- •Дәрістік кешен
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 3. Тақырыбы: аж-ны ақпараттық қамтамасыз ету
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 5. Тақырыбы: ұйымды басқаруда аж мен ат-дағы ақпараттарды қорғау
- •5.1. Аж мен ат қауіпсіздігіне қатерлердің түрлері
- •5.1.1. Аж мен ат ақпараттық қауіпсіздігін сақтаудың қажеттілігі
- •5.1.2. Ақпараттың қауіпсіздігінің қасақана қатерлерінің түрлері
- •5.2. Аж мен ат басқаруда ақпараттарды қорғау түрлері, әдістері мен құралдары
- •5.2.2. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін (ақж) құру құралдары мен әдістері. Ақж құрылымы
- •5.2.3. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
- •5.2.4. Экономикалық аж корпоративті желілерінде ақпаратты қорғау
- •5.2.5. Экономикадағы электронды құжат айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
- •Ақпараттық өзара әрекетке қатынасушылардың аутентификациялау (түпнұсқаландыру)
- •3. Желі мен дк ресурстарына, құжаттарға қолжетімділікті белгілеу
- •4. Электронды құжаттарды қорғау
- •5. Байланыс арналары мәліметтерін қорғау
- •6. Ақпараттық технологияларды қорғау
- •7. Мәліметтер ағындарына қолжетімділікті шектеу
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 6. Тақырыбы: қаржылық менеджменттегі ат
- •6.1. Қаржылық менеджментті нарық жағдайында ұйымдастыру
- •6.2. Қаржылық менеджменттің қызметтік міндеттері мен мақсаттарына сипаттама
- •6.3. Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыздандыру
- •6.4. Қаржылық шешімдердің программалық қамтамасыз етілуі
- •6.5. Аат жағдайында қаржылық менеджментің есептерін шешу технологиясы
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 7. Тақырыбы: бухгалтерлік есептегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе (баж)
- •7.1. Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйеге сипаттама
- •7.2. Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту ерекшеліктері
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 8. Тақырыбы: аудиторлық қызметтiң ақпараттық технологиялары
- •8.1. Аудиторлық қызметтiң компьютерлік ақпараттық жүйесiнiң атқарымдық есептерi
- •8.2. Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар (аат)
- •8.3. Аудиторлық қызметтегі автоматты ақпараттық технологиялардың программалық қамтамасыз етілуі
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •9.1. Қазіргі заманға сай банк жүйесінің даму кезеңдері
- •Банк қызметін автоматтандыру
- •Банк қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
- •Бантктердегі инновациялық процесстер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 10. Тақырыбы: салықтағы деректерді өңдеу аат
- •Салық қызметін басқару жүйесінің ерекшеліктері. «Салық» ааж
- •Қр салық комитетiнiң біріктірілген ақпараттық жүйесi (қр сбаж)
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •11.1. Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі
- •2. Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
- •11.3. Бюджетті басқару ааж құрылымы
- •11.4. Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының аат
- •«Қаржы» ааж
- •Атқарымдық ішкі жүйелері
- •Бюджетті орындау мен құру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (боқаж)
- •Атқарымдық ішкі жүйелер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 14. Тақырыбы: ақпараттық қазынашылық жүйе
- •14.1. Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипаты
- •Қазынашылық органдар есебінің, аж және ат-да іске асыру ерекшеліктері
- •Аж және ат-дағы атқарымдық мәселелердің қазыналық талаптары
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
6.5. Аат жағдайында қаржылық менеджментің есептерін шешу технологиясы
ААТ жағдайында қаржылық менеджмент есептерін шешу технологиясы жалпы жағдайда мына үдерістерді орындау жатады:
ақпаратты жинау және дайындау;
мәліметтерді өңдеу, жинақтау және сақтау;
мәліметтерді үлгілендіру;
нәтижелік ақпараттарды қалыптастыру;
шешім қабылдаған тұлғаға ақпаратты беру;
шешім қабылдау.
