- •Дәрістік кешен
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 3. Тақырыбы: аж-ны ақпараттық қамтамасыз ету
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 5. Тақырыбы: ұйымды басқаруда аж мен ат-дағы ақпараттарды қорғау
- •5.1. Аж мен ат қауіпсіздігіне қатерлердің түрлері
- •5.1.1. Аж мен ат ақпараттық қауіпсіздігін сақтаудың қажеттілігі
- •5.1.2. Ақпараттың қауіпсіздігінің қасақана қатерлерінің түрлері
- •5.2. Аж мен ат басқаруда ақпараттарды қорғау түрлері, әдістері мен құралдары
- •5.2.2. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін (ақж) құру құралдары мен әдістері. Ақж құрылымы
- •5.2.3. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
- •5.2.4. Экономикалық аж корпоративті желілерінде ақпаратты қорғау
- •5.2.5. Экономикадағы электронды құжат айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
- •Ақпараттық өзара әрекетке қатынасушылардың аутентификациялау (түпнұсқаландыру)
- •3. Желі мен дк ресурстарына, құжаттарға қолжетімділікті белгілеу
- •4. Электронды құжаттарды қорғау
- •5. Байланыс арналары мәліметтерін қорғау
- •6. Ақпараттық технологияларды қорғау
- •7. Мәліметтер ағындарына қолжетімділікті шектеу
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 6. Тақырыбы: қаржылық менеджменттегі ат
- •6.1. Қаржылық менеджментті нарық жағдайында ұйымдастыру
- •6.2. Қаржылық менеджменттің қызметтік міндеттері мен мақсаттарына сипаттама
- •6.3. Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыздандыру
- •6.4. Қаржылық шешімдердің программалық қамтамасыз етілуі
- •6.5. Аат жағдайында қаржылық менеджментің есептерін шешу технологиясы
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 7. Тақырыбы: бухгалтерлік есептегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе (баж)
- •7.1. Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйеге сипаттама
- •7.2. Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту ерекшеліктері
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 8. Тақырыбы: аудиторлық қызметтiң ақпараттық технологиялары
- •8.1. Аудиторлық қызметтiң компьютерлік ақпараттық жүйесiнiң атқарымдық есептерi
- •8.2. Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар (аат)
- •8.3. Аудиторлық қызметтегі автоматты ақпараттық технологиялардың программалық қамтамасыз етілуі
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •9.1. Қазіргі заманға сай банк жүйесінің даму кезеңдері
- •Банк қызметін автоматтандыру
- •Банк қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
- •Бантктердегі инновациялық процесстер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 10. Тақырыбы: салықтағы деректерді өңдеу аат
- •Салық қызметін басқару жүйесінің ерекшеліктері. «Салық» ааж
- •Қр салық комитетiнiң біріктірілген ақпараттық жүйесi (қр сбаж)
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •11.1. Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі
- •2. Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
- •11.3. Бюджетті басқару ааж құрылымы
- •11.4. Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының аат
- •«Қаржы» ааж
- •Атқарымдық ішкі жүйелері
- •Бюджетті орындау мен құру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (боқаж)
- •Атқарымдық ішкі жүйелер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 14. Тақырыбы: ақпараттық қазынашылық жүйе
- •14.1. Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипаты
- •Қазынашылық органдар есебінің, аж және ат-да іске асыру ерекшеліктері
- •Аж және ат-дағы атқарымдық мәселелердің қазыналық талаптары
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
5.2.5. Экономикадағы электронды құжат айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
Елімізде электронды құжат айналымының дамуы мемлекеттің қызметіндегі әкімгерлік және экономикалық реформалардағы басымдықтармен тығыз байланысты. Электронды құжат айналымы қызметтің түрлі типтеріндегі ұйымдардың қызмет етулерінің негізі болып табылады. Іс жүзінде барлық осы ұйымдарда, әсіресе, мемлекетке бағынатын ұйымдардағы бөлімшелерде іс қағаздарымен байланыстылардың бәрі де құжаттар ағынының қозғалысы болып келеді (бұйрықтар, өкімдер, тапсырмалар, хаттар және т.б.). Құжат айналымының жүйелері қазіргі уақытта көптеген ұйымдарда қызмет істейді, алайды көбінесе олар оқшауланған және үзінділік сипатта болады.
