- •Оқу әдістемелік
- •050506 « Экономика » мамандығы студенттеріне арналған Алматы 2008ж
- •1. Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус)
- •1.1. Оқу пәнінің мінездемесі
- •1.2. Пәннің мазмұны «Қаржылық талдау»
- •1.3. Күнтүзбелік тақырыптық жоспары
- •1.4. Бағалаудың іш- шарасы бойынша тапсырмасы
- •1.5.Форум тақырыптары
- •2.Дәрістің мазмұны
- •1. Қаржылық есебінің құрамы және мазмұны
- •2. Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны және маңызы
- •Бухгалтерлік баланс
- •4. Ақша қозғалысы есебі Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп
- •2Өо___жылдың____________-________айына жасалған
- •Жанама әдісті қолданып жасалатын акша қозғалысының қорындысы
- •Жанама әдісті қолданудағы таза табысты (шеккен зиян) реттеу
- •Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп
- •6. Ұйымның есеп саясаты
- •4. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымы
- •1. Баланс активінің құрмы мен құрылымының динамикасын талдау
- •2. Ұймның мүліктерін мобильді және мобильсіз түрлеріне бөлу
- •4.Мобильді құралдардың құрамы мен құрылымы
- •"A3 Эталон" ақ-ның ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)
- •Қажет қарыздың бойынша 200_ жыл заемның атауы
- •Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
- •Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі %
- •1 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті
- •3. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффицииенті.
- •Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
- •1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасаудыя объективті себептері:
- •2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- •А. Несие беру қабілетгілігі индексінің есебі.
- •Бұдан z есебінің формуласы мынандай болады:
- •Ә. Формаланған жэне формаланбаған белгілер жүйесін қолдану.
- •В. Қаржылық ағымдардың талдауы.
- •3.Тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін материалдар
- •Бақылау құралдары.
- •Терминдерге түсініктеме(глосарий)
- •Рефераттардың тақырыптары
4. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымы
Міндеттемелер деп - мақсатты шараларды қаржыландыру үшін заңды және жеке түлғалардан, ірі компаниялардан алынған карыздарды осы ұйымның кіріске алып, түбінде қайтарып беруі жөніндегі алған міндеттемесін айтады. Бүларға: ұлттық және шетелдік валюта түрінде банктерден және банктерге жатпайтын түлғалардан (Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес) үзак және қысқа мерзімге алынған займдар, облигациялар, вексельдер жатады. Алынған міндеттемелердің барлығы да осы күнгі ағымдағы бағамен кіріске алынады. Міндеттемелер алу нәтижесінде ұйымдардың активті қаражаттары көбейеді. Міндеттеме алушы жақ, міндеттеме беруші немесе тәуекелшілікке түсуші жаққа ақша мен мүліктерді қандай сомада кайтаратындығы жөніндегі операциялар орындалады. Міндеттемеге алынған негізгі сомаларға алынған міндеттемелер үшін қосымша төленетін пайыздык сомалар қосылады. Мұнын нәтижесінде міндеттеме алушы жағардағы табыс көлемі азайтылады. Міндеттемелер құрамына ұйымдардың несиеге сатып алған тауарлары, қызметтері, сондай-ақ берілген вексельдер бойынша алған қарыз ақшалары, төленбеген еңбек ақы, төленбеген салықтар жөніндегі сомаларда жатады. Егер алынған тауарлар кұны төленбесе, алашақтар қарызы қайтарылмаса, есептелінген еңбек ақы төленбесе, мұндай жағдайларда осы ұйымның алашақтарға беретін қарыздары өсіп отырады. Нарықтық катынастар жағдайда ұйымның берешек қарыз сомалары осы ұйымның кабылдаған міндеттемелерінің орындалмауының нәтижесінде туындап отырады.
Егер ұйым төлем өтеушілік қабілетінен айырылып, банкротқа ұшырап жойылса немесе таратылган жағдайда несие берушілердің, несиелендіруші банктердің тәуекелділік талабы бірінші кезекті қанағаттандырылады. Несиелендіруші жақтардың тәуекелшілікке түскендегі талап еткен сомасы, осы ұйымның қарыз алғандығы міндетті сомасының көлемінен көп немесе аз болмауы керек. Яғни банктердің осы ұйымға берген несиесі жөніндегі қойған талабы осы ұйымның активті қаражаттарын сатудан түскен ақшаны алу жөніндегі талабы бірінші кезекте қанағаттандырады. Егер қарыз алып, міндеттеме қабылдаған ұйым өз карызын қайтармаған жағдайда, мұндай мәселе заң орындарының шешіміне карай орындалады. Өз еркімен қаржы салған инвесторлар талабы немесе бұлардың тәуекелділігі банктер қойған талап орындалғаннан соң, қалған калдық сома көлемінде ғана қанағаттандырылады. Міндеттемелер көлемінде қойылған талаптардың дәрежесі өте жоғары болады да, басқа каражаттар келемінде қойылған талаптар мүмкін болған жағдайда ғана орындалады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарымқатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жынақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Кредиторлық борыштарды талдау
Кесте- ЖШС – ның міндеттемелердің динамикасы 2006 ж
№ |
Көрсеткіштер |
жыл басында |
жыл сонында |
Ауытқуы(+; -) |
|||
мың.тг |
үлес салм% |
мың.тг |
үлес салм% |
мың.тг |
үлес салм% |
||
1 |
Міндеттемелердің барлығы соның ішінде |
777,0 |
100 |
3964,2 |
100 |
+3187,2 |
- |
1.1
|
Қысқа мерзімді міндетемелер |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
1.2
|
Салық бойынша міндетемелер |
305,3 |
39,2 |
449,7 |
11,3 |
+144,4 |
-27,9 |
1.3
|
Міндетті және ерікті төленетін төлемдер бойынша міндеттемелер |
9,3 |
1,2 |
44,7 |
1,13 |
+35,4 |
-0,07 |
1.4 |
Кредиторлық борыш |
186,1 |
23,9 |
2720,7 |
68,6 |
+2534,6 |
+44,7 |
1.5 |
Басқада кредиторлық міндеттемелер |
276,2 |
35,5 |
748,9 |
18,8 |
+472,7 |
-16,7 |
Кәсіпорының міндеттемелердің барлығы жылдың сонында жыл басындағымен салыстырғанда 3187,2 мың.тг өсуін көрсетеді. Міндетемелердің ішінде ең үлкен үлес салмағы ол кредиторлық борыш құрайды. Жыл сонында 2720,7 мың.тг немесе 68,6 % болды. Басқада кредиторлық міндеттемелер өсүін көрсетеді. Олар 748,9 мың. тг немесе 18,8 % құрайды. Салық бойынша міндеттемелер 449,7 мың. тг немесе 11,3 % болды, сонда жылдың сонында осы төлемдерді мемелекетке кәсіпорын төлеген жоқ.
5 –тақырып. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
1. Баланс активінің құрмы мен құрылымының динамикасын талдау
2. ұймның мүліктерін мобильді және мобильсіз түрлеріне бөлу
3. Мобильсіз құралдардың құрамы мен құрылымы
4. Мобильді құралдардың құрамы мен құрылымы