Міндеттердің нақтылы түрлері мен ерекшеліктеріне байланысты, сонымен бірге осы кәсіпорында ақпаратты автоматты түрде өңдеуді ұйымдастыру бойынша технологиялық шешімдердің жоғарыда көрсетілген үдерістердінін кейбірі болмауы мүмкін. Әдетте, бұл бірегей ақпараттық база пайдалануды болжайтын кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін басқарудың автоматты кешенді жүйесін қолдану жағдайында обьект туралы ішкі ақпаратты пайдалануды талап ететін шешімдер, міндеттер үшін сипатты болады. Мұндай міндеттердің мысалдары оның менеджментімен жүзеге асырылатын, ағымдағы жоспарлау, айналмалы қаржыларын басқару, есеп айырысулар мен төлемақыларды және т.б. жүзеге асыруға жедел бақылау, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауға қызмет етуі мүмкін.
ААТ қолдану жағдайларында мұндай міндеттерді шешу жоғары автоматтандырылған және ДК (дербес компьютер) пайдаланушылығында– «клиентте» жүзеге асырылатын, кәсіпорынның есептеу желісіне қосылған, «клиент – сервер» немесе «файл – сервер» технологиялық базасында ұйымдастырылған және оның ақпараттық ресурстарын пайдаланатын АЖО тәртібінде жүзеге асырылады.
Программалық қамтамасыз етудің осындай міндеті кәсіпорынның қаржылық-шаруашывлық қызметінің басқарудың автомсаттандырудың кешенді жүйесін программалық қамтамасыз етудің құрамдам бөлігі болып табылатын қосалқы жүйе немесе жекеленген үлгілендірулер түрінде орындалған.
Қаржылық менеджменттің міндеттерінің сыртқы ақпарат сияқты, ішкі ақпаратты да пайдалануды талап ететін міндеттер қатары бар. Кәсіпорындағы қолданылатын ақпаратты технологиялық шешімдерге қарамастан, әдетте, жеке тәртіпте, қолданбалы программалардың сәйкесті пакеттерін пайдалану ұсынылады және ақпаратты өңдеудің жоғары көрсетілген барлық үдерістерін қосады.
Бұл жіктің типтік өкілі инвестициялық жобалардың (ИЖ) техника-экономикалық негіздеулерін дайындау және талдау есебі болып табылады. Қазіргі уақытта оның шешімдері үшін пайдаланылатын кеңінен танымал программалардын отандық өнімдері мыналар болып табылады: Project Expert (PRO-INVEST Consulting) және «Альт-Инвест» («Альт»).
Project Expert программасы сол немесе басқа жобалаудың кезеңін жүзеге асыратын, сәйкесті бөлімнің сілтемесін (мәтінін) іріктеу жолымен диалогтық нысан-мәзірден жүзеге асырылатын тәуелсіз үлгілендірулердің, қолжетімділіктің жиынтығы түрінде құрылымдана жүзеге асырылады.
Мынадай тоғыз бөлімдері бар: «Жоба», «Компания», «Қоршаған орта», «Инвестициялық жоспар», «Операциялық жоспар», «Қаржыландыру», «Нәтижелер», «Жобаны талдау», «Өзектілігі».
Әрбір бөлімнің ішкі үлгілендірілуі талап ететін шақыру пиктограммалық сәйкесті нүктені басу жолымен жүзеге асырылады. Үлгілендірудің шақырулары кез келген жалғастылықта жүзеге асырылуы мүмкін екеніне қарамастан, шығатын мәліметтердің талап етілуі жоқ болғанда олардың кейбірі блоктанып қалуы мүмкін.
Бұл жерде жұмыс кітабының керекті парағына немесе бөлімдеріне көшу мынадай екі жолмен жүзеге асырылады: Excel ортасында кез келген қолжетімді әдіспен және Excel басты мәзіріне автоматты түрде қосылатын «Альт-Инвест 5.0» мәзірінің арнаулы мәтіні «Кестені ашу» тармағын іріктеу құралымен.
