Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістік кешен (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
485 Кб
Скачать
☆

5.2.4. Экономикалық аж корпоративті желілерінде ақпаратты қорғау

Әр түрлі ұйымдардың, фирмалардың, банкілердің қызмет аясының әртүрлілігі олардың байыпты бұзылуы немесе дағдарыс кезінде басқару мен ақпаратты қорғау стратегияларының нақтылану қажеттілігін обьективті етеді. Мұндай әдіс ұйымның көлеміне (шағын, орта, ірі), қызмет аясының (қаржылық, банкілік, өндірістік сауда), ұлттық өңірлік ерекшеліктеріне байланысты ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын әр түрлі дайындайды. Ақпараттық тәуекелдерді талдауға нені қорғау керектігі және қалай қорғау керектігі анықтау енеді. Ақпараттық қауіпсіздіктің рационалді деңгейі ең бірінші экономикалық тұтастық түсінігінен іріктеледі.

Корпорация – бұл біріккен, кәсіби мүдделердің негізінде, ірі бизнес үшін акционерлік қоғамның, оның ішінде банкілік ұйымдардың бірігуі. Ірі корпорациялар үшін көп деңгейлі және көп буынды, күрделі, аймақтық-бөлінген құрылысты құрылым сипатты болады. Шығарылатын өнімдердің, қызметтердің көлемі мен қызмет ауқымы өңірлік, жаһанды сипат алуы мүмкін.

Корпоративті есептік желілердің сипатты және ерекше айырмашылықтары, олардың әдетте, ұзақ жылдар бойына құрылуының жүзеге асырылуы болып табылады. Мұндай желілерде түрлі өндірушілер мен түрлі ұрпақтардың құрал-жабдықтары қызмет етеді, яғни құрал-жабдықтар, қазіргі заманғы да, сонымен бірге ескіргендері де басында әрқашан біріккен жұмысқа, беруге және мәліметтерді өңдеуге бағдарлана бермейді. Корпоративті желілердің сандық және сапалық дамуының шаралары бойынша оларды басқару міндеті барған сайын күрделене түседі, барлық кәсіпорынның ауқымында желілерді басқару жаңа құралдарды талап етеді.Мұндай құралдар хаттамалардан, аумақталатындардан тыс тәуелесіз болуы тиіс және желінің орталықтандырылған басқаруын қамтамасыз етуі тиіс.

Қазіргі уақытта тұтынушылар тек бір корпорация аясында ғана емес, сонымен бірге тұтастай ел бойынша өңірлерде шашыраңқы бөлімшелерді бірлестіру бойынша шешімдер іздейді. Бөлімшелерді біріктірудің негізгі мақсаты – бірегей ақпараттық кеңістік және бірегей сервистік қызметтер құру. Қазіргі заманғы шешімдер тұтынушыларға корпоративтік желі ресурстарын басқару мен бақылаудың (мониторгтың), шығындарды төмендетудің, мәліметтерді беру мен телефон желісіе біріктірудің, анкцияланбаған қолжетімділіктен қорғаудың бірегей жүйесін ұсынуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық ресурстардың корпоративтік деңгейі әсіресе сенімді осалдық танытады және сапалы қорғанысты талап етеді, өйткені корпоративті ұйымның ақпараттық құрылымы біртекті, бөлінген жүйнлер, технологиялар, базалар және мәліметтер банкі мен оқшауланған міндеттердің жиынтығынан тұрады.

Ірі ұйымдарда қызметтің түрлері әр түрлі ақпараттық қолдауға ие болады. Түрлі бөлімшелердің мәліметтері (интеграциялар болмағанда) қайталануы мүмкін, әр түрі көлемдерде сақталады, қандай да бір аумақта бірін-бірі толықтырады және бұл жерде мамандарға қолжетімсіз және т.б. болуы мүмкін. Корпорациялардың көбінесе толық көлемде ақпараттық ресурстардың әр түрлілігін пайдалануға мүмкіндігі бола бермейді. Мұндай жағдай қорғаныс жүйесінің міндеттерін сенімді етуді қиындататды, күрделендіреді және құруды қымбаттатады.