Электронды құжат түсінігі өзіне тек файлды ғана емес, сонымен бірге құрастырылатын құжат айналымын (рәміздердің, сөздердің, кестелердің, диаграммалардың, бейнелеулер мен мультимедиялық мәліметтердің жиынтығы), ал осындай түрлі типті файлдардың тұтас жиынтығы – құжаттардың құрамдас бөлігі, басқа электронды құжаттармен байланысы, құжаттар қозғалысының жолдары туралы ақпараттар және басқа да көптеген нәрселер. Құжатта міндетті болып табылатын тіркеу карточкасының болуы – құжаттардың деректемелерінің жиынтығы (құжат түрі, тіркеу нөмірі, қысқа мазмұны және басқа да ГОСТ жалпы жағдайында реттелетін атрибуттар, бірақ бұлар нақтылы жағдайларда бірінен-бірі ерекшеленуі мүмкін. Мұндай түрде құжат электронды құжат айналымы жүйесінің құрылу базасы – оның тіркелуінен басталады және мұрағатқа есептен шығарылуымен аяқталатын құжаттың толық өмірлік кезеңін ұйымдастырушы жүйелер болады.
Құжаттар ағынының ақпараттық қауіпсіздігінде екі сапалы түрлі бағытты бөліп көрсетуге болады. Біріншісі – бұл обьектілерді қорғау, яғни ақпараттар дәстүрлі жеткізушілерде (қағаз, магнитті, оптикалық) мәліметтердің нысанда болады. Екіншісі – ақпараттардың түрленуінде үдерістердің қорғалуы, яғни ақпараттарды өңдеу технологиясы. Электронды құжат айналымы жүйелерінде ақпараттарды өңдеудің технологиялық кешенді типтік сызбасы қалыптасқан: біріншісі көптеген пайдаланушылардың ұжымдық жұмысының сервері негізінде жүзеге асырылады, ал екіншісі –интернет-сервер ретінде қызмет ететін, олардың кеңсемен өзара тиімді байланысы үшін аймақтық бөлінген қызметкерлердің қолдауын қамтамасыз ететін пошталық серверге негізделеді.
Интернет-серверді пайдалану жаһандық желі арқылы ұйымдардың түрлі ақпараттық базасын қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Электронды құжат айналымы жүйелеріне қаскүнемдердің тарапынан мынадай типті қауіптер ұсынылуы мүмкін:
құжаттарды қолдан жасау;
клиенттерді ауыстырып қою;
алынған міндеттемелерден бас тарту;
мәміленің үзілуі, көбінесе, жүргізілетін мәмілелер туралы құқпия ақпараттардың бұзылуы салдарынан тапсырыстарды жаулап алу;
ұйымның коммерциялық, қаржылық, ғылыми-техникалық қызметіңің құпия ақпараттарының ағыны;
сауда және қаржылық операцияларды жүргізу кезіндегі алаяқтық.
Электронды құжат айналымы жүйелерін қорғау үшін мынадай үдерістер жүзеге асырылуы тиіс:
ақпарат алмасуға қатынасушылардың өзара идентификациясы;
құжаттардың құрылу уақытын қосқандағы, алуының және беруінің түпнұсқалығын бекіту;
ақпарат алмасуға қатынасушылар арасындағы құжаттарды алмасудың құпиялығын қамтамасыз ету.
Бұл жерде мәліметтер мен байланыс арналарына қолжетімділікті тек аппараттық-программалық құралдармен ғана қорғану мүмкін екендігін атап өткен жөн. Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік терминдердегі вирусқа қарсы қорғаныс (АЖО, жұмыс станциялары) вирусқа қарсы программаларды қарастырады.
Windows 95-ХР ортасы үшін типтік вирусқа қарсы, әдетте, мынадай программалар енеді:
графикалық интерфейсті сканер;
командалық жолды интерфейсті сканер;
резиденттік күзетші;
пошталық күзетші;
міндеттерді жоспарлаушы;
жаңарту модулі.