«Альт-Инвест» программасының ядросы өзара байланысты мазмұндалған кестелердің көмегімен, жоба бойынша нәтижелік ақпаратты қалыптастыру және есеп айырысулар, сипаттаулар жүзеге асырылатын «Жоба» парағы болып табылады. «Жоба» парағы кестелерінің міндеттік белгіленімі бойынша мынадай блоктарға біріктірілуі мүмкін: жалпы және сырты мәліметтер; жоба бойынша түсімдерді сипаттау; өнімнің өзіндік құнын сипаттау; инвестициялық шығындарды сипаттау; қаржыландыру көздерін сипаттау; нәтижеленетін нысандар.
«Альт-Инвест» программасында пайдаланушыға қолайлы болуы үшін ақпаратты бейнелеуде мынадай төрт түс пайдаланылуы мүмкін:
жасыл–жоба бойынша шығатын мәліметтерді енгізуге арналған ұяшық;
қара – автоматты түрде есептелетін мәндер;
көк – есеп айырысудың реттелетін жағдайлары;
қызыл – көрсеткіштердің кері мәндері.
Аталған программалық құралдардың пайдаланылуымен технологиялық шешімдер есептерін қарастырамыз.
ИЖ басқарудың жалпы жағдайында мына сатыларды қосады:
инвестициялық ұсынысты дайындау;
ТЭН әзірлеу;
оның қатынасушылары үшін ИЖ (инвестициялық жоба) тиімділігін талдау;
ИЖ жүзеге асыру және оның орындалуын бақылау.
ИЖ бағалаудың міндетіне шығатын ақпараттарды талап ететін бөлшектеудің дәрежесін және көлемін анықтайтын, жоғарыда көрсеткен алғашқы үш саты енеді.
ҚПП Project Expert және «Альт-Инвесттің» құрылымдық айырмашылық-тарына қарамастан, ДЭЕМ есептерін оларды қолданумен қарастыратын шешім мынадай кезеңдері немесе қадамдары түрінде ұсынылуы тиіс.
1. Жобаның ақпараттық сипатталуы.
2. Қаржыландыруда тұтынушылықты және оның стратегиясын таңдауды іріктеу.
3. Есептерді қалыптастыру және басып шығару.
4. Оның қатынасушылары үшін жобаның тиімділігін бағалау.
5. Тәуекел мен белгісіздік есебімен тиімділік көсеткіштерін талдау және үлгілендіру.
Жобаның ақпараттық сипатталуы – шығатын мәліметтерді жинау мен өңдеу бойынша ұқыпты дайындық жұмыстарын талап ететін, өте еңбекті көп қажет ететін кезең. Алуан түрлі бағалар бойынша, осы кезеңнің үлесіне ИЖ бағалау міндетін шешу кезінде барлық еңбек шығындарының 50-ден 90%-ға дейінгі осы кезеңнің үлесіне келеді.
Project Expert программасының осы кезеңі мына бөлімдерді үлгілендіруді жүзеге асырады: «Жоба», «Компания», «Қоршау», «Инвестициялық жоспар», «Операциялық жоспар».
«Альт-Инвест» программасында бұл мақсаттар үшін «Жоба» парағының сәйкесті кестелер блогы қарастырылған.
ИЖ бағалау үдерісінде пайдаланылатын ақпаратты шартты түрде сыртқы, жалпы және ішкі деп бөлуге болады.
Сыртқы ақпарат жобаның экономикалық қоршауы туралы мынадай негізгі мәліметтерді бейнелеуі тиіс: инфляцияның, валюта бағамының болжамдық бағалары, салық салу жүйесінің ерекшеліктері және т.б.
«Альт-Инвест» программасында пайдаланылатын, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің құрылымы бейнеленген.
Жоба бойынша қаржыландырудың көздерін сипаттау блогы «Қордағы салықтар мен төлемақылар» арнайы кестесінде салық төлемақыларын жүзеге асырудың тізімдемелері, мөлшерлемелері мен шарттары берілген.
