Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістік кешен (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
485 Кб
Скачать
☆

8.3. Аудиторлық қызметтегі автоматты ақпараттық технологиялардың программалық қамтамасыз етілуі

Аудитор аудит жұмысын жүргізген кезде жүйенің программалық құралдары келесілерді қамтамасыз етуі керек:

  1. экономикалық субъект мәліметтер базасының бухгалтериясында

қалыптасқан мазмұнына талдау жасау.

  1. экономикалық субъект бухгалтерлік есеп тіркеуінде орналасқан көрсеткіштерге бақылау жасау.

  2. бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесінде қолданатын алгоритмдерді тестілеу.

  3. алғашқы құжаттамаларды өңдеу барысында бухгалтерияда құралған деректер қоры немесе бухгалтерлік тіркеу деректері бухгалтерлік есеп формасында орналасқан көрсеткіштерсәйкестігін бақылау.

  4. ҚР-да бухгалтерлік есеп және аудитте жарияланатын, құқықтық нормативтік актілер облысындағы анықтамалық-іздеу ақпарттық жүйелерінің мүмкіндіктерін қолдану.

  5. аудиторлық құжаттаманың қалыптасуы (қорытынды және жұмыстық).

Аудиторлық қызметте келесі программалар топтары қолданылады:

  • офистік программалар;

  • анықтамалық-құқықтық жүйелер;

  • бухгалтерлік программалар;

  • қаржылық талдау программалары;

  • аудиторлық қызметтегі арнайы программалық қамтамасыз ету.

Офистік программаларға кестелік процессорлар, деректер қорын басқару жүйесі және мәтіндік процессорлар.

Кестелік процессорлар күшті есептеу мүмкіндіктеріне яғни іскерлік графика құралдарына және мәліметтер базасын енгізу мүмкіндіктеріне ие. Олар аудиторлық тексерулерді жүргізуде және де түрлі кестелік жұмыс құжаттарын құруда кең қолданысқа ие. Кең таралған программалар MS Excel, Lotus 1-2-3 болып табылады.

MS Access сияқты мәліметтер базасын басқару жүйесі көмегімен аудитор шаруашылық операцияларын таңдауды, жеке есептік формаларды тексеруді орындай алады.

Мәтіндік процессорлар құжаттарды құруға және өзгертуге мүмкіндік береді, сонымен қатар оларды баспаға дайындау, орфографиясын тексеру, электрондық жөнелтуді жүзеге асырады.

Құқықтық-анықтамалық жүйе. Іздеушілік және сервистік программалар құралдарымен байланысқан, өңделген және жедел жаңаратын құқықтық ақпараттан тұратын жүйе. ҚАЖ тексеруді жүргізу процесінде аудиторларды ақпараттық кеңес беру қызметімен қамтамасыз етеді. Аудиторлық фирманың көптеген клиенттері өздерінің тәжірибелік қызметінде құқықтық –анықтамалық базаларды қолданады. ҚАЖ-ға қойылатын негізгі талаптар:

Құрамының толықтығы бұл көпшілік қолданушылардың жұмысының барлық қажетті құжаттарынан тұратын жүйені білдіреді.

Ақпаратты толық заңды өңдеу - мұнда жүйе әр құжатқа толық заңды ақпаратты беруі керек.

Толық іздеу - бұл жерде жүйе жүйеден құқықтық ақпаратты іздеудің толық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуі керек. (Реквизит, контекст, класификатор, жағдай бойынша іздеу).

Құқықтық және сонымен байланысты экономикалық ақпараттың толық спектрі.

Толық біріктіру - жүйеде бірлік және гипермәтіндік кеңістік болуы қажет. Бұл жаңа құжаттарды іздеу ыңғай лылығымен және ақпаратты өңдеу эффективтілігімен қамтамасыз етеді.

Аудиторлар бухгалтерлік программаларды екі бағытта пайдаланады:

  1. Аудиторлық тексеру жүргізілгенде –яғни программаның дұрыс қолданылуын бағалау.

  2. Қызмет көрсету аясында – бухгалтерлік есеп-қисапты қалпына келтіру.

Аудитор негізгі бухгалтерлік программамен таныс болып және сыныптай білуі керек. Қолданудағы көп тараған программаларда «1С Бухгалтерия», «Инфор-Бухгалтер», «БЭСТ-ПРО», «Турбо Бухгалтер», «Галактика» программалық кешенінің бухгалтерлік есеп модулі, «Парус», «Интегратор», «Бухгалтерия», «ФинЭко», «Инотек Бухгалтер», «Финансы без проблем», «Баланс-2», «Главный бухгалтер».

Арнаулы қаржылық талдау программасы жүктемелік кестелік процессормен, аудитиорлық ұйыммен, экономикалық субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін өткізімдерін талдау, реттеу үшін пайдаланады.