Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістік кешен (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
485 Кб
Скачать
☆
    1. Қазынашылық органдар есебінің, аж және ат-да іске асыру ерекшеліктері

Аймақтық қазынашылық органдарының негізгі мәселелері мыналар:

  1. Әр деңгейдегі бюджет орындалуын ұйымдастыру, іске асыру және бақылау, ортақ касса қағидасына сүйене отырып, қазынашылықтың банктегі есеп-шоттарындағы кіріс пен шығысты басқару.

  2. Бюджеттік және бюджеттен сырт мемлекеттік қорлар арасындағы қаржылық қатынасты реттеу, бұл қорлардың қаржылық орындалуы, бюджеттен сырт құралдардың түсуі мен қолданылуын бақылау.

  3. Мемлекеттік қаржылық ресурстардың көлемін қысқа мерзімді болжауды іске асыру, сондай-ақ анықталған мемлекеттік шығыстар шегінде бұл ресурстарды жедел басқару.

  4. Жоғарғы заң және орындаушы билік органдары мен қаржы операциялары жайлы есептемешіліктер басқармасымен ұсынылған мемлекеттік қаржылар жағдайы туралы, мемлекеттік бюджеттен сырт қорлар туралы, сондай-ақ бюджеттік жүйені тұтастай алғандағы жағдайы туралы ақпараттарды жинау, өңдеу мен талдау.

  5. ҚР мемлекеттік ішкі және сытқы қарыздарын ҚР ұлттық банкі мен басқа өкілетті банктармен бірге басқару және қызмет атқару.

  6. Мемлекеттік билік органдары, басқармалар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұжымдар үшін міндетті, қазынашылық құзіретіне қатысты сұрақтарды тіркеу операцияларын жүргізу ретін көрсететін әдістемелік және нұсқаулық материалдар жасақтау, ҚР бюджеттік сыныптамасының жобасын дайындау, ҚР мемлекеттік қазынасы бойынша операциаларды жүргізу.

Қазынашылық органдар жүйесі алдына қойылған мақсаттары айналасында мыналарды қамтамасыз етеді:

  • Мемлекеттік бюджет пен бюджеттен сырт қорлардың қаржылық орындалуын;

  • ҚР Өкіметінің құзынырндағы мемлекет ресурстарының қозғалыс операцияларының тіркеуін;

  • Мемлекеттік ресурстар туралы мәліметтерді жинақтау, өңдеу және талдауды;

  • Мемлекеттік қаржылық ресурстардың мақсатты қолданылуын және түсуін қадағалуды;

  • Мемлекеттік қаржылық ресурстарды үлестірушілер жинақ реестрін жүргізуді;

  • Мемлекеттік ресурстар көлемін қысқа мерзімді болжауды;

  • Мемлекеттік ресурстар көлемін қысқа мерзімді жоспарлауды;

  • Кірісті ҚР субъектілері бюджеттері мен республикалық бюджетіне бөлуді;

  • ҚР субъектілері бюджеттері мен мемлекет бюджеті арасындағы өзара есеп айрысу есебін орындау;

  • Мемлекеттік қаржылық ресурстарды қайтарымды және ақылық негізде орналастыруды;

  • Мемлекеттік бюджет орындалуын жаксарту мақсатында Ұлттық банк, Қаржы министрлігі және басқа да мемлекеттік билік органдары арасындағы өзара әрекеттестікті жүргізу және басқаруды ұйымдастыруды;

  • Ұлттық банк пен және басқа да өкілетті банктармен бірге мемлекеттік ішкі және сыртқы қарыздарға қызмет көрсетуді, т.т.

Қазынашылық органдаға артылған маңызды қызметтердің бірі барлық орындалу деңгейлеріндегі бюджет шығындалуын бақылау бойынша бақылау-тексеру жұмыстары болып табылады. Осы қызметтерге сәйкес қазынашылық органдар республикалық бюджет құралдарының бас үлестірушілері, үлестірушілері мен алушылары, кредиттік ұжымдар, басқа да орындалатын бюджет пен мемлекеттік сырт бюджет қорлары бюджеті бойынша бюджет процесі қатысушыларымен операциялар жүргізуге алдын ала және ағымдағы бақылау жүргізеді. Қазынашылық бақылау қызметтерін іске асыру процесінде басқа орындаушы биліктің республикалық органдармен өзара әрекет жасайды.