Project Expert программасында осыған ұқсас ақпараттарды енгізу «Қоршау» бөлімінің сәйкесті үлгіленулерін іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
Жоба туралы жалпы ақпаратқа, әдетте, мыналар енеді: жобаның басталу уақыты мен ұзақтығы; өнімдердің ж/немесе қызметтердің тізімдемесі; ішкі және сыртқы нарықта төлемақылар операцитялары және есеп айырысуға пайдаланылатын валюталар; қолданылатын өлшеу бірліктері және т.б.
Project Expert программасында бұл ақпараттың сипатталуы «Жоба» бөлімінде жүзеге асырылады. «Альт-Инвестте» қажетті мәліметтер «Жүзеге асыру жоспары» кестесіне және «Жобаны сипаттау» парағының басына енгізіледі.
Project Expert программасында жобаның ақпаратын санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғау мүмкіндігі («Қорғау» модулі) мамандандырылған пароль енгізу жолыман жүзеге асырылған. «Альт-Инвест» программасында жобаны құрылымдық қорғау ерекшеліктерінен есеп айырысу формулаларын тасалау жолымен, ал сондай-ақ Excel ортасы деңгейінде жұмыс кітабының кестелеріне тыйым салу негізінде өзгертулер енгізілген.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үшін құрылымды және бар активтерді, міндеттемелерді және қорды бейнелей отырып, сонымен бірге жобаның (яғни бастапқы баланс) басталуындағы қаржылық және мүліктік жағдайын сипаттау қажет.
Project Expert программасында жобаны жүзеге асырудың бастапқы шарттары «Компания» бөлімінде модулдер құралымен сипатталады.
«Альт-Инвестте» қажетті мәліметтер жобаның жүзеге асырылуы басталуы уақытында«Баланс» кестесіне енгізіледі (« «0» уақыт» сызбасына).
Жобаның ішкі ақпараттарына жататындар: өнімдер мен қызметтердің уақытқа бөлінген көлемдері мен жүзеге асырылуы; өндірістік шығындар мен жөнелтпе құжаттар туралы мәлметтер; пайдаланылатын активтер мен ресурстар туралы мәліметтер; қызметкерлер мен еңбекақы туралы мәліметтер және т.б.
Project Expert программасында жобалар туралы ішкі ақпарат «Инвестициялық жоспар» және «Операциялық жоспар» бөлімдерінің модульдерінің көмегімен беріледі. Бұл жерде пайдаланылған ресурстардың құнының көлемдері мен уақыттарының көрсетілуімен орындалған жұмыстардың күнтізбелік жоспары құрылуы мүмкін.
«Операциялық жоспар» бөлімінің «Өткізу жоспары» модулінің пайдаланылуымен өнімдерді өткізудің жоспары үлгілендірілген және әзірлеу үшін диалогтық нысан мысалы көрсетілген. Бұл модуль алуан түрлі жеткізу жағдайларын, сатып алушылардың өнімдерге ақы төлеуін (фактілер, аванс бойынша, кредитке, дәстүрлі емес сызбалар), тауарлар мен қызметтерге бағалардың өзгеруін есептеуге мүмкіндік береді.
Осыған ұқсас нысандар ақпаратты енгізу үшін және басқа да программалардың бөлімдерінде пайдаланылады.
«Альт-Инвест» программасында осыған ұқсас міндеттерді орындау үшін мынадай блоктардың кестелер кешені қарастырылған: «Жүзеге асыру жоспары», «Жүзеге асыру бағасы», «Сатудан түскен табыстар» (жоба бойынша түсімдерді сипаттау блогы); «Материалдар және жинақтаушылар», «Істелген жұмысыан кесімді жалақы», «Ағымдағы шығындар» (өнімдердің өзіндік құнын сипаттау блогы); «Тұрақты активтер», «Лизингтер», «Айналмалы қор» және т.б. (жоба бойынша инвестициялық шығындарды сипаттау блогы).
Қарастырылатын міндеттерді шешудің келесі қадамы қаржыландыруда қажеттілікті анықтау және оның стратегиясын әзірлеу болып табылады. Қаржыландыруда қажеттілікті анықтау үшін программалармен автоматты түрде орындалатын, жобаның алдын ала есеп айырысуы жүргізілуі тиіс. Алдын ала есеп айырысу нәтижесінде әрбір есеп айырысу уақытының кезеңіне қор жетіспеушілігін жабу үшін жеткілікті және қажетті, ақшалай қаржының көлемі анықталады.