Вирусқа қарсы графикалық интерфейсті сканерлер және командалық жолды интерфейстер ақпаратты жеткізушілерде вирустың барын тексереді, вирустарды табады және компьютердің жедел жадысында, дискідегі және электронды поштадағы вирустарды залалсыздандырады.
Резиденттік күзетші (сондай-ақ монитор деп аталатын), автоматтық тәртіпте жұмыс істейді және пайдаланушы үшін байқатпай олармен қандай да бір программаны пайдаланып отырған кезінде тексереді, пайдаланушыға зақымдандырылған немесе күмәнді файлдарды тапқан кезінде хабарлайды. Бұл жерде, сондай-ақ, вирусты белсенділікті бақылау технологиясы да, яғни компьютердің жадысында программаларды жүзеге асыратын әрекеттерге талдау жасау қолданылады. Талдау жалған дабылдарды табады және сонымен бірге кез келген зиянды әрекеттердің алдын алуға құрылады.
Қазіргі вирусқа қарсы программалардың қуатты құралы эвристикалық талдау болып табылады. Ол бар және тіпті жаңа енген, әлі ол туралы вирусқа қарсы базаға ақпарат енгізілмеген, зиянды программаларды табуға мүмкіндік береді.
Пошталық күзетші электронды пошталардағы енетін және шығатын хабарламаларға тексеру жүргізеді және бұл көбінесе пошталық хаттамалар негізінде жүргізіледі. Мысалы, РОРЗ енетін пошта хаттамасы деңгейінде (хатты пошталық клиент алғанға дейін). Енетін поштаны және шығатын хабарларды тексеру кезінде бұл компьютерде пошталық клиенттің қандай типі бекітілгеніне байланыссыз болады.
Міндеттерді жоспарлаушы вирусқа қарсылардың құрамына енетін бағдарламаларды автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Жаңарту модулі қосымша вирусты базаларды және программалық компоненттердің жаңа жорамалдарын алуға арналған. Сайттардағы вирусқа қарсы бағдарламалардың сатушыларындағы вирусты базаларды жаңарту, әдетте, күніне бірнеше рет, ал кейде – сағатына бірнеше рет жүзеге асырылады. Пайдаланушы өзі вирусты базалардың автоматтық жаңартылуы жиілігін талап етуді міндеттеуі мүмкін. Тиісінше, тіпті Интернетпен әлсіз байланыс болғанның өзінде (мысалы, үйден байланыстырылатын арналар бойынша) әрқашан вирустық базаларды жедел жаңартуға және өзіңнің компьютеріңнің жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуге болады. Word, Excel және PowerPoint кеңселік программаларында қорғану үшін макросовтардан (вирустарға көптен бері және белсенді пайдаланылады), қауіпсіздік деңгейін міндеттеуге мүмкіндігі бар, сенімді деп есептелетін сондай-ақ файлды ашқанда,макросовтардың сол негізгі көздерінің тізімдері қолданылатын болады.
Көптеген Wеb-браузерлер Wеb-серверлермен жүктелетін кодтардың орындалуын шектеуге мүмкіндік береді. Мысалы, браузерде Internet Explorer қауіпсіздіктің әр түрлі деңгейлерімен пайдаланады. Атап айтсақ, «жоғары» деңгей, «сенімсіз түйіндер» аймағы барлар, ActıveX басқарудың барлық элементтері және Web-сервиздер жүктелетін бұл аймақтағы сценарийлер, автоматты түрде өшірілетінін білдіреді. Бұл қандай да бір зиянды кодтың мүмкін болатын енуінің алдын алады.
Соңғы уақытта компьютерлерде вирусқа қарсылармен бірге желілік экрандар да жиі қолданылады. Желілік экран, өзінің негізгі міндеттерін орындай отырып, жаңа ғана енген, әлі вирусқа қарсы программаның вирустық базасына енбеген зиянды кодты табуы да мүмкін.
