- •Оқу әдістемелік
- •050506 « Экономика » мамандығы студенттеріне арналған Алматы 2008ж
- •1. Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус)
- •1.1. Оқу пәнінің мінездемесі
- •1.2. Пәннің мазмұны «Қаржылық талдау»
- •1.3. Күнтүзбелік тақырыптық жоспары
- •1.4. Бағалаудың іш- шарасы бойынша тапсырмасы
- •1.5.Форум тақырыптары
- •2.Дәрістің мазмұны
- •1. Қаржылық есебінің құрамы және мазмұны
- •2. Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны және маңызы
- •Бухгалтерлік баланс
- •4. Ақша қозғалысы есебі Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп
- •2Өо___жылдың____________-________айына жасалған
- •Жанама әдісті қолданып жасалатын акша қозғалысының қорындысы
- •Жанама әдісті қолданудағы таза табысты (шеккен зиян) реттеу
- •Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп
- •6. Ұйымның есеп саясаты
- •4. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымы
- •1. Баланс активінің құрмы мен құрылымының динамикасын талдау
- •2. Ұймның мүліктерін мобильді және мобильсіз түрлеріне бөлу
- •4.Мобильді құралдардың құрамы мен құрылымы
- •"A3 Эталон" ақ-ның ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)
- •Қажет қарыздың бойынша 200_ жыл заемның атауы
- •Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
- •Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі %
- •1 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті
- •3. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффицииенті.
- •Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
- •1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасаудыя объективті себептері:
- •2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- •А. Несие беру қабілетгілігі индексінің есебі.
- •Бұдан z есебінің формуласы мынандай болады:
- •Ә. Формаланған жэне формаланбаған белгілер жүйесін қолдану.
- •В. Қаржылық ағымдардың талдауы.
- •3.Тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін материалдар
- •Бақылау құралдары.
- •Терминдерге түсініктеме(глосарий)
- •Рефераттардың тақырыптары
Жанама әдісті қолданып жасалатын акша қозғалысының қорындысы
Жазулар мазмұны |
Сомасы |
Таза табыс |
960 |
Таза табысты реттеуші операциялар: |
|
Амортизация және тозу жарналары |
545 |
Берешектер қарызы сомасынын өзгеруі |
-200 |
Тауарлы-материалды босалкылардын өзгеруі |
-80 |
Алдағы кезеңдер шығындарының өзгеруі |
+150 |
Ағымдағы басқа да активтердін өзгеруі |
-25 |
Алашақтар қарызы сомасының өзгеруі |
-85 |
Салыктар бойынша есеп айырысудың өзгеруі |
+50 |
Ағымдағы басқада міндеттемелердің өзгеруі |
+50- |
Операциялық қызмет нәтижесіндегі таза ақшаның көбеюі (+), азаюы (-) |
+1365 |
Жанама әдісті қолдану барысында таза табыс немесе шеккен зиянның ағымдағы активтер және міндеттемелер өзгерісіне тигізетін әсерін, ақшалай емес операцияларды, сондай-ақ инвестициялық және қаржылық қызметтер нәтижелерін өткен кезеңдермен салыстыру мен реттеп отыру үшін де қажет.
Бұл әдіс бухгалтерлік баланстағы және табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есептегі ақпараттарга негізделген. Жанама әдіс қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі жөніндегі қорытындының әрбір жекелеғен баптарын реттеу үшін қолданылмайды. Осы әдіске байланысты таза табыс
(шеккен зиян) сомасы осы есепті кезеңдегі өзгерген сомаларды, өткен есепті кезеңдердегі өзгерген сомалармен өзара салыстырып отыру үшін де қажет. Төмендегі 9.8. кестеде таза табысты реттеуші операциялар мазмұны берілген.
Жоғарыда келтірілген екі кестенің мазмұнын сипаттай келе, біздер тікелей әдіс ақшаның жалпы ағынын төлеушілік қаражат түрінде көрсететіндігін, ал жанам аәдіс ұйымдардың қаржылық ресурстары жөніндегі мәліметтерді және бұлардың козғалысын ақша ағыны түрінде көрсетілетіндігін зерделедік.
Жанама әдісті қолданудағы таза табысты (шеккен зиян) реттеу
Сомалардың өзгеріске
|
|
Есептеленген амортизация және тозу жарнасы
|
Ақшаның төленбеуі (есептен шықпауына байланысты ағымдағы есептелінген амортизациялык жарна сомасы қайтадан таза табыс (зиян)) сомасына қосылады.
|
Ағымдағы активтер: берешектердің қарыздары, босалқылар, алдағы кезең шығындары, ағымдағы баскада активтер т.с.с. сомаларының өзгеруі.
|
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы активтер сомасынын көбеюі акша ағынының азаюын туындатып, ол есептен шықкан акша ретінде танылады. Есепті кезен ішіндегі ағымдағы активтер сомасынын азаюы ақша ағынының көбеюін туындатып, мұнын өзі ақшаның түсуін көрсетеді.
|
Ағымдағы міндеттемелер (кыска мерзімді банк займдарынан басқа), алашактардың қарыздары, салык төлемдері, ағымдағы басқа да міндеттемелер сомасының өзгеруі.
|
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы міндетгемелер сомасынын көбеюі ақша ағынының көбеюін туындатып, акшаның түскендігі болып табылады. Есепті кезең ішіндегі ағымдағы міндеттемелер сомасының азаюы ақша ағынынын азаюын туындатып, ақшанын есептен шығарылғандығы болып табылады.
|
і инвестициялық және қаржылық қызметтен түсетін ақша ағыны жөніндегі мәліметтерді сипатталық.
Инвестициялық қызметт деп - біздер ұйымдардың ұзақ мерзімді активтер алу мен сату, сатылатын , өтелетін займдарды алу мен беру жөніндегі кызметін айтамыз. Инвестициялык кызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалына:
1) ақшаның түсуі:
материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да ұзақ мерзімді активтерді, қаржылык; инвестицияларды, басқа да құқылы тұлғалардың берген займдарын, басқадай жолдармен тускен ақшалардың кіріске алынуы;
2) ақшаның азаюы:
материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және баска да үзақ мерзімді активтерді, қаржылық инвестицияларды, басқа да құқылы тұлғалардың займдарын сатып алуға, басқада төлемдерді өтеуге жұмсалган ақшалар жатады.
Қаржылық қызмет деп - біздер ұйымдардың меншікті капитал мөлшері мен құрамындағы және қарызға алынған қаражаттар өрісіндегі болған өзгерістердің нәтижесің айтамыз. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалына:
1) ақшаның түсуі:
акциялар және басқа да құнды қағаздар шығарудан, банктердің займдарын алу, басқадай жолдармен түскен ақшалардың кіріске алынуы;
2) ақшаның азаюы:
- банктер шығарған займдарды өтеуге, өз меншігіндегі акцияларды сатып алуға, дивиденттер төлеуге, басқадай төлемдерді өтеуге жұмсалған ақшалар жатады.
5. Меншікті капитал есебі