Қаржыландыруда қажеттілікті анықтағаннан кейін оның стратегиясын әзірлеуге кірісе беруге болады. Екі программада да пайдаланушы қаржыландырудың мынадай стратегияларын таңдауы және үлгілендіруі мүмкін:
акционерлік қордың шығарылуы;
займдық қордың тартылуы (мысалы, банк кредиттерінің);
лизингтік мәмілелердің жасалуы.
Жобаның қаржыландырылуы стратегиясын әзірлеу үдерісінде пайдаланушы төленетіе пайыздардың немесе дивидендтердің кезеңділігін және көлемін, сондай-ақ еркін ақшалай қаржылардың қайта инвестициялануы жоспарларын үлгілендіруге мүмкіндігі болады, мысалы, коммерциялық банкте депозитті орналастыру, бағалы қағаздарды сатып алу және т.б. Екі программада сәйкесті есеп айырысуларды үлгілендіру үшін қаржыларды дамытуды, займдық қаржылардың құнын оңтаайландыруды, төлемақылардың түрлі сызбаларын әзірлеуді, қор тарту бойынша мәмілелердің барлық қажетті параметрлерін автоматты түрде анықтауды көрсетеді.
Project Expert программасында жобаның қаржыландырылуындағы қажеттілік есебі мен оның стартегиясын әзірлеу «Қаржыландыру» бөлімінің модульдерінің көмегімен жүзеге асырылады.
«Альт-Инвест» программасында осыған ұқсас есеп айырысулар қаржыландыру көздерінің сипатталуы мынадай – «Меншіктік қор», «Кредиттер» кестелер блогында үлгілендіріледі, фрагментері (үзінділері) келтірілген.
Жоба бойынша түрлі есепберулерді қалыптастыру кезеңінің мәні шешім қабылдау үшін қолайлы түрдегі жоба туралы барлық ақпараттарды пайдаланушыны қамтамасыз етумен қорытындыланады. ИЖ бағалаудың теориясы мен практикасында кәсіпорынның шынайы секторы үшін әдетте, шешім қабылдау тиімділіктің қаржылық және экономикалық өлшемдеріне негізделеді. Бұл жерде өлшемдердің екі тобы да бірін-бірі өзара толықтырады.
Жобаның қаржылық жағдайының бірінші тобының өлшемдері – оның жойымпаздығын, төлемге қабілеттілігін, рентабельділігін және т.б. сипаттайды.
Өлшемдердің екінші тобы жобаның әлеуеттілігі қабілеттілігін салынған қаржылардың құны мен қажеттіні немесе талап етілетін олардың өсуін қамтамасыз етуді сақтауды бейнелейді.
ААТ бағалардың өлшемдерімен есеп айырысуда қолдану жағдайында ИЖ қаржыландыру мен экономикалық тиімділігі толықтай автоматтандырылады.
Жобаның қаржылық жағдайын бағалау негізгі элементтері, әдетте, мыналар болып табылатын қаржылық есептілік болжамдары нысандарына негізделеді:
пайдалар мен залалдар туралы есепберу;
бухгалтерлік баланс;
ақша қаржыларының қозғалысы туралы есепберу;
пайданы бөлу туралы есепберу.
Болжамдық есепберу мәліметтері бойынша, жобаның қаржылық жағдайының алуан түрлі көрсеткіштері оның әрбір өмірлік кезеңдері үшін есептеледі.
Қарастырылатын екі программада болжамдық есепберудің барлық қажетті нысандарын автоматты түрде алуға мүмкіндік береді.
Project Expert программасында пайдаланушының қалауы бойынша есепберуді өңдейтін және жиынтықты қамтамасыз ететін арнайы есеп генераторы қарастырылған. Есепберуге тек стандартты сызбалар мен кестелер ғана құрастырылмай, сонымен бірге пайдаланушы арнайы редактордың көмегімен құрастырғанда енуі мүмкін. Қаржылық көрсеткіштердің есеп айырысуы «Талдау» бөлімінде жүзеге асырылады. Ал есептілікті алу үдерісі «Нәтижелер» бөлімінің модульдерінің көмегімен жүзеге асырылады.