Желілік экран Интернеттен немесе оқшауланған желіден санкцияланбаған қолжетімділіктен компьютерді қорғап қана қоймайды, сонымен бірге желілік белсенділігін айқындайтын, кез келген авторланбаған қосымшаны да, сондай-ақ блоктайды. Тиісінше, ол мынадай зиянды программалардың қаскүнемнің компьютерімен желі бойынша байланысуға тырысушылық, пошта бойынша вирустар салып жіберу, яғни желілік экран зиянды программаны виурсқа қарсылар сияқты (дабыл немесе эвристика бойынша), сонымен бірге желіде олардың белсенділігінің пайда болуымен байланысты әрекеттер бойынша, солардың тәртібі бойынша типтік әрекетін табады және блоктайды.
Сенімді вирусқа қарсы қорғаныс құру үшін мынадай ұйымдастырушылық қадамдар маңызды, көбінесе:
зиянды шабуылдық «кеңістік» үшін көп деңгейде қолжетімділікті қысқарту үшін, компьютерден барлық артық және түкке де керегі жоқ программалар мен файлдарды алып, өшіріп тастау;
мүмкіндігіне қарай қауіпсіздіктің неғұрлым қуатты жүйелері бар және болатын операциялық жүйелердің және басқа да программалық қамтамасыз етулердің қазіргі түрлерін пайдалану;
программалық қамтамасыз етулерді пайдалану үшін қауіпсіздік жүйесінің жаңа жаңартуларын әзірлеген шығарылымдарды жедел бекіту. Windows опеарциялық жүйелі компьютерлер үшін бұл істе «қорғаныс негізгі элементтерінің талдаушысы» (Microsoft Baseline Security Analizery) көмекке келе алады;
әдеттегі жұмыс жағдайында шағын жеңілдіктері бар компьютерді, ал әкімгерлердің өкілеттілігін тек, шын мәнінде керек кезде ғана пайдалану.
Ақырында, компьютер пайдаланушылары пайдалы вирусқа қарсы кеңестерді ұмытпағандары жөн:
егер сіз қандай да бір файлда вирус жоқ екендігіне сеніміңіз болмаса, онда ол жерде вирус бар деп болжасаңыз және вирус болса, сіз міндетті түрде вирусқа қарсы программаға тексеріңіз;
Word-құжаттар үшін *.dос форматтардың орнына *.rtf-ті қолданыңыз, өйткені соңғысы макроны мазмұндамайды және, тиісінше, вирусты тасымалдай алмайды. Сол себептен де Excel-кестелер үшін *.хsl-тің орнына *.csv-ні қолдану ұсынылады;
дискеттен немесе шағын-дискілерден емес, қатаң дискіден компьютердің операциялық жүйесіне жүктемені бекітіңіз, өйткені бірінші жағдайда жүктемелі вирус кіргізу ықтималдығы басым.
Электронды құжаттарды технологиялық өңдеуді қорғау кезінде тек тікелей электронды құжат айналымын өңдеуге қатысы барларды ғана емес, компьютерлік жүйе жұмысының барлық кезеңдеріне барлық үдерістердің қорғалуын қамтамасыз ету қажет, сонда қорғанысқа мультипликативті тәсіл негізделеді. Мультипликативті тәсілдің қасиеті қауіпсіздік ортасында неғұрлым жалпы заңдылықтарға жатады және қауіпсіздік жүйесі дәрежесі әлсіз элементтің өзінің қауіпсіздік дәрежесімен анықталады және қорытындылық беріктігі оның әлсіз буынының қорғалған контурымен анықталады.
Электронды құжаттардың өңдеу технологиясына сәйкес, техникалық қорғаныс бойынша мынадай шараларды бөліп көрсетуге болады:
ақпараттық өзара әрекеттің қатынасушыларының түпнұсқалығы (аутентификация) (осы обьект немесе үдеріс туралы ақпараттың идентификациялаушы құжатта мазмұндалғанды обьективті бекіту);
санкцияланбаған қолжетімділіктен (СҚ) техникалық құралдарды қорғау;
ДК ресурстары мен желі құжаттарына қолжетімділікті шектеу;
электрондық құжаттарды қорғау;
байланыс арналарындағы мәліметтерді қорғау;
ақпараттық технологияларды қорғау;
мәліметтер ағынына қолжетімділікті қорғау.
Бұл жерде 1,2,3,5, және 7-тармақтар жиынтығында ақпаратты қорғау затын құраса, ал 4 және 6-тармақтарда ақпараттық технологиыларды қорғауды ұсынады.