Бюджетті кешенді орындауда бірінші орында келесі атқарымдық мәселелер қатысады.

  1. Бюджеттік құралдар, мемлекетік бюджеттен тыс қорлар мен бюджеттер сырт құралдар және олардың қолдану бағыттарының кассалық жоспарлауын іске асыру.

  2. Бюджет орындалуының әртүрлі деңгейлерінің жедел бухгалтерлік есебі.

  3. Бюджеттер кірістері мен шығыстарының нақыштарын құру.

  4. Бюджет құралдарымен операциялар орындаудың өз уақытылы болуын, сондай-ақ бюджеттік және бюджеттен сырт құралдар қолданылуының мақсатты бағыттарын қадағалау.

  5. Бюджет бойынша дәйектелінген нақыштарды құру мен өзгерту және дәйектелінген жоспарлар есебі.

  6. Бюджет қолданылуының бухгалтерлік есебінің регистрін құрастыру.

  7. Қазынашылық органдар мен бюджеттік қаржыларды үлестірушілерінің өзара ақпараттық әрекеттесу мәселелерін кешенді шешу және т. т.

Жоғарыда көрсетілген қызметтер үшін қазынашылық органдардың иерархиялық деңгейлері ғана емес, сонымен бірге банкілік төлем жүйелері, республикалық налог қызметтері жүйелері, барлық деңгейлер бюджеттерін орындау мен құру жүйелері, бюджет құралдарын алушылар мен салық төлеушілері арасында да кемелді байланысы бар көп деңгейлі жүйе ұйымдастырылған. Бұл жүйенің күрделілігі, әртүрлі ведомостваларға жататын қатысушылардың көп мөлшерін қамти отырып едәуір аумақта орналасуымен тереңдейді. Орындалуы Қазынашылық жүйеде қамтамасыз етілетін көпқырлы және қиын мәселелер, АЖ құру мен бюджет процесінің орындалуын жүзеге асыруға арналған АТ ерекшеліктеріне әсер етеді. Қазынашылық органдарға артылған қызметтер рационалды ұйымдасқан құрылымы бар кемелді есептеу техникаларының құралдарын қажет етеді.

Қазынашылық органдарда автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құрудың техникалық құралдарын таңдаудың басты критериялары:

  1. Қазынашылық органдардағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру кезіндегі шешілетін басты атқарымдық мәселелер сипаты;

  2. Атқарымдық қаржылық мәселелерді шешуге арналған программалық жасақтар сипаты;

  3. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер сипаты;

  4. Есептеу техникалары құралдары мен телекоммуникациялық жабдықтардың басты техникалық сипаттары:

  • Дербес компьютерлер өнімділігі(микропроцессор түрі, жедел жады көлемі, мәліметтерді өңдеу жылдамдығы);

  • Жұмыс сенімділігі;

  • Жеке технологиялық операцияларды орындау уақыты бойынша қатар орындалу дәрежесі;

  • Әртүрлі типтер мен сыныптар жабдықтары жұмысының үйлесімділігі;

  • Қызмет көрсету персоналдарының саны мен құрамы;

  • Жабдық құны, т.т.

Сонымен, техникалық құралдар кешені (ТҚК) қазынашылық жүйеде мәселелерді шешуге арналған барлық технологиялық опрацияларды техникалық қолдауды: жинақтау, тапсыру, сақтау, жинау және қаржылық ақпараттарды өңдеу мен қажетті мәліметтерді барлық бөлімшелері үшін, барлық басқару мәселелері тізімі бойынша формальды түрде беруді қамтамасыз етуі қажет.