«Альт-Инвест» программасында жобаның қаржылық жағдайының көрсеткіштері мына кестелерде мазмұндалады: «Пайдалар туралы есепберу», «Пайдалар туралы есепберуге қосымшалар», «Ақша қаржыларының қозғалысы туралы есеп», «Баланстық есеп», «Жобаның қаржылық жағдайының көрсеткіштері». Нәтижелерді басуға енгізгенде кестелер «Есепберу» арнайы парағында мәліметтік есептер түрінде ресімделуі мүмкін.
Жобаның экономикалық тиімділігін бағалау оның алуан түрлі қатынасушылары үшін – кәсіпорындардың, инвесторлардың, кредиторлардың, мемлекеттік және муниципалдық басқарудың және т.б. табыстылықтарының шынайы нормаларын анықтаумен қорытындыланады. Осы мақсатта өлшемдердің – статистикалық (пайданың қарапайым нормасы, пайданың орташа нормасы, орнын толтыру уақыты) және ақша қаржыларының уақытша құнын есепке алуға мүмкіндік беретін, серпінді (таза келтірілген құн – NRV, ішкі рентабелдьділік нормасы – IRR, рентабелділіктің түрлендірілген ішкі нормасы – МIRR, орнын толтырудың дисконтталған уақыты – РB және т.б.) екі тобы пайдаланылады.
Project Expert программасында есеп айырысу, талдау және экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін үлгілендіру «Жобаны талдау» бөлімінің модульдерінің көмегімен жүзеге асырылады.
«Инвестициялардың тиімділігі» модулі бағаның қосымша көрсеткіштер қатарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мысалы, орнын толтырудың дисконтталған уақыты және рентабельділік индексі. Соңғысы жобаның орнын толтыру кезеңіне дейінгі төлемақылар ағынын дисконттау есебімен орташа мерзім туралы ақпарат береді. Басқаша сөзбен айтқанда, ол жобаның пайда бере бастайтын немесе төлемақылар ағынындағы тепе-теңдікті нүктелер уақыт кезеңіне дейінгі сәтті көрсетеді.
«Альт-Инвест» программасында инвестициялардың экономикалық тиімділігінің есеп айырысуы нәтижелері «Инвестициялар тиімділігі» кестесінде бейнеленген.
Мұның жанында программада жобаның тиімділігін талдау мүмкіндігі республикалық және жергілікті бюджеттердің көзқарасы тұрғысынан қарастырылған («Бюджеттік тиімділік» кестесі).
Нарық жағдайында шикізат пен материалдарға бағалардың, өнімдерге сұраныстың, пайыздық мөлшерлеменің, валюта бағамының және акциялар қозғалысының жобаны жүзеге асыру кезінде ақша қаржыларының ауытқуы жоспарланғаннан мәнді түрде ауытқуы мүмкін.
Осыған байланысты ИЖ бағасының маңызды кезеңі сыртқы ортаның белгісіздігі мен тәуекелдер есебімен алынған нәтижелерді үлгілендіру және талдау болып табылады.
Жалпы жағдайда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өзінің соңынан тәуекелдің үш түрінің туындауын ілестіреді.
1. Жобаның меншіктік тәуекелі – ақшалай қаржылардың шынайы түсуінің тәуекелі (тиісінше, сонымен бірге күтілген табыстылық) оның жүзеге асырылуы кезінде жоспарланғаннан әлдеқайда ерекшеленетін болады.
2. Корпоративтік немесе фирмаішілік тәуекел, жобаның жүзеге асырылуы кезінде осы шаруашылық бірліктің қаржылық жағдайы әсер етуімен байланысты болуы мүмкін.
3. Нарықтық тәуекел жобаны жүзеге асыруда фирманың нарықтық құнын өзгертуге көрсететін әсерімен сипатталады.
