Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістік кешен (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
485 Кб
Скачать
☆

Бюджетті орындау мен құру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (боқаж)

Атқарымдық ішкі жүйелер

Аймақ бюджет бойынша

жиынтық-топтық есеп айырысулар

Меншікті бюджетті құру және орындау

Есеп айырысуды талдау

11.5-сурет. БОҚАЖ негізгі атқарымдық ішкі жүйелері

«Бюджет аймағы бойынша жиынтық-топтастырылған есептеулер» АІЖ компьютерлік тасымалдаушылардың ақпараттар енгізуді, бекітілген жоспары мен есептемелер түрі бойынша ақпараттарды баспаға шығару мен бақылауды, дәйектелетін бюджет жоспары мен нақыштарын, оларды кезкелген кезеңде алу мүмкіндігі мен барлық құжаттар есебін жүргізуді қарастырады.

«Өз бюджетін құру мен орындау» АІЖ кіріс, шығыс және өзара есеп айрысу операциаларын жедел енгізуді жүргізуге мүмкіндік береді, оның барлық қатаң есептеме нысандары, сондай-ақ бюджет орындалуын жете талдауға арналған қосымшалары бар. Бұл ішкі жүйені қолдану, ақша бөлу қалдықтарын бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Талдау есептеулері» АІЖ бюджет сыныптамасының көрсеткіштеріне, несие мен төлеушілер үлестірімдеріне талдау өткізуге арналған.

БҚОАЖ әртүрлі қаржы органдарының бөлімдерінде бірдей ақпараттарды екі рет енгізуге жол бермеуге, үлестірілген мәліметтер базасы негізінде бөлімдер арасындағы мәліметтер алмасуға мүмкіндік береді.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар

1. ҚР-ғы бдюжет жүйесінің құрылымы қандай?

2. ҚР-ғы бюджет жүйесінің әрбір құрылым элементтерін сипаттаңдар.

3. Кез келген бюджеттік үдеріс қандай кезеңдерді қамтиыды?

4. Бюджеттік үдерістерді автоматтандырудың күрделілігі неде?

5. Бюджет үдерістеріне қатысушылардың қаржылық және ақпараттық құрымының өзара қарым-қатынасын қалай көрсетуге болады?

6. Бюджеттік үдеріске қатысушы ұйымның жұмысы үшін қолданылатын автоматтандырылғын жүйені атаңдар?

7. Кешендік автоматтандыруда программалық өнім құрудың негізгі қағидалары қандай және нәтижесі?

8. ҚР-да ААЖ басқарудың қаржылық құрылымы қалай ұсынылады?

9. ААЖ «Қаржы» территориялық және аймақтық деңгейде қандай тапсырмаларды шешеді?

10. БОҚАЖ программалар кешені бюджеттің қандай деңгейінде жүзеге асады және қызмет атқарады?

11. ҚР-ның бюджеттік жүйесінде ЗҚ қандай құрылым элементіне жатады?

12. ЗҚ-ның жұмысты жылдамдату программалары қандай қызметтерді орындайды?

Дәріс № 14. Тақырыбы: ақпараттық қазынашылық жүйе

Мақсаты: Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипатын беру

Жоспары:

  • Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипаты

  • Қазынашылық органдар есебінің, АЖ және АТ-да іске асыру ерекшеліктері

  • АЖ және АТ-дағы атқарымдық мәселелердің қазыналық талаптары

14.1. Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипаты

Қазынашылық – бұл арнайы мемлекеттік аумақтық қағидамен құрылған және ҚР Қаржы министрлігі құрамындағы біртұтас орталықтандырылған жүйені беретін арнайы мемлекеттік қаржылық орган.