ААЖ және АТ есептеу техникаларының құралдарын ұтымды таңдағанда тиімді болуы қазынашылық органдар мамандарының еңбек өнімділігін көтеру есебінен де, басқару мәселелерін шешуге толығырақ, жедел және дәл ақпараттар негізінде қолайлы экономикалық-математикалық әдістерді қолдану мүмкіншіліктері есебіненде қамтамасыз етілуі мүмкін.

Осыған байланысты қазынашылық жүйеде техникалық құралдардың қолданылу әсері басқару қолдану шығындарын азайтумен емес, ұтымды басқаруға байланысты органдар қызметтерінің экономикалық көрсеткіштерінің жақсарумен анықталады.

Қазынашылық органдарда ААЖ-ні құру архитектурасын таңдау технологиялық процесстің аппараттық бөліміне өз талаптарын анықтайды. Автоматтандырылған мәліметтер қоймасын иерархияны орталықтандыру қағидасымен ұйымдастыру, автоматтандырылған өңдеу кезіндегі ақпараттар ағындарының көлемі және құжаттарды құру әртүрлі сипаттағы желі жұмысындағы ең қысаң орындарды жоятын, өнімді серверлер қолдануды қажет етеді (қолданбалар сервері, файл сервері, мұрағат сервері, пошта сервері және т.т.).

Техникалық шешімдердің өнімділігін, сенімділігін, орнықтылығын арттыру үшін қазынашылық органдарда желілік операциондық жүйелермен басқарылатын серверлерді топқа біріктіру (домендер) қолданылады. Сонымен бірге ресурстар мен жүктемелер серверлер арасында үлестіріледі, бұл жергілікті есептеу желісінің қызметінің тиімділігін арттырады.

Серверлерді доменге топтастыру желі әкімгерлері мен қолданушыларға екі маңызды артықшылық береді. Олардың ішіндегі маңыздысы, серверлер домені қауіпсіздік қызметі мен қолданушылардың тіркеу карточка ақпараттарын бірлікте қолданатын біртұтас әкімшілік блок құру. Әрбір доменнің қолданушылар мен топ тіркеу карточкаларынан, сондай-ақ қауіпсіздік саясатының бастапқы бағыттағы параметрлерінен тұратын бір мәліметтер базасы болады. Барлық домен серверлері не алғашқы домен контролері, не осы базаның көшірмесінен тұратын мәліметтер базасынан тұратын резервті домен контроллері болып жұмыс істейді.

Контроллер – сыртқы құрылғыларды басқару үшін арналған, сонымен қатар осы қызметтерді орындаудан босататын мамандандырылған процессор.

Бұл дегеніміз, әкімшілік әрбір пайдаланушы үшін жеке есептіккарточканы басқару қажет, және әрбір пайдаланушы бір ғана есептік карточкаға пароль қолдана алады. Екінші артықшылық пайдаланушының еркіндігі үшін пайдаланушылар қол жетерлік ресурстарды іздеуде желіге кіреді, олар желіні көре алады, домендер бір топқа жинақталады.

Қазынашылық органдарды жарақтандыру және арнайы атқарымдық мәселелерді шешу үшін Intel Pentium микропроцессорынан тұратын, екі микропроцессор, SCSI құрылымдар, оның ішінде винчестрлер, оптикалық диск ақпараттарды оқу құралы және перифериялық құрылымдар орнату мүмкіндігі бар өнімді процессорлар қолданылады.

Өнімді сервер – ақпараттарды RAID дисктер жиымы түрінде ұйымдастырған, деректерді сенімді жедел сақтауға арналған, автоматтандырылған мәліметтер банкі. Серверге жүктеме артқанда, жүктемені бірнеше серверге үлестіру, соның ішінде DIGITAL кластерлік технологиясы және үлестірілген ORACLE мәліметтер қоймасы есебінен ААЖ өнімділігін арттыруға болады. Кластерлік технология – бұл үлкен көлемдегі ақпараттарды өзара жақын мәліметтер ішкі жиынына бөлу процесі.