Қазіргі уақытта ИЖ бағалауға арналған бар программалар негізінен, бағалау технологиялары қаржылармен қарастырылатын меншіктік тәуекелді ғана талдауға мүкіндік береді және олар кейінірек қарстырылатын болады.
Осыған ұқсас талдаулар жүргізудің көптеген тәсілдері мен әдістері бар. Олардың арасындағы ең неғұрлым кеңінен тарағандары мыналар – дисконт нормасын түзету әдісі, нақтылы баламалардың әдісі (нақтылық коэффициенті), тиімділік өлшемдерінің сезімталдығына талдау (NPV, IRR және т.б.) сценарийлердің, сыни нүктелердің талдауы әдісі (залалсыздық нүктесі), төлемақылардың ағынын бөлудің ықтималдық талдауы, шешімдер «ағашы», Монте-Карло әдісі (имитациялық үлгілендіру) және т.б.
Іс жүзінде көбінесе енуші параметрлерді өзгертуге шешуші нәтижелердің көрсеткіштерінің беріктігі қорын анықтау және сөзімталдыққа талдау жиі кездеседі. Жалпы жағдайда осыған ұқсас талдау оның анықталған қатынасушыларының көрсеткіштерінің түрлендіру мәнінен кейбір нәтижелік көрсеткіштерге байланысты зерттеуге алып келеді. Басқа сөзбен айтқанда, бұл әдіс мына түрдегі сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді: егер кейбір шығатын көлемдердің мәні өзгеретін болса, онда нәтижелік көлемдер не болады? Осыдан келіп оның екінші атауы – «егер, болса не болады» («what if» analysis) шығады.
Бизнестегі осы әдістің кеңінен таралғандығы соншалықты, «Ауыстыру кестесі» атағын алған, оның жүргізілуі автоматтандырылған Excel арнайы құралда жүзеге асырылған. Дәл осы құрал «Талдау» арнайы парағында қарастырылған «Альт-Инвест» программасында, ИЖ сезімталдығын талдау кезінде жүргізілуі үшін пайдаланылады.
Осыған ұқсас талдауларды жүргізу мынадай келесі қадамдарды орындауды болжайды.
1. Шығатын және нәтижеленетін көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс Excel формуласына сәйкес жүзеге асырылған, математикалық теңдеу немесе теңсіздік түрінде беріледі.
2. Шығатын көрсеткіштер үшін және олардың мүмкін болатын диапазондарының өзгеруі неғұрлым ықтимал мәндерімен анықталады.
3. Шығатын көрсеткіштер мәнінің өзгеруі жолымен олардың соңғы нәтижеге әсер етуі зерттеледі.
Excel ортасында «Ауыстыру кестесі» құралын пайдалана отырып, сезімталдық талдауы үдерісі бір уақытта екіден артық емес шығатын көрсеткіштердің өзгеруін болжайды. Сондықтан «Альт-Инвест» программасы бір немесе екі параметрлі талдау жүргізуге ғана жол береді.
Excel ортасында «Альт-Инвест» программасын жүзеге асыру пайдаланушы үшін оның талдамалық құралдарының барлық бай коллекциясын қолжетімді жасайтынын атап өткен орынды болады. Бұл құралдарды қолдану сценарийлер талдауы, бөлудің ықтималдық талдауы, имитациялық үлгілендіру (Монте-Карло әдісі, Лукасевич И.Я. Анализ финансовых операций. – М.: ЮНИТИ, 1998) сияқты басқа да тәуекелдер бағасы әдісін тез әрі тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Project Expert программасында осы міндеттерді шешу «Сезімталдық талдауы», «Залалсыздық талдауы» және «Монте-Карло» модульдерінің көмегімен «Жобаларды талдау» бөлімінде жүзеге асырылады.
Project Expert программасында сәйкесті модульдердің көмегімен шығатын мәліметтер мен ИЖ сезімталдығы талдауының нәтижелері келтірілген.
