады. Ол МБ (саудалардың қорытындысы, баға белгіленімі, мөлшерлемелер, кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін және т.б.) ҚПП Excel форматында жазылушыларына жеткізеді.

Сондай-ақ ресейлік ең әйгілі компания – AK&M бөліп көрсеткен жөн. Фирманың негізгі өнімі –AK&M-List мәліметтер базасы. Базаның құрылымы алты өзіндік блоктарға қатысты бөлінген: брокерлер, эмитенттер, ағымдағы баға белгіленімі, бағалы қағаздардың шығарылымы туралы ақпарат, қаржылық ақпарат, жаңалықтар. Жедел ақпараттар әр түрлі өндірушілерден жиналады. МБ 2000-нан аса, ретроспективті баланстар мен олардың ағымдағы қолжетімділіктерін, эмитенттерді мазмұндайды. Жаңалықтар блогы орталық және өңірлік баспасөздердің негізіне қалыптастырылады. База сондай-ақ түрлі талдамалық шолулар мен кең тараған отандық қорлық индекстердің есеп айырысуларын мазмұндайды.

Қаржылық менеджер үшін маңызды ақпараттық көзі кәсіпорындар бойынша, сондай-ақ мекенжайлық коммерциялық ақпараттардың негізінде олардың қаржылық жағдайын, сонымен бірге кәсіпорындармен мәмілелер бойынша арнайы базаларды (кәсіпорынның сатып алынуымен және сатылуымен, қосылуымен және жұтылып кетуімен және т.б. байланысты) және тауарлар мен қызметтерді сату бойынша коммерциялық ұсыныстарды сипаттайтын мәліметтер базасы қызмет етеді.

Бүгінгі байыпты проблема – бүгінгі күнге дейін экономиканың жағдайы туралы болжамды және ағымдағы ақпаратты мазмұндайтын ашық жалпы ұлттық МБ болмауы. Керісінше, Ресей бойынша осыған ұқсас ақпараттар көзіне қолжетімділік Дүниежүзілік Банктің, Халықаралық валюта қорының, сондай-ақ жетекші шет ел жеткізушілерінің – Dun&Bradstreet, Moody,s және басқа да МБ болып табылады.

Мамандандырылған шолуларда, әдетте, кәсіпорынның немесе нақтылы активтің, нарықтың дамуының негізгі бағыттарына арналған талдамалық ақпараттарды мазмұндайды. Солардың ішіндегі ең кең тараған шолулар агенттіктері, өздерінің басылымдарын шығаратын МАФИ, Скейт-Пресс, AK&M, RBC, Прайм болып табылады, сондай-ақ электронды пошта немесе жаһандық Интернет желісімен арналар бойынша таратылады.

Бизнес саласындағы ақпараттардың маңызды көзі біздің елімізде де, сонымен бірге шет елдерде де іскерлік мерзімді басылымдар болып табылады.

Іскерлік ақпаратты әлемдегі ең беделді көздері мыналар болып табылады: Finansial Times, Wall Street Journal, Dailj Commerce; апталықтар – Economist, Businessweek, The Banker, ай сайын шығатын басылымдар – Finansial Executive, Institutional Investor, Stock Market Magazine және т.б.

Қысқа мерзім ішінде Ресейде елдің шараушалық жүргізуші өмірін бейнелейтін көптеген әр түрлі іскерлік басылымдар пайда болды. Олардың ең көп тарағандарына мыналарды жатқызуға болады: «Ведомости», «Коммерсант – Dailj», «Деловой экспресс»; апталықтар – «Финансовые известия», «Финансовое дело», «Финансовая газета», «Экономика и жизнь», «Эксперт», «Деньги» және т.б., айлық басылымдар – «Банк ісі», «Forbes» және т.б.

Қаржылық менеджерлер үшін пайдалы мамандандырылған журналдардың ішінде мынадай басылымдарды атап өткен жөн – «Рынок ценных бумаг», «Финансовый менеджмент», «Финансист» және т.б.

Сонымен бірге, дамыған елдермен салыстырғанда, бұл басылымдардың бәрі әлі де жетіспейтінін байқатады. Тиісінше, оларда жарияланған ақпараттардың барлығы бірдей үнемі обьективті бола бермейді.

Міне, осы жағдайда ақпараттық өнімдердің отандық нарықтары және тұтастай алғанда қаржылық-кредиттік саланың қызметтері дамыған елдердің дейңгейіне сәйкес келеді. Сонымен бірге, ол біздің еліміздің өту кезеңіндегі қоғам дамуының анықталған ерекшеліктерімен де байланысты болуда.

Отандық нарықтың ерекшелігі бәрінен бұрын нақтылы ақпаратты ұсынумен және алу мүмкіндіктерінің шектелуіне, сондай-ақ тұтастай алғанда шаруашылық жүргізуші қызметтің ақпараттық тұнықтығына байланысты қорытындыланады.

Ақпараттық хабарламаларды ұсынудың келесі бір маңызды проблемасы – жететкші отандық жеткізушілердің стандартты форматтарының болмауы және техникалық саясатының келіспеушілігі болып табылады.

Отандық нарықта іскерлік ақпараттың қалыптасу жолына кедергі келтіретін маңызды мәселенің бірі – телебайланыстық инфрақұрылымның жеткілікті деңгейде дамымауы және байланыстың сапалы қызмет көрсетулерінің бағасы жоғары болуы болып табылады.

Жиынтықтап келгенде, осының барлығы да көптеген орта және ұсақ кәсіпорындардың, сонымен бірге жеке кәсіпкерлердің айқын ақпараттарға қол жеткізуіне мүмкіндік бермейді.