Мәселен, ақпараттық технологияның қауіпсіздік мәселелері өз уақытында біздің елімізде негізінен мемлекеттік құпия үшін шешілді, ал қазір банкілік немесе басқа бизнестің арнайы мәселелерін табанды шешуді талап етеді және енді ғана әлемдік жүйемен бірігуде. Ақпараттың сол немесе басқа шаруашылық жүргізуші қызметте қорғалуына ақпараттың қауіпсіздігінің ұйымдастырылуына әсер етумен байланысты көптеген мәнді ерекшеліктенр бар. Солардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:

  • меншіктің қатынастардың және экономикалық, нарықтық факторлардың басымдылығы;

  • нарықта кеңінен қолжетімді құралдардан ақпараттың қорғаныс қосымша жүйесін құру, ашық жүйені пайлалану;

  • Қазақстан Республикасы бекіткен заңдарға сәйкес ақпараттық үдерістердің, құжатты заңды қорғауды қамтамасыз ететін ақпараттардың заңдық мәні.

Ақпарат алмасудың қажеттігі тек корпорация пайдаланушыларының арасындағы аймақ аралық емес, сонымен бірге сыртқы әлеммен, әлемнің жаһандық желісін пайдалануды талап етеді. Интернетке қосылған кезде жұмыс оның сервистерімен корпорацияда өңделетін ақпараттардың алаңында қауіпті мәнді жоғарылатады.

Интернет сервисі ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық сервис корпорация пайдаланушыларының сыртқы құрылыммен өзара әрекетін болжайды. Жабық сервис корпорация желісін пайдаланушылар арасында, рның ішінде өшірілгендердің ішінде де таратылады. Интернеттің біріктірілген сервисі бір уақытта жабық және ашық типті ұсынады.

Корпорация ақпараттық қауіпсіздік мақсаттары үшін қажетті инфрақұрылымды ұсынады, Интернетпен өзара әрекетті сенімді программа пайдаланылуы, Интернетпен корпорация жұмыс істегенде мына ережелерді сақтауды талап етеді:

  • парольді мұқият сақтау және күдіктенгенде оны ауыстыру;

  • байланыс сеансы уақытында компьютерді қараусыз қалдырмау;

  • басқа сайттарды қарар алдында, қажетті мәліметтерді алып, байланыс сеансын толық аяқтау;

  • желі бойынша өтетін хабарламалардың кодтелуін пайдалану және басқалар.

Корпоративті желілер құру кезінде ақпараттарды қорғау туралы заңдық актілер есепке алынады, ақпараттық қауіпсіздікті жазғаны үшін жауапкершілік нормалары әзірленеді. Қазіргі заманғы компьютерлік жаһандану желісі – бұл әр түрлі ақпараттардың мегабайттарымен тұрақты толтырылатын, іс жүзінде ешкім бақыламайтын кеңістік. Компьютерлер пайдалы ақпараттардың түрімен түрлі вирустармен (зиянды бағдарламалармен) зақымданады. Интернет арқылы құпия мәліметтер ұрланады, шабуыл жасалады, мәліметтер базасы бұзылады және т.б.

Корпоративті желілерді зиян тигізетін программалардан, ақпараттардың обьектілерін қорғау.

  • Жұмыста лицензиялы таза программалық құралдарды, техникалық құралдар мен қорғаныс құралдарын пайдалану.

  • Ақпараттардың обьектілерін аттестациялауды декларацияланған мүмкіндіктердің болуымен сынақтарды ендіре отырып, қорғаныс бойынша нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес өткізу.

  • Программалық құралдардың кешеніне ендірілмеген қатаң тыйым салынған, программалық құралдарды пайдалануға қолжетімділіктің тізімдемесін анықтау және тіркеу.

  • Зиянды программалармен күрес құралдарына қазіргі заманғы вирусқа қарсы қорғаныс құралдарын пайдалану және олардың өз уақытында жаңартылып тұруын қамтамасыз ету.

  • Зиянды программалардан обьектілерді қорғау бойынша ұйымдастырушылық өкілетті құжаттардың қажетін әзірлеу және олардың желіге түсуіне жол бермеуге алдын алу әдістерін нақтылау, зиянды бағдарламалардың жалпы пайда болуы белгілері туралы пайдаланушыларды мәліметтендіруді қамтамасыз ету.

  • Ақпараттық ресурстардың қауіпсіз орында және программалық құралдардың шығатын үлгілерінің бұл жерде сенімді сақталуын қамтамасыз ете отырып, вирустармен зақымданғанда немесе олардың зақымдануы кезінде ақпараттық ресурстар мен программалық қамтамасыз етудің қалпына келтірілуін және сақталуын, резервтеудің әдістерін әзірлеу.

  • Компьютерлік құралдардың зиянды программалармен зақымдалуына байланысты тексеруді үнемі қамтамасыз ету.

Заңдылықтан басқа басқарушылық деңгей де маңызды болып саналады. Әрбір корпорацияның басшысы қауіпсіздік тәртібін ұстаудың және осы мақсатқа сәйкесті ресурстарды бөлудің қажеттігін түсінуі тиіс. Ең бастысы басқарушылық деңгейді жүзеге асыру – бұл кәсіпорынның жұмысына жалпы бағытталған сәйкесті, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын әзірлеу.

Басқарушылық деңгейде қабылданатын шаралардың басты мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік аумағында жұмыстардың программаларын қалыптастыру және оны орындауды қамтамасыз ету. Басқарудың міндетіне қажетті ресурстарды бөлу және істердің жағдайына бақылау жасау кіреді. Программаның негізі өздерінің ақпараттық активтері мен мүдделерінің қорғанысына ұйымның көзқарасын бейнелейтін, қауіпсіздіктің көп деңгейлі саясаты болып табылады. Ақпараттық жүйені пайдалану тәуекелдердің анықталған жиынтығымен байланысты болады. Тәуекел қолайсыз жоғарылаған сайын, қорғаныс шараларын қабылдау қажет. Тәуекелдерді кезең сайын қайта бағалау қауіпсіздік саласындағы қызметтің тиімділігін бақылау үшін және жағдайды өзгерту есебі үшін қажет.

Ақпараттық қауіпсіздіктің тәртібін қолдау үшін программалық-техникалық шаралар мен құралдар ерекше маңызды, өйткені компьютерлік жүйелерге негізгі қауіп – құрал-жабдықтардың жаңылысуы, программалық қамтамасыз етудегі қателіктер, пайдаланушылардың және әкімгерлердің жаза басулары және т.б. орналасады.

Корпоративтік желілердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тетіктері мыналар:

  • идентификация мен аутентификация (түпнұсқаландыру);

  • қолжетімділікті басқару;

  • хаттамалау және тіркеу;

  • криптография және желілік қорғаныс;

  • экрандау.

Корпоративті желілерде экрандау желіаралық экранның көмегімен орындалады. Желіаралық экран ақпараттьық қауіпсіздігі ережелерін әкімгерлердің бекітуімен пайдаланушылардың бұзу мүмкіндігінің алдын алады. Экран пайдаланушылардың қызмет міндеттемелерін орындау үшін талап етпейтін серверлерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Желіаралық экрандар программалық және аппараттық жүзеге асырылуы мүмкін. Программалық жүзеге асырулар арзан, бірақ өніімділігі төмен және компьютерлік жүйенің мәнді ресурстарын талап етеді. Аппараттық желіаралық экрандар қорғаныс міндетін орындау үшін түрлендірілген, операциялық жүйелердің, әдеттегі немесе арнайы басқарумен жұмыс істейтін, арнайы аппараттық-программалық техникалық кешендер ретінде шығарылады.

Санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғану құралдарын іріктеуде жалпылама ретінде қарастырылуы мүмкін ұсынылымдар мыналар:

1. Тек сертификацияланған өнімдерге ғана бағдарлану қажет.

2. Қызмет көрсетудің толық кешенін қамтамасыз ететін, жеткізушінің қорғаныс жүйелерін ғана, яғни бәрі ұсынатын кепілдік пен сатуды ғана емес, сонымен бірге құрылғылар бойынша және күйге келтіру бойынша (қажет болғанда), сатып алынған жүйелерді шығарып салу бойынша, қорғаныс құралдарымен жұмысқа қызметкерлерді оқыту бойынша таңдау.

3. Әр түрлі операциялық жүйелерге қолжетімділікті қамтамасыз етуетін шектеулер, қорғаныс жүйесін таңдау.

4. Ең жақсы пайдалану сипаттары бар мынадай жүйелерге бағдарлану, мысалы: жоғары сенімділік, әр түрлі программалық қамтамасыз етудің бірлігі, жұмыс станциясының ең төменгі өнімділігі, қауіпсіздік әкімгерінің жұмыс орнынан қорғаныс тетіктерінің орталықтандырылған басқару құралдарының міндетті түрде болуы, әкімгерді жұмыс станцияларындағы СҚ барлық жағдайлар туралы жедел мәліметтендіру.

5. Іріктеу кезінде ұқсас құралдардың құнына ғана емес, сонымен бірге оларды пайдалануға кеткен болжанылған шығындарының деңгейіне және шығарып салуға назар аударған жөн.

Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеу, АЖ құру сатысында жобалық жұмысты мұқият және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеді. Жобалауға енетіндері мыналар: автоматтандырылған жүйені зерттеу және ұйымдастыру-басқара білу құжаттарын әзірлеу; қорғаныс құралдарын таңдау, сатып алу, қондыру, күйге келтіру және пайдалану; қызметкерлерді бар қорғаныс құралдарына үйрету; қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттық қызмет көрсету; ақпараттық қауіпсіздіктің кезеңдік аудит жүйесі.

Осыған ұқсас жұмыстардың кәсіби орындалуымен бірге, ақпараттық қауіпсіздікті зерттеу кезеңінде және жобалауда қате есептеулердің болуы байыпты мәселелерге айналуы мүмкін және оны пайдалану мен құруда жоғалтуларға алып келеді.

Корпоративтік желілердің ерекшеліктерінің есебімен әзірленген құжаттар мына міндеттерді шешуді қарастыруы тиіс:

  • корпоративтік желіге енуден және байланыс арналары бойынша желіден ақпараттардың ағынын қорғау;

  • желі сегменттері арасында ақпараттардың ағынын шектеу;

  • желінің неғұрлым сыни ресурстарын қалыпты қызмет үдерістеріне араласудан қорғау;

  • санкцияланбаған қолжетімділіктен (СҚ) маңызды жұмыс орындары мен ресурстарын қорғау;

  • неғұрлым маңызды ақпараттық ресурстарды криптографиялық қорғау.

Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген міндеттердің бәрін бір уақытта жүзеге асыру қызметін қамтамасыз ететін бірде-бір дайын шешім (аппараттық, программалық немесе басқа) жоқ.

Ол, бір жағынан, әрбір нақтылы пайдаланушының сол немесе басқа қорғаныс шараларын орындау бойынша талаптарының мәнді айырмашылықтарымен ерекшеленеді, және екінші жағынан, әр міндет арнайы құралдардың көмегімен шешіледі. Осы құралдардың міндетін жүзеге асыратындарды қарастырамыз.

Желіге енуден және желіден ақпараттың ағуын қорғау. Осындай қауіпті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі құралдар ретінде Интернет жаһандық желісіне корпоративті желінің арналарының қосылуын қарастырамыз.

Желіаралық экранды қолдану неғұрлым кең тараған шешім болып табылады. Олар корпоративтік желінің сыртқы да, ішкі де пайдаланушыларына қолжетімділікті шектеудің ережелерін жүзеге асыруға және анықтауға мүмкіндік береді,қажет болғанда желінің құрылымын сыртқы пайдаланушыдан жасыруға, ақпараттарды «тыйым салынған» мекен-жайларға жіберуді блоктауға, және, ең ақырында, Интернетті қолдануды қарапайым бақылауға мүмкіндік береді.

Желі сегменттері арасындағы ақпараттар ағынын шектеу. Ақпараттардың сол немесе басқа желі сегментінде өңделетін сипатына және сегменттер арасындағы өзара тәсілдерге байланысты түрі нұсқалар жүзеге асырылады. Көбінесе жиі жүзеге асырылатындары желіаралық экран болып табылады, ол Интернет арқылы сегменттер арасында өзара әрекетті ұйымдастыруда қолданылады. Әдетте, осы тәсіл желіаралық экран желі мен Интернет арасындағы ақпараттар ағынын бақылауға арналады, бұл артық шығындардың алдын алуға – бар құралдардың мүмкіндігін толық пайдалануға қолданылады.

Желінің неғұрлым сыни ресурстарын қорғау өзгенің араласуынан қорғауда ең бірінше қызметтің қалыпты үдерісі болып табылады.Корпоративтік желіде неғұрлым сыни ресурс серверлер болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс үдерісіне араласудың негізгі әдісі желілік осал жеріне аппараттық және программалық қамтамасыз етуді пайдалануға шабуыл жасау болып табылады. Бұл жерде сыртқы (Интернет), сондай-ақ ішкі желілерден де шабуыл жүзеге асырылуы мүмкін, мысалы, штаттық қызметкерлердің бірімен. Негізгі мәселе шабуылды өз уақытында табу және тіркеуде ғана емес, оны көптеген құралдар жасай алады, егер корпоративтік желі табысты жүргізген шабуылдан біраз уақытқа жарақаттанып жұмыс істемесе, бірақ оған қарсы әрекеттер, қаскүнемді ұстау (тіркеу нәтижелері негізінде) әлсіз жұбату болады.

Санкцияланбаған қолжетімділіктен маңызды жұмыс орындарын және ресурстарды қорғаудың бірнеше ерекшеліктері бар. Бүгінгі күнге дейін көптеген автоматтандырылған жүйелерде әр түрлі операциялық жүйелерге құрастырылған қорғаныс тетіктері (әдетте, желілік), жұмыс істеуде және жұмыс істеуін жалғастыруда, ол серверлердегі ақпараттарды (дұрыс әкімгерлендірілгенде) жеткілікті қорғауды қамтамасыз етуде. Бірақ серверлердің саны корпоративтік желіде қорғалған ақпараттардың өңдеуін жүргізеді және жұмыс станцияларының жалпы санының 1–3 % құрайды. Бұл жерде жұмыс станцияларының көпшілігі MS DOS немесе Windows басқаруымен жұмыс істейді (шамамен 90%) және бұл операциялық жүйелерде құрастырылған қорғаныс тетіктері мазмұндалмағандықтан, ешқандай қорғаныс құралдары жоқ.

Бұл жерде мынадай жағдай туындайды – қорғалмаған жұмыс орнында ешқандай қолжетімділік шектелмеген маңызды ақпарат өңделуі мүмкін. Тап осындай жағдайларда қорғаныстың қосымша құралдарын, көбінесе криптографиялық қорғаныс (криптографиялық кілттерді қорғау үшін); пайдаланушылардың әрекеттерін реттеу мен хаттамалау; пайдаланушылардың оқшауланған ресурстарға қолжетімділігі бойынша құқығын шектеуді қолдану ұсынылады.

Криптографиялық қорғанысқа аса маңызды ақпараттық ресурстар ұшырайды. Шифрлеу басқа адамдардың өз мақсаттарына пайдаланудан және танысудан мәліметтерді қорғаудың сенімді тәсілі бодып саналады. Осыған ұқсас құралдар Қазақстанда, олардың қолдануын қатаң заңмен реттеу болып табылады. Қазіргі уақытта корпоративті желіде шифрлеуге арналған ақпараттық өнімдер тек аса маңғыздылыға бар ақпараттар сақталатын жұмыс орындарында ғана сақталады немесе электронды ақшалай төлемақыларда өңделеді (мысалы, «Банк-клиент» жүйесінде).

Корпоративті ақпараттық жүйелер мен технологияларды жан-жағынан қорғау үшін ірі компаниялардың программалық-техникалық құралдарын пайдалану ұсынылады. Олар қызмет көрсетудің аса ауқымды көлемін және құралдырды және көбіне технологиялық орындауда ұсынуға қабілетті болады.

Корпорациядағы ақпаратты қорғауды кешенді мәселе, егер қалған құрамдас қорғаныстарды қарастырмаса, оған ешқандай санды қолтаңбалы құралдар мен шифрлеу көмектесе алмайды. Корпоративтік құрылымдардың көпшілігі іс жүзінде техникалық арналар бойынша (электр қорегі жүйелері, телефон желілері, инженерлік ғимараттар, ақпараттарды келіспей алып тастау құралдары бойынша) ақпараттардың ағыны қаупін қарастырмайды, ал шынайылығында ақпараттарды қорғау мәселелрімен айналысатын көптеген ұйымдар, қазіргі уақытта ақпараттарды жымқырудың ең көп тараған арналары болып саналады.

Обьектілердегі ақпараттарды қорғаудың сапасын сертификациялаудың жалпы жүйесінде аккредитацияланған және арнайы сараптаудан өткен бақылау ұйымдарының иелігінде. Оларға өздерінің әрекеттеріне толық заңдық және қаржылық жауапкершілік жүктеледі. Қазіргі уақытта нарықта осы аумақтағы қызметтерде ұйымдардың екі санаты бар: лицензиясы бар, бірақ Мемтехкомиссия аккредитацияламаған, лицензиясы бар ұйым ретінде аттестациялау және аккредитацияға енбеген, сонымен бірге лицензиясы да, аккредитациясы да бар ұйымдар. Олардың арасындағы айырмашылық екеуі де бірінші санатқа жатқызылатындықтан (көбінесе бұл ұйымдар –мердігерлер) ұйымдардың тексерісін жүргізе алады, сәйкестік аттестатын бекітуге құқығы жоқ және аттестация бойынша Мемтехкомиссияға тікелей, немесе аттестация органдарына жүгінуі тиіс.

Әрбір корпоративтік кәсіпорынға, оның нақтылы жұмыс шарттарына байланысты оның жұмысына ақпараттардыңжекелендірілген жүйесі талап етіледі. Мұндай жүйені құру тек осы аталған қызметке лицензиясы бар фирмаларға ғана мүмкін болады.

Банк мысалында ақпараттардың жекелендірілген жүйесі ақпараттардың құпиялылығына және маңыздылығы деңгейіне байланысты болуы тиіс. Оның құны ақпараттарды қорғау қауіпсіздігін бұзудан келетін шығындардың құнынан асып түспеуі тиіс. Бірақ, сонымен бірге қорғаныс жүйесін иелену қорғалатын ақпаратқа қолжетімділікті алу, жойып жіберу, түрлендіру немесе блоктаудан түсетін пайдалармен салыстыру бойынша экономикалық мақсатқа сай болғаны жөн. Қорғаныс жүйесінің құнын анықтау үшін қорғанысты қамтамасыз етуге кеткен шығындардың көлемін оның болуы ықтималдығы мен залал көлемін салыстыра отырып шығарады. Атап айтсақ, ақпараттардың шынайы құнын бағалау өте күрделі, сондықтан көбінесе сапалы сараптау бағалары қолданылады. Ақпараттық ресурстар бизнесті жүргізу ретінде, қандай да бір істе аса маңыздылығымен жіктеледі.