Диалогтың сол жағының жоғары бөлігінде сезімталдық талдауында ауыспалылар ретінде пайдаланылатын параметрлердің тізімі келтірілген. Сәйкесті пиктограммалардың көмегімен пайдаланушы талап еткен көрсеткіштер талдауы үшін өз бетінше іріктеуге және олардың өзгеруінің диапазондарын беруіне болады.
Жоғары оң жағында сезімталдық зерттелетін көрсеткіштердің тізімі мазмұндалған. Диалогтың төменгі жағындағы терезе есеп айырысу нәтижесінде толтырылатын талдаулар нәтижелерімен қорытынды кестелер қалыптастыруға арналған.
«Қайта есептеу» пиктограммасын басуда есеп айырысу үдерісі жіберіледі, үдерісте сәйкесті көрсеткіштердің мәнімен қорытындылық кестені орындау толтырылады. Әрбір көрсеткіштің мәнін диалогтың жоғарғы жағында орналасқан алаңда тізімдерімен оның аттарын таңда отырып, қарастыруға болады. «Сызба» пиктограммасын баса отырып, түрленетін параметрден талданатын көрсеткішке байланысты көрнекілік бейнеленуін алуға болады.
Сәйкесті диалогтық нысандар Монте-Карло әдісін пайдалана отыра тәуекелдер талдауын жүргізуге және өнімдердің түрлері бойынша залалсыздық нүктесін анықтауға арналған.
ИЖ талдаудың екі қорытындылық қадамында алынған нәтижелер басқарушылық шешімдерін қабылдауға негіз болып қызмет етеді.
Егер жүргізілген талдаулар, оның негізгі қатынасушылары үшін жобаның тартымдылығын, оның келесі жүзеге асырылу ықтималдығы және ең басты сатысы – жүзеге асыру өте жоғары болатынын көрсетеді (Іс жүзінде алуан түрлі себептер бойынша ең жоғары пайдалы жобалар әрқашан да жүзеге асырыла бермейді.).
Жобаның нарық жағдайында жүзеге асырылу нәтижелері, көбінесе, жоспарлау сатысында болжау мүмкін емес, мәні өте қиын алуан түрлі факторлардың әсеріне байланысты болады. Жобаның талдалған даму сценарийі көбінесе анықталған және субьективті болжауларға құрылатындықтан, сондықтан да бірде-бір жоба ертеректе бекітілген жоспарлармен, тіпті мұқият жасалған жоба болса да, жобамен сәйкесіп жүзеге асырыла бермейді. Міне, осы жағдайда жобаны жүзеге асыру кезінде тағы бір маңызды шешімнің – оның орындалуын бақылау қажеттігі туындайды.
Жобаны жүзеге асыру үдерісін тиімді басқару үшін «кері байланысты» қамтамасыз ету қажет. Менеджер жобаның жағдайы туралы өзекті ақпаратты өңдеуі және өз уақтылы алуы және тұрақты мүмкіндігі болуы, оның орындалуы бойынша қажетті түзетулерді жедел енгізуі тиіс.
Project Expert программасында жобаның орындалуы кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін және мониторингке арнайы құралдар қаракстырылған. Бұл үдерістер «Өзектілік» бөлімінің үлгілендірілуін жүзеге асырады. Жедел ақпараттар түскен уақыты бойынша немесе кезеңімен енгізілуі мүмкін. Ағымдағы және жобалық мәліметтерді салыстыру негізінде жобаны орындау кезіне бақылау мақсатында пайдаланылуы мүмкін жоспарлық және нақтылы ақпараттарды кеңесу туралы есеп қалыптастырылады.
«Альт-Инвест» программасында жобаның орындалуын бақылау міндеті шешуші параметрлерді автоматты түрде қайта есептеу және соңғыларының түсуі бойынша нақтылы жобалық мәліметтерді сәйкесті кестелерде тікелей ауыстыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қорытындысында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану кәсіпорындағы қаржылық менеджердің еңбек өнімділігі мен тиімділігін маңызды жоғарылатуға мүмкіндік беретінін атап өтеміз; бұл – бизнес саласында шешімдерді қабылдауды қолдау және міндеттерді шешудің ең қуатты және икемді құралы болып табылады.