Қазіргі уақытта бүкіл қазнашылық органдар жиынтығын құрайтын біртұтас орталық қазынашылық органдар жүйесі құрылды. Қазынашылық орагандардың ұйымдастырушылық құрылымы: орталықтандырылған, көпдеңгейлі, иерахиялық. Құрлымы құрылысы қазіргі ҚР әкімшілік-аймақтық бөлінуіне сәйкес. Ұйымдастырушылық-атқарымдық құрылымы үш деңгейден тұрады:

  1. ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылығының бас басқармасы

  2. ҚР субъектілері, облысы, Алматы және Астана бойынша қазынашылық басқармалары (ҚБ)

  3. Қалалар (ауданға бағынышты қалалардан басқасы) аймақтық, (қаладағы аудандар бойынша) қазынашылық бөлімшелер (АҚБ).

Қазынашылық органдар мен елдің барлық қазынашылық жүйелерінің жұмысының тиімділігін арттырудың алғы шартының бірі, барлық деңгейлерде тиімді автоматтандырылған бюджет орындалуын басқару ақпараттық жүйесі.

ААЖ жасақтау тек көлемдік көрсеткіштер – салық төлеушілер саны, елдің аумақтарында жиналатын аймақтық және реттеуші салықтар, бюджет алушылар саны ғана емес, сондай-ақ елдің барлық қаржы мен байланыс жүйелері кіретін, үлгі жобасының шешімдерін қолдана отырып, біртұтас әдістемелік негізде жүреді.

Қазынашылық органдардың көпдеңгейлілігі, аумақтық тарамдану, бюджет процессінің субъектілер санының ауқымдылығы жағдайында автоматтандыруда артықшылығы бар мәселелер – банк пен қаржы сфераларының мекемелері мен ұжымдарының ведомоствалық тиімді өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, сондай-ақ аймақтардағы қолданыстағы сенімді ақпараттарды беру жүйелерін құру және қолдану болып табылады. Сенім туралы ұғым тек қажетті кезеңдегі орнықты байланысты ұйымдастыру емес, тапсыру сәтінде өзгерту мен қолдану мақсатында, ақпараттарға бекітілмеген рұқсатсыз мүмкіндік алудан қорғау.

ҚР қазынашылығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру негізінде жоғарғы технологиялық операциондық жүйелері мен мәлеметтер базасын басқару жүйелерін (ДҚБЖ) қолдану арқылы орталықтандырылған және таратылған шешімдер технологиялары, сондай-ақ рұқсатсыз мүмкіншіліктен қорғалған бөгеттерге орнықты телекоммуникациялық жүйелер жатыр. Мұндай технологияларды қолдану мен дамыту арқылы корпаративті (ведомоствалық) жүйе құру, бюджет процессі субъектілерінің күрделі қорғалған автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің межведомоствалық өзара әрекеттесу проблемасын шешеді.

ҚР АБ ААЖ құрудың басты мақсаты мемлекеттік бюджеттің орындалу тиімділігін елеулі арттыру. Осыған байланысты қазынашылық ақпараттық жүйесіне келесі талаптар қойылады:

  • Қазынашылық органдар алдына қойылған бүкіл жұмыс көлемін, шектеулі қызметкерлер арқылы жедел, дәл және тиімді шешу.

  • Аймақтық бюджет кірісі есебі мәселелерін жедел, дәл және шынайы шешу.

  • Мемлекеттік бюджеті, ҚР субъектілер бюджеті мен жергілікті барлық деңгей бюджеттері арасындағы өзара әрекеттерін ұйымдастыру

  • Аймақтық бюджет құралын соңғы ақырғы алушыларға тез және дәл жеткізу

  • Ағымда болуын, толықтылығын, жеделдігін және бюджет құралдарын мақсатты және рационалды қолданылуын қатаң бақылауды қамтамасыз ету

  • Аймақтық бюджет орындалуын объективті және жедел талдауды және кірістің бюджетке түсуі мен кезкелген берілген кезеңге арналған шығыстарды болжауды қамтамасыз ету

  • Мемлекеттік ішкі қарыздарды басқару мен оларға қызмет көрсету

  • Қолданыстағы ҚР заңи практикасына және ҚР Қаржы министрлігінің нормативті талаптарына сәйкес келу

  • Алғашқы құжат пен оның электрондық көшірмелерінің зани сабақтастығын, сондай-ақ іс жүргізу туралы нұсқаулықтармен және ережелермен, т.т. анықталатын, барлық регламентті өмір сүру кезеңі ағымындағы оның амандығын қамтамасыз ету.