Ақпараттардың қорғалу деңгейі қорғауды бұзудан келген залалдың деңгейінен, өңделетін ақпараттың құпиялығы деңгейінен шығарылып анықталуы тиіс. Талап етілген құпиялық деңгейін анықтау – банк басшылығына берілген шексіз құдірет. Ол банктік стратегиялық және тактикалық мақсаттарына, ақпараттарды өңдеудің қолданылатын технологиясына, автоматтандырылған құралдардың құрамына және тағы көптеген себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Ақпараттардың құпиялық деңгейін анықтауда маңыздысы мемлекеттік құрылымдар мен заңдық базалардың талаптары болып табылады.

Автоматтандырылған банк жүйелерінде ақпараттардың қорғалуы дәрежесі сондай-ақ нақтыландырылған құпиялықтың бұзылу қаупімен анықталады. Қазіргі компьютерленген әлемде қауіптердің толық тізімдемемсі бір бетті ғана құрамайды. Әрбір қауіптің пайда болу ықтималдығына нақты бағаны нақтылы банк жүйесінде анықтаған жөн.

Бүгінде нарықта бар программалық өнімдер ақпараттарды қорғау әдістеріне қатысты қолжетімділіктің шектелген жүйесін мазмұндайды. Жүйеге жаңа пайдаланушыны енгізу бойынша шаралар қауіпсіздік қызметінің таңдауына қалдырылады. Міндеттердің нақтылы тізімдемелері, нақтылы міндет операцияларының тізімдемесі, операторға орындауға рұқсат етілген әрекеттердің тізімдемесі, жүйеге анкета толтыру құқығына мысал бола алады. Анкетаны банк басшысы, қауіпсіздік қызметі басшысы, шығарып салу қызметі басшысы бекітеді. Осы әрекеттерден кейін операторға жүйеге ену үшін екі парольді білген жөн: компьютерге физикалық ену үшін супервайзердің паролі және жүйеге ену үшін жеке пароль.

Көп жағдайларда компьютерлік қылмыстарды банк қызметкерлерінің өздері жасайды. Кейбір банктер программалық қамтамасыз етуге штатқа қызметкерлер ұстағанды жөн санайды. Жүйені әзірлеуші адамға жүйенің барлығы, оның барлық әлсіз жақтары туралы мәлім, ол ақпаратты ешкім сезбейтіндей етіп түрлендіруге болатынын да біледі. Одан басқа ешкім де ілеспе жүйелерді жақсы жүзеге асыра алмайды. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік қылмыстарды жүзеге асыруға ақпараттың мұрағаттануы мен тәртіптемесін бұзу әсер етеді.

Қазіргі уақытта қоғам тұтастай компьютерге тәуелді, сондықтан да бүгінгі ақпараттық қауіпсіздіктің мәселесі – барлық қоғамның мәселесі. Ақпаратты қорғау өз алдына, ғылымның, техника және технологияның серпінді дамушы саласына айналды. Ақпараттарды қорғаудың бүгінгі бағыттары компьютерлік жүйе мен технология дамуының жалпы бағыттарына – интеграциялауға, стандарттауға, көшіруге, тұнықтыққа ілесуде.

Ақпарат қауіпсіздігі саласындағы әзірлеу екпіндеп дамуын жалғастыруда. Кепілдікті ақпарат қауіпсіздігі бар программалық өнімдерге деген сұраныс өсе түсуде. Ең өзекті болып отырғаны – желілік мәселелер.