ҚР автоматтандырылған ақпараттық қазынашылық жүйесі негізінен барлық деңгейлер аймақтық қазынашылық органдарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету мен мәмілеге келтіру, оларды жедел ақпараттармен қамтамасыз ету, негізгі операцияларын автоматтандыру, байланыс жүйесі мен мәліметтер тапсыруларын ұйымдастыру. Автоматтандырылған ақпараттық қазынашылық органдар жүйесін құрастыру, оны құру процессінде бірқатар шарттарды орындағанда мүмкін болады:

  • Мемлекеттік бюджет орындалуын қызмет көрсетуші ақпараттық жүйе егжей-тегжейлілігі бойынша шоттар жоспарларының күйінің дәрежесіне балама автоматтандырылған бухгалтерлік есеп құрылуы керек. Мемлекеттік бюджет орындалуының бухгалтерлік есебі бюджет классификациясының бүкіл тереңдігі бойынша талдау, соның ішінде ақырғы бюджет алушылар аспектісінде өткізілуі керек. Мұндай қағида ААЖ тіркеу регистрінде кезкелген деңгейдегі аймақтық бюджет жағдайының іс жүзіндегі жедел және шынайы бейнесін ұстауға мүмкіндік береді.

  • Ақпараттық қазынашылық жүйесі дәстүрлі банк операциялармен, сол сияқты электрондық банк есеп-айрысу жүйелерімен де жұмыс істеуге бейімделген болу және аймақтық бюджеттердің орындалу ақпараттық жүйелерімен белсенді өзара әрекеттесуді қолдау керек. Мұндай аралас жүйелер бюджеттің орындалуның толық ауқымды, автоматтандырылған, жеделдетілген бухгалтерлік есебіне негізделуі керек және алғашқы құжаттарды өңдеуде, сол сияқты банк жүйесіндегі төлемде де ақпараттарды бір ретті қолдану (бұл қателерді және ақпараттарды жүйеге екінші енгізгенде үйлесімсіздікті болдырмайды).

  • Бюджет орындалуының негізгі процесстерін келістіру мен синхрондау күн, апта, ай, тоқсан, жыл операциондық ағымдарында өткізілуі керек.

  • Әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді орындаушы органдардың біртұтас технологиялық ақпараттық коммуникациялық жүйесін ұйымдастыру.

  • Өздерінің өзара әрекеттесуі барысында, сол не басқа аралас ведомоствалық жүйеге кіретін ақпараттың шынайылығын сақтау, рұқсатсыз мүмкіншіліктен ақпаратты сақтаудың бірдей технологиялары мен электрондық қолмен қорғауды қолдану.

  • ҚР АБ ААЖ енгізу мен ұйымдастыру кезінде бүкіл жүйе не оның ядросын, сондай-ақ жеке автоматтандырылған жұмыс орнын не жұмыс орындарындағы жеке мәселелер қалған жүйелердің ағымдағы жұмыстарына тиіспей өзгерту жүргізуге мүмкіндік беретін технологиялық және әдістемелік шешімдер қолданылуы керек.

ААЖ негізіндегі қазынашылық жүйенің қызмет етуін үдету үшін бюджет процесінің негізгі қатысушыларын біріктіретін ақпараттық ағындар құрылады.

Кемелденген есептеу техникаларының құралдарын енгізу (компьютерлер, серверлер, ақпараттарды беру құралдарының өнімділігі) негізгі бұрынғы операцияларды автоматтандыруға мүмкіндік берді. Бұл шаралар аймақтық бюджеттің орындалу процесіне ақпараттық қызмет көрсетуді автоматтандыру мәселерін кешенді шешу мен қазынашылық органдарда электрондық құжат алмасуды ұйымдастыру үшін негіз дайндауға мүмкіндік